Мінез жайлы түсінік


Slide 1

Мінез жайлы түсінік

Slide 2

Мінез туралы жалпы ұғым Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынасының нәтижесі болып табылады. Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.

Slide 3

Мінез -әр адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы. Мінез-адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол көп қасиеттердің бірлігі, түрлі ерекшеліктердің қосындысы, жеке тұлғаны әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез - өте кең мағыналы ұғым . Онда түрлі сапалар тоғысып жатады . Мінездің моральдық жағынан тәрбиелігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтығы - оның негізгі сапалары болып есептеледі . Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады . Адамның іс - әрекеті сол іске деген қатынасымен қатар ерік - жігеріне, көңіл - күйіне, зеректігіне, ақыл - ойына да байланысты болады . Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез - құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады . Коллективизм, гуманизм, адамдарға деген қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық - мінездің осы сапасының негізгі компоненттері . Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой - өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді . Мінез сапаларының бірі - оның бірқалыптылығы . Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі . Ал, мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады .

Slide 4

Мінездің қалыптасу ерекшеліктері Жеке адамның мінезінің қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен, әсіресе, адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етеді және оның рөлі өте маңызды. Мінез қалыптасуына сензитивті кезең екі-үш жастан тоғыз-он жасқа дейінгі кезең болып табылады, себебі осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсенді қатынасқа түседі. Осы кезеңде баланың сеніміне кіре отырып, мінез-құлықтың керекті формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерімен әсер ете алу мүмкіншілігі жоғары. Баланың мектепке дейінгі кезеңінде мінездің келесі қырлары қалыптасады: ақ көңілділік, көпшілдік, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзімшілдік, мейірімсіздік, байыпсыздық. Ал бастауыш сынып кезінде адамдармен қарым-қатынаста көрінетін қырлары қалыстасады. Егер баланың мінезіндегі белгілі бір қырлары отбасында қалыптасып, ол мектеп кезінде қолдауға ие болса, бұл мінез қыры одан әрі қарай дамып, қалыптасады. Жасөспірімдік шақта мінездің ерікті қырлары, ал жастық шақта адамгершілік, жауапкершілік ауысады. Мінез адам өмірінің барлық жолдарында қалыптасады және өзгереді. Адам мінезінің қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтанда мінез басқа да тұлғаның қырлары сияқты іс-әрекет кезінде қалыптасады. Адамның мінезінің өзгеріп отыруына әлеуметтік жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа салаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және оның объективті фактор екендігі еш дау тудырмайды.

Мінездің қалыптасу ерекшеліктері Жеке адамның мінезінің қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен, әсіресе, адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етеді және оның рөлі өте маңызды. Мінез қалыптасуына сензитивті кезең екі-үш жастан тоғыз-он жасқа дейінгі кезең болып табылады, себебі осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсенді қатынасқа түседі. Осы кезеңде баланың сеніміне кіре отырып, мінез-құлықтың керекті формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерімен әсер ете алу мүмкіншілігі жоғары. Баланың мектепке дейінгі кезеңінде мінездің келесі қырлары қалыптасады: ақ көңілділік, көпшілдік, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзімшілдік, мейірімсіздік, байыпсыздық. Ал бастауыш сынып кезінде адамдармен қарым-қатынаста көрінетін қырлары қалыстасады. Егер баланың мінезіндегі белгілі бір қырлары отбасында қалыптасып, ол мектеп кезінде қолдауға ие болса, бұл мінез қыры одан әрі қарай дамып, қалыптасады. Жасөспірімдік шақта мінездің ерікті қырлары, ал жастық шақта адамгершілік, жауапкершілік ауысады. Мінез адам өмірінің барлық жолдарында қалыптасады және өзгереді. Адам мінезінің қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтанда мінез басқа да тұлғаның қырлары сияқты іс-әрекет кезінде қалыптасады. Адамның мінезінің өзгеріп отыруына әлеуметтік жағдайдың үнемі ықпал етіп, оның жаңа салаларын қалыптастырып отыратындығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және оның объективті фактор екендігі еш дау тудырмайды.

Slide 5

Мінез типологиясы 1. Адам мінезі онтогенезде пайда болып, бүкіл өмір бойына тұрақты. 2. Мінезге кіретін жеке адам бітістері кездейсоқ емес, олар мінезді анықтауға көмектеседі және типтерге бөледі. 3. Сол мінез типтері бойынша адам мінезі бірнеше топқа бөлінеді. Э. Кремчер бойынша, дене бітіміне, бет әлпетіне қарай астеникалық тип-арық., жіңішке адам, соның арқасында ұзын болып көрінеді. Астениктердің дене және бет терісі жұқа. Иықтары кішкентай. Саусақтары ұзын, жіңішке, бұлшық еттері нашар жетілген. Атлетикалық тип-орташа және ұзын бойлы, иықтары кең, басы ұзынша, әрі тығыз, қаңқа сүйектері мен бұл еттері жақсы жетілген. Пикниктік тип-орта бойлы, мойны қысқа, семіруге бейім, себебі бұлшық еттері мен қозғалыс аппараттары нашар дамыған. Э. Кремчердің айтуы бойынша осы типтер ауруға шалдығуы мүмкін.

Slide 6

Мінез акцентуациясы А. Е. Личко зерттеуі Мінез акцентуациясы А. Е. Личко зерттеуі бойынша:жасөспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшейуін қарастырады, ол сыртқы жағдайларына байланысты. 1) Гипертимді тип-қозғалмалыққа, қарым-қатынасқа бейім жасөспірім. Шуды жақсы көреді, тынымсыз ортада болуды қалайды. Үлкен адамдармен қақтығыстарға жиі түседі. Өздерінің қабілеттеріне тым сенгіш. Елдің алдында өзін көрсеткенді ұнатады, мақтаншақ болып келеді. 2) Циклоидты тип-апатияға бейім, тез қозады, көбіне өзімен-өзі қалғанды ұнатады. Екі-үш апта сайын көтеріңкі көңіл-күйден тұйық қалыпқа ауысады. Барлық нәрсені жүрегіне жақын алады. 3) Лабильді тип-көңіл-күйі ауа-райы секілді тез өзгереді. Қазіргісі мен болашағы өзінің көңіліне ұқсас болады. Кейде сәтсіздіктер мен қиыншылықтар болмаса да көңіл-күйі төмен болады, көп әуреленеді, сондай кездерде оның жақын адамдармен болғаны жөн. Олар өзіне деген қарым-қатынасты ерекше сезінеді. 4) Астено-невротикалық тип-қозғыш, шаршаған, қырсық. Ақыл-ой жұмыстарға тез шаршайды. 5) Сензитивті тип-жоғары сезімталдық тип. Қозғалыс, құмар ойындарын жақсы көрмейді, үлкен компанияларда болуды қаламайды. Тек жақын адамдарына ғана ашық, сөзшең болады. Оларда жастайынан жауапкершілік қасиеті қалыптасып, өзіне және басқа адамдарға үлкен талаптар қояды. 6) Психо-астеникалық тип-интеллектісі тез дамиды, өзін-өзі және басқаларды бағалауды бейім, көп ойланып талқылауды ұнатады, бірақ іс жүзінде емес, сөз жүзінде ғана мықты.

Slide 7

7) Шизодты тип-тұйық, үлкендермен жақсы тіл табысады. Ішкі жан дүниесі қиялға толы. Сырттай өз сезімін көрсете бермейді, маңайындағылар оны түсіне бермейді. 8) Эпилептоидты тип-көп жылап басқаларды мазасыздандырады. Олар қатігез билеуші, өзін-өзі өте қатты жақсы көреді. Басқаларды қорқыту арқылы өзіне бағындырып, қиын ережелер қояды. Өзін басқалардан жоғары санайды. 9) Истероидті тип-үнемі ортада болуды қалайды, басқалардың алдында өзін суреттеп көрсетеді. Олар басқа біреуді мақтағанды, басқаларға көңіл бөлгенді жақтырмайды. Көпшілік ортасында лидер болғанды ұнатады. 10) Тұрақсыз тип-ерік-жігерсіз, өзен ағысы бойынша өмір сүреді. Той-томалақты, жұмыссыздықты жақсы көреді. Талғаусыз, бәріне қызығады. Өзінің болашағы жайлы ойламайды, кәсіби қызығушылығы жоқ. 11) Конформды тип-негізгі ерекшелігі барлығы сияқты болу. Өзі үшін досында сатып кетеді, бірақ не істесе де оған себеп болады. Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрғандықтан, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы деп атайды. Ал, мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомокомплекс не факторлар деп атайды.

Slide 8

Мінезді зерттеудегі теориялық және эксперименталды бағыттар Мінезді зерттеу бұдан бірнеше жылдар бойы басталған болатын. Мінезді зерттеу дамуының ұзақ тарихы бар. Адам мінезінің даралық ерекшелігі жайлы ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюйер де «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді адамның әлеуметтік адамгершілік ерекшеліктері жағынан қарастырған. Бірақ бұл темпераментке кері анықтама. Өйткені темперамент - адамда туа пайда болатын генотипі ағза қасиеті. Осы қарасқа орай, мінез адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі. ІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшелігінің қасиеті деп санады. Т. Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс дәрігері және педагогы П. Ф. Лесгафт ерік қасиеті деді. И. Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамның жүре пайда болатын қасиеті деді, сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктері мен жүре пайда болатын бөліп көрсетті. Ал Малапер Фуле т. б мінездің туа пайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері бар деді.

Slide 9

Қазақтың мінез бітістері, олардың кейбір ерекшеліктері Бұл-өте күрделі, әлде де толық зерттеліп, шешімін таппай келе жатқан мәселе. Осы жәйтті жете аңғарған Н. Назарбаев былай дейді:”Менің ойымша, қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние” Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның әлеуметтік- экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына, табиғатына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді. Мысалы:халық жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық нормасын “ сегіз қырлы, бір сырлы”делінетін қанатты нақыл сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мән-мағынасы мыналар еді:көшпелі мал шаруашылығын жете игеру ; еңбексүйгіштік пен қиыншылыққа төзе білу; ел намысын қорғау; жаудан беті қайтпау; ата-тегін жадында ұстау; сөз асылын қастерлеу; тапқырлық пен алғырлық; ат құлағында ойнау; ата салтын бұзбау(жасы үлкенді сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу)

Slide 10

Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б. э. д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т. б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сһарацтер - қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А. Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы - мінезнаманы жасады. Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез - даралықтың негізгі құраушы бөлігі. «Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», - деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз. Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.

Slide 11

Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі. Темперамент тума факторларға, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және, ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Адам мінезі оның шынайы өмірмен қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін В. Н. Мясищев пен Б. Г. Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі қатынастар жүйесін орнатады. Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады. К. К. Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет. «Тұлға сипаты» және «мінез сапалары» ұғымдары, көбінекей синонимдер ретінде қолданыады, алайда оларды айыра білуіміз керек. Психологиялық түсінік ретінде тұлға, өзінің бір ғана құраушы бөлігі болып табылатын, мінезге қарағанда әлдеқайда ауқымды. Тұлғаның өзегі - қажеттілікті-мотивациялық аймақ. Жетекші мотивтер, құндылықтар және мақсаттар тұлға бағыттылығын анықтайды. Тұлға сипатының құрамына оның бағыттылығын анықтайтын қасиеттері енеді. Өзінің басты құндылықтарына қол жеткізу үшін адам түрліше мінез сапаларын таныта не оларды өзгерте алады. Сондықтан, тұлға мінезге қарағанда әлдеқайда жоғары инстанция.

Slide 12

Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен; біреудің қатал, не тымыр болуының кезінде адамды менсінбеу, тәкәппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал. Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешілік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешіліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды.

Slide 13

Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым - қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез - кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқлыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы оның негізгі сапалары болып есептелінеді. Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзі міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық - мінездің осы сапасының негізгі компоненттері. Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. "Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты" (Әл-Фараби) . Мінез сапаларының бірі -- оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-мағынасын, әрекетінің мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы.

Slide 14

Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі. Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды. "Бойда қайрат, ойда көз, болмаган соң айтпа саз"деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат қоя алады. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты, мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір, адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам, сондай-ақ, түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйткені ол әншейінде батыл, жігерлі болмағанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің мінез бітісі деп санауға болады.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Эмпириялық этика
Қазіргі замандағы этиканың дамуы
Медицина әлеуметтануы
Этика туралы түсінік
Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде
Медицина социологиясы
Педагогикалық ұжымдағы басқарушылық қарым - қатынас ерекшеліктері
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндің дамуы
Этиканың құрылымы
Ойлау туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz