Ж.Пиаже және оның мектебі



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ №5
Тақырыбы: Ж. Пиаже және оның мектебі
Орындаған: Төлеуханова Айдана П-407
Тексерген:Кулмышева Н. А.

Ж. Пиаже
Пиаже (1896-1980) - Швейцария психологі. Психиканың түрлі кезеңмен дамуы концепциясының авторы. "Генетикалық эпистемология" ілімін жасаушы. Женева және Париж университетінің профессоры. Сорбонна (Франция), Гарвард және Чикаго университетінің құрметті профессоры. 1929 жылдан Жан-Жак Руссо атындағы институтты басқарады, 1940 жылдан Женева университетінің эксперименталды психология кафедрасы мен психологиялық лабораториясын меңгереді. 1955 ж. "Генетикалық эпистемология жөнінде Халықаралық Орталық" құрды. Ол бала интеллектісін зерттеу жайында ғылыми мектеп ашты. Ол "Логика және эпистемология" (таным теориясы) жөніндегі еңбектерімен әйгілі. Пиаже: ойлау дегеніміз операциялар жүйесі - дейді. Операция - ішкі қимыл-әрекеті, сыртқы заттық әрекеттің жемісі, ішкі әрекет реалды объектілер арқылы іс жүзіне аспайды, образ, белгі, символ арқылы жүзеге асады. Операцияның концепциясы негізінде, ол баланың эмоциялық іс-әрекетгенезисін, қабылдауының дамуын қарастырады. Пиаженің концепциясы қазіргі кездегі әр түрлі ғылымдардың (логика, психология, социология, эпистемология т. б. тәсілдерін біріктіру негізінде жол көрсетеді.

Ж. Пиаже 1921-1922 жж. Француз тілінде аударылған еңбегінде «баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді» деді.

Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық болды. XIX ғ. Чарлз Дарвиннің жасаған эволюциялық ілімі аса маңызды кезең болды. Адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді.

XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезінде шетел психологтары В. Штерн, Э. Мейман, А. Бине, К. Коффка, К. Бюллер, т. б өз еңбектерінде балалар психологиясы туралы мәселелерді қорытындылап, негізгі бағыттарға қысқаша талдау жасады. Революциядан кейінгі қайта өрлеу жылдарында диалектикалық материализм негізінде де бала психикасының дамуы туралы Ресейде эксперименталдық балалар психологиясы ерекше қарқынмен жұмыс жасады. Атап айтар болсақ, А. Ф. Лазурский, А. П. Нечаев, И. Кросногорский, В. М. Бехтерев, Н. М. Шеловановтардың физиологиялық зерттеулері соның дәлелі.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ №6
Тақырыбы: Бала психикасының дамуына әсер етуші факторлар
Орындаған: Төлеуханова Айдана П-407
Тексерген:Кулмышева Н. А.

Бала психикасының дамуына әсер етуші факторлар

Даму факторлары
Даму факторлары - баланың психикалық және қылықтық дамуын анықтайтын факторлар жүйесі. Даму факторы тәрбиелеу, оқыту, тәрбиешілер мен оқытушылардың педагогикалық дайындықтарын, оқыту құралдары мен әдістерін және баланың психологиялық дамуына әсер ететін басқа да жағдайларды қарастырады. Даму шарты - адамның дамуына ықпал ететін факторлар (оның айналасындағы бала кезінен қоршаған адамдар, олардың арасындағы қарым-қатынастар, материалдық және рухтық, мәдени заттар мен құбылыстар және т. с. с. ) .
Дамудың эволюциялық теориясы - баланың психикалық және қылықтық дамуындағы үрдістердің барлығы генотиппен анықталады және ұрықта болмаған нәрсенің ешқайсысы даму кезінде көрініс бермейді деп түсіндіретін теория. Сензитивтік кезең - адамдағы психологиялық қасиеттер мен қылық түрлерін дамытуға ыңғайлы жағдай тудыратын адам өмірінің кезеңі

Баланың дамуына ықпал ететін факторлар:
тұқым қуалаушылық
әлеуметтік орта
тәрбие

Тұқымқуалаушылық
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.

Табиғи орта
Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды .
Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.

Әлеуметтік орта
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.

Тәрбие
Тәрбие, тәлім-тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады. Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді. Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды. Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс. Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын дамытады.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ №7
Тақырыбы:Ойын түрлеріне сипаттма
Орындаған: Төлеуханова Айдана П-407
Тексерген:Кулмышева Н. А.

Ойын түрлеріне сипаттма

Ойын іс-әрекет (қызметі)
Ойын іс-әрекет (қызметі) - негізінен үлкендердің іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын ерекше түрде елестетумен сипатталатын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекетінің басты түрі.

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму қуралы, та-ным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т. б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі
күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне бай-ланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.

Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу
алдымен ойында басталады». Мысалы; сюжеттік - рөлді ойындар.
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді - адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.
А. С. Макаренко

Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі - оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.
Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.
Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т. б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.

Ойынның негізгі құрылымдық элементтері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz