Жұпсыз көбелек (Lymanria dispar Lнепарный шелкопряд)



Жұпсыз көбелек
(Lymanria dispar L- непарный шелкопряд)
Орындаған: Омарова Алуа
Топ: АГ - 213
Тексерген: Сагандыков С. Н

жоспар
Жоспар
КІРІСПЕ
1. 1 Қабыршақ қанаттылар отрядына қысқаша сипаттама
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Жұпсыз көбелектің пайда болу тарихы
2. 2 Жұпсыз көбелекке қысқаша сипаттама
2. 3 Жұпсыз көбелектің даму фазалары
2. 4 Таралуы және зиян келтіретін өсімдіктері
2. 5 Жұпсыз көбелекті есептеу әдістемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Жұпсыз көбелек -қабыршақ қанаттылар отрядына жатады. Қабыршақ қанаттылар, көбелектер (гр. Лепідóптера, көне грекше: λεπίς, көне грекше: λεπίδος - қабыршақ және көне грекше: πτερόν - қанат) - жәндіктер класының бір отряды. Жер шарында кең тараған. Қабыршақ қанаттылырдың 200-ге жуық тұқымдасқа бірігетін 140 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 3 мыңнан астам түрі кездеседі. Екі жұп қанаттары болады, олардың беттерін ұлпа қабыршақ басып жатады (отрядтың аты осыған байланысты қойылған) . Бұл қабыршақтар көбелектің қанаттарын алуан түске құбылтып тұрады. Қабыршақтарының құрылысы, ондағы пигмент түсі әрбір түр, жүйеленімдік топта әр түрлі болады. Қанаттары бір-бірімен ілмек арқылы жалғасады. Қанатының түсі арқылы күндіз ұшатын көбелектер өз түріне жататын көбелектерді ажыратады, сондай-ақ қанатының түсі мен оның бетіндегі өрнегінің қорғаныштық та маңызы бар. Қабыршақ қанаттылырдың денесінің ұзындығы 3 - 8 мм-ден 200 - 300 мм-ге дейін жетеді. Аузы гүлдің шырынын соруға бейімделген, ұзын тұмсыққа айналған. Тыныштық күйде ол шиыршықталып оралып жатады. Кейбір түрлерінде мұндай тұмсық жетілмеген. Денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Басында бір жұп фасетті көздері, көзшелері және иіс, дәм сезу қызметін атқаратын мұртшалары орналасқан. Бұлардың көру органы жақсы жетілген. Дәм сезу органдары тек аузында емес, кейде аяғында да болады. Кеудесінде үш жұп аяқтары және екі жұп қанаттары бар. Құрсағында 2 - 5 қос «жалған» аяқтары болады.

Жұпсыз көбелектің пайда болу тарихы
Ең бірініші бұл көбелек Солтүстік Америкада пайда болды. 1860 жылдары астроном - энтомолог Этьен Леопольд Трувелоттың жүргізген зерттеулері кезінде АҚШ жеріне ең бірінші осы көбелектің жұмыртқалары әкелінген болатын. Зерттеу жұмыстары Трувелоттың арнайы зерртеу жұмыстары жүргізілетін жерінде өткізгенділігіне қарамастан, бұл көбелек дернәсілдері маңайдағы барлық ормандарға тарап кетті. Трувелот бұл қиындықтарды шешу үшін әріптестерінен көмек сұрады, бірақ бұдан ешқандай нәтиже болмады. Тек 1889 жылы АҚШ- та жұпсыз көбелек зиянкес ретінде танылды.

Жалпы сипаттамасы
Аталығы мен аналығының сырт пішіндері өте күрт ерекшеленеді, осыдан да жұпсыз көбелек атауы пайда болған шығар. Аналығының қанаттарының жайғандағы ұзындығы 9 см жетеді. Алдыңғы қанаттары сарғыш немесе сұрғылт - ақ, алдыңғы жағында ақшыл дағы бар, аяқтары және мұртшалары - қара түсті.
Аталығы қанаттарының жайғанда 4 см болады. Мұртшалары қара, кеудесінің алдында ала дақтары бар. Жұмыртқалары басында сары, кейін қызғылттау болады, домалақ, тегіс, үстінгі жағы кішілеу, диаметрі - 1- 1, 2 мм.
Құрттарының ұзындығы 1 - 7 см аралығында болады, 16 аяқтары бар, түкті, арқа жағында ала сызықтары бар, 5- көк, 6 - қызыл, басы - сұр. Қуыршақтары - қара немесе қоңыр, бірнеше қызғылт түктері бар.

Жұпсыз көбелектің даму фазалары
Аналықтары жұмыртқаларын томарларға салады, бір - бірден емес топтап салады, сырттарында қапшықтары болады. Жұмыртқаларын салып болғаннан соң аналықтары бірден өліп қалуы мүмкін. Жұмыртқалары қыстай алады, ылғал мен суыққа төзімді(-25. . -30С), 10 күн су астында болса да, өз тіршілігін жоймайды. Жаздың жаңбырлы күндері аналықтардың жұмыртқа салуына кедергі жасайды, құрттары дамымай қалады. Көбелектің құрттары ерте көктемде шыға бастайды, олардың денесін түк басқан, олар жел арқылы таралып кетеді. Құрттар өсе келе азық іздеу мақсатында алысқа кете алады. Кей кездері темір жолдарынан өткен кездер байқалған. Маусымның аяғы мен шілдесінің басында қуыршақтану басталады. 10- 15 күннен көбелектердің ұшуы басталады.
А, Б, В, - көбелек құрттарының әр түрлі даму фазалары
Г ) ересек көбелек (аналық)
Д) ересек көбелек (аталық )

Аналық көбелек жұмыртқа салу барысында
Аналық
Аталық
Ағаш дініндегі көбелек жұмыртқасы

1. Аналық
2. Аталық
3. Ағаш дініндегі көбелек жұмыртқасы
4-5. Зақымдалған бұталар
6. Көбелек құрты

Сібір
Таралуы:
Еуропа
Азия
Түркістан
Кавказ
Жапония
Солтүстік Америка

Зиян келтіретін өсімдіктері:
Жұпсыз көбелек - өсімдіктердің 300 түрін зақымдайды, ағаш текті өсімдіктердің барлығын, кейбір қылқан жапырақты өсімдіктерді, сонымен қоса бұталарға көп зиян келтіреді. Ең көп зиян келтіретіндері: емен, қайың, алма ағашы, терек, үйеңкі, қара өрік. Ол орман зиянкесі болып табылады. Жаппай көбею кезінде өте үлкен аумақтарға зиян келтіреді.

Күрес шаралары
Ең біріншіден біз Сібір және Қиыр Шығыс түсетін тауарлар мен көлік құралдарын мұқият тексеруіміз қажет. Феромонды қапқандарды пайдалану арқылы порттар мен оған іргелес облыстарды зерттеу . Химиялық күресу шараларына келетін болсақ, әр түрлі инсектицидтер шашу, фосфорорганикалық қосылыстар мен өңдеу, Ал биологиялық күрес шараларына өсімдіктердің өздерін биологиялық пестицидтармен өңдеу жатқызылады. Сонымен қоса күзде немесе ерте көктемде пайда болған жұпсыз көбелектің жұмыртқаларын бірден жойып отыру қажет. Жаппай таралған жылдары инсектицидтармен бүрку қажет. Жұпсыз көбелектің санын азайтуда 200 түрлі энтомофагтар, аурулар зор рөл атқарады. Жауын - шашын мол болған жылдары көбелек құрттары жойылып кетеді.

Жұпсыз көбелекті есептеу әдістемесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz