Тараны унификаттау және стандарттау


Slide 1

Тараны унификаттау және стандарттау

Slide 2

Тараны унификациялаудың мәні

Тараны унификациялаудың мәні тараның алуан түрлерін, өлшемдерін және формаларын айқандау және оларды белгілі санды типтік өлшемдерге келтіру және сол типтік өлшемдерді тауар топтары үшін бекіту процесімен сипатталады.

Тараның өлшемдері және габариттерінің оңтайлы шешімдерін табу қажет, сонда тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу, өнімдерді сақтау және тасымалдау жағдайлары жеңілдейтін болады.

Тараның өлшемдері мен габариттерің белгілі мөлшерде бекіту тасымалдау құралдарының габариттерін унификациялауға, арнайы механикаландырылған тиеу машиналарын таңдап алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде кәсіпорының жұмысы едәуір жеңілдейтын болады.

Slide 3 Slide 4

Тараның өлшемдері

Тараның өлшемдері мен габариттерің белгілі мөлшерде бекіту тасымалдау құралдарының габариттерін унификациялауға, арнайы механикаландырылған тиеу машиналарын таңдап алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде кәсіпорының жұмысы едәуір жеңілдейтын болады.

Бұндай оңтайлы өлшемдер болып 600x400 мм саналады.

Осыған байланысты тара кіші габаритті және үлкен габаритты деп бөлінеді. Егер тараның өлшемдері 600x400 мм ішінде болатын болса, ол кіші габаритті деп саналады, егер бұл өлшемдерден артса - үлкен габаритті.

ГОСТ 21140-88 «Тара. Система размеров» стандартына сәйкес тара өлшемдерінің бірыңғай жүйесі поддондардың номинал өлшемдерін 1200x1000 и 1200x800 мм ескере отырып құрылады.

Slide 5

Тараны стандарттау

Тараны стандарттаудың маңызы зор болып табылады. Стандарттау тараның матеиалдары, конситукторлық ерекшеліктері, өлшемдері, формасы және салмағы жағынан оңтайлы типтерін тағайындауды қарастырады.

Стандарттаудың негізгі міндеті тараға, оны қабылдау, маркалау, тасымалдау және сақтау ережелеріне қойылатын жалпы техникалық талаптарды бекіту болып табылады.

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

Стандарттаудың негізгі мақсаттары:

1) өнімдедің алуан түрлері үшін қаптамаларды дұрыс таңдау және жобалауға мүмкіндік беретін нормативтік құжаттар кешенін зерттеп дайындау;

2) тараны оның айналымдағы барлық звеноларымен: тасымалдау тарасын механикаландыру және автоматтандыру құралдарының бірыңғайлығы, кондейнерге салу мүмкіндігі, тұтынушылық тараның технологиялылығы және өзара алмасушылығы, топтық тараға рационалды салу мүмкіндігіне байланысты кеңінен унификациялау;

3) нормативтік және техникалық жағынан қаптаманың жоғары сапасын қамтамасыз ету, қаптама материалдарының біртекті топтары үшін және нақты материал түрінен жасалған тараның сапа көрсеткіштерінің бірыңғайлығы;

4) құжаттарды, қаптаманы халықаралық стандарттар жүйесімен нормалануын қамтамасыз ету.

Стандарттаудың негізгі мақсаттары:

Slide 10

Тара және қаптаманың классификациялық сипаттары

Тара тауарларды салу үшін арналған бұйымдардың кең номенклатурасымен айқандалады. Оны көптеген сипаттары және қасиеттері бойынша классифицикациялауға болады.

Slide 11

Тараның жіктелуі

1- тауарлық айналымағы функциялары бойынша;

2- қайта пайдалану дәрежесі бойынша;

3- иелену түрі бойынша;

4- арналуы бойынша;

5- жасап шығару тәсілі бойынша;

6- конструкциялық ерекшеліктері бойынша;

7- беріктігі бойынша;

8- сыртқы факторларға қарсы тұруы бойынша;

9- жасалған материалы бойынша;

10- тараның түрі бойынша;

11- шығару технологиясы бойынша.

Slide 12

Тараның түрлері

тасымалдауға арналған

тұтынушылық

жабдық-тара

Slide 13

Тасымалдауға арналған тара

Тасымалдауға арналған тара тауарларды тасымалдау және сақтау үшін қолданылады. Бүндай тара қорап, жәшік, контейнер және т. с. түрде кездеседі.

Slide 14

Тұтынушылық тара

Тұтынушылық тара тұтынушыға тауармен бірге түседі (флакондар, бөтелкелер, банкалар, тубалар, стакандар, пакеттер және т. с. ) . Оның бағасы тауардың бағасына кіргізіледі және оны сатып алушы төлейді. Тұтынушылық тараға қатаң талаптар қойылады, ол сатып алушының назарына ие болуы керек. Шығарушы туралы, тауардың көлемі, тұтынушыға қажетті қасиеттері және оны пайдалану ережелері бойынша ақпарат білдіруі керек. Өнімге жарнама бола алуы керек.

Slide 15

Жабдық-тара

Тара-жабдық тауарды салу, тасымалдау, уақытша сақтау және оның көмегімен тауарды сатуға арналған бұйым болып табылады (мысалы, сату автоматтары) .

Slide 16 Slide 17

Қайта пайдаланы дәрежесі бойынша тара бір рет қана қолданылатын, қайтарылатын және көп мәрте қолданылатын деп бөлінеді. Тара көбінесе бір рет қана қолданылады. Қайтарылатын деп қолдануда болған және қайта қолдануға келетін тараны атады. Көп мәрте қолданылатын тара тауарларды жеткізу үшін көп мәрте қолдануға келеді, сондықтан ол міндетті түрде жеткізушіге қайтарылуы керек. Иелену түрі бойынша жалпы қолданылатын (жеке кәсіпорынның мүлкі болып табылмайтын) және инвентарлық (көп мәрте қолданылатын, жеке кәсіпорынның мүлкі болып табылатын сондықтан жеткізушіге қайтарылатын тара) тара кездеседі. .

Slide 18 Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Қосымша материалдар (жалғасы)
«Заманауи орауыштар мен қаптамалар түрлері»
АЙРАНДЫ ӨНДІРУ ҮШІН МЫНАДАЙ ШИКІЗАТТАР
Сүт сусындарына арналған қаптамалардың жаңа түрлері Қаймақпен сүзбеге арналған қаптамалардың жаңа түрлері
Заманауи орауыштар мен қаптамалар туралы ақпарат
Заманауи орауыштар мен қаптамалар
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар
Комбинирленген тара
Стандарттау деңгейлері
Стандарттау объектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz