Құс шаруашылығы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ №3 Тақырыбы:Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау.

Орындаған: Қабышева Т Вс-203.

Тексерген: Сүлейменов Ш. Қ.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

1. Құс эймериозы

2. Гистомоноз (тиффлогепатит, энтерогепатит)

3. Спирохетоз

4. Індетті синусит

5. Саркоспоридиоз

6. Кнемидокоптоз

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Құс эмериозы - энтероколитті, нефритті түрде өтетін инвазиялық ауру. Бұл аурумен үйрек, қаз, күрке тауық және балапандары ауырады.

Қоздырғышы: эймериялар - әр құстың өзіне тән паразит қоздырғыштары. Protozoa типіне, coccidida отрядына, eimeria туысына жатады.

Сойғаннан кейінгі диагностика. Ұшаны сойып қарағанда анемия, дегидратация, соқыр ішек көлемінің ұлғаюы байқалады. Соқыр ішек қанға толы, созылған жағыдайда фибринозды эксудат болады. Аурудың негізгі белгісі эрозиялы ашық қызыл түстегі кілегейлі қабық, кейде гангрена және соқыр ішектің жарылуы мүмкін. Ұшалар төменгі қондылықта болады. Үш айлық қаз балапандарының бүйрек эймериозы кезінде бүйректің ұлғаюы 2 немесе оданда көп есеге ұлгаюы байқалады.

Сойыс өнімдерің ветеринариялық - санитариялық сараптау.

Барлық зақымдалған ағызалар техникалық утилизацияға, ал ұша қондылығы қанағаттарлық болса, қайнату арқылы залалсыздандырып пайдалануға болады. Арық құс ұшасын және зақымдалған ішкі ағызаларды утилдейді.

Құс эмериозы

Slide 4 Slide 5

Фибринозды эксудат

Slide 6

Гастомоноз (тиффлогепатит, энтерогепатит ) - соқыр ішек пен бауырдағы зақымданып, гранулемалар дамиды да соңы некрозбен сипатталатын ауру.

Қоздырғышы:Histomonas meleagridis, жіпшелі қарапайымдыларға жатады. Күрке тауықтар ауырғанымен 2 аптадан 4 айға дейінгі балапандар және басқа құстар сирек шалдығады.

Ауру құстар күйзелген, аз қозғалады, жүндері ұйпаланған, диарея, қарынды басып тексергенде қарағанда шұнқыр тәрізді ұлғайып кеткен соқыр ішек білінеді. Сойып қарағанда білеуленген соқыр ішек қабырғасының қалындығы 1 см, тығыздалған бұлынғыр ақшыл түсті, ішек ішінде дифтериялық қоймалжың сұйықтың астында жаралар болу мүмкін. Фибринозды перитонит байқалады. Бауыр ұлғайған, қанға толы, тарының дәні көлеміндей көптеген сұр ошақтар басады.

Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.

Барлық зақымдалған ағзаларды техникалық утилизатцияға бағыттайды. Ал ұшаны, қайнатып залалсыздандырылған соң, пайдалануға болады.

Перитонит пен зақымдалған құс ұшаларын және арық ұшаларды ішкі ағзаларымен бірге техникалық утилизацияға жібереді.

Гастомоноз (тиффлогепатит, энтерогепатит )

Slide 7

Гранулема

Slide 8

Соңы некрозбен жалғасады:

Slide 9

Індетті синусит - күркетауықтылардың және тауықтардың Mycoplasma gallisepticum микроорганизімдері тудыратын індетті ауруы. Бұл ауруға қаз мен үйрек шалдықпайды.

Клиникалық тұрғыдан зерттегенде көз асты қуыстары ұлғайғаны, сұйық эксудатқа және казеозды заттарға толы және конюктивит. Өкпеде әртүрлі сатыдағы пневмониялар байқалады.

Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.

Зақымдалған басты, мойынды, ішекті, өкпені техникалық утилизацияға, ал ұшаны қайнатқан соң қолданады. Ауру септикалық түрде өткенде ұшаны тұтастай утилизацияға бағыттайды.

Індетті синусит

Slide 10

Сұйық эксудат

Slide 11

Саркоспоридиоз - саркоцист туысына жататын қарапайымдылар тудыратын ауру. Олар көптеген жануарлар мен құстардың еті мен жүрек бұлшық етінде тоғышарлық етеді.

Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.

Саркоцисталармен кең ауқымды зақымданған және дистрофиялық зақымдалуы бар ұшаларды жарамсыздыққа шығарады. Ал зақымдалмаған мүшелерді қайнатқан соң қолданады.

Кнемидоктоз. Қауырсыны жок сирақтарды техникалық утилизацияға жатқызып, ұшаларды бөгетсіз қолданады.

Саркоспоридиоз

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Спирохетоз трипонемоз - жіті түрде өтетін жайылған уытты ауру. Анемиямен, көк бауырдың, бауырдың ұлғаюымен және әлсіз геморрагиялық диатез көріністерімен сипатталатын ауру. Тауық пен қаз аурады, ал үйрек, күрке тауық және тағы да басқа құстар бұл ауруға сирек шалдығады.

Қоздырғышы Trepanoma anserinum, негізгі тасымалдаушысы Argus persicus кенесі.

Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.

Құстардың сыртқы көрінісін тексергенде қоныр немесе ақшыл - сары түсті сырғасының және тұмсығының кілегей қабатының анемиясы байқалады. Ішкі ағызаларда, жүректе серозды және серозды фибринозды эксудат, миокардта нүктелі қанталаулар байқалады, жүрек бұлшық етінің бозаруы ішектерде, аналық бездері мен геморрагиялық диатездер табылады. Көк бауыр екі есе ұлғайған, күлгін - қызғылт түсті, болбыр. Осындай өзгерістер бауырда да кездеседі.

Ұшаның арықтауы мен бұлшық еттің зақымданғанында ұшаны және ішкі ағызаларды техникалық утилизацияға, егер зықымдалу байқалса, ұшаны жоғарғы температурады қайнатып залалсыздандырады, ішкі ағызаларды утилизацияға жатқызады. Диагноз ұшадан алынған жұғындыдан және ауру құстың қанынан спирохеталарды табумен нақтыланады.

Спирохетоз трипонемоз

Slide 15

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ №4 Тақырыбы:Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау.

Орындаған: Қабышева Т Вс-203.

Тексерген: Сүлейменов Ш. Қ.

Slide 16

Жоспар

Кіріспе

1. Ньюкасл ауруы

2. Жұқпалы ларинготрахеит

3. Шешек

4. Тұмау

5. Марек

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

Slide 17

Ньюкасл ауруы( жалған оба) - тез жұқпалы, жіті түрінде өтетін, тауықтар класына жататын құстар ауратын ауру.

Қоздырғышы парамиксовирусына тобына жатады.

Сояр алдындағы диагностика. Ауру құстарда тынышыздық байқалады, ұйқышылдық, тыныс алуы қиындайды, жөтелмен бірге сырылда байқалады, айдарлары көгере бастайды, тұмсығынан және танау тесігінен қоймалжын су аға бастайды. Диярея өте сұйық нәжісімен, кейде қан аралас және де аяқтарынын, қанатының, мойын салдануы мен бірге қанаттарының салбырауы байқалады.

Сойғаннан кейінгі диагностика: Асқорту органдарынны кілегейлі қабатында көптеген нүктелі қанталаулар, жүректін және тағы басқа ішкі мүшелердің серозды қабаттарында ала қанталаулар кездеседі. Тоқ ішектің кілегейлі қабатында фиброзды қабаттар және де жіті түрдегі ішектердің қабынуы мен қанталаулар кездеседі.

Ньюкасл ауруы

Slide 18 Slide 19

Сойыс өніміне санитарлық баға. Ауру құстардың өнімін жояды және утилдейді. Ұшаны және ішкі органдарында паталогиялық өзгерістер байқалмаса, оны қайнатудан кейін шаруашылықта қолдана береді. Қауырсыны мен маммығын ауруға белгілері болған жағдайда жағып жібереді. Жұмыртқасын қайнату арқылы залалсыздандырып шаруашылықта қолдануға болады. Көптеген жұмыртқаларды аэрозолмен өндеп, әр түрлі женіл кәсіпте қолданысқа жіберіледі, ол деген ыстық темпиратуралық өнеркәсіптер кандитерлік, нан өнімдері және тағы басқа.

Slide 20

Жұқпалы ларинготрахеит-тауық тектес құстардың жұқпалы ауруы, қоздырғышы-герпесвирус. Сақа құстарда ларинготрахеит ретінде, жас құстарда-созылмалы конъюнктивит түрінде болады.

Сояр алдындағы балам.

Ауру құстар самарқау күйде болады. Ентігу, кеңірдекте қан мен фибрин араласқан сұйықтық жөтелмен шығады, конъюнктивальды қалыпта-конъюнктив гиперемиясы, қабақ ісуі, көз кішіреюі, жас ағуы, жарықтан қорқу, бір не екі көздің де үлкеюі, көз жанарынан айрылуы, көз алмасының атрофиясы болады.

Союдан кейінгі балау.

Көмей ішінде, кеңірдектің өн бойында кейде үлкен бронхыларда катаральды-гемаррагиялық қабыну, үстіңгі кілегей қабығын бітеген қан ұйындылары, фибрин мамығы, кілегейлі-қан болады. Басқа органдарда да өзгерістер болуы мүмкін, бірақ олар ауру үшін қалыпты емес.

Жұқпалы ларинготрахеит

Slide 21

Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.

Ауру шыққан шаруашылықтардағы шартты сау деп есептелген құстарды ветеринариялық-санитариялық қызметтің рұқсатымен, ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтай отырып, ет өндіруші кәсіпорындарда союға болады. Құс түгелдей бөлшектенеді. Ауру белгілері бар органдар мен ет бөліктерін, басын, мойнын, кеңірдегімен қоса жоюға жібереді. Ал қалған бөлегін қайнатады. Егер де патолого-анатомиялық өзгерістері болмаса, оларды қайнатудан кейін шұжық консервілер жасауға жібереді.

Ауру не шартты сау ұстардың жүн, қауырсындарын 20мин 85-900 С ыстық ауамен не 3 % ыстық формалинмен не 85-950 С ыстық сумен 20мин зарасыздандырады.

Ауру шыққан құс үйірінің жұмыртқаларын зарасыздандырып, одан кейін саудаға шығаруға жібереді.

Slide 22

Шешек-бұл тауық, құр, көгершін, күркетауық т. б құстардың жұқпалы ауруы, авипоксвирус тобы вирусынан шығатын және терінің кейбір бөліктерін экзантематозды күйде не ауыз қуысы мен үстіңгі тыныс алу жолдарының ішкі қабатын кілегейлі қабынуы.

Сояр алдындағы балау.

Ауру құстардың қабақ, тұмсық үсті, ауыз жиегі, арқа терісі, қанаты, аяғы, артқы жағы және басқа да дене бөлшектерінде жалғыздан не көптеген экзантема қабыршақтары пайда болады. Түрлері-ақшыл-сары көбікше сияқты, томпайған қоңыр-қызыл не домалақ сұр қабыршақтар, терімен тұтас жабысып тұрады.

Ауру кілегейлі түрде болса, арқасында қабыршақтар болмайды. Ауыз жиегінің кілегей қабатында, тілінің астында, кеңірдекте сарғыш, тығыз фибринды пленка не ірімшіктектес қоймалжың кілегей қабатпен жабысып тұрады, бұл кезде құста ентігу пайда болады.

Союдан кейінгі балау.

Денесінен, тыныс алу жолдарынан, ауыз қуысынан сояр алдында көрінген өзгерістер түгелдей табылады. Ішкі құрылыстарынан қандай да бір басқа өзгерістер табылмайды.

Шешек

Slide 23

Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.


Ұқсас жұмыстар
Құс шаруашылығы. Құс өсірудің әдісі
Құс шаруашылығына жалпы сипаттама
Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу және тасымалдау
Құс етінің классификациясы. Жұмыртқаны жинау, сорттау, буу және тасымалдау
Құстар жайлы жалпы сипаттама
ТАУЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасына құс етін импорттауға қойылатын ветеринариялы - санитариялық талаптар
Плимутрок тауығы
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСІНІҢ ЖОБАСЫ
ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz