Жануарлар мен адамның вирустық инфекциялары: СПИД, құтырық, тұмау, шешек, вирустық гепатит және Эбола қызбасы




Презентация қосу
ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМНЫҢ ВИРУСТЫҚ
ИНФЕКЦИЯЛАРЫ: СПИД, ҚҰТЫРЫҚ,
ТҰМАУ, ШЕШЕК, ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТ
ЖӘНЕ ЭБОЛА ҚЫЗБАСЫ.
Жануарлар мен адамның вирустық инфекциялары.

Вирустар – тірі табиғаттың ең қарапайым
обьектісі,тіршіліктің жасушасыз түрі. Олар асушадан тыс –
вирион және жасуша ішінде – вирус т үрлерінде кездеседі.
Вирион капсидпен қоршалған, құрамында вирус геномы
бар нуклеопротеид. Капсид спиральды немесе кубты қ
симметрия принциптері негізінде қатаң т үрде реттелген
құрылым. Ол капсомерлер деп аталатын ассимметриялы
полипептидтік молекулалардан құралған. Жасуша ішілік
вирус бактериялар тәрізді бинарлық жолмен к өбейе
алмайды. Сонымен қатар, вирустарда нуклеин
қышқылдарының тек бір ғана түрі (ДНҚ немесе РН Қ)
кездеседі, жасушаалық құрылым және протеин
синтездейтін жүйе болмайды. Вирус жасушаны ң геномына
еніп, онымен бірге синхронды түрде репликацияланады.
Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың,
микоплазмалардың, хламидийлердің,
риккетсиялардың, спирохеталардың организмге
еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан
туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек
«инфекция» деп те атайды.

Олар:
а) ішектің;
б) жоғарғы тыныс жолдарының;
в) қанның;
г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына
ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында
шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді.
Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер,
гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарлар ға қан;
сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады,
көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары
(құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды.
Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай
оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың
әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не
тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге
тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша,
полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне
және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар
жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да
тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке
созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру.. Мұнда организмнен ауру
қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың
латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ
уақыт өмір сүреді.
СПИД
ЖИТС
Жұғу жолдары

— жыныстық қатынас;
— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі
инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);
— анасынан нәрестеге жүғу арқылы.
ЖИТС-тің жұғу көздері және
жұғу жолдары ДДҰ мәліметі
бойынша АИВ жұқтырғандардың
саны 2000 жылдан кейін 40—50
миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-
пен ең көп науқастанушылар
АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде
(әсіресе Франция, Германия,
Ұлыбритания, Италия), Орталық
Африкада, Гаитиде тіркелген.
Вирус ТМД мемлекеттерінде,
Жапония, Шығыс Араб елдерінде
кездесе бастады.
Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-
тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін
20 орталық және 80 лаборатория бар.
Олардың жұмыс бағыттары мынадай:

1. Вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі
топтарға» (группы риска) жататын
адамдарды тексеріп, вирус жүққан
адамдарды дер кезінде тауып отыру;
2. Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік
бақылауға алып, вирустың әрмен қарай
тарауына, яғни басқа адамдарға
жұғуына мүмкіндік бермеу жұмыстарын
ұйымдастыру.
Құтырық вирусы
Құтырық ауруы
Құтырық ауруы-бұл орталық нерв жүйесінің ауыр
зақымдалуымен өтетін және өлім-жітіммен ая қталатынауру.
Құтырмамен ит, мысық, сиыр, жылқы, түйе, қой-ешкі,
кеміргіштер, жабайы жыртқыш аңдар-қасқыр,түлкі т.б. ж әне
адам ауырады.
Аурудың көзі-сілекейімен құтырманың вирусын
шығаратын және оны тістегендегі жара ар қылы беретін
жануар. Сілекей ауру белгілері пайда болмай тұрып,ауру
жұққан соң 8-10 тәуліктерде жұқпалы бола бастайды.Теріге
немесе кілегейлі қабыққа сілекей жұққанда құтырма вирусы
жұғады. Құтырма вирусын жұқтырған кезден бастап
аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін бірнеше
тәуліктен бірнеше айға (бір жылға дейін ) созылуы мүмкін.
Алдын алу

Құтырды деп сезік туғызған кез келген хайуанды
өлтіріп, көміп тастаңыз (немесе бір апта бойы үйшікте
ұстаңыз);
Иттерді вакцина жасау жөніндегі шараларға қатысы ңыз;
Ауырған сияқты көрінген немесе мінезінде өзгеріс
болған кез - келген хайуаннан балаларды аулақ ұста ңыз.

Ауырған сияқты көрінетін немесе мінезінде өзгеріс
бар хайуандарға көңіл бөліп, барлық сақтық шараларын
қолданыңыз. Тіпті ол ешкімді тістеп қаппағанда да оны ң
сілекейі дененің кесілген немесе жырылған жеріне т үссе
құтыру туғызады.
Тұмау
Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza – “бас салу,
шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың
қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте
жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында
гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен
белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау
вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды,
жүректі ауруға шалдықтырады.
Тұмаудың түрлері :
Эпидемиолог мамандар бүгiнгi таңда әлем бойынша вирустық аурудың 200
түрi бар екенін зерттеп, дәлелдеді. Ол – адамның инфекциялық
патологиясында маңызды рөл атқарып, ерекше орынға ие болған ауру
түрі. Тұмау вирусы домалақ немесе сопақша пішінді, диаметрі 80-100 cм.
Құрамында РНҚ бар. Бөлме температурасында тұмау вирусы бірнеше
сағаттан кейін өзінің белсенділігінен айырылады, ал 65 С градусқа дейін
қыздырғанда 5-10 минут аралығында өледі. Ол қышқыл тез бұзылады,
кептіргенге шыдамайды, эфир спирт және басқа залалсыздандыру
ерітінділерінде жойылады. Ультракүлгін сәуле мен ультрадыбыстар
тұмау вирусын тез жояды.
 
Тұмау немесе грипп (лат. grіppus, фр. grіpper, ағылш. influenza – “бас салу,
шап беру”) – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың
қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте
жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында
гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен
белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау
вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.
Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды,
жүректі ауруға шалдықтырады.
Тұмаудың түрлері :
Эпидемиолог мамандар бүгiнгi таңда әлем бойынша вирустық аурудың 200
түрi бар екенін зерттеп, дәлелдеді. Ол – адамның инфекциялық
патологиясында маңызды рөл атқарып, ерекше орынға ие болған ауру түрі.
Тұмау вирусы домалақ немесе сопақша пішінді, диаметрі 80-100 cм.
Құрамында РНҚ бар. Бөлме температурасында тұмау вирусы бірнеше
сағаттан кейін өзінің белсенділігінен айырылады, ал 65 С градусқа дейін
қыздырғанда 5-10 минут аралығында өледі. Ол қышқыл тез бұзылады,
кептіргенге шыдамайды, эфир спирт және басқа залалсыздандыру
ерітінділерінде жойылады. Ультракүлгін сәуле мен ультрадыбыстар тұмау
вирусын тез жояды.
 
Емі
Емі — дәрігердің
бақылауында болып, оңаша,
ауасы таза бөлмеде жатып
емделу. Дене қызуын, дене
сырқырауын, аспирин,
пирамидон және т.б. дәрілер
тез басады. Тұмау вирусына
антибиотиктер пайда етпейді.
Ауру адам жөтелгенде,
түшкіргенде аузы-мұрнын
қолымен немесе орамалмен
(шүберекпен) жабуға тиіс.
Науқастың тек өзіне
арналған ыдысы, орамалы
т.б. болуға, олар жиі
қайнатылып, жуылуға тиіс.
Шешек
Шешек. Ауру балықтардың терісінде локальді
эпидермистің пайда болуымен сипатталады. Б үгінгі
күнге дейін қоздырғыштары табылмаған.Тұқылар,
сазанда, табандар, шабақтар, көк серкелер шаяндар
(2 жастағы және оданда үлкен балықтарда жиі
кездеседі) көп ауырады. Ауру басталғанда
балықтардың денесінін әр бөлігінде және жүзу
қанаттарында ақ дақтар пайда болады. Содан кейін
осы жерлерде ақ – сүттес тығыз қалын өсінділер
құралады,(шешек дақтары), тері бетіне к өтеріледі.
Кәрілеу прцестерде балықтарлың денесі алдымен
тегіс, тосын кедір- бұдырлы шеміршек тектес
жабын мен жабылады. Ішкі мүшелерде арнаулы
өзгерістер жоқ
Шешек ауруы
Шешек ауруы — инфекциялы ауру, теріде
шығатын көпіршік тәріздес ұсақ бөртпелер.
Шешекпен бір рет ауырғандар екінші рет
ауырмайды.

Шешек – ауамен таралатын герпес вирусы.
Ауыру мерзімі 10-21 күнді құрайды. Егер балаңыз
мектепте, бала-бақшада, қоғамдық жерлерде
шешекпен ауыратын балалармен араласса онда оны ң
шешекпен ауыру мүмкіндігі көбейеді. Шешекпен
ауыру 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. 6
айға дейінгі сәбилер шешекпен ауырмайды. Өйткені
ана өз иммунитетін сүт арқылы береді.

10 жастан асқан балалар шешекпен сирек
ауырады. Ауыру кезеңі ауыр жағдайда өтеді.
Олардың емделуі де ұзағырақ уақытты қажет етеді.

Шешек – балалар ауруы. Бала кезінде ауырмаған
ересектер де шешекті жұқтыруы мүмкін.
Белгілері:
Дене қызуы көтеріледі (38-39°С);
Дененің барлық жерінде 1-2 сағат ішінде ұсақ бөртпелер пайда
болады;
Алқызыл түсті ұсақ дәндес бөртпелер шығады, бірнеше сағаттан
кейін көпіршіктеніп ішіне су толады.
Көпіршік пайда болған соң бала қышынып, жараларын қасығысы
келеді. Баланың жараларын қасуына жол бермеу керек, өйткені қасуы
арқылы инфекция кіргізуі мүмкін. 1-2 күннен кейін көпіршіктер кеуіп,
қабыршықтана бастайды. Алайда 7-10 күн аралығында жаңа
бөрткендер пайда болады. Баланың дене қызуы қайта көтеріледі. 1-2
аптадан соң қабыршықтар түсе бастайды. Қабыршақтың орнында
дақтар қалады. Бірақ олар біраз уақыттан кейін жоғалып кетеді. Егер
балаңыз жарасын қатты қасып, жарасы іріңдеп кетсе, кейін орнында
тыртығы қалады. Шешекпен ауыру кезінде бала өзін әлсіз сезінеді,
ашушаң, ұйқысы шала болады және тәбеті болмайды.
Емделуі:
Баланы емдегенде негізінен үйде болған дұрыс. Шешектің арнайы емі
жоқ, тек төсек орын тысын жиі ауыстырып,сұйықтықты көп ішіп, диета
сақтаған дұрыс. Балаңызға тек сүтті тағамдар мен жеміс-жидек, көкөністен
жасалған тағам беріңіз. Баланың жарасына күніне 2 рет көк дәрі (зеленка)
немесе марганцовка ерітіндісін жағу қажет. Марганцовка мен көк дәрі
шешекті емдемейді, тек дәрігерге шешектің қай кезеңі екенін көрсетеді. 38-
38,5°С-ге дейін дене қызуы көтерілсе балаға ыстықты басатын дәрі бері ңіз.
Қышуын басу үшін педиатрдан антигистаминді дәрі жазып беруін сұраңыз.
Баланы шешек ауруы кезінде шомылдыруға бола ма деген сауал кез келген
ата ананы мазалайды. Отандық дәрігерлер тек марганцовка ерітіндісі бар
суға жуындыруға болады деп есептесе, шетелдік дәрігерлер шешек ауруы
кезінде душ қабылдау керек деп есептейді. Сонда дененің қышуы уақытша
болса да қояды.
Назар салыңыз! Жоғары температурада ыстық басатын дәрі ретінде
аспирин беруге болмайды. Шешек пен ацетилсалицил қышқылы
қосылғанда бауырды зақымдауы мүмкін.
Вирустық гепатит
Вирусты гепатит – жұқпалы ауру. Оның энтеральді ж әне пареэнтеральді
түрлері бар. Энтеральді түріне А ж әне Е гепатиттері жатады. Олар
тұрмыстық қарым-қатынас арқылы беріледі, к өбінесе балаларды ң
ұйымдасқан ұжымдарында күз-қыс мерзімдерінде жиі кездесіп т ұрады. Осы
ауру әрбір 3-5 жылда өршіп тұрады. Ал парентеральді т үріне В, С, Д
гепатиттері жатады. Аурудың қоздырғыштары таби ғи ж әне жасанды жолмен
жұғады. Табиғи жолмен жұқтыру механизмдері жынысты қ қатынас ар қылы
беріледі; перентеральды – анадан бала ға ж әне т ұрмысты қ қарым- қатынас
кезінде, нақты айтатын болсақ, тіс щеткалары, жуыну ж өкелері, тара қтар
мен қырыну құралдары арқылы беріледі.
Жасанды жолмен жұқтыру медициналық ж әне медициналы қ емес
манипуляциялар арқылы жүзеге асады. Медициналы қ ж ұқтыру - тері–
аллергиялық сынама, зақымданған қан немесе оны ң компоненттерін құю,
иньекция жасау, операция жасау, стоматологиялы қ манипуляциялар, аборттар,
гинекологиялық тексеру, органдарды трансплантанттау ар қылы беріледі.
Медициналық емес жолмен берілу – татуировка, с үндетке отыр ғызу, қырыну,
маникюр және педикюр (қолданылатын құрал-саймандарды д ұрыс
зарарсыздандырмаған кезде) жасау арқылы беріледі. Бір ине қолданатын
нашақорлар, медициналық манипуляция жасау кезінде жеке бас қор ғау
ережесін сақтамаған медицина қызметкерлері ж әне донорлар арасында осы
ауру жиі кездеседі.
А гепатиті
А гепатитін жұқтыру кезінде делсалдық, тәбеттің болмауы,
лоқсу және құсу сияқты белгілер байқалады. Осындай күй 3-7 күн
сақталып тұрады. Аптаның соңына қарай сары аурудың белгілері
пайда болады: зәрдің түсі өзгеріп, үлкен дәреті ағарады, көздің іші
мен тері сарғая бастайды. А гепатитінің вирусы аурудың ағзасынан
зәр және сілекей арқылы сыртқа шығады. Ауру сау адамға вируспен
зақымданған тағам мен су, әр түрлі тұрмыстық заттар, жуылмаған
қол және жемістер мен көкөністер арқылы жұғады. Вирусты
гепатитті жұқтырып алмау үшін жеке бас гигиенасын сақтау қажет.
Бірақ осы аурумен күресудің ең тиімді жолы вакцинация болып
саналады, осы тәсіл көптеген өркениетті мемлекеттерде өзінің
тиімділігін көрсетті. Қазіргі кезде 2 жасар балаларды осы вирусқа
қарсы егу шаралары жоспарлы түрде өткізіліп отырады. Вирусты
гепатит А-ға қарсы екпе 6 ай аралықпен екі рет алынады.
В гепатиті
Вирусты гепатит В-ға қарсы кесте бойынша стандартты
егу 7-10 жыл мерзім ішінде адам ағзасын тиімді қор ғап
тұрады. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинаның бірінші
дозасы жаңа туылған нәрестеге 24 сағат ішінде салынады,
келесі дозасы 2-ші ай, 3 доза 4-ші айда салынады.
Медициналық қызметкерлер мен медициналық жоғары оқу
орындарының және колледждердің студенттерін егу ҚР ДСМ
2012 жылдың қараша айының 12 жұлдызында ғы №33
қаулысына сәйкес 0-1-6 кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Вирусты гепатит В ошағында қатынаста болғандар мен қан
және оның компоненттерін құйғандарды егу шұғыл түрде 0-
1-4 кестесіне сәйкес жүргізіледі. Егілу қаланың
емханаларында және медициналық орталықтарда ж үргізіледі.
Эбола қызбасы
Эбола геморрагиялық қызбасы – Эбола вирусы
тудыратын жұққыштығы жоғары жіті вирустық ауру.
Сирек кездесетін, бірақ өте қауіпті ауру – 50-90 %
клиникалық жағдайда өліммен аяқталады. Инкубациялық
кезең 2-ден 21күнге дейін. Адамды және кейбір
приматтарды зақымдайды. Эбола вирусы инфекция
жұқтырған адам ағзасының қанымен, бөлінділерімен,
органдарыменнемесе басқа да сұйықтықтарымен тікелей
жанасу кезінде беріледі. Адамдардың инфекция
жұқтырған тірі немесе өлген шимпанземен, горилламен
және орман бөкендерімен қарым-қатынасы нәтижесінде
жұқтыру жағдайлары құжаттамалық расталған.бола
қызбасы үшін дене температурасының күрт көтерілуі,
қатты әлсіздік, бұлшық еттермен бастыңсырқаттануы,
сондай-ақ тамақтың сырқаттануы тән. Көбіне бұл
құсумен, диареямен, бөртпемен, бауыр және бүйрек
қызметтерінің бұзылуымен, кейбір жағдайларда ішкі,
сонымен бірге сыртқы қан кетулермен де қоса жүреді.
Эбола геморрагиялық қызбасын арнайы емдеу жоқ,
вакцина әзірлену үстінде, шамамен 2015 жылдың
басында.
Орындаған :
Берикболова Диляра

Ұқсас жұмыстар
Жануарлар мен адамның вирустық инфекциялары
Жануарлар мпен адамның вирустық инфекциялары: СПИД, құтырық,тұмау,шешек, вирустық гепатит және Эбола қызбасы
Адам және жануарлардың вирустық инфекциялары
Инфекциялық аурулардың классификациясы
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар
ЖҰҚПАЛЫ АУРУДЫҢ АЛДЫҢ АЛУ ШАРАЛАРЫ
Аурудың белгілері
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Вирус
Вирустардың ерекшіліктері
Пәндер