АНТИКА



А Н Т И К А

2 тақырып. Антика философиясы.
1. Антика философиясының жалпы сипаты және негізгі даму кезеңдері.
2. Антика философиясыны негізгі ілімдері мен мектептері.

Мақсаты: антика философияда койылған мәселелермен және негізгі бағыттармен таныстыру.

антика философиясы, полис, натурфилософия, гилозоизм, космоцентризм, микрокосм, физис, метафизика, архэ, субстанция, апейрон, логос, диалектика, фатализм, апория, майевтика, атараксис, эйдос, гедонизм.
Негізгі сөздер мен үғымдар:

ежелгі Греция және ежелгі Римдегі философиялық ілімдернің жиынтығы. Антика философия өзінің дамуында мыңжылдық кезеңді қамтиды деуге болады
Антика философиясы

1. Сократқа дейінгі немесе ежелгі грек философиясының қалыптасу кезеңі. (б. з. д. ҮІ - б. з. д. ҮІІ ғғ. ) - басты назарда ғарыштың, табиғаттың (физистің) проблемалары. Кезеңнің басқаша атауы - “натуралистік кезең”. (Милет, Пифагор және Элей мектептер, Гераклит, атомистер) 2. Сократтық немесе классикалық грек философиясы - софистер, Сократтың, Платонның, Аристотельдің ілімдері (б. з. д. Ү - б. з. д. ІҮ ғғ. ) . Басты назар адамның проблемаларына, оның мәні мен танымдық мүмкіндіктеріне аударылады; 3. Грек-римдік, немесе эллинизмдік кезеңі ( б. з. д. ІҮ ғ соңы - б. з. ІҮ ғ. ) . Эллинизм дәуірі (б. з. д. ІҮ ғ. соңы) дегеніміз А. Македонскийден кейін, оның римдіктерді жаулап алғанына дейінгі эпикуреизмнің, стоицизмнің, скептицизмнің, неоплатонизмнің және т. б. мектебі болып табылады.
Ежелгі философияның негізгі даму кезеңдері:

МИЛЕТ МЕКТЕБІНІҢ ӨКІЛДЕРІ

Фалес (б. з. д. 625 - б. з. д 545 жж. )
. ) . Барлық нәрсе судан пайда болады. Бастапқы себеп (архэ) - су. “Бақылау көрсеткеніндей, барлық нәрсе тұқымнан пайда болады, ал тұқым ылғалды болып келеді. Ылғал заттарда олардың табиғи бастауы су болып табылады. "Бәрі де судан пайда болады және суға айналады”.
Фалес алғашқы грек математигі. Ол 585 жылы болған күннің тұтылуын алдын ала айтқан болатын. Ол бірінші болып ”Барлығы деген не?” сұрақты тұжырымдап берді.

Анаксимандр (б. з. д. 611- б. з. д 545 жж. ) .
“Табиғат туралы трактат”. Бастапқысы - біртұтас, алғашқы, уақыттан тыс, мәңгілік өлмейтін, шексіз субстанция, ол “барлық дүниені қамтиды”, яғни белгісіз материя (апейрон) - заттық бастау - алынып тасталған шекаралар. Апейрон - құдырет болып табылатын барлық нәрсенің негізі. Ол жер бетіндегі әртүрлі құбылыстарға айналады: жер, су, ауа, от, бұлар өз кезегінде басқасына ауысады. Анаксимандр табиғат, дүние объективті болады, ал оны ешкім жаратпаған деген тұжырым жасады. Анаксимандр күн сағатты іс жүзіне асырды, Жердің географиялық картасын жасады, онда Еуропа мен Азия бейнеленген.

Анаксимен (б. з. д. 560 - б. з. д 480 жж. ) .
Бастапқысы - ауа, ауасыз шексіз субстанция. От - қыздырылған сұйылтылған ауа. Ауа қоюлана келе бастапқы су күйіне айналады, ал содан кейінгі қоюлану барысында тасқа айналады. Анаксимен стихиялардың барлық әралуандығын ауаның қойылу дәрежелерімен түсіндіреді. Жан да ауадан тұрады. Құдайлар да ауадан пайда болған.

Пифагор (б. з. д. 580- б. з. д. 500 жж. )
Самос аралында дүниеге келген. Ол алғашқыда өзін философ деп атады. Оның бастапқысы - сан. Барлығы саннан тұрады. Сан - дүниедегі құдырет бастауы, барлық заттардың принципі. Ойдың объектілері заттарға қарағанда неғұрлым ақиқат, сезімдік таным объектілері сандардың тәрізді уақыттан тыс табиғаты болады, яғни олар мәңгілік. Ғарыш, оның тәртібі санмен белгіленеді. Сандарды құдайландыру сандардың, сандық қатынастардың мистификациясына әкеп соқтырды. Әсіресе мына сандар қасиетті деп есептелді: 1, 7, 10 және т. б. 3 саны еркектің бастау символы, 2- әйелдің, 7- тағдырдың символы. Тақ сандар еркекке, жарыққа, кемеліне жеткен бастауға жатқызылды. Жұп сандар - әйелдерге қатысты. Жұптардың ішінен кемеліне келгендер ішінен 6 саны саналды, өйткені, 6=1+2+3 және 6=1+2+3. “1” - жұп-тақ сан. Пифагорлықтар шектің дыбысталу тонының жоғары болуы оның ұзындығына байланысты деп тұжырымдады, яғни бұл музыканың математикалық негіздері болып табылады.

Гераклит (б. з. д. 544- б. з. д. 483 жж. ) .
. ) . Оның еңбегі “Табиғат туралы” деп аталады. Гераклиттің жалған аты - Жылаңқы және Қара. Барлық дүниенің бастауы - от. Дүниеде бардың бәрін ешкім жаратқан жоқ, ол әрқашан болған, бірде жанатын, бірде сөнетін мәңгілік нағыз от бола да береді. Оттың өзгеріске түсуі жүзеге асады: ол суға айналады, ал су дүниені жаратушының ұрығы. Су, өз кезегінде, Жерге және Ауаға айналып өзгереді. Аталған үдеріс циклді болады.
Гераклит гносеологияның негізін қалаушы болып есептеледі.

Адам туралы ілім. Софистер (сопылар)

Демокрит Б. д. д. 460-б. д. д. 371жж.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz