Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
Презентация қосу
Құқықтық мемлекет және
азаматтық қоғам
Орындаған: Саябаев Р.
Алматы 2011ж
Жоспар:
Кіріспе
1. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
2. Қазақтың ата-заңы
2.1. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі за ңы
2.2. Мемлекеттік саяси биліктің Конституцияда ғы саяси
көрінісі
2.3. Азаматтық қоғам түсінігі
2.4. Қазақстан Республикасында азаматты қ қоғамны ң
қалыптасуы мен дамуы
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен
қағидалары
Құқықтық мемлекет – бұл адам мен адамзаттың
құқықтарымен бостандықтарының толық түрде
қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылқтарды
болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен
мемлекеттік басқаруға жағдай жасайтын саяси билік
ұйымы.
Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның
негізгі екі жағын бөліп қарастыруға болады
1) Мазмұнды жағы - адаммен адамзаттың құқықтары
мен бостандықтарын толық көлемде қамтамасыз етіуін
тұлға үшін құқықтық ынталандыру тәртібін
орналастырудан көрінеді.
2) Формалды - заңды жағы - мемлекеттік билікті
құқықпен байланструдан мемлекет құрлмдары үшін
Қазақстан халқы егеменді мемлекетті ң ұлтты қ өркендеу
процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Бізді ң ата-
қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай
басқыншылықты басынан кешті. Қаншама к өне қалалар,
мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазы қсыз
жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Біра қ қандай
қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен д әл
бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананы ң аялы ала қанында
аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халы қ қашан да
еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Хал қымызды ң
ата-қоныс қара орманға деген ұрпақты қ сүйіспеншілігіні ң
түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сонды қтан да ата-бабамыз
осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаны ң ұшымен, а қ білекті ң
күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру –
қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл бізді ң жас мемлекетімізді ң
аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы бай қалады. Тоталитарлы қ ж үйеден
демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі ай қын бол ған к үннен бастап-
ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қаза қстан мемлекетіні ң
егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті т ұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен
нарықтық экономикаға өту экономиканы ты ғыры қтан алып шы ғуды ң,
ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жа ғдай ту ғызуды ң толассыз
жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты
президентті республика етіп қалыптастыру. Бізді ң мемлекетімізде барлы қ
азаматтардың теңдігі барлығының заң алдында ғы бірдей жауапкершілігі,
кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-а қ
нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қаза қтарды ң
мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жа ғдай ға ұлтты қ м әдениетті, тілді
өркендету, қазақ диаспорасының рухани-м әдени ж әне бас қа да
байланыстарын қалпына келтіру, оларды ң өз Отанына қайтып оралуына
қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан
халқы егемендіктің иесі, республикадағы
мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып
табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес,
басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси
ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы
өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің
тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы
керек. Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық
өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім
мен ынтымақ Қазақстан Республикасының
әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі
болып енуінің басты шарты болып табылады.
Қазақтың ата-заңы
2.1. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы
Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен
тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде
әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз
күшіне енді. Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты
сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты.
Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен
айтуға болады.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық
салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын
президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті.
Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол
сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен
жатқызылады.
Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы –
меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде
бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік
меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен
қорғалады. Негізі заң меншіктің қызмет аясы мен
мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам
игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы
қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет
етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік
жасалады.
Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы
“Адам және азамат” атты екінші бөлімінде айқын көрініс
тапқан.
Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда на қты к өрініс тап қан. Саяси
жүйенің негізгі тұғыры – президенттік басқару жүйесі Конституцияда ал ғаш
рет заңдастырылған. Қазақстан Республикасы президенттік бас қару
нысанындағы мемлекет болып жарияланған. Президентке елді ң ішкі ж әне
сыртқы саясаттарын анықтау міндеті жүктелген. Ол мемлекеттік билікті ң
барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және олардың халы қ алдында ғы
жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент заң шығарушы, ат қарушы, сот
жүйелерінің бәріне бірдей қатынаста болады. Бәрінің жұмысын үйлестіріп,
мемлекеттік биліктің дұрыс жүргізілуііні ң кепілі болып танылады. Бізді ң
президентіміздің Негізгі Заңда көрсетілген конституциялық ау қымда жемісті
жұмыс істеп отырғанына бүкіл ел ку ә. Еліміздегі саяси т ұра қтылы қ, орын
алып отырған үлкен қиындықтарға қарамастан макроэкономикалық де ңгейдегі
ілгерілеу, отандық өнеркәсіпті жандандыру ға шетел инвестицияларын к өптеп
тарту, шикізат көздерін игеріп, жер асты байлы қтарын экономиканы ая ққа
тұрғызуға пайдалану, алыс-жақын шетелдермен оңды қатынастар орнату,
ұлттардың татулығын қамтамасыз ету, елімізді ң руханиятын, қор ғанысын
дамытуға күш салу және басқа сан-салалы қызметтерді құптау ға әбден
тұрарлық. Президент ел халқына “Қазақстан-2003” атты Жолдауын
жариялады. Алда тұрған дамуымыздың басты бағыттарын к өрсетті.
Жаңа Конституция елімізде екі палаталы тұрақты жұмыс істейтін
Парламентті заңдастырды. Ол республиканың заң шығарушы ең
жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Парламентіміздің жаңа
демократиялық сипатта дамуына конституциялық негіз қаланды.
Парламент өз жұмысын саясаттандыруға бейімдемей, экономикалық
және саяси реформаны елімізде жеделдетуге қажетті заңдарды
қабылдауды алдына негізгі мақсат етіп қойды. Конституцияда
Парламент депутаттарының құқықтары мен міндеттері нақтылап
көрсетілген. Конституциялық шеңберде әрбір депутаттың жемісті
жұмыс толық негіз бар.
Парламент Елбасының ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер
мен толықтырулар енгізеді, республикалық бюджетті бекітіп, оның
орындауын қолдайды, бұл туралы Есеп комитетінің есептерін бекітеді.
Үкімет басшысының бағдарламасын тыңдап, оны мақұлдайды немесе
қабылдамай тастайды. Соғыс және бітім мәселелелерін шешеді.
Республиканың халықаралық шарттарын қадап бекітеді және олардың
күшін жояды. Республика Үкіметі Конституция белгілеп берген
өкілеттіліктерінің негізінде экономикалық-әлеуметтік дамудың
барысына басшылық жасап, ұйымдастыруға, ең алдымен жауапты.
Мемлекеттің республика деңгейінде ғана емес, жергілікті жерлердегі басқаруы мен өзін-өзі басқару
тәртіптері де Конституцияда айрықша дараланған. Облыс пен аудандарда, қала мен селода мемлекеттік
басқаруды өкілді дегендер – мәслихаттар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарыны ң міндеттері мен құқы қтары
Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995 жылды ң 30
тамызындағы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылданған Конституцияда аны қ
тұжырымдалған. Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостанды қтар ға ие. Ал
ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматты қ құқықтар ға ие болып,
тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу,
адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімні ң өзіні ң жеке басыны ң
бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамны ң жеке басыны ң қадір-
қасиетіне қол сұғылмайды.
Конституцияның 19-бабында “Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партия ға ж әне қай
дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге ха қылы” деп жазыл ған.
Адамдардың ар-ождан бостандығына заң ж үзінде толы қ кепілдік берілген. Республика
азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын м үлкін жеке меншігінде
ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасал ған.
Азаматтардың медициналық көмек алуына, мемлекеттік
оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік
беріледі. Ал орта білім алу Конституция бойынша міндетті
деп табылған. Республика азаматтарының құқығы мен
міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге
болады. Бірі – заңды түрде белгіленген салықтарды,
алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу
әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі –
Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және
міндеті. Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде
бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек
біліп, міндеттерін орындауға келгенде ұмытшақтық
танытатыны жиі кездеседі.
Адамзатық қоғам түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроции, Т. Гоббс, Дж.Лок, Гегел, Маркс ж әне
тағы басқа ойшылдар қалыптастырған . Барлық ғалымдар азаматты қ қо ғамда ғы негізгі идея
ретінде адам идеясын таныды. Азаматтық қоғам - бұл олардың көмегімен жеке
тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын. Адамгершілік, діни, ұлтты қ, әлеуметтік-
экономикалық, отбасы институттары мен қатынастарының жиынтығы.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
1. Мемлекеттік емес әлеуметтік-экономикалық
қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік)
2. Мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т.б).
3. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер.
4.Саяси партиялар мен қозғалыстар
5.Тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы .
6. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі
7. Отбасы
8. Шіркеу және тағы басқалар
Азаматтық қоғамның белгілері
-Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толы қ қамтамасыз етіліуі.
-Өзін –өзі басқару.
-Оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарның
басекелестігі
-Еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен
плюрализм.
-Жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу
құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы.
-Өмір сүру координатция қағидасына
негізделеді(мемлекеттік ақпарат кезінде субординация
қағидасы ұстемдік құрады
-Экономиканың көпжақтылығы
-Биліктің заңды және демократиялық сипаты
Құқықтық мемлекет
Адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету.
1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында бастал ған экономикалы қ,
әлеуметтiк және саяси салалардағы түбегейлi реформалар т үрлi әлеуметтiк
топтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн қоғамдық бiрлестiктердi ң
құрылуын ынталандырды.
Қазақстанда алғашқылардың бiрi болып экономиканың мемлекеттiк емес
секторы қызметкерлерiнiң мүдделерiн бiлдiрген тәуелсiз кәсiпода қтар пайда
бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және дiни бiрлестiктер,
саяси партиялар белсендi түрде институцияланды. "Невада - Семей" қо ғамды қ
қозғалысы азаматтық сана-сезiмнiң анағұрлым жарқын к өрiнiсi болды, ол өз
алдына ядролық полигондарды жабу мiндетiн қойды.
Елдегi азаматтық қоғам мен оның институттарын белгiлi бiр д әрежеде дамыту ға
мемлекеттiң осы процесс үшiн тиiстi саяси, құқы қты қ ж әне өзге де жа ғдайлар
жасау жөнiндегi қызметi жәрдем етедi.
1991 жылғы 27 маусымда "Қазақ ССР-iндегi қоғамдық бiрлестiктер туралы"
Қазақ ССР-iнiң Заңы қабылданды.
Нәтижесiнде елде "Қазақстанның халық конгресi", "Алаш" партиялары,
Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның
социалистiк партиясы, Қазақстанның республикалы қ партиясы, "Лад"
республикалық славян қозғалысы және "Азат" Қазақстанның азаматтық
қозғалысы, "Мемориал" қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы, Алматы-
Хельсин тобы, "Бiрлiк" қозғалысы, "Әдiлет" тарихи-а ғарту қоғамы, "Поколение"
зейнеткерлер қозғалысы және басқалары пайда болды.
1990 жылдардың басында Әлеуметтiк қорғау коалициясы құрылды, оны ң аясына
қоғамдық өткiр проблемаларды талқылау, оларды шо ғырлан ған негiзде шешудi ң
тетiктерiн iздестiру жолымен еңсеру жөнiнде бiрлескен ж ұмыс үшiн 28 т үрлi
ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бiрiктi.
1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасыны ң Президентi әлеуметтiк-
экономикалық және еңбек қатынастары саласында ғы әлеуметтiк серiктестiк
жөнiнде республикалық үшжақты комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, б ұл
сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға ж әне әлеуметтiк серiктестiк ж үйесiн
құрудың бастауы болды.
Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен ж ұмыс iстеуi ж әне, тиiсiнше, елдi ң
партиялық жүйесiнiң одан әрi дамуы үшiн құқықтық өрiс құруға 1995 жылы
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қаза қстан
Республикасының "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" ж әне "Саяси партиялар туралы"
заңдарының қабылдануы ықпал еттi. Бұдан бас қа, Қаза қстан халы қтары
Ассамблеясына бiрiккен ұлттық мәдени орталықтар белсендi дами бастады.
Этносаралық келiсiм елде реформалар ж үргiзудi қамтамасыз етуге м үмкiндiк
беретiн iргетасқа айналды.
1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметiнi ң к әсiбиленуiмен
ерекшелендi, мұның өзi олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттiлiктер мен
мұқтаждықтардың түрлi ауқымын шешу жөнiндегi ж ұмысыны ң тиiмдiлiгiн
көтеруге мүмкiндiк бердi.
1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентiнiң Қазақстан Республикасының
Конституциясына елдiң сайлау жүйесiне партиялық тiзiмдер бойынша сайлау
енгiзудi көздейтiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi партиялық құрылыс
процестерiн жеделдеттi. Сөйтiп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999
жылғы тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП),
Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), "Азамат"
демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), "Отан"
республикалық саяси партиясы, Қазақстан әйелдерiнiң демократиялық
партиясы, "Руханият" партиясы, "Алаш" Қазақстанның ұлттық партиясы
құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды.
2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң ("Epкiн де
еңселi әрi қауiпсiз қоғамға" атты Қазақстан халқына Жолдауында
халықтың түрлi топтарының мүдделерiн iске асырудағы рөлi күннен-күнге
артып келе жатқан үкiметтiк емес ұйымдарды дамыту үшiн жағдайлар жасау
жөнiнде Үкiметке алғашқы тапсырмалар берiлдi.
2000 жылғы желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасындағы
әлеуметтiк әрiптестiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы
билiк органдарының өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен жұмыскерлердiң
бiрлестiктерi арасындағы мүдделердiң келiсiлуiн қамтамасыз етудi
мемлекеттiк саясат дәрежесiне көтердi.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевты ң
қатысуымен бiрiншi Азаматтық форум өткiзiлдi. Ол үкiметтiк емес секторды ң
саяси танылуын белгiледi және азаматты қ қоғам институттары мен
мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының жүйелi тетiктерi
қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екiншi Азаматты қ форум
өткiзiлдi, ол елдiң қоғамдық өмiрiне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың
тартылуына ықпал еттi.
2003-2005 жылдары бiрiн бiрi алмастыра отырып, азаматты қ қо ғамды одан
әрi демократияландыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар т ұжырымдау
жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес пен Қаза қстан Республикасы
Президентiнiң жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам м әселелерi
жөнiндегi ұлттық комиссия жұмыс iстедi.
Екi құрылымның да жұмысы мемлекет пен азаматты қ қо ғам институттары
арасында Қазақстанның саяси дамуының аса ма ңызды м әселелерi ж өнiндегi
жалпыұлттық үндесудi тереңдету және саяси жүйенi жетiлдiру мен елде
демократиялық қайта құруды жүргiзуге бағытталған шараларды бiрлесiп
тұжырымдау үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бердi.
2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялы қ
реформалар бағдарламасын әзiрлеу және нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк
комиссия құрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қо ғамды қ
бiрлестiктердiң өкiлдерi қатысады.
Барлық деңгейдегi әкiмдердiң халы қ алдында есеп беруiнi ң ше ңберiнде елде
әкiмдерге қоғамдық сенiм комитеттерi (б ұдан әрi - ӘҚСК) сия қты азаматты қ
бақылау нысаны дами баста ғанын атап өтуге болады. ӘҚСК ж ұмысыны ң
тәжiрибесi мемлекеттiк органдарды ң қызметiн азаматты қ қо ғам институттары
бақылауының ықтимал өнiмдi модельдiк тетiгi ретiнде зерделеудi талап етедi.
Сөйтiп, өткен жылдары елде азаматты қ қо ғам институттары - саяси партиялар,
коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдар, к әсiпода қтар, ұлтты қ-м әдени
бiрлестiктер, мемлекеттiк емес БА Қ ж әне т ұтастай ал ғанда мемлекеттiк емес
секторды бiлдiретiн басқа да институттар қалыптасып, қазiргi уа қытта мейiлiнше
тез дами бастады. Бүгiнгi к үнi Қаза қстанда 12 саяси партия, т үрлi ба ғытта ғы 5820
YЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды т ұл ғалар қауымдасты ғы, 471 ұлтты қ-
мәдени бiрлестiк, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды бiлдiретiн
3340 дiни бiрлестiк, түрлi меншiк нысанында ғы 6646 БА Қ ресми тiркелiп, ж ұмыс
iстеуде. Осы және басқа да азаматты қ қо ғам институттары елдi одан әрi
демократияландырудың маңызды ресурсына айналды.
Сонымен бiрге, қоғамда азаматты қ қо ғамны ң одан әрi өсуiне ғана емес, елдi
әлемдiк жаһандану процесiне бар ған сайын тартып бара жат қан қыр к өрсетулерге
де байланысты бiрқатар проблемалы қ м әселелер к өрiнiс бере бастады. Олар
тұтастай алғанда елдегi азаматты қ қо ғамды одан әрi үйлесiмдi дамытуды тежейдi,
оның әр бөлiгi үшiн сипаттамалы қ ерекшелiктерi бар ж әне өз шешiмiн талап
етедi.
Мысалы, коммерциялық емес ұйымдардың (бұдан әрi - КЕ Ұ) мемлекеттiк
органдармен тең құқылы азаматтық әрiптестiгi мәселелерi шешiмiн тап қан
жоқ. Конкурстық рәсiмдердiң ашықтығын арттыру және бағдарламалар мен
жобалардың қазiргi кезеңiнде қажеттiлiктердi айқындауда КЕ Ұ-ны ң қатысуы
үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру тетiгi жетiлдiрудi талап
етедi. Өңiрлердегi, әсiресе ауылдық жерлердегi КЕҰ әркелкi дамуда. Тiркеу
тәртiбi күрделенген және рұқсат беру сипатына ие, тiркеу алымыны ң
мөлшерi ұлғайтылған, азаматтардың заңды тұлға болып құрылмаған
бейресми бiрлестiктерiнiң мәртебесi туралы мәселе реттелмеген. Бизнес-
құрылымдар КЕҰ-дың әлеуметтiк маңызды бастамаларын қаржылы қ
қолдауға нашар қатысуда.
Әлеуметтiк қажеттiлiкке қарамастан, елдегi партиялы қ құрылыс баяу
қарқынмен жүруде, партиялардың ролi мен өкiлеттiгi шектеулi.
Партиялардың көпшiлiгiнде қажеттi қаржылық және материалдық ресурстар,
саяси партияларды тiркеу үшiн қол жинау мәселелерi ж өнiнде на қты
ережелер мен регламент жоқ. Партияларды қайта ұйымдастыру, бiрiктiру
және қосу мәселелерi заңнамалық реттеудi қажет етедi. Саяси партияларды ң
сайлау комиссияларын құруға қатысу тетiгi жетiлдiрiлмеген.
Кәсiптiк одақтар мемлекеттiң әлеуметтiк - экономикалық
саясатын әзiрлеу мен iске асыруға толық көлемде
қатыспайды. Ұжымдық шарттар мен келiсiмдер әлi де
болса еңбекшiлердiң құқықтарын қорғаудың пәрмендi
тетiгiне айналған жоқ.
Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң дамуы
нормативтiк-құқықтық және экономикалық ынталандыру
болмағандықтан тежелiп отыр. Көптеген БАҚ-тың
материалдық-техникалық базасы жеткiлiксiз және
қаржылық қаражаты шектеулi, сондай-ақ мемлекеттiк
ақпараттық саясат бағдарламалары шеңберiнде бюджет
қаражатына қол жеткiзе алмайды. БАҚ аккредиттеу,
мемлекеттiк органдардан ақпарат, өз хаттары мен
өтiнiштерiне жауап алу кезiнде қиыншылық көруде.
Журналистер мен БАҚ-тың құқықтық қорғалу
деңгейiнiң төмендiгi Қазақстандағы сөз бостандығының
шектелуiне әкеледi.
Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп
отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның
белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір
«қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай
өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп
келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы
ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл
кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті
жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті.
Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы
қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика
шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған
жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның
дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық
жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында
байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау ж әне
қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады.
Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында
жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы
ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси
белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.
«Отан» республикалық әлеуметтік-демократиялық партиясы: партия
көшбасшысы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, IV съезде А.
Ермегияев, А. Павлов партия Төрағасының орынбасарлары болып
сайланды.
Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ң қайта
өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді
дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді (зейнетақы
көлемін ұлғайту, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік
қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге бағытталған
реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады.
«Асар» партиясы. партия көшбасшысы: «Хабар Агенттігі» ЖА Қ
басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты
– Дариға Назарбаева. Мәжіліс депутаты, "Асар" партиясының
төрайымы Дариға Назарбаева мәжілістегі барлық комитеттердің
жұмысына атсалыспақ ниетте, бірақ олардың ешқайсысына да
мүшелікке өтпейді. Бұл туралы Д.Назарбаева 1-желтоқсан, сәрсенбіде
парламенттегі брифинг барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-
today тілшісіне "Асар" партиясының баспасөз қызметінен.
"Қазір жобасы жасалып жатқан заңдарды түгел қарап шықтым",- деді
Д.Назарбаева. "Асар" партиясынан сайланған депутаттар "партияны
айрықша қызықтыратын" заң жобаларын талқылау ға атсалысады.
"Әлеуметтік салаға, экология мен экономикаға қатысты, әсіресе,
адамдардың құқығын бұзуға, қысым көрсетуге қатысты дүниелер
қызықтырады",- деді Д.Назарбаева.
"Асар" партиясынан сайланған депутаттарды ң бас қа парламенттік
фракциялармен ынтымақтасу мүмкіндіктері туралы сауал ға Д.Назарбаева
"партия өкілдері әзірге байқастап отыр" деп мәлімдеді. "Істі ң байыбына
барып, парламент жұмысының регламентін білу үшін біраз уа қыт керек.
Сонымен бірге, нақты әріптестестеріміз кім, кіммен ж ұмыс істеуге
болады, басқа париялар мен фракциялардың қайсысымен ой-м үддеміз
ортақ дегенді бағамдау қажет. Бұл жерде мәселе кімнің қай партияны ң
немесе қай фракцияның мүшесі екендігінде емес",- деді депутат.
Мәжіліс отырыстарына бұған дейін қатыспау себептері туралы сауал ға
жауап берген Д.Назарбаева "оған дәлелді себептер болды" деді. Сондай-
ақ, "Асар" партиясы төрайымының пікірінше, ол "Конституцияда
белгіленген заңды мерзімде жұмысқа шықты".
"Асар" партиясының төрайымы депутаттық ку әлік
пен төс белгісін алып, 1-желтоқсанда парламент
мәжілісінің жұмысына кірісті. Енді Д.Назарбаева
парламент депутаты ретінде ант беруі тиіс. Бұл шара
палаталардың бірлескен отырысында мемлекет
басшысының қатысуымен өткізіледі. Ант беру
мерзімі туралы түсініктеме берген "Асар"
партиясының төрайымы "бұл оқиға Елбасының
уақыты болған кезде" жүзеге асады деп жауап берді.
Қорытынды
Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. За ңға
құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, за ңны ң
құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы үшін, оны ң принциптері,
қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметіні ң туы, қазы ғы, м әні болу ға тиіс.
Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтарды ң к үнделікті
дағдысына, үйреншікті әдетіне айналу ға тиіс. Әртүрлі амал-айламен за ңды
айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды.
Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жем қорлы ққа қарсы
күрес туралы заң бекерден-бекерге шығып отырған жоқ. Бұл қылмысты ң
дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, ал ға басуымыз ғ б өгет
бола бастады.
Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшілікті ң
заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне
айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес.
Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлы ққа сатылмай, тек а қи қат қа бас
иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.
Біздің Негізгі Заң дүние жүзіндегі ең жас Конституцияларды ң бірі. На ғыз с әби
шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде ұсыныстар болады. Б ұлай өзгерістер енгізе
беру Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі жеткенде ғана
өзгерістер енгізген жөн.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Казақстан республикасының Конституциясы. Алматы
1995 ж.
Нысанбаев Ә. “Жалпы ұлттық келісім және
демократиялық даму”. Егеменді Қазақстан газеті.
1997 жыл. 25-26 наурыз.
Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. “Ата-заң
арналары”. Егеменді Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-
тамыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz