Ұлттық Экономикалық




Презентация қосу
Ұлттық Экономикалық
Кiрiспе

“Мықты стратегияға ие болып әрi табандылық таныта отырып,
бiз жолымызда кездесер кез келген күрделi кедергiлердi абыроймен
еңсере аламыз”- дейдi Қазақстан Республикасыны ң президенті
Н.Ә.Назарбаев.
Макроэкономика ғылым ретiнде экономикалық құбылыстар мен
үрдiстердi экономикалық теориялар мен үлгiлер т үрiнде ж үйелеп
қорытуға арналған. Мұнда экономика бiртұтас жүйе ретiнде
қарастырыла отырып, тауарлар өндiрiсi мен қызмет к өрсетудi ң
жалпы көлемiн және оның өсуiн, инфляция қарқыны мен
жұмыссыздық деңгейiн, валюталардың айырбас бағамдары мен
төлем балансының жағдайын зерттейдi. Сондай-а қ макроэкономика
өндiрiс көлемiнiң, жұмысбастылықтың, тауар мен а қша
нарықтарындағы тепе-теңдiктiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiмен
қатар, экономикалық айнымалылардың қысқа мерзiмдi тербелiстерiн
зерттейдi.
Экономикалық жүйе
экономикалық өнімді өндіру , бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын
негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын
қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормаларды ң тарихи
тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде ж ұмыс істеп т ұр ған жиынты ғы.
Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалық
жарияланымдарда “әлеуметтік-экономикалық жүйе” және “әлеуметтік-
экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол ар қылы
экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап к өрсетпек болды. Алайда объектіні ң
мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін ж әне соларды ң тікелей
қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалы қ ж үйені ң барлы қ қырларын –
экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, бас қа жа қтарын да
кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нары қты қ қатынастар ға өтпелі кезе ңде
Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей менмикродеңгей түрінде түсіну
кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макроде ңгей республикалы қ за ң
шығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде
түсінілді. Микродеңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микроде ңгей сонымен
қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқы қты қ нысандарды ң
жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта ж әне ша ғын бизнесті ң жиынты ғы ретінде де
зерделенуі мүмкін.
Кез келген басқа жүйе
сияқты Экономикалық
жүйе оның құрамдас
нышандарының
арасындағы
байланыстармен
сипатталады. Бұл
байланыстар объективті
экономикалық заңдардың
әсерімен қалыптасады.
Сонымен Экономикалық
жүйе – мемлекеттің
экономикалық саясатын
жүргізу үшін теориялық
тұғырнама ретінде қызмет
ететін экономикалық
ғылым зерттеуінің күрделі,
көп деңгейлі объектісі.
Экономикалық жүйеге
кешенді көзқарасқа сәйкес
оның жұмыс істеуі мен
дамуына ықпал ететін
бірнеше нышандарды бөліп
Оларға мыналар жатады:
мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас
жемқорлықтың деңгейі;
адами капитал (халықтың білім, денсаулық деңгейі, т.б.);
елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік
әлеует;
өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елді ң Экономикалы қ
жүйене ықпал ететін негізгі сипаттамалары;
табиғи ортаның жай-күйі (табиғи әлеует);
технологиялық аяның жай-күйі;
ішкі саяси және сыртқы саяси құрылыс;
қоғамның ақлақтық-адамгершілік ұстындары.
Экономикалық жүйенің ең басты ерекшеліктерінің біріне оны ң ж үргізіліп
жатқан түрлендірулерге сылбыр бейімделуін және осымен байланысты
дамудағы енжарлықты жатқызуға болады
ЖҰӨ
ЖҰӨ-де елдiң барлық азаматтарының табысы, яғни елдi ң өндiрiс
тауарлары мен қызметтерге жұмсалған жалпы шы ғын к өлемi де
көрсетiледi.
2) Атаулы ЖҰӨ көлемiнде тауарлар мен қызметтер құны а ғымды
бағамен өлшенедi, ал нақты ЖҰӨ көлемiнде тұрақты бағамен өлшенедi.
Сол себептi нақты ЖҰӨ тек тауар мен қызметтер саныны ң жо ғарылауы
нәтижесiнде жоғарылайды, ал атаулы ЖҰӨ өндiрiлген өнiм саны мен
бағаның жоғарылауынан да жоғарылай бередi.
3) ЖҰӨ төрт шығын құраушы сома болып табылады: т ұтыну,
инвестициялар, мемлекеттiк және таза экспорт.
4) Тұтыну бағасының индексi (ТБИ) қарапайым тұтынушы
тұтынатын белгiлi бiр тауармен, қызметтер жиыныны ң ба ға де ңгейiн
көрсетедi. ЖҰө дефляторы, атаулы ЖҰӨ мен нақты ЖҰӨ көлемiнi ң
қатынасы болып табылады, тұтыну бағасының индексi жалпы ба ға
деңгейiн сипаттайды.
Макроэкономикалық
көрсеткiштер.

Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теорияларды ң өзара
байланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себептi,
макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы
қалыптастыру механизмiнiң түсiнiгi болып табылады, я ғни экономикалы қ
бақылаулар теория негiзiнде қалыптасқан.
Экономикалық статистика – бұл объективтi ақпараттың қайнар к өзi.
Үкiмет фирмалар мен азаматтардың экономикалы қ iс-әрекетi туралы, я ғни
белгiленген бағалардың деңгейiн және сұраныс жүйесiн, табыс м өлешерiн,
және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемi зерттеулер ж үргзедi. Алын ған
деректер бойынша әртүрлi статистикалық к өрсеткiштер есептелiнедi,
олардың жиынтығы экономиканың қалпын, жа ғдайын сипаттайды.
Макроэкономистер бұл статистиканы өздерiнiң талдауларында пайдаланады.
Бұлар экономикалық көрнiстердi бағалауда және тиiстi әдiстердi жаса ғанда
көмек көрсетедi.
Экономикалық көрсеткiштер экономикалық саясатта, экономикалы қ
талдау және бағалау үшiн жиi қолданылады. Жалпы Ұлттық өнiм (ЖҰӨ)
азаматтар табыстарының жиынтығын және өндiрiс тауарлары мен қызметтерi
үшiн жұмсалған жалпы шығын көлемiн сипаттайды.
ЖҰӨ экономика көрсеткiштерiнiң ең нақтысы деп есептеледi.
Статистикалық деректер мемлекеттiң экономика министрлiгiнi ң 3 айда бiр
есептеуi бойынша, экономикалық iс-әрекет нәтижесiн бiрыңғай к өрсеткiшпен
беруге негiзделген. ЖҰӨ-дi төмендегiдей бөлiктерге бөлiп к өрсетуге болады:
1) Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы. 2) Өндiрiс
тауарлары мен көрсетiлген қызметтердiң жалпы шығын көлемi.
ЖҰӨ – экономика жағдайын сипаттайды, себебi адамдар аз табыстар ға
қарағанда үлкен табыстарды көбiрек қалайды. Яғни өндiрiс тауарлары мен
көрсетiлген қызмет көлемi жоғарылаған сайын, өзiндiк қана ғаттану
дәрежесiнiң деңгейi, өндiрiстiк және мемлекеттiк т ұтыну де ңгейi жо ғары
болады.
ЖҰӨ – экономикадағы табыс пен өндiрiстегi шығын к өлемiн бiрдей
өлшейдi. Себебi бұл өлшемдер соңында бiрдей болады. Жалпы, экономика
үшiн табыс көлемi шығын көлемiне тең болуы керек.
Мысал ретiнде мынадай экономиканы алайы қ:
Ауыспалы көлем 2 түрге бөлiнедi – қор және ағын.
Ваннадағы судың көлемi – бұл қор, ол әдетте нақты уақыт мерзiмiмен
өлшенедi, кран арқылы құйылатын су көлемi – бұл ағын, ол әдетте бiрлiк уақыт
көлемiмен өлшенедi.
Кран арқылы келетiн су – ағын, ваннаға уақыт бiрлiгiнде келетiн су көлемi.
Сондықтан, қор мен ағында өлшеу үшiн әр түрлi бiрлiктер қолданылады.
Ваннада 50 литр су бар, ал ваннаға әр минутта 5 литр су құйылады. Кейбiр
айнымалыларға теориялық талдау жасаған сәтте бiз қор мен а ғын арасында ғы
тәуелдiлiктi жиi кездестiремiз. Ваннадағы жағдай б ұл әдеттегi т әуелдiлiк.
Қордағы су, кран арқылы құйылатын ағынның жиналуы нәтижесiнде ванна
толады. Қордың өзгеру үрдiсi ағында көрсетiлген. Экономикалық көрсеткiштердi
зерттеу кезiнде, көбiнесе қай санатқа жататындығын аны қтау қажет болады – қор
ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелдiлiк бар ма?
Тұтынушы заты – қор, оның табысы мен шығыны – ағын.
Жұмыссыздар саны – қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны – ағын.
Мемлекеттiк қарыз-қор, бюджет тапшылығы – ағын.
Көпшiлiгi ағын түсiнiгiне жатады. Мысалы, ЖҰӨ (ЖIӨ), инвестиция,
мемлекеттiк шығын, т.б.
Макроэкономикада маңызды деп есептелiнетiн қор-а ғын
ұғымына жататын кейбiр көрсеткiштердi қарастырамыз.
1. Инвестиция және негiзгi капитал.
Экономикадағы капитал – бұл белгiленген, анықталған уақытта жина қтал ған
тұрғын үй қоры, машина, құралдар, өндiрiстiк ғимараттар қоры және елдегi
өндiрушi күш. Инвестициялық шығындар – бұл белгiлi бiр уа қыт аралы ғында
негiзгi капиталды қолдауда және капиталдың өсуiне бағытталған өнiмдер
ағыны. Осыдан төмендегiдей қатынасты алу ға болады.
К = К-1 + I
Мұндағы:
К – қарастырылып отырған жыл аяғындағы капитал қоры.
К-1 – қарастырылып отырған жыл алдындағы жылдың капитал қоры.
Қор өсiмi (К-К-1) инвестиция ағымына тең.
Егер инвестиция мен капитал қорының арасында ғы байланысты тере ңiрек
қарастырсақ, онда төмендегi теңдеудi құрау ға болады.

К= К-1 + I – DN
Мұндағы:
DN – кейбiр капитал қоры табиғи қартаяды немесе үнемi пайдалану
нәтижесiнде тозады, мұндай тозуды амортизация деп те атайды.
I – инвестиция ағымы, жалпы инвестиция деп те атайды.
I – DN – таза инвестиция.
Қор және байлық.
Жоғарыда қарастырылған қор – ағын ұғымының бiр көрсеткiшi ретiнде қор ж әне
байлықты қарастыруға болады. Қор Ұлттық табысты ң тұтынудан қал ған бөлiгi, б ұл
қаржылық байлықтың қалыптасуына мүмкiндiк бередi және (W) белгiленедi.
W- W-1 = S
(W – W-1) – қор жинағының өсiмi қорға тең.
3. Ағымдағы операция шоттары және шетел инвестициясының сальдосы.
Қор – ағын ұғымының үшiншi көрсеткiшi. Ол ағындағы операция шоттары (СА)
шетел инвестициясының сальдосы (NIIP) арасында ғы байланысты к өрсететiн
тәуелдiлiк.
NIIP-1 + СА
4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттiк қарыз.
Бұл көрсеткiш мемлекеттiң таза қарызының м өлшерi Dd пен бюджет тапшылы ғы
(DEF) арасындағы тәуелдiлiктi көрсетедi.

Dd – Dd-1 – DEF

Нақты өмiрде мемлекеттердiң ЖҰӨ-н есептеу күрделi мәселе. Сондай к үрделi
экономиканы өндiрiс пен қызметтерiн шығынын қоса отырып, тiкелей т үсiнуге
болмайды. ЖҰӨ туралы дұрыс түсiнiк алу үшiн, оның басты қалыптасу принциптерi
туралы бiлу қажет.
Қор есебi: Мысалы, фирма қосымша жұмысшылар алып, өндiрiсiн үлкейтсе,
яғни нан өндiрсе, оларға жалақы төлесе, ал содан кейiн жаса ған тауарлары
өтпей қалса, бұл ЖҰӨ өлшемiне қалай әсер етедi?
Жауап өтпей қалған нанды не iстейдi, соған байланысты. Егер нан керек
емес деп тасталса, онда фирма пайдасы қосымша жала қы өлшемi ретiнде
төленедi, - сонда фирма жалақы ретiнде үлкен сома төлесе, ал пайда ретiнде
өзiне ешқандай табыс тапқан жоқ. Бұл операция шы ғын көлемiне ж әне
табыс деңгейiне әсер етпейдi. Сондықтан, ЖҰӨ өлшемi өзгерiссiз қалады
(тек қана жалақыға тиесiлi бөлiгi аз). Бас қаша айт қанда, егер нанды кейiнiрек
сату үшiн, қорға жинап қойса, онда ұлттық есептеу принципiне байланысты,
бұл операция басқаша қаралады. Бұл жағдайда пайда қысқартылмайды,
себебi нан фирма қорында сақталуда. Сол себептi ЖҰӨ көлемi к өбейедi.
Яғни, жалақының жоғары болуынан пайда жоғарылайды, сонымен қатар
қордың жиналуынан шығын көлемi көбейедi.
Жалпы ереже бойынша фирма тауар қорын көбейткен сайын инвестиция
көлемi қорға және шығын құрамына, табыс құрамына енедi. Сол себептi,
өндiрiс нәтижесiнде қор өсiмi пайда болады. ЖҰӨ көбейедi.

Көптеген тауарлар және қызмет түрлерi ЖҰӨ-де нарықтағы бағаларымен
есептелiнедi, ал кейбiр тауарлар мен көрсетiлген қызмет т үрлерi нары қта
сипатталмайды, сол себептi нарықтық базасы жоқ. Дегенмен осы к өрсетiлген
қызмет құны ЖҰӨ-ге енгiзiлу керек, сол үшiн оларды өлшеу керек. Осындай
бағалар шартты түрде есептелiнген құн деген атау ға ие болады. Осы шартты
түрде есептелiнген құндар, мысалға, тұрғылықты ортада қызмет ба ғасы
ретiнде қолданылады. Пәтердi уақытша жалға алушы адам барлы қ қызмет
құнын тјлеп, тұруға берген үйдiң шығындары, бәрi ЖҰӨ-дi есептегенде осы
жалдау төлемiне есепке енгiзiледi.
Ұлттық есеп жүйесiнiң үлкен бiр бөлiгiнiң көрсеткiшi – бұл керек
ағындарға байланысты ақпараттар. Бұл деректердi шы ғын құрауыштары
және табыс көрсеткiштерi деп 25-топқа бөлуге болады.
Экономистердiң көзқарасы бойынша, тек қана өндiрiс тауарлары мен көрсетiлген қызмет т үрлерiнi ң
жалпы көлемi ғана емес, сонымен бiрге өндiрiлген өнiмiнiң сәйкес түрде бөлiнуi ж әне тағайындалуы
есепке алынады. ЖҰӨ құрылымындағы шығындар үлкен 4 топқа бөлiнедi:
Тұтыну (С)
Инвестициялар (I)
Мемлекеттiк сатып алу (G)
Таза экспорт (Хn)
Сонымен, ЖҰӨ-дi Y символымен јрнектеп, мына јрнектi аламыз:

Y = С+ I + G + Xn

ЖҰӨ–бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттiк шығындардың және таза экспорт көлемдерiнiң
жиынтығы, ЖҰӨ құрамындағы әрбiр шығын құрауышы осы топтардың бiреуiне жатады. Б ұл те ңдiк
өрнек болуы – осыған кiретiн айналымдардың анықтамасы әсерiнен теңдiк орындалады. Б ұл Ұлтты қ
есепшот тепе-теңдiгi деген атау алады.
Тұтыну – бұл үй шаруашылығында қолданылатын тауарлар мен көрсетiлген қызмет т үрлерiнiң
жиынтығы, олар мынадай топтарға бөлiнедi:
Қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарлар;
Ұзақ мерзiмдi қолданылатын тауарлар;
Көрсетiлген қызмет.
Қысқа мерзiмдi қолданылатын тауарларға қысқа уақытқа ғана қызмет жасайтын, мысалы, киiм ж әне
азық-түлiк тауарлары, т.б. жатады.
Ұзақ мерзiмдi тауарларға ұзақ уақыт қызмет жасайтын, мысалы, машиналар, кiржуатын машиналар,
т.б. жатады.
Көрсетiлген қызмет түрiне тұтынушыларға жасалған қызмет, мысалы, шаштараз ж әне
медициналық қызмет т.б. жатады.
Инвестиция мынадай топтарға бөлiнедi:
1) Өндiрiстiк капиталды салу (немесе негiзгi өндiрiстiк фактор инвестициясы жатады);
2) Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы;
3) Қор инвестициясы.
Негiзгi өндiрiстiк фактор инвестициясына фирмалардың жаңа өндiрiстiк кәсiпорындар мен
жабдықтарға жұмсаған шығындары жатады.
Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы – бұл тұратын жаңа үйлер мен жалға беретiн үйлердi
салудағы шығындар.
Инвестиция қоры – бұл фирманың қордағы тауарларының бағасының өсiмi (егер қорлар
қысқартылса, инвестиция қоры өлшемi терiс мәнге ие болады).
Мемлекеттiк шығындар – өкiмет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет
көрсетулердiң жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және
мемлекеттiк қызметкерлердiң еңбек-ақысы жатады. Мұнда трансферттi төлемдер, я ғни
әлеуметтiк сақтандыруға арналған төлемдер және басқа да ақылар кiрмейдi. Бұл т өлемдер
қайтарылмайтын болғандықтан, олар ЖҰӨ құрамына енгiзiлмейдi. Со ңғы топ – б ұл бас қа
елдермен сауда жасаудың нәтижелерiн көрсететiн таза экспорт.
Таза экспорт тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң экспорт және импорт құны к өлемiнi ң
айырмашылығына тең. Тепе-теңдiк жағдайында, сыртқы сауда шеңберiнде қарастыр ғанда
экспорт пен импорт көлемi тең болады, таза экспорт н өлге тең. Мұндай жағдайда Ж ҰӨ iшкi
шығындар жиынтығына тең болады:
ЖҰӨ =С + I + G
Бiрақ егерде экспорт импорттан көп болса, онда әлемдiк нары ққа “нетто-
экспортшы” ретiнде қатысады, сонда ЖҰӨ iшкi шығын көлемiн
жоғарылатады Сол сияқты, егер де импорт экспортқа қарағанда к өп болса,
онда бiз әлемдiк нарыққа “нетто-импортершы” ретiнде қатысады, сонда таза
экспорт терiс мән болып табылады және шығын көлемi өндiрiс көлемiнен
жоғары болады.

2.4. Макроэкономикалық тепе-теңдiк және олардың байланысы.
Негiзгi макроэкономикалық тепе-теңдiк табыс пен шы ғынны ң те ңдiгiн
көрсетедi.
Y = C + I + G + Xn (1)
Макроэкономикалық талдауларда басқа да тепе-теңдiктер
пайдаланылады. Инвестиция мен қор жинағының тепе-те ңдiгiн т өменгiдей
көрсетуге болады. Талдауды жеңiлдету үшiн жабық экономиканы
қарастырамыз. Бұл экономикада мемлекет секторы жоқ деп жорамалдаймыз,
демек салық та жоқ болады. Онда шығын бойынша:

ЖҰӨ = Тұтыну + Инвестиция (2)
Табыс бойынша:

ЖҰӨ = Қор жинағы + Тұтыну (3)
Жалпы өнiм өндiруге кететiн шығындар мен табыс бiр-бiрiне те ң
болғандықтан, (2) және (3) формулаларды теңестiре отырып, т өмендегi
теңдеудi аламыз.

С + I = S + С немесе I = S (4)

Бұл қарапайым тепе-теңдiк мемлекет пен шет мемлекеттi енгiзгеннен со ң
күрделене түседi.
Жиынтық қор жинағы үш құрауыштан тұрады.
Sp = Sp + Sq + Sr (5)
Жеке қор жинағы төмендегiдей бейнеленген:
Sp = (Y + TR + N - T) - C (6)
Мұндағы:
Y - табыс сомасы,
ТR - трансферттер;
N-мемлекеттiк қарыз бойынша пайыз мөлшерлемесi;
Т – салық және С – тұтыну.

Мемлекеттiң қор жинағы төмендегiдей бейнеленген.

Sg = (Т - ТR - N) - G (7)

Sg > 0 болса, онда бюджет артықшылығы болады, ал Sg < 0 болса, онда
бюджет тапшылығы болады.
ВD = -Sg (8)

Sr = IM - X Sr = - NX
S = Sp + Sr = (Y + TR + N – T) - C + (T – TR –N) –G + (-NX) = Y – C – G – X;
S=
Ұдайы өндіріс
Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет. Өндіріс процесіні ң т ұра қты
қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Ұдайы өндірістің типтері

жай өндіріс ұлғаймалы өндіріс.

Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген
күйде қалады. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабыны ң еселене үзіліссіз
қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Егер
ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасаса қ ресурстарды
пайдалану - бұл кейбір мүмкіндіктердін жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта
пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Б ұл жо ғал ған
мүмкіндіктерді өлшеп бағалануға болады. Баламалы шығындарды өндірістік
мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.
Қорыта айтқанда, жалпы экономика ғылымы екi басты б өлiмнен
тұрады: макроэкономика және микроэкономика. Микроэкономика –
фирмалар, үй шаруашылықтары, үкiметтiк агенттiктер сия қты ша ғын
бiрлiктер жасайтын таңдауларды зерттейтiн экономиканы ң білiм.
Макроэкономика – экономиканың инфляция, жұмыссыздық,
экономикалық өсу секiлдi iрi масштабты экономикалы қ
құбылыстарын зерттейтiн бөлiгi.
Макроэкономика экономиканы бiр үлкен бүтiн құбылыс ретiнде
қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы iс-әрекеттердi бiрiктiрiп
жалпылай қарастырады.
Экономикалық өсудiң көрсеткiштiк өлшемдерi ЖҰӨ және ЖІӨ
болып табылады (тек нақты сипаттары). Халықаралы қ де ңгейде
салыстыру үшiн ЖҰӨ және ЖІӨ-нiң халықтың жан басына
шаққандағы көрсеткiшi пайдаланылады. ЖҰӨ (ЖIӨ)-нiң бiрдей
көлемiнде оның халықтың жан басына шаққандағы шамасы
тұрғындардың санына тәуелдi болады.

Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік - экономикалық статистиканың ғылыми негіздері
Ұлттық экономиканың құрылымы
Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу.Себептері,факторлары
МАКРОЭКОНОМИКА ПӘНІНЕ КІРІСПЕ
ЭКОНОМИКА СЕКТОРЫ
Макроэкономикалық көрсеткіштерге сипаттама
Экономикалық интеграция сипаттамаларын топтастыру және интеграция сипаттамаларын көрініс негізінде жіктеу
Ұдайы өндіріс теориясы. Ұлттық есептеу жүйе
Макроэкономика түсінігі
Аралық тұтыну шығындары
Пәндер