Экономикалық теория туралы түсінік




Презентация қосу
С.Ж.Асфендияров атындағы
Қазақ Ұлттық Медицина
Университеті

Экономиканың
түсінігі

Дайындаған: Алдабергенова Нұргүл
Топ,факультеті,курс: 28-01,1 курс ЖМ.
Тексерген: Шайхина Л.

Алматы.2010 ж.
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Экономика туралы түсінік
Экономикалық заңдар
Экономикалық қатынастар
Қорытынды
Кіріспе
Экономика түсінігі үш түрлі тұрғыдан
қарастырылады, оны ажырата білу қажет.
Бірінші, экономика – шаруашылық
әрекет, адамдар өмірінің ерекше саласы
ретінде қарасытырылады.
Екінші, экономиканы шаруашылық
жүргізу туралы ғылым деп қарастырады.
Үшінші, экономика – шаруашылық
жүргізу процесінде пайда болатын
адамдар арасындағы қарым-қатынас.
Экономикалық теория туралы түсінік
Шаруашылық әрекет адамдардың белгілі бір мақсаттағы
әрекеті, яғни адамдардың шаруашылық жүргізу процесіндегі
белгілі бір есепке негізделген және түрлі қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған қызметі болып табылады.
Экономиканы ғылым ретінде зерттеп-тану кезінде
экономика жайындағы кешенді, жалпы теориялық ғылым
экономика теориясы екендігін есте ұстаған жөн. Оны
зерттеу барысында мыналарды ажырату керек:
а) зерттеу аясы - экономикалық өмір немесе шаруа-
шылық әрекет жүзеге асатын орта;
е) зерттеу объектісі - экономикалық құбылыстар;
б) зерттеу субъектісі - адам, топ, мемлекет;
и) зерттеу пәні - адам, топ, мемлекеттің экономикалық
өмір сүруі; олардың өздері өмір сүріп отырған экономикалық
ортамен байланыстағы экономикалық әрекеттері.
Экономикалық теорияның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны
3. Экономика әртектес экономикалық
қатынастардың күрделі жүйесі болып
табылады.
Қатынастардың үш тобы ажыратылады:
техника және өндіріс технологиясына
тәуелді техникалық-экономикалық
қатынастар;
өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға,
экономиканың институционалдық
құрылымына тәуелді ұйымдық-
экономикалық қатынастар;
әлеуметтік-экономикалық қатынастар
(меншік және табыстарды үлестіру
Экономикалық заңдар
Экономикалық заңдар - экономикалық құбылыстар
мен процестердің ішкі мәнін көрсететін тұрақты, көп рет
қайталанатын себеп-салдарлық байланыстары. Экономикалық заңдар:
1) арнаулы;
2)ерекше;
3) жалпы болып бөлінеді.
Арнаулы экономикалық заңдар - шаруашылық жүргізудің нақты,
анықталған нысандарының даму заңдары.
Жалпы экономикалық заңдар - барлық тарихи дәуірлерге тән
заңдар.
Ерекше (айрықша) экономикалық заңдар – олардың қолданылу
жағдайлары сақталатын тарихи дәуірлерге тән заңдар. Экономикалық
қатынастар мен заңдар экономикалық категориялар көмегімен
сипатталады. Экономикалық категория - қоғамның экономикалық
өмірінің неғұрлым ортақ және мәнді қырларын көрсөтетін логикалық
түсініктер.
Қорытынды
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара
байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп
келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш,
баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін өзара
айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре
алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада
хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке
байланысты. Тарихтағы түңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы
адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады.
Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі
дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер
Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенофонт, Платон, Аристотель
т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарасты-рылды. Мәселен,
Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас
қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта
ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады.
Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады,
шаруашылық негізінен тұйық натуралды — заттай жүргізілді.

Ұқсас жұмыстар
ШЫҒЫСТА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ СЕБЕПТЕРІ
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының қалыптасуы мен нығаюы
экономикалық институттар,меншік және кәсіпкерлік
Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу
Талғамсыздық қисығы
Эмпириялық этика
Абсолютті білім - жалпыланғандардың толық көбеюіүлгінің объектімен абсолютті сәйкестігін қамтамасыз ететін объект туралы идеялар
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастардың қалыптасуы
Сот билігінің органдары
Экономикалық теория
Пәндер