Экономикалық теорияның пәні мен әдістері туралы ақпарат


Slide 1

Экономикалық теорияның пәні мен әдістері

Slide 2

Жоспар:

1. Экономиканың калыптасуы

2. Экономикалық теория

3. Экономикалық заңдылықтар

4. Экономикалық категориялар

Slide 3

Экономиканың калыптасуы. негізгі зерттеу аясы экономика, адамдардың ерекше өмір сүретін орыны. Бұл саланың ерекшелігін, оның мазмұнын, элементін экономикалық ғылым анықтайды, зерттейді. Экономика-лық теория - оның негізгі бөлігі. Экономика жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер ерте дәуірдегі Вавилон, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады; экономия, саяси эконоиия, экономикс. Экономикалық теориянвң пәні ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ, ол ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде болып табылады. Экономикалық ойдың алғашқы көзі өзінің тамырларын ежелгі дәуірден бастайды. Алғашқы адамдардың өздерінде игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша алғашқы қауым мүшелері арасында қалыптасатын қатынастар жөнінде белгілі бір ой-пікірлер қалыптасты.

Slide 4

Экономика ұғымы ертеде қалыптаса

бастаған мемлекеттер мемлекеттер

Вавилон, Греция, Египет, Индия, Қытай

Slide 5

Экономикалық теорияның дамуының үш кезеңі

Slide 6

Алайда олар білімнің дербес саласына айналмай діни көзқарасқа негізделген тармақталған қоғамдық танымнің шеңберінде болды. Ежелгі шығыста алғашқы қоғамдық кластардың қатысуымен экономикалық ойдың орталығында мемлекеттік және басқару мәселелері тұрды. Нәтижесінде мемлекет пен қоғамдағы тұрақтылықты ұстап тұруға бағытталған теориялар мен арнайы шығармаларпайда болды. Алайда ежелгі шығыс ойшылдарының көзқарастары экономикалық ғылымның қалыптасуына жанама ықпал етті. П. Самуэльсонның бейнелі сөзі бойынша экономикалық теория қоғамдағы ғылымдардың Ханымы болып табылады. Ұлт байлығының қайнар көздері және оны ұлғайту әдістері туралы мәселе экономикалық ойдың нақ ортасында болды. Өткеннің көрнекті экономистерінің еңбектерінде «байлық» сөзі текке сөз болған жоқ. Ең болмағанда А. Смиттің «Халықтардың байлықтарының себебі және табиғаты туралы зерттеу», И. Посошковтың «Байлық және кедейлік туралы кітап К. Маркстің «Капитал» деген еңбектерін еске түсірейік. Экономика туралы алғашқы түсініктерді біз Ксенофонттың, Платонның, Аристотельдің және басқа ежелгі ойшылдардың еңбектерінен табамыз.

Slide 7

Ксенофонт Аристотель (384-322) Платон

Байлыққа ие болу және тұтынымды қанағаттандыру жайлы ойлануды Аристотель (384-322) экономика және хрематисс­ти­каға бөлді. Экономиканың біздің ғ. д. негізгі мақсаты - тұтыну құнын алу, өмір сүруге керекті үй шаруашылығы, өнер, сауда арқы­лы баю болды. Байлық және ақшаны иемденуде алға қойған мақсатқа жетудің шегі жоқ. Егер экономика табиғи себептер­мен қам­тамасыз етілсе, хремасстика табиғат заңдарымен үйлеспей тұрғандайәсер қалдырды. «Хремасстика» термині - сауда капитализмімен ұқсас түсінік. Экономика терминін экономикалық ғылымға ең алғаш әкелген Ксенофонт (б. з. д. 445-335 жж. ) «Экономия» деп аталатын (гректің «ойкос» - шаруашылық және «номос» заң деген сөздерінен шыққан) құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару құралын жасады.

Slide 8

Оны «үй салу» яғни, үй шаруашылығын басқару өнері (заңдары) деп те аударуға болады. Ол экономия - бұл оның көмегі арқылы өзінің шаруашылығын байытуға болатын ғылым деп жазды. Орталықтандырылған мемлекеттердің пайда болуы мен біртұтас мемлекеттік шаруасылықты жүргізу ережелерін анықтау әрекеті пайда болды. «ойкономия» түсінігі саяси экономияға айналды. «саяси экономия» түсінігінің өзі алғаш рет француз экономисті Антуан Монкретьеннің (1575-1622жж. ) «Коғамдық шаруашылықтың заңдары» («саяси экономияның трактаты») деп аталатын еңбегінде қолданылған. «Политейя»-грек тілінде «қоғамдық құрылыс» немесе «қоғамдық ұйымдастыру» деген мағынаны білдіреді.

(1575-1622жж)

Slide 9

Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым. Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады. Ең алғаш рет б. д. д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді. Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды. Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­XVII ғасырларда тауар - ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.

Slide 10

Экономиканың даму кезеңдері

Slide 11 Slide 12

Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді. Меркантилизм -итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда. Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар Физиократизм - (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік.

Slide 13

Классикалық саяси экономия - барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Cаяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм. а) Марксизм -Зерттеудің негізгі нысаны - капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К. Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға б) Маржинализм -Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді.

Slide 14

Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д. Кларк, А. Маршалл, А. Пигу) . Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік бірлесе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді. Кейнсиандық мектеп - ХХ ғасыр (Дж. Кейнс) . Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады. Институционализм - ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т. Веблен, У. Митчел, М. Вебер, В. Зомбарт, Д. Гэлбрейт және т. б. ) . Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол - экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.

Slide 15

Экономикалық қажеттілік - адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. . Қажеттіліктердің түрлері: Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т. б жатады. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік - бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер. Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады. Жеке қажеттіліктер - бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т. б тауарлар сатып алуы. Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес, көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Slide 16 Slide 17

Экономикалық игіліктер - бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа) . Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды. Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы: 1. Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады 2. Оларды мұраға қалдыруға болмайды. 3. Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды. Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері келесі кестеде көрсетілген.

Slide 18

Жалпы әдістер

Жеке әдістер

1. Ғылыми абстракция әдісі - зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.


Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның пәні және әдістері
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ
Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі және субъектісі
Экономикалық теорияның негізгі қызметтері
Экономикалық теория
Өндірістік мүмкіндіктер
«Экономикалық теорияның пәні мен әдістері»
ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫН ТАНУ ӘДІСТЕРІ
ЖОО педагогика ғылымының әдіснамасы мен әдістемесі
Экономикалық теория - байлық туралы ғылым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz