Каусар


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨж Тақырыбы: Аңшылық және оның түрлері. Орындаған:Рамазанов Каусар Тобы:ЛД-411 Тексерген:Тугамбаева. С. м Семей 2015 жыл.

Slide 2

1. Питомник және орман екпелерінің зиянкестері 2. Ағаштардың жапырағының зиянкестері.

Жоспар:

Slide 3

Орман питомниктерінде, дақылдарындағы сүрек және бұта таужыныстарына зиян келтіретін зиян жәндіктер құрамы, сонымен қатар табиғи өскіншектер әр түрлілігімен және бір текті еместігімен ерекшеленеді. Зиян келтіруіне және өмір сүру ерекшелігіне қарап олар мынадай 2 топқа бөлуге болады

Орман зиянкестері

Топырақта өмір сүретін

Өсімдіктердің жер үсті зиянкестері

Slide 4

Бірінші топты құрайтын жәндіктер едәуір қауіпті болып табылады, өйткені олар жер астындағы жаңа ғана сепкен питомник дәндерімен, жаңа ғана шыққан тамырлармен қоректенеді. Осы жәндіктер өсімдіктің басқа да жерлеріне, сонымен қатар табиғи жаңаруынсыз дақылдарға зиянын тигізеді. Өсімдіктің жер үсті бөліктеріне зиян келтіретін қылқанжапырақпен, жапырақтармен, шырынмен, қабықпен және дің мен өркен жейтін жәндіктер тәлімдақтар мен дақылдардағы жатырлық, дендрологиялық бөлімдерде байқалады. Олар табиғи жанданғандарға да зиянын тигізеді. .

Slide 5

Бірінші жылдары отырғызылғаннан кейін питомниктермен мен орман дақылдары осы жерде ертеректе немесе қоршауға тараған, сонымен қатар арамшөптердегі көпулы зиянкестердің жабылуына килігеді. Орманның массивтерінің ішінде немесе жанында орналасқан питомниктермен мен орман дақылдарын орман өсімімен байланысты жәндіктері зиян келтіруі мүмкін. Бұрын ауылшаруышылық қолданысындағы немесе ауыл шаруашылығының жанында өскен питомниктер мен орман дақылдарын далалық, көкөкністік, бақшалық, бақ дақылдарының зиянкестері шабуыл жасауы мүмкін. Бұл құбылыс, көбінесе қоршаған питомниктер мен дақыл территориясындағы зиянкестердің тез арада көбею жылдарында көптеп кездеседі.

Slide 6

Өсімдіктердің тамырын, сонымен қатар жаңа отырғызылған дәндер мен өскіншектерді бұзатын жәндіктерге шартылдақ қоңыз дернәсілдері мен басқа да тақташамұртты қоңыздар, шыртылдақтар дернәсілдері (сымқұрттар), қараденелілер мен тозаңжеушілерді (жалған сымқұрттар), бұзаубастар, ұзынсирақ-масалар, кейбір ұзынтұмсықтар және т. б.

Slide 7

Көп жылдық ағаштар мен жидектер көптеген аурулар мен зиянкестермен жиі залалданады. Соңғы жылдардағы ағаш қорғау шараларының күрт азаюы зиянкестер мен аурулардың сан мөлшері мен зияндылығының өсуіне әкеліп соқтыруда. Ағаш өнімділігі жақсы болуы үшін оларды аурулар мен зиянкестерден қорғай білу қажет. Көптеген зиянкестердің ішінде аса қауіптісі шығыс жеміс жемірі де бар.

Slide 8

Алма жемірі (Cydia pomonella) - жапырақ ширатқыштар тұқымдасына жататын көбелек, әсіресе жеміс ағаштарын зақымдайтын, алма ағашының ең қауіпті зиянкесі. Қазақстанда кең таралған. Түсі қара қоңыр немесе сұр, қанаттарының жайғандағы ұзындығы 20 мм. Жұлдызқұрттары ақшыл қызғылт түсті, басы қара болады. Олар алма ағаш діңінде, кеуектерінде бұтақ қабықтары және әр түрлі паналар астында қыстайды. Көктемде қуыршаққа айналады. Көбелектер алма ағашы гүлденуінің аяқталар кезінде ұшып шығып, аналығы жұмыртқаларын (180-ге жуық) бір-бірлеп жапырақтарға, жеміс түйіндеріне салады. Жұлдызқұрт жемістің ішіне еніп, тұқым дәнегін жеп, келесі жеміске ауысады. Зақымдалған алмалар пісуі жетілмей үзіліп түседі, сақтауға жарамайды. Залалсыздандыру шаралары: ағаш бұтағына тор іледі немесе жерге түскен жемісі жиналып алынады, ерте көктемде ағаштың діңі мен бұтақтары ескі қабықтарынан тазартылып, сызаттар мен жарықтар бітеліп, сыпырынды өртеледі. Сондай-ақ жылына бірнеше рет Алма жемірінің жұлдызқұрттары көбелекке айналмай тұрғанда инсектицидтер шашады.

Slide 9

Мүр Көбелек(Geometrіdae), қабыршақ қанаттылар тұқымдасына жатады. Жер шарында кең тараған, негізінен тропиктік және жалпақ жапырақты ормандарда кездесетін 15 мыңдай түрі белгілі. Қанатын жайғанда ұзындығы 13 - 50, кейде 80 мм-ге дейін жетеді; қанаттары жалпақ, қоңыр сұр, сарғыш түсті, ірілі-ұсақты жолақтармен көмкерілген, кейбіреулері өте ашық ала-құла түстерге боялған. Кейбір түрінің тұмсығы болмайды. Мүр көбелектерде жыныстық диформизм анық байқалады: жылдың салқын кезінде пайда болған көбелектердің аналықтары қанатсыз немесе жетілмеген қанаты болады. Бұлар негізінен кешқұрым, не түнде белсенді тіршілік етеді. Қуыршаққа айналарда топыраққа, қураған ескі жапырақ арасына жасырынады немесе пілләға оранып, ағаш діңіне бекінеді. Көбінесе қуыршақтары, кейде жұлдызқұрттары мен жұмыртқалары қыстап шығып, көктемде ұша бастайды. Мүр көбелектердің көпшілік түрі - орман және жеміс ағаштарына зақым келтіреді. Мүр көбелекке қарсы ағаштарға инсектицидтер бүркіп, көктемде және күзде ағаш түбін қопсытады. Қазақстанда шығыс аймақтарда Мүр көбелек жиі кездеседі.

Slide 10

Шегірткелер мамыр айының басында шегірткелерден дернәсілдер шыға бастайды. Дернәсіл бар жерлерді міндетті түрде дәрілеңіз. Оларға мына дәрі-дәрмекті қолдануға болады: Бульдок, 2, 5 % к. э. -0, 2 - 0, 25 л/га, Димилин, 48% с. к. - 0, 04 - 0, 06 л/га., Каратэ 050 к. э. - 0, 1 - 0, 15 л/га.

Slide 11

Дүние жүзінде ең үлкен шегіртке

Slide 12

БҰЗАУБАС

Бұзаубастар жердің астында тіршілік етеді. Орта жастағы дернәсілдері және ересек жәндіктері жердің астында 1м дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. өмір сүру циклі 1 жылдан көп уақытқа созылады. Мамырдың аяғында - маусым айында ұрғашылары 10-20 см тереңдікте, арнаулы ұяларға 150-300 данадан жұмыртқа салады. Бұзаубастар алдыңғы аяқтарының көмегімен топырақтың үстіңгі қабатында жолдар салады, 50-ден аса өсімдіктің тамырын, сабақтарының жер асты бөлігін, өскіндерін және тұқымдарын жеп зиян келтіреді. Олар ылғалды, суармалы жерлерді, негізінен көкөніс алқаптарын мекендейді. Жылы жайларда темекінің, көкөністердің және т. б. өсімдіктердің көшеттеріне өте көп зиян тигізеді. Көп тараған түрлері - кәдімгі (Gryllotalpa) және бір тікенекті (Gryllotalpa unispina Sauss. ) бұзаубастар.

ШЕКШЕК


Ұқсас жұмыстар
Махаббат - тіршілігіміздің басы мен аяғы
Қазақ тілі мен әдебиеті
Жаңғақ тұқымдасы. Бұршақ тұқымдасы. Раушан гүлділер
Шикі заттырдың қамыр илегенде атқаратын рөлі, олардың қатынасының теориялық негіздері
Құндылықтар - қоғамдық маңызды материалдық, әлеуметтік нысандар
Қабысу
Достар әні
Ислам діні
САБЫН ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Сұрыптау, сұрыптау түрлері. Өсімдіктің Жемісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz