Отто фон Бисмарк – Германияның темір канцлері


Slide 1

Отто фон Бисмарк - Германияның темір канцлері

Орындаған: Мусаканова Н.

Тексерген: Санканбаева П. С

Slide 2 Slide 3

Отто фон Бисмарк князь, герман мемлекеті қайраткері, ол герман мемлекетінің бірінші канцлері (екінші рейх) болып табылады, сонымен қатар өз кезінде темір канцлер атағына ие болған.

Slide 4

Отто фон Бисмарк (Эдуард Леопольд фон Шенхаузен) 1815 жылдың 1-ші ақпанында Берлиннің солтүстік-батысында орналасқан Бранденбургтегі Шенхаузен поместьесінде дүниеге келген. Ол Прусс жер иеленушісі Фердинанда фон Бисмарк-Шенхаузен мен Вильгельмина Менкеннің отбасында туған. Әрине, Бисмарктар жер магнаттарының қатарына жатқан жоқ, дегенмен олар өздерінің асыл тұқымды болғандарына да қанағат етті, олардың шежіресі Ұлы Карл билігіне дейін жалғасып жатты

Notes: 21 год

Slide 5

Ол 1822 жылдан бастап 1827 жылға дейін Берлиндегі Пламана мектебiнде оқыды. Бұл мектепте ол көбінесе дене құрылысының өсiп-жетiлуiне ерекше көңіл бөлген. Бірақ жас Отто бұл мектептің берген біліміне риза болмаған. Оны ата-анасына жиi жазып тұрған хаттарында көруге болады. Он екі жасында Отто бұл мектептен шығып, кейіннен 3 жыл оқыған Фридрих Вильгельм атындағы гимназияға ауысты. Бұл гимназияда Берлинде орналасқан болатын. Ал 1830 жылы Отто «У серого монастыря» гимназиясына өтті, алдыңғы оқу орындарымен салыстырғанда бұл жерде ол өзін әлдеқайда еркін сезінді. Жас юнкерді математика да, әлемнің көне тарихы да, жаңа неміс мәдениетінің жетістіктері де қызықтырмады. Отто көбінесе өткен жылдардағы саясатқа және соғыс пен бейбітшілік жылдарындағы елдер арасындағы бәсекелестікке аса назарын аударды

Slide 6

Бисмарк жақында Пруссия құрамына енген Ахенге жұмыс iстеуге барды. Бұл жерде әліде болса Франция ықпалы айқын түрде көрінген болатын, сондықтан ол Ахен шекаралық аумағын Пруссияға үстем болатын кеден одағына қосуға қатысты. Алайда Бимарктың өзінің айтуы бойынша, ол қатты қиналған емес, оған қоса бос уақыт өте көп болған. Бұл мерзiмде ол ағылшын шiркеу уағыздаушысының қызы Изабелла Лорейнді әйел қылып ала жаздады. Бисмарк 1838 жылы әскери қызметке тартылады. Әскери қызметте ол гвардиялық батальонға жазылады. Ал анасының өлімінен кейін, Бисмарк поместьелерiмен ондағы басқарумен шұғылдануға тура келетіндігі түсiнiктi болды. .

Slide 7

Ол өзін тапқыр және iскер жер иесi ретінде көрсете білді. Поместьедегі өмір студенттік өмірмен салыстырғанда Отто фон Бисмарты өте қатты өзгертті. Бұл кезекте ол қатаң тәртіппен көзге түскен. Алайда қияңқылық істерінің арқасында, оның көршілері Бисмаркты «жынды» деп атап кеткен. Бисмарк өзінің Берлиндегi оқуын аяқтап келген, кіші қарындасы Мальвинамен жақсы қарым-қатынас орнатады. Ағалы-қарындастың аралығында дәмдер және ұнатулардағы ұқсастық пен рухани жақындық пайда болды. Кейін ол өзін Мартин Лютердің із басары ретінде санап, діншіл адам еместігін жария еткен. Уақыт өте ол Иоганна фон Путткамермен неке қияды.

Slide 8

Германиядағы революцияның болуына 1848 жылы Францияда болған революциясы түрткі болды. 1848 жылғы наурыз айында Берлин қаласында қарулы көтеріліс өтті. Патшалар мен князьдар уақыт жеңу үшін Майндағы Франкфурт қаласында федералдық Конституцияны қабылдауға байланысты бүкілгерманиялық Құрылтай жиналысын шақыруға келісім берді. Демократиялық конституцияның жобасы іс жүзінде енгізілмеді, ал 1849 жылы жиналған делегаттар Вюртемберннің үкіметімен таратылды. 1850 жылы қабылданған конституция феодалдық басшылардың мүддесіне сәйкес келді. Елде екі палаталық заңшығарушы орган құрылды. Парламенттің (ландтаг) заңшығарушы билігі абсалюттік вето құқығы арқылы патшаның билігін шектеді. Үкімет құрамындағы министрлер Ландтагқа бағынысты емес еді, сол себептен оларға сенімсіздік вотумы қорқыныш тудырмайтын.

Slide 9

Пруссия канцлері Отто Бисмарк өз әскеріне бюджеттің 51 ден 22 млн. талерін жұмсап отырды. Алайда, канцлердің бұл әрекеттері 1866 жылы Пруссияның Австриямен соғыста жеңіске жетуімен кешірілді. Соғыстың нәтижесінде Пруссияға бірқатар солтүстік-германдық мемлекеттер қосылды, соның ішінде: Ганновер, Гессен-Кастель, Ниссау, Майндағы Франкфурт мемлекеттері болды. Шлезвиг пен Гольштейн 1864 жылы Даниямен соғысқаннан кейін қосылды. 1866 жылы Герман одағының орнына Мемлекеттердің солтүстік-германдық одағы құрылды. Жаңа мемлекет 1867 жылы жаңа конституция қабылдады

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Герман парламенті
Ұлыбританияның экономикалық жағдайы
Медициналық сақтандыру тарихы
Христиан демократиялық одақтын басшысы
Сыбайлас жемқорлық мәдениетті қалыптастыру
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары
Кейде әйелдердің тұрмысқа шықпай, ұрпақ жалғастыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымның бар екендігін дәлелдейтін тәжірибелер
Идеологиялық саяси сана
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz