Қазақ халқы әйелдерінің ұлттық бас киімдері
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Қазақ халқы
әйелдерінің ұлттық
бас киімдері
Орындаған:Тлеубергенова А.Б
Семей 2015 жыл
«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну
үшін де, болашақтың дидарын
көзге елестету үшін де кешегі
кезеңге көз жіберуіміз керек».
Н.А Назарбаев
Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің ішінен
семантикалық статусы өте жоғарысы — бас
киім. Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен
сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті
киім саналған.Қазақтың «дос аяғына қарайды,
дұшпан басыңа қарайды» дейтін мақалы осы
жайдан қалыптасқан болу керек.
Тақия.
Үкілі тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып
киетін бас киімі.Ол ұлттық өрнек мәнеріне тігілуіне
қарай әр түрлі болған.Қыздардың тақиясы қызыл,
күлгін, жасыл т.б. түстермен, шұға, барқыт,
мәуіті сияқты маталармен тігіледі.Түрлі-түсті
моншақ-маржан, алтын, күміс теңгелер және асыл
тастармен безендірілген.Үкінің үлпілдек қауырсыны
әсемдік үшін тақияны төбесіне қадайды. Б ұл қазақ
халқының арасына көне діни ұғымға байланысты
үкі құсын «қасиетті құс» деп тотем
тұтқандығынан пайда болған.
Тақия — кестелеп, сырып тігілген дөңгелек, жеңіл
бас киім.
Сәукеле
ұзатылған қыз киетін бас киім. Оны
арнайы басылған, ақ киізден немесе
арасына жүн салып сырыған матадан
жасап, сыртын арнайы барқыт, атлас,
мәуіті, шұға сияқты қымбат маталармен
қаптайды. Шетіне құндыз, кәмшат терісі
ұсталады. Сәукеле үш қарыс шамасындай
болып, өн бойына алтын, күміс, меруерт-
маржаннан әшекей тағылып, сыртын
жібек жіппен кестеленеді және арнайы
күмістен жасалған төбелдір маңдайшасы
болады. Сыртында жерге жететін, ақ
жібек жаулық болады. «Сәукеле»
лексемасы «сәу» және «келе» толық
мағыналы екі сөзден құралған.
Кимешек
көбінесе, ақ матадан немесе, ақ жібектен
тігілетін бас киім. Кимешек басты,
кеудені, арқаны жауып тұратын болған.
Оның жиектерін көмкеріп кестелейді.Жас
келіншектердің бет жақтауы жалпақтау
болып, кестесі-де көркем
тігіледі.Мосқал тартқан әйелдердің
кимешегінің бет жақтауы тар болады.
Бірақ әшекеленбейді.Кимешектің қазақ
рулары мен тайпаларының өзгеше болуына
байланысты әртүрлі үлгілері болады.
Кимешекті 25–40 жас
аралығындағы әйелдер киген.
Жаулық
әйелдер басына тартатын орамал. Жаулықтың
жібектен, матадан, жүннен жұқа етіп
тоқылғаны да, қалың етіп тоқылғаны
да болады. Жүннен қалыңдап тоқығанын
«бөртпе» деп атайды. Жібектен не матадан
шашақ шығармай тоқыған түрін «салы» деп
те атаған. Қазақ әйелдерінің жас ерекшелігіне
қарай жаулық әртүрлі болады.
Бөрік-елтіріден, аң терісінен
істелген, матамен тысталған,
құлақсыз бас киім. Бөрік
қазақтың ертеден келе
жатқан ұлттық бас киімі
болып,
қыстық және жаздық бөрік
болып бөлінеді.Қыстық бөрік
ішіне жүн немесе мақта салып
тігіледі.Ал жаздық бөрік
мақта салынбай,
қос астарланып тігіледі.
„Бөрік“ сөзі түркі тілді
халықтардың бәріне ортақ сөз.
Этнопедагоикалық зерттеу әдістері:
Тарихи пед- Жазбаша Архелолгиялы
қ материалды қ материалды
материалды зертеу зерттеу
зерттеу
Фольклорды Әлеуметтік
Түздік зерттеу
материалды
зерттеу әдісі
зерттеу
әдісі
Халықтық пед-
Педагогикал қ
Салыстыру ық зерттеу құбылыстарды
әдісі әдісі зерттеу әдісі
Фольклорді зерттеу әдісі
Өзіндік ерекшелігі бар қызықты
әдістердің бірі.Осы әдісте халық
мәдениеті,тұрмысы,әдет-
ғұрпы,салт-дәстүрі көрініс
табады.Фольклорді зерттеу әдісінде
халықтың киім-кешек,құрал-
жабдықтар,әдет-ғұрып,тұрмыс-
салт,наным-сенім сондай-ақ
тұтастай көркем өнерін атау үшін
қолданылады.1846 жылы ауыз
әдебиетін атау үшін”фольклор”сөзі
халықаралық ғылыми атау ретінде
орныққан.Ауыз әдебиетін
шығарушысы да,тыңдаушысы да
халық,сондықтан да ол халықтың
өз еншісі болып табылады.
Тұжырым
Әр ұлттың ерекшелігі көбінесе этностың салт-
санасынан, дәстүрінен, әдет-ғұрпынан байқалады.
Әдет-ғұрып, салт-дәстүр халықтың мәдени,
тұрмыстық, психологиялық, дүниетанымдық
жағдайларына байланысты қалыптасады да, тіл
арқылы сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп
отыратыны бәрімізге белгілі. Қазақ халқы
әйелдерінің ұлттық бас киімдері ол ұлттық кйім-
кешектің бір түрі.Осы аталғандардың барлығын
этнопедагогикамен байланысты.Яғни
этнопедагогикалық зерттеу әдістерінің ішінде
фольклорлік материалды зерттеу әдісіне жатады.
Қорытынды
Қорыта айтсақ, киім-кешек атаулары — этносты ң к үллі
тұрмыс-тіршілігін айқындаудың таным айнасы, саналы
ғұмыры мен ғасырлар мәдениетінің тұнып тұрған мұражайы.
Киім арқылы оның иесі қай елдің өкілі екенін, әдет-ғұрпы
мен салт -дәстүрі, әлеуметтік -иерархиялық мәртебесі мен
қызметін т.б. белгілерін ажырату ға болады.
Демек, киімнің негізгі функциясы — табиғи ортаны ң
суығы мен ыстығынан, жауын-шашыны мен жел- құзынан
қорғаумен қатар, ұлт жаратылысының қалыптасуы мен
кемелденуінің ұзақ ғұмырнамалық рухани парасат келбетін
танытатын этнографиялық, философиялық, мифологиялы қ әрі
тәлім-тәрбиелік түрлі қыр-сырынан, ақпарат беріп, бойына
сан алуан қызмет жүктеген синкретті ұғым.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz