Дидактикалық ойынның маңызы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
 

СӨЖ
Тақырыбы: Дидактикалық ойынның маңызы

                                                                                        

                                                                                      Орындаған: Байкен Қымбат
                                                                                      П-223
                                                                           Тексерген: Кулмышева Н.А.
Орыс педагогы
В.А.Сухомлинский: «Ойын
баланың алдынан өмір есігін
ашып, оның шығармашылық
қабілетін дамытады, ойынсыз
ақыл-ойдың қалыптасуы
мүмкін де емес»-дейді
Мектеп жасына дейінгі
баланы дамытатын,
өсіретін әрі тәрбиелейтін
негізгі іс-әрекет – ойын.

Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен,
табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың
еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Халқымыз
ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру
әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың
көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп
ерекше бағаланған. Ойын негізінен балаларға дене
шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды
құралы.
• Дидактикалық  ойынның  мақсаты  баланы
қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен
материалды берік меңгерту болып табылады.

• Міндеті –ойынның оқыту сипатын , оның мазмұны
баланың танымдық әрекетін дамытуға бағытталады.

• Дидактикалық  ойынның  нәтижесі  –  қандай
жолмен болса да ұту емес, баланың білімді игеру,
ақыл – қызметін дамытуда, өзара қарым – қатынас
Дидактикалық ойынды сабақта қолданғанда оның
мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет:

ойынның оқушыларға беретін баланың жан-жақты дамуына,
білімдік және тәрбиелік мәні танымдық қызметінің артуына
болуы; әсер етеді;

сабақтың мақсатын іске
асыруда оқушыларға қажетті
өтіліп отырған материалдарға
білік пен дағдыны
қызығушылығын туғызуы;
қалыптастыруға
көмектесетіндей болуы тиіс;

тілдік материалдарды салыстыра алуы және
қорытынды жасай білуі;
Дидактикалық ойындарға қойылатын талаптар:

1. Ойынға берілген уақыт баланы жалықтырмайтындай болуы;

2. Тақырып аясынан ауытқымай, оның мазмұнын ашуы қатаң
ескеріледі

3. Ойынға қажетті материалдар алдын ала даярлануы;

4. Ойынның балаға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;

5. Баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына
әсер етуі керек.
Ойын туралы жасалатын тұжырым
Ойын- тәрбие құралы арқылы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді
..

ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып,

сезімді кеңейтеді.
ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны
 
жетілдіреді

ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі

эстетикалық тәрбие беру құралы

еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді

дене күшінің жетілуіне көмектеседі
Бас бармағым – әкем
Балаң үйрек – анам
Ортаң терек – ағам
Шылдыр шүмек – мен
Кішкене бөбек – сен
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Бас бармақ – бұл атам,
Сұқ саусақ – бұл әжем,
Ортан қол - әкем,
Аты жоқ – анашым,
Шынашақ – бұл МЕН
Жұмбақтар жасырайық!
1.Түссе күннің шуағы
 Көзді еріксіз жұмады.  
      Жылы жерді 
сүйеді, 
 Беті-қолын жуады.  
Маң-маң басып келеді, 
Тапырақтап желеді. 
Мойны ұзын, үсті тау, 
Ертеден елге бел еді.  
Дидактикалық ойын «Үй жануарларын құрастыру»
«Дәл осындай пішінді тап»
Ойынның мақсаты: геометриялық
пішіндер жайлы білімдерін бекіту,
пішіндерді атауға, ажыратуға,
салыстыруға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: бала
саны бойынша құлыптың суреттері,
геометриялық пішіндер. 
«Вагондарға дөңгелек таңдау» 
Ойынның мақсаты: геометриялық
пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге
жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға
салынған вагондар, әртүрлі геометриялық
пішіндер. 
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға
лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің
ішінен табады.
 
«Үй құрылысының ретін көрсет» 
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру;
ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін
процесстерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша
әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің
үлгісі. 
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін
көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды,
пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы
пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
Пайдаланған әдебиет:
1. Ерте жастағы (1 жастан 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу
мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы: -
Астана, 2009. - 26 б.
2.Мектепке дейінгі кіші жастағы (3-5 жас аралығы) балаларды
тәрбиелку мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы.-
Астана 2009.-106 б.
3. «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы Астана-2009-177б.

 

Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заман талабына сай ойын түрлерін сабақ барысында қолдана білуді үйрету
ФИЛОСОФИЯ - ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Ойынның педагогикалық мәні МЖД балалардың драммалау ойыны
Қазақ тілінде дидактикалық ойындарды пайдалану
Музыкалық дидактикалық ойындар
«Ойынның педагогикалық мәні. Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны»
Балалар ойынының жіктелуі
Ойын технологиясы - бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру құралы
Балалардың сөздік қорларын молайту, ойынға деген қызығушылығын арттыру
Мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілін тексерудің негізгі бағыттары
Пәндер