Қысқа мерзімді активтердің есебі. Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі туралы ақпарат
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырып:Қысқа мерзімді
активтердің есебі. Ақша
қаражаттары және
олардың эквиваленттерінің
есебі
Семей 2015 жыл
ЖОСПАР
1.Ақшалай қаражаттары және
олардың элементтері
2. Кассадағы ақшалардың есебі
3.Ағымдағы банктік шоттағы
ақшалардың есебі
4.Жолдағы және арнаулы
шоттардағы ақшалардың есебі
5.Ақшалай қаржылардың түгендеуі.
1. Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері
Қаржылық есеп берушілікті дайындау және жасау принципіне сәйкес
активтер- бұл субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және жеке мүліктік емес
игіліктер және құқықтар.
Активтерді жою мерзіміне қарай ағымдағы және ұзақ мерзімді деп бөлуге
болады.
Бухгалтерлік есеп стандарттарының №2 «Бухгалтерлік баланс және
қаржылық есептегі негізгі ашулар стандартына сәйкес ағымдағы активтерге
келесілер жатады:
- оларды қайта өңдеу және сату мерзімінен тәуелсіз тауарлық-материалдық
қорлар;
- есеп беру күнінен бір жыл ағымында қажетсіздендірілуі тиіс алдағы кезең
шығындары;
- ақшалай қаржылар;
-ағымдағы құнымен көрсетілген қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар;
- бір жыл ішінде алынатын алашақ қарыздар: ағымдағы активтерді сатып
алуға аванстық төлемдер, алынуға тиісті шоттар, алынған векселдер, негізгі
шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестігі арасындағы ішкі топтық
операциялар нәтижесінде пайда болатын дебиторлық қарыздар, акционерлік
қоғамның қызметкер тұлғаларының алашақ қарыздары, басқа да дебиторлық
қарыздар.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы
есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін
жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
- ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын
толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
- кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың
түгелділігін және олардың тиімді пайдаланылуын
бақылау;
- есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын
ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін
дұрыс есептеу.
«Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік
балансындағы ақшаларының қалдығы» деп
аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар
шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының
жиынтық сомасы жазылады.
Ақшалай қаржылар – кассадағы және банк шотындағы ақшалар. Ақшалай
қаржыларға нақты ақшалар мен қалпына келтіруге дейінгі жарналар жатады.
Ақшалай қаржылардың ағымы- ақшалай қаржылар мен олардың
эквиваленттерінің келуі мен кетуі.
Ақшалай қаржылардың эквиваленттері- қысқа мерзімді, жоғары өтімді
салулар, олар ақшалай қаржылардың анықталған сомасына және
бағалықтардың өзгеруіне тәуекелге душар ететін салулар.
Ақша баламалары (эквиваленті) – бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша
жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер,
коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі
ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды.
Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді. Ақша
баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың
қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар
шотында есептейді.
Овердрафт дегеніміз ұйымның иелігіндегі, яғни активті шоттың
қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған
кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және
кредиторлық борыш ретінде есептеледі. Овердрафт ұйымдар мен
кәсіпорындардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп
айырысу шотындағы қалдық сомадан артық болған уақытта пайда болады. Егер
овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома ұйымның балансында
немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатынад бөлек көрсетілуі керек.
Шоттардың жұмыс жоспарына сәйкес
ақшалай қаражаттардың есебі үшін 1000
«Ақшалай қаржылар» бөлімшесінің келесідей
шоттары арналған:
1010 – «Кассадағы ақшалай қаржылар»;
1020 – «Жолдағы ақшалай қаржылар»;
1030–«Ағымдағы банктік шоттардағы
ақшалай қаржылар»;
1040–«Карт- шоттардағы ақшалай
қаржылар»;
1050–«Жинақ шоттардағы ақшалай
қаржылар»;
1060 – «Басқа да ақшалай қаржылар».
2. Кассадағы ақшалардың есебі
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір ұйымның
кассасы болады.
Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалды қ
толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады.
Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық
операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде
ақшаны алуға сенім берілген адамның тегі, аты мен әкесіні ң аты
көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол
тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Б ұл жазуды касса
шығыс ордеріне немесе ведомостьқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін
құжаттарды бухгалтерия дәл, әрі айқын етіп сиямен немес түтікше
қаламмен жазып береді. Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі ж өніндегі
жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі бойынша таратылады,
оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы
көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң кассир төлем тізімдемесіне
еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың ата-тегінің т ұсына
мөртаңба соғады, берілмеген соманы төленбеген жалақы тізіміне енгізеді,
тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома ж өнінде
жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем
тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан» деген жазу жазылады. Касса
ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал о ған
тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күні, айы мен
жылын көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі соғады.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан
соң оның деректері 1010 – «Кассадағы ақша» шотының дебеті мен кредиті
бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың дебеті мен кредиті есебін
кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияда кассир есебінің түсуіне қарай
жүргізіледі. Біріңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі.
Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалды қ
шығарылады, ол кассирдің есебіне есебіне және бас кітаптағы 1010 шоттың
қалдықтарына сәйкес келуге тиіс.
3.Ағымдағы банктік шоттағы ақшалардың есебі
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар
арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк
мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы
келісім-шарттық қатынастарды көрсетеді. Банк шоттары
теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол
ағымдағы, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – шаруашылық
операцияларының әсерінен өзара байланысқа ұшырайтын
шоттар.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл
да банктік шоттар, брокерлер, жеке және заңды тұлғалар үшін,
сондай-ақ заңды тұлғаның оңашаланған белгілеулері үшін де
ашылады.
Чек - шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты а қшамен
жалақыға, іс-сапар, шаруашылық операциялары және бас қа да
шығындарға беру жөніндегі бұйрығы. Кәсіпорын алатын
ақшаның мақсаты чектің сыртқы жағында көрсетіледі, оны
бір дана етіп сиямен жазады. Чекпен бір мезгілде чек
кітапшасында сақталатын түбірі толтырылады.
Нақты ақша жарнасына берілетін хабарлама - шот иесінің
банктегі оның шотына қосып есептеу үшін түсім
қаражаттарын және нақты ақшамен салынатын басқа да
сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Қабылданған
ақшаға банк түбіртек береді, ол кассаның шығыс ордеріне қоса
тіркеледі .
Шетелдік валюта дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардағы
тауарларды, дайын өнімдерді сату (сатып алу), қызмет көрсету
(пайдалану), жұмыстарды орындау барысында қолданылатын Қаза қстан
Республикасының ұлттық валютасынан басқа ақша бірліктері болып
табылады.
Ұйымдардың шетелдік валюта түрінде алынатын табысы сол
операция жасалған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі
белгілеген ақша айырбастау бағамы бойынша есептеліп, Қаза қстан
Республикасының ұлттық валюасы түрінде көрсетілуі тиіс. Бағам (курс)
дегеніміз екі елдің ақша бірліктерінің өзара қатынасы.
Бағамдық айырма дегеніміз екі елдің ақша бірліктерінің арасындағы
бағамның өзгеруі салдарынан болатын айырма сомасы. Бұл бағамдық
айырма қай уақытта пайда болса ұйымдардың сол кезеңдегі бухгалтерлік
есебінде және қаржылық есеп беруінде көрсетіледі.
4. Жолдағы және арнаулы шоттардағы ақшалардың есебі
Жолдағы ақша аударымдарына сатып алушылар мен тапсырыс
берушілерден кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, почта
бөліміне енгізілген, ұйымның ағымдағы банктік шотына енгізу үшін
инкассаторға өткізілген табыс жатады.
Жолдағы ақшалардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды
жалпылау және есептеу үшін 1020 «Жолдағы ақшалай қаражаттар»
шоты арналған.
1020 «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шоты бойынша сомаларды
есепке алу үшін банк мекемелерінің, почта бөлімдеріні ң квитанциялары;
банк инкассаторы түсімдерді өткізгеніне жолсерік тізімдемелеріні ң
көшірмелері негіз болып табылады.
Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы
кәсіпорынды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін
банк мекемесіне тауарлардың жіберілгендігін немесе қызметтерді ң
көрсетілгенін дәлелдейтін құжататр бойынша төлем төлеу жайлы
тапсырмасы. Аккредитив бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысу ға
арналады.
Аккредитивтің депоненттелген және депоненттелмеген түрлері
ашылуы мүмкін. Сонымен қатар оның кері шақырылатын және кері
шақырылмайтын түрлері болады
5. Ақшалай қаржылардың түгендеуі
Ақшалай қаржыларды түгендеу олардың сақтығын қамтамасыз ету,
ақшалай операциялар бойынша операциялардың жүргізілуінің дұрыстығын
тексеру мақсатында кәсіпорынның басшысымен бекітілген комиссиямен
жүзеге асырылады. Түгендеу кезінде кассада ғы а қшаларды ң ж әне бас қа да
құндылықтардың нақты бары қаралады. Түгендеуде барлық ақшалай
қаражаттар бойынша жүргізілген операциялардың толықтығы,
дұрыстығы, нақты іс жүзінде бары және толтырылған құжаттардың
дұрыстығы қаралады. Бағалықтардың нақты бары анықталып,
құжаттардағы мәліметтермен салыстырылады. Түгендеу тізіміне барлы қ
тексерілген құндылықтар жазылады. Түгендеу нәтижелерін шы ғар ғанда
ауытқулар, яғни артықшылықтар немесе жетіспеушіліктер анықталуы
мүмкін . Мұндай артықшылықтар кіріске алынуы керек.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Орындаған: Акатаева Мөлдір
Тобы: ГУ-409
Тексерген: Серекбаева Б.С.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz