ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық


Slide 1

ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми

ынтымақтастық

Орындаған: Қайролла Е. Д.

Топ: ФН-305

Тексерген: Токсеитова А. С.

Slide 2

Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) - бірнеше бұрынғы Кеңес Одағы республикаларында Халықаралық экономикалық ұйым. Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру үшін, экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету, сондай-ақ басқа да мақсаттары мен міндеттері, оның тиімді мүдделі тараптар қалыптастыру үшін құрылды. Еуразиялық экономикалық Одақ құруға байланысты алынып тасталды.

Slide 3

Еуразиялық экономикалық одақ - бұл бүгінгі күн мен болашақтың күрделі сұранысымен өлшенетін мегажоба. Оның қалыптасуы жаңа әлемдік архитектураның бөлінбес бөлігі ретінде адамзат тарихындағы ғаламдық ең күшті экономикалық-қаржы дағдарысына қарсы күрес үрдісінен бастау алады. Бұл - ой мен тәжірибенің бірлігі, жүйелі түрде, сатылай және талмай тұрақты түрде алға ұмтылудың нәтижесі. Әрі бұл жоба посткеңестік кеңістікте «Нұрсұлтан Назарбаевтың жобасы» деп аталып, Қазақстан оның отаны ретінде танылды. Өйткені, Қазақстан Көшбасшысының барлық интеграциялық үрдістердің бастамашысы және көптеген жаңашыл жобалардың, тың идеялардың авторы екенін бүкіл әлем біледі.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Интеграциялық ынтымақтастықтың бізге берері мол, себебі:

Біріншіден, бұл, жоғарыда аталғанындай, тек экономикалық одақ болып табылады. Оған қатысушы елдердің әл-ауқаты мен тұрмыс-жағдайын, экономикасын өркендетеді. Сол арқылы кәсіпкерлік дамиды, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Қазақстан үшін 9 есе үлкен байтақ нарық базары, яғни 170 миллион адамды құрайтын алып кеңістікке жол ашылады.

Екіншіден, әрбір елдің экономикалық мүмкіндіктері, интеграциялық байланыстары, барыс-келісі көбейіп, алыс-берісі қарқынды дамиды. Бұл Одақтың геостратегиялық жағынан да айрықша маңызы зор. Қазақстанның Еуропа елдерінің тұтыну нарықтарына шығуға және Қытай мен Еуразиялық одақтың қуатты экономикалары арасындағы байланысты қамтамасыз ететін буын болуына кең мүмкіндік береді.

Үшіншіден, ұлттық экономикамызды көтермелеу үшін ірі, ұсақ деген мәселе болмауы керек, сондықтан да, онда барлық мәселелер жан-жақты таразыға салынып ескеріледі. Осы тұрғыда мұндай мүмкіндіктерді біз жаңа экономикалық одақтың бағыт-бағдарынан байқап-көріп отырмыз.

Төртіншіден, ХХІ ғасырдың алғашқы жартысында Одақтың алдындағы басты миссиясы - оның ашық экономикалық қоғамдастық ретінде әлемнің аса маңызды экономикалық макроаймағына айналу. Ол, сайып келгенде, Еуропа мен Азияның «экономикалық алтын көпірі» болатын сапаға қол жеткізу арқылы одаққа мүше мемлекеттердің бәсекелестікке қабілеттілігін арт­тыру.

Бесіншіден, Еуразиялық экономикалық одақ өзіне мүше елдер арасында әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық, әсіресе, оқу-білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыта түсуге де игі әсерін тигізетіні сөзсіз. Бүгіннің өзінде Қазақстан, Беларусь, Ресей арасында жоғары, орта және кәсіптік білім туралы дипломдарды ешқандай нострификациясыз өзара тану туралы келісім бекітіліп отыр. Сондай-ақ, үш елдің азаматтарына Одаққа мүше кез келген елдің жоғары оқу орындарында білім алуға теңдей құқық берілген.

Slide 7 Slide 8

Жер шарының ең ірі тұтынушылық нарықтарының бірі, энергия ресурстарының ірі экспорттаушысы болып саналатын интеграциялық бірлестіктің қазіргі жағдайына үңілер болсақ, жаңа одақ құрып отырған алғашқы үштіктің ортасында жақсы үнқатысу, салиқалы түсіністік, мәмілелі келісім қалыптасқан. Сондай-ақ, мұндай үрдістер мемлекеттер арасындағы екіжақты қатынастар арқылы да жалғасын табуда. Осы жағдайлардың барлығы Одақ мүшелеріне технологиялық тұрғыдан кооперациялануымызға жаңа жол сілтеп отырғандай. Әрине, бұл кооперациялану тек шикізаттық бағытта ғана емес, күрделі технологиялар мен инновациялық инфрақұрылымдар жасау бағытында да алға басатындығы анық.

Slide 9 Slide 10

Болашақта әлемнің алға қарай қарыштап ілгерілеуі интеграцияның даму үрдісімен анықталары анық. Кімде-кім ықпалдасудан тыс болса, өркениет дамуынан шет қалары сөзсіз. Бүкіләлемдік қауымдастық бүгінде Қазақстанды беделді әрі ғаламдық үдерістерге ықпал ете алатын мемлекет ретінде таниды. Біздің еліміз бәсекелестікке қабілетті, әлемдік қауымдастықтағы мерейі үстем мемлекет. Елбасымыздың идеясымен өмірге жолдама алған осынау Еуразиялық экономикалық одақшын мәніндегі ХХI ғасырдың әлемдік деңгейдегі мегажобасы ретінде өзінің тарихи қызметін толыққанды орындайтыны даусыз.

Slide 11

Назар аударғандарыңызға

рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Кеңес БӨЖ
Қазақстан –әлем мойындаған ел
уропалық Одақ пен Қазақстан Республикасының арасындағы білім саласындағы өзара әрекеттестіктің нақты бағыттары «Орта Азиядағы ЕО­тың стратегиясы:
ЕЭҚ-ғы шеңберінде халықаралық валютақаржылық жүйесі
Қазақстан Қытай қатынасы
Еаэқ еркін сауда режимі
ҚАЗАҚСТАН МЕН АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫ: АЙМАҚТЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Экономикалық ынтымақтастық
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың экономикалық саясаты
Мәдениет концепциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz