Бизнес жоспар: Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру



Орындаған: Маукенов А. Н. Тобы: МШ-409
Бизнес жоспар:
Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру

Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру

№
Лауазымы
Саны
Жалақы
Есептеуге
ЕТҚ
Әкімшілік-басқару құрамы
1
Директор
1
35
35
35
2
Бухгалтер
0, 5
15
8
8
Жиыны
2
50
43
43
Өндірістік құрам
1
Кондитер
2
30
60
60
Жиыны
2
30
60
60
Қызмет көрсетуші құрам
1
Сатушы
1
25
25
25
Жиыны
1
25
25
25
Қосалқы құрам
1
Еден жуушы
1
16
16
16
Жиыны
1
16
16
16
Құрам бойынша барлығы
5
121
136
136
Еңбекақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг.
Еңбекақы төлеу шығыстарының сомасы айына 136 мың теңгені құрайды. Әлеуметтік аударымдар айына 6, 1 мың теңгені (міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - МЗЖ) есептемегенде еңбекақы төлеу қорының (бұдан әрі - ЕТҚ) 5% есебінен) құрайды. Бұл сома Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - ҚР СК) 437-бабына сәйкес әлеуметтік салық сомасын азайтады. Салықты жеңілдетілген декларация негізінде есептеу салық салу объектісіне (кіріс) 3% (ҚР СК 437-бабы) ставканы қолдану арқылы жүргізіледі, соның ½ жеке табыс салығы (бұдан әрі - ЖТС), ½ - әлеуметтік салық құрайды.

Кіріспе
Қазіргі жағдайларда қоғамдық тамақтану біртіндеп индустриаландыру жолына өтуде. Жетілдірілген техникалық құралдармен жабдықталған заманауи кәсіпорындар құрылуда; оларда прогрессивті технологиялар пайдаланылады, еңбек пен өндірісті ғылыми негізде ұйымдастыру енгізіледі, қызмет көрсетудің жаңа түрлері қолданылады.
Ұннан жас алған кондитер өнімдері қазіргі таңда түр-түрімен және жоғары сапасымен ерекшеленуде.
Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің негізі ұн болып табылады, оның құрамында крахмал түріндегі көміртегі, сондай-ақ өсімдік белоктары бар. Крахмал ағзада қантқа айналады және негізгі энергия көзі қызметін атқарады, белоктар клеткалар мен тіндердің құрылуы үшін пластикалық материал болып табылады. Көптеген ұннан жасалған кондитер өнімдері қант бөліп шығарады, нәтижесінде олар тез сіңетін көміртегімен толығады. Көптеген өнімдерді дайындау кезінде пайдаланылатын жұмыртқа толыққанды белокқа, майға және дәрумендерге бай.
Жұмыртқа, май (сары май, маргарин) немесе майға бай өнімдерді (сүт, кілегей, қаймақ) пайдаланудың арқасында кондитер өнімдеріндегі дәрумендер артады. Оларды дайындаған кезде дәмі мен иісін ғана жақсартып қана қоймай, бұл өнімдердің тез қорытылуына әсер ететін дәрумендер құрамы артады.
Соңғы кезде тұрғындардың өздері дайындағаннан гөрі дайын немесе жартылай дайын ұннан жасалған кондитер өнімдерін ықыласпен сатып алуы артып келеді.
Өткізу пункті бар шағын өндірістік кәсіпорын сияқты қызмет түрі көптеген елдерде кеңінен тараған.
Осыған байланысты осы жобада дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру мүмкіндігі қарастырылады.

Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасында дайын өнімдерді сату пункті бар кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері өндірісі цехын құру көзделген.
Тікелей өндірістің басында дүкен ашу үнемі жаңа піскен өнімді сатып алуға ғана емес, сонымен бірге оны барынша қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік жасайды, өйткені дайын өнімді өндіру кезеңі мен сату кезеңі арасында аралық буын болмайды.
Цех шығаратын негізгі өнімдер мыналар:
- сары майдан жасалған кептірілген нан;
- ірімшік қосылған печенье;
- «Марго» кепкен тоқаштары.
Кейіннен өндірілетін өнімнің қатарына нысаналы топтың қажеттілігі ескеріле отырып нан-тоқаш өнімдері де (бөлке нан, баранкалар және т. б. ) қосылатын болады.
Жоспарланған цехтың нысаналы тобы ол орналасқан аудан орталығының, сондай-ақ көршілес елді мекендердің тұрғындары болады.
Дүкені бар цех жалпы алаңы 60 шаршы метрлік орын-жайда орналасқан.
Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарда жоспарланған айналымын ескере келе қызметті жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін пайдалана отырып жеке кәсіпкердің шеңберінде жеңілдетілген режимде жүзеге асыру ұсынылады.
Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа болып табылмайды, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігін ғана көрсетеді. Сондықтан да осы жобаны іске асыру кезінде сату бағдарламасы сияқты шығарылатын өнімнің түр-түрлерін де өзгертуге болады. Шығарылады деп жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтардың айырмашылықты ерекшеліктерін барынша ашып көрсету қажет.

Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы
Осы жобада кептірілген нан, печенье және өзге де кепкен нан пісіру өнімдері цехын құру көзделген.
Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің құндылығы мен сіңімділігі жоғары, олар дәмінің тәттілігімен және сыртқы түрінің тартымдылығымен ерекшеленеді, . Ұннан жасалған кондитер өнімдерінің жоғары тағамдық құндылығы оның құрамындағы елеулі көміртегіне, май мен белокқа негізделген. Ылғалдылығының төмендігі нәтижесінде көптеген өнім ұзақ сақталатын бағалы тағамдық концентраттарымен ерекше қасиетке ие болуда.
Кептірілген өнімдер. Бұл өнімдердің ылғалдылығының төмендігі (9-12 %) олардың қатып қалуын баяулатады, көгеруден сақтайды, бұл оның ұзақ сақталуына мүмкіндік береді. Осылайша кепкен өнімдер нан консервілерінің рөлін атқара алады.
Өнімнің бұл тобына кептірілген нан, гренкалар және қытырлақ нан кіреді. Өнімнің әрбір түрі үшін нысаны, мөлшері, сыртқы түрінің жай-күйі белгіленген.
Пече́нье - қамырдан жасалатын шағын кондитерлік өнім. Печеньенің қамырына кей уақытта түрлі дәндер қосады. Печеньені әдетте дөңгелек, төрт бұрыш, жұлдызша, түтікше түрінде жасайды; кей жағдайда ортасы қоспамен толтырылады (шоколадпен, мейізбен, ірімшікпен, қоюлатылған сүтпен, креммен) немесе мұндай қоспаны екі печеньенің ортасына салады.

Өндірістер бағдарламасы
Жобаның бастапқы айларында кондитер цехы толық қуатында қосылмайды, бұл нарықтағы орнын иеленуіне байланысты болады.
Көрсеткіш
2 012
2 013
2 014
2 015
2 016
2 017
2 018
Қуаты, %
77%
93%
95%
100%
100%
100%
100%
Ірімшік қосылған печенье, кг.
2 760
4 440
4 560
4 800
4 800
4 800
4 800
Май қосылған кептірілген нан, кг.
2 553
4 107
4 218
4 440
4 440
4 440
4 440
Марго сушкалары, кг.
2 553
4 107
4 218
4 440
4 440
4 440
4 440
Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

Сату бағдарламасы өндіріс бағдарламасы мен жарамсыздық пайызы ескерілген ең төмен экономикалық тиімділігі ескеріле отырып есептелді.
Көрсеткіш
2 012
2 013
2 014
2 015
2 016
2 017
2 018
Ірімшік қосылған печенье, кг.
1 270
2 042
2 098
2 208
2 208
2 208
2 208
Май қосылған кептірілген нан, кг.
1 200
1 930
1 982
2 087
2 087
2 087
2 087
Марго сушкалары, кг.
1 277
2 054
2 109
2 220
2 220
2 220
2 220
Барлығы
3 746
6 026
6 189
6 515
6 515
6 515
6 515
Сатуға жоспарланған баға, мың теңге

Маркетингтік жоспар
Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
Шығыс Қазақстан облысы толық азық-түлік тәуелсіздігін иелене алмайды, бірақ облыста өмірлік маңызды тағам өнімдерін өндіру үшін жеткілікті биоклиматтық және өндірістік әлеует бар.
2010 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыста қолданыстағы бағамен 55, 3 млрд. теңгенің тамақ өнімі, 1, 5 млрд. теңгенің сусыны өндірілді. Тамақ өнімдері өндірісіндегі нақты көлем индексі 2009 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 120, 2%, сусындар өндірісінде - 95, 5% құрады.
Шығыс Қазақстан облысы Статистика департаментінің деректері бойынша облыстың республикадағы тамақ өндірісі өнімдерінің көлеміндегі үлесі 8, 2%-ға, сусындар - 1, 1%-ға бағаланады. Өнеркәсіп өндірісінің облыстық көлемінде салалар үлесі тиісінше 8, 9 және 0, 2% құрады.
Тамақ өнімдері өндірісі бойынша экономикалық қызмет түрлерінің көбінде өндіріс көлемінің өскені байқалады.
Балықты қайта өңдеу мен консервілеуде, нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінде, өзге де тамақ өнімдерінде өнім көлемінің төмендегені байқалды.
Тамақ өнімдері мен сусындар шығаратын кәсіпорындарда 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда 5891 адам немесе барлық өнеркәсіп өндірісінде жұмыс істейтіндер санының әрбір он үшінші адамы жұмыспен қамтамасыз етілді.
Тамақ өнімдері өндірісінде орташа айлық жалақы 39268 теңге немесе 2009 жылғы қаңтар-желтоқсандағы деңгейге қарағанда 111, 2% мөлшерінде қалыптасты.

Шығыс Қазақстан облысында қолданыстағы баға бойынша нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінің көлемі, млн. тг.
Суретте көрсетілгеніндей ШҚО бойынша нан-тоқаш және ұннан жасалған өнімдер өндірісінің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 230, 5 млн. теңгеге төмендеді.

- Шығыс Қазақстан облысындағы заттай түрінде кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын кондитер және тәтті нан өндірісі, тонна
Суретте көрсетілгеніндей ШҚО-да кептірілген нан және печенье, ұзақ сақталатын ұннан жасалған кондитер өнімдері мен тәтті нандар өндірісі бойынша аздап төмендеу байқалады. Мысалы, 2010 жылы Шығыс Қазақстан облысында 2 158 тонна кептірілген нан мен печенье шығарылды, бұл 2009 жылғыдан 396 тоннаға кем.

Шығыс Қазақстан облысында нан пісіру өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың тізімі
Компаниялардың атауы
Қала, кент
Белоусовка нан зауыты
Белоусовка кенті
Шығыс Қазақстан ұн тарту-жемазық комбинаты АҚАО Восточно-Казахстанский мукомольно-комбикормовый комбинат
Семей қаласы
'БАРС' компаниясы
Өскемен қаласы
Колос
Өскемен қаласы
«Бейкер» ЖШС
Өскемен қаласы
«Бек» ЖШС
Семей қаласы
«Брик» ЖШС
Өскемен қаласы
«Вегас» ЖШС
Өскемен қаласы
«Рамко Трейдинг Компани» ЖШС
Семей қаласы
«Саламин» ЖШС
Өскемен қаласы
'Жолдас' ЖШС
Семейқаласы
Common Market
Өскемен қаласы
"АЙДАР" №2 НАН ЗАУЫТЫ
Семей қаласы
"АККОРД-ВКО" ЖШС
Өскемен қаласы
"АЛТЫН-ДЭН и Ко" ЖШС
Семей қаласы

Ғимараттар мен құрылыстар
Нан пісіру өнімдері өндірісі цехы
Цех бөлімшелерінің жоспары технологиялық процесс операцияларын кезегімен орындауға сәйкес келеді және шикізат пен дайын өнімдердің қатар жүруіне жол бермейді, яғни цехтың құрамына мынадай бөлімшелер кіреді:
- қамыр илеу - мұнда қамыр иленеді және қажетті жартылай дайын фабрикаттар дайындалады;
- қамырды бөлу - бөлу және қалыптау, кондитер өнімдерін жаю;
- пісіру - мұнда кондитер өнімдері арнайы шкафтарда пісіріледі
- салқындату;
- өнімдерді өңдеу бөлімшесі;
- жұмыртқаларды, ыдыс-аяқты, ыдыстарды жуатын орын.
Кондитер цехында сондай-ақ желдеткіш және ауа тазартқыш жүйе қарастырылған. Цех кондитер цехтарына қойылатын СЭС талаптарына сәйкес келеді.
Қор қоймасы
Қор қоймасы құрғақ өнімдерді (ұн, қант, крахмал и т. б. ) сақтау үшін қарастырылған. Бұл жерде орташа температура шамамен 15°С және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 60 - 65 % болуы тиіс. Бұдан басқа осы жерде тез бұзылатын өнімдер сақталатын тоңазытқыштар қойылады.
Сауда залы
Сауда залы шамамен 20 шаршы метр аумақты алады.

Жабдық және инвентарь (техника)
Нан пісіру өнімдері өндірісі цехы
Нан пісіру өнімдері өндірісі цехын жабдықтау үшін қажетті негізгі жабдықтардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:
• Елеуіштен өткізу машинасы - басқа қосындыларды бөлу және ұнды оттегімен байыту үшін.
• ТММ-1М үлгісіндегі сыйымдылығы 140 литр нан илеу машинасы.
• Араластыру машинасы, сыйымдылығы 25 литр
• ШПЭСМ-3 үлгісіндегі бір ауысымда 50 торт пісіруге мүмкіндік беретін пісіру шкафы.
Қор қоймасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz