Педагогтың кәсіби өзін өзі тануы мен дамуы


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Жаратылыстану - математика факультеті.

СӨЖ тақырыбы: Педагогтың кәсіби өзін өзі тануы мен дамуы

Орындаған: Әлихан Е Т - 411 топ

Slide 2

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Slide 3

Ұстаз туралы қанатты сөздер:

“Мұғалімдік мамандық -бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер -ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады”

Ы. Алтынсарин.

"Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді . . . Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”

Бауыржан Момышұлы.

“Ұстаз болу - өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау”

Жан-Жак Руссо.

“Мұғалім - зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті”

К. Д. Ушинский

“Адамның адамшылдығы . . . жақсы ұстаздан болады. ”

Абай Құнанбаев

Slide 4

Бала бағбаны

Қоғам қайраткері

Технолог

Жаңалықтарды дәріптеуші, таратушы.

Оқулық авторы

Оқытушы

Slide 5

Адам баласының

өзінің ұзақ тарихында

жасаған рухани, мәдени

қазынасы, қымбатқа түскен

тәжірибесі, соның ішінде

көрегенділік деп аталатын

адамгершілік, тәлімгерлік

тағлымдары ұрпақтан ұрпаққа

ұстаздық-шәкірттік үрдісі

арқылы беріліп, жалғасын

табады.

Slide 6

Ұстаздық пен шәкірттік - адам баласы арақатыынастарыныың ең бір абзал әрі мағыналы, мәнді түрі. Ұстаз ұғымы кең мағыналы. Оның ең негізгі мәні жақсылыққа тәрбиелеу, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдіреді.

Slide 7

Жас ұрпақ дүниетанымының, адамгершіліктің қалыптасуы, баланың рухани әлемінің дамуы, демек - елдің болашағы педагогқа байланысты болады.

Адамзаттың тұтастай тіршілігінің барысында «педагог» мамандығы ең қажеттісі, беделдісі және жауаптысы болып табылады.

Slide 8

Педагогтың кәсіби сана-сезімі - бұл кәсіпқой ретінде өзін, іс-әрекет пен педагогикалық қатынаста көрініс табатын өзінің тұлғалық ерекшеліктерін ұғынуы. Кәсіби сана-сезім жалпы алғанда сана-сезіммен ортақ қасиеттерге, белгілерге де, өзінің спецификасына да ие. Ортақ белгілер, жалпы алғандағы сана-сезім секілді, кәсіби сана-сезімнің өзінің құрылымына өзін-өзі тануды, эмоциялық-құндылық қатынасты, өзін-өзі бағалауды, өзін-өзі реттеуді және өзін-өзі бақылауды қосатындығымен анықталады, мұнда сонымен қатар сәйкестендіру және рефлексия механизмдері де міндет атқарады.

Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тануының талдамасына көшу үшін оның тұлғалық ерекшеліктеріне және кәсіби біліктілігіне, іс-әрекетіні ерекшеліктеріне аз да болса тоқталып өту қажет.

Slide 9

Педагог тұлғасының құрылымындағы маңызды компоненттерді келесі жағдайлар анықтайды:

Кәсіби педагогикалық бағыттылық

Кәсіби белсенділік

Кәсіби білімдері мен іскерліктері

Кәсіби педагогикалық қабілеттері, есі, ойлауы және қиялы;

Өзін-өзі кәсіби ұғынуы.

Slide 10

Тұлғаның кәсіби-педагогикалық бағыттылығы әдетте балаларға, іс-әрекетке, өзіне қатынасы жетекші мәнге ие болатын қатынастардың тобы ретінде анықталады. Қатынастардың негізгі үш түрін құрылымдай келе, кәсіби-педагогикалық бағыттылықтың сегіз түрін алуға болады, алайда оңтайлысы ретінде үш компонент: балаларға қатынасы, заттарға қатынасы және өзіне қатынасы айқындалған типті анықтаған жөн.

Кәсіби білімдері мен іскерліктері кәсіби даярлықтың негізін құрайды. Білімдер мен іскерліктерге ие болмаған педагог өзінің қызметін мүлде атқара алмас еді. Кәсіби білімдер әртекті келеді: ол - өзінің пәнін жақсы білу, педагогика, психология, әдістемелер саласындағы, өзге адамдармен қатынастарды орнату аумағындағы білімдері, өзінің кәсіби мүмкіндіктеріне қанық болуы.

Slide 11

Кәсіби белсенділік оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тұрақты іздестіруде, туындаған міндеттерді ерекше үлгіде шешуіскерлігінде, әкімшілікпен, қызметтестерімен, ата-аналармен, оқушылармен қатынастарын жетілдіру қабілетінде, өзінің жұмысын талдауда, өзін-өзі тәрбиелеудің барлық құралдары мен тәсілдерін қолдана отырып, өзін-өзі дамытумен айналысуда анықталатын педагогтың нормативтердің шеңберінен шығу, өзінің іс-әрекетінің аумағын тұрақты түрде кеңейтіп отыру ұмтылысымен сипатталады.

Педагогикалық қабілеттері әр педагогтың әр дәрежеде ие болған тұлғалық әлеуетін сипаттайды. Дәл педагогикалық қабілеттер және педагогтың оларды өзінде анықтауы педагог болудың сәйкес кәсіби ниетін, педагогикалық іс-әрекетпен айналысу бейімдігін, педагогикалық еңбектің тиімділігін анықтайды.

Slide 12

Қазіргі кезеңде тәрбиеші - педагогтың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы ретінде нақты тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған білім, білік қабілеттеріне талдау жасау керек. Мұғалім - тәрбиеші үшін ең маңызды, ең шешуші құндылықтарға назар аударған жөн. Құндылықтар жүйесі қазіргі мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің мазмұнын айқындайды.

Негізгі құндылықтардың ең бастысы - бала, оның рухани - адамгершілік әлемі. Мұғалім үшін ең маңыздысы, оның іскерлігі болып есептеледі, сонымен қатар, психологиялық мәдениеттің де рөлі ерекше. Бала психологиясының дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтарды түсіну үшін қажет. П. П. Блонский мұғалімдерді «практикалық психолог» болуға шақырады. Тәрбиеленушілердің жан - дүниесін түсініп, сезініп, олардың жеке - психологиялық қасиеттерін бағалаған жағдайда ғана табысқа жете алады

Slide 13

Педагог өзін - өзі бақылап, педагогикалық іс - әрекетін дер кезінде түзете білген жөн.

Педагог оқушы тұлғасына тәрбиелік ықпал етуді біріктіре, кіріктіре білгені дұрыс. Отбасы, мектеп, достарын қамтып, мезгілінде көмекке келе білу керек. Педагог кейбір шиеленісті жағдайдан өзінің интуициясы және шығармашылығы арқылы ғана шыға алады

Slide 14

Жаттығу әдісі. Тәрбие әдісінің жүйесінде жаттығу елеулі орын алады. Жаттығу мінез - құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс - әрекетті ұйымдастыру арқылы оқушыларды тәрбиелеудің ерекше әдісі ретінде қарастырылады.

Жаттығу әдісінің құндылығы мынада: педагогикалық процесте тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары тәрбиешінің талаптарын орындаумен ғана емес, ең алдымен, осы жаттығуларды орындау барысында өзінің адам игілігіне қажет еңбегімен көріне алатындығында.

Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
«Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы»
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайында
Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы
Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес белгіленген құзіреттіліктер жүйесі бойынша анықталған тәрбиеші моделі
Педагогтың кәсіби өзін- өзі тануы және өзіндік дамуы
Педагогтың өзін-өзі тануы және өзіндік дамуы
ПЕДАГОГТЫҢ ӨЗІН - ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН КӘСІБИ ДАМУЫ
Педагогтың кәсіби өзінөзі тануы және өзіндік дамуы
Педагогтың кәсіби өзін- өзі тануы мен өзіндік дамуы туралы ақпарат
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz