Қамыс



Тақырыбы:
Қамыс
Орындаған:Қариполданов Б
Тексерген: Джаманова Г. Е
Топ: АГ -213

Жоспар:
Кіріспе
Қамыс туралы жалпы сипаттама
Негізгі бөлім
1. Қамыс өсімдігінің биологиясы
2. Қамыс өсімдігінің морфологиясы
3. Қамыстың шаруашылықта қолданылуы
Қорытынды

Қамыс (Phragmіtes) - астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қамыс жер шарында кең таралған. Негізінен, 250 - ден астам түрі белгілі, ал Қазақстанда 14 түрі бар. Оның биіктігі 2, 5 м - дей, тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік. Қамыс вегатативті буындарынан шыққан өскіндерден және тұқым арқылы өсіп - дамиды. Қыс мезгілінде қамыс арасындағы сулар қатпай, жылы болып жатады. Қамыстың жапырақтары параллель жүйкелерге жатады. Өсімдік өзіне қажетті оттегін сабағына сақтайды да «үнемдеп» пайдаланады. Ол басқа да өсімдіктермен бірге ағын суды биологиялық жолмен тазартады. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді. Қамыс шабындығына жайылған ірі қара малдардың қалдырған қилары қамыстың қысқа төзімділігін арттырады, өсіп дамуын жоғарылатады және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға қолайлы жағдай тудырады.

Дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 650 - дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, ) . Сабақтарының ұзындығы 1 - 2 см - ден 30 - 40 м - ге дейін, ал жуандығы 0, 5 мм - ден 20 - 30 см - ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары - жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі - бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша.
Морфологиялық ерекшеліктері

Қамыстың жер астындағы тамырын борық деп атайды. Борық - суда өсетін қамыс тәрізді өсімдіктің тамыры мен сабағының арасындағы шырынды, тәтті болып келетін сабағының түп жақ бөлігі.

Қамыстың гүлі
Гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан - шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады.

Қамыстың 0, 5метр шамасында өскені шөпмамық шөп деп аталады. Мал жеген кезде сүйсініп жейді, жұмсақ болады. Бірақ қамысты шабындықты жақсатту арқылы одан мол өнім алуға болады. Қамыс сиыр, жылқы, кеміргіштер (ондатр, саз құндызы) үшін бағалы азық.
Қамыстың шаруашылықтағы маңызы

Қамыстың бағалылығы, беріктігі, ылғалға төзімділігі, өңдеуге жеңілдігі мен экологиялық жағынан таза материал екені белгілі. Сондықтан қамыс ағашқа қарағанда 48% ылғалға төзімді болып келеді. Қазақстанда тақталы материалдарды тұтыну негізінен жиһаз өндірісі мен құрлыс жұмыстарында байқалады. Шетел мемлекеттерінің де қамысқа деген сұраныс артуда. Қазіргі кезде қамыстан тоқылған стол, орындықтар да саудаға шығарылуда. Қамыстың пайдасы құрылыста да қолданылады. Қамыспен үйдің төбесін жауып қана қоймай, қабырғаларын тұрғызуға да пайдаланған, ол - жылу ұстағыш таптырмас құрылыс материалы. Қамыс сабақтарын буып бақшаға қоршауын да жасаған.


Қорытынды:
Сонымен, қорытындылай келсем, жалпы, қамыс - су өсімдігі болып табылады. Сондықтан өзендердің сағасы мен көлдер, арықтардың жағасында қалың тоғай құрып өседі. Қазақстанда 14 түрі кездеседі. Тамыры жуан, жақсы жетілген, сабағы тік болады. Қазіргі кезде ел аумағында өндірілетін және құрылыста қолданылып жүрген материалдардың көбі қамыстан жасалуда. Сонымен қатар, шетел мемлекеттерінің де қамысқа деген сұраныс артуда. Қамыстан себет тоқылады, құрылыста қолданылады, химиялық өңдеу жолымен шайыр, метил спирті, сірке қышқылы, қағаз алынады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz