Ірі қара малдарының гигиенасы: ұстау жүйелері, қораның технологиялық бөлшектері және микроклимат


Slide 1

Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы:Ірі қара малының гигиенасы

Тексерген: Садуакасов М. С

Орындаған: Көкен. Б

Тобы:ВМ 305

.

Notes: қ

Slide 2

Жоспар

1) Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері

2) Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері

3) Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы

Slide 3

Ірі қара малдарының гигиенасы

Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитариялық проблема малдарды әртүрлі аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады. Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі.

Slide 4

Ірі қара малдарының қораларын жобалап-салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына (НТП) және ветеринариялық-санитариялық ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады.

Slide 5

Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитариялық проблема малдарды әртүрлі аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады. Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі

Slide 6

Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен тәсілдері

Малдардың сыртқы әсерге дене төзімділігін арттырып, олардан алынатын өнімдердің мөлшері мен сапасын жоғарлатуға бағытталған әртүрлі азықтандыру, суару, орналастыру, байлау, жаю т. б. технологиялық тәсілдердің жинағы - малдарды ұстау жүйелері деп аталады.

Slide 7

Қолда тұрғызып-жайып ұстау.

Бұл жүйе көбінесе сүт өнімін өндіруге арналған шаруашылықтарда кең таралған, себебі ветеринариялық гигиеналық тұрғыдан қарағанда бұл жүйеде ұстау кезінде малдардың физиологиялық ерекшкліктеріне сәйкес келеді де, мал организмінің табиғи төзімділігін арттыруға мүмкіншіліктер туып, малдың өнімділік қасиеттері жоғарлайды. Мұндай жүйемен ұстау кезінде сиырлардың қозғалысы шектелмей, денедегі зат алмасу процестерінің жоғарлауына, күн сәулелерінің оң әсерлері тиіп, белокқа, витаминдерге және миниралды заттарға бай азықтарды қабылдауына қолайлы жағдай жасалады.

Slide 8

Қолда ұстау.

Мұндай жүйе ірі қара малдарын көбінесе жайылым жерлері жоқ, немесе малдарды көптеп-топтап шағын жерлерде ұстағанда және аз уақыт ішінде малдарды қарқынды жолмен күтіп семірту мақсатында пайдаланады. Жаз айларында сиырларды жаюға шығармай тұрғызып ұстап, дайындалған көк шөптерді шауып әкеп орнында азықтандырады. Шағын жерлерге малдарды топтандырып тұрғызып ұстау кезінде малдардың қозғалысы шектеліп, олардың физиологиялық қасиеттеріне теріс әсерін тигізбеу үшін, мұндай жүйемен күтіп-бағуға өте жоғарғы ветеринариялық-санитариялық талаптар қойылады.

Slide 9

Жайып ұстау жүйесі

Малдар жылдың барлық мезгілдерінде де жайылымды пайдаланады. Шаруашылықты экстенсивті жолмен дамыту кезінде - көбінесе табиғи және жайлау шабындықты жерлерді пайдаланса, интенсивті даму тәсілінде-мәдени жасанды жайылымдарды қолданады. Жайып ұстау жүйесін жайылым аймақтары мол жер орайы қолайлы, ауа райы жылы шаруашылықтарда пайдаланады. Ондай кездерде малдарға арнап күрделі құрылыстар қаралмай, тек жауын шашындардан, өткір күн сәулелерінен сақтау мақсатында жергілікті арзан материалдардан жеңіл-күрке, жылыландырылмаған типті қоралар қаралады.

Slide 10

Ірі қара малдарына арналған қоралардың негізгі технологиялық бөлшектерінің көрсеткіштері

1. Ірі қара малдарына арналған қоралар мен олардың ішкі технологиялық процесстердің жабдықталуы тек мал басы мен олардың физиологиялық ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, оларды ұстау тәсілдеріне де қатысты болады.

2. Ірі қара малын тұрғызып байлап ұстау кезінде салынатын қоралар үнемді және барлық қаралатын технологиялық процесстерді жүргізуге қойылатын талаптарға сай болуын қадағалайды.

Slide 11

Ірі қара малдарына арналған қоралардың микроклиматы

Ірі қара малдарына арналған қалыпты микроклимат олардың жақсы, өнімі және ұстау тәсілдеріне тікелей байланысты болады. Сондықтан әрбір малдардың түрі, жынысы, жасы және физиологиялық ерекшеліктеріне сай келтіріп микроклимат мөлшері белгіленеді. Ондай мал организміне сай микроклиматы қорада әртүрлі жолдармен қалыпқа келтіреді

Slide 12

Микоклимат көрсеткіштерінің ішіндегі ең басты анықтағыш фактор болып ауаның төменгі және жоғарғы температурасы саналады. Ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендесе жас малдардың, әсіресе бұзаулардың өсуі 15-20 пайызға, сиырдың сүт өнімі - 15-30 пайыз кеміп, ал азықтың шығыны - 15-50 пайызға артады.

Мал қораларының микроклиматы ондағы қоршаған ортаның ауасының физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштері мен сипатталады.

Slide 13

Әдебиет

М. С. Садуақасов «Ауыл шаруашылық малдары мен құстардың гигиенасы» 2 кітап

Slide 14

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малдарының гигиенасы: ұстау жүйелері, қоралардың технологиялық талаптары және микроклимат
Ірі қара малдарының гигиенасы: қораларды жобалау, ұстау жүйелері және ветеринариялық санитариялық талаптар
Үй қояндарының гигиенасы мен ұстау жүйелері: тұқымдық ерекшеліктер, микроклимат және аурулардың алдын алу
Ірі қара малдарын ұстау жүйелері мен қораларды жобалау: ветеринариялық-санитарлық және гигиеналық нормалар
Шошқа малдарының гигиенасы және ұстау тәсілдері: қоралар мен ветеринариялық-санитарлық талаптар
Құстар гигиенасы: ұстау жүйелері, балапандар мен инкубацияның гигиенасы және қора микроклиматы
Шошқалар гигиенасы мен күтімі: биологиясы, ұстау жүйелері және фермалық технологиялық талаптар
Шошқа гигиенасы: ұстау жүйелері және санитарлық-гигиеналық талаптар
Ірі қара мал кешенін жоспарлау: ұстау жүйелері, гигиеналық талаптар және сүт өндіру мен өңдеу технологиялары
Бұрғылау кемелері: түрлері, технологиялық жабдықтары және ұстау жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz