Легенды Бизнеса



Легенды Бизнеса


Гарланд Сандерс 1890 жылы 9 қыркүйекте Америкада жұмысшы отбасында дүниеге келген. Балалық шағы қиындықпен өткен. Әкесі Генривилль қаласында ұсақ-түйек жұмыс атқарды. Анасы жұмыс істемейтін. 6-сыныпта оқып жүрген кезінде Гарландтың әкесі кенеттен қайтыс болып, оның өмірі күрт өзгеріске ұшырайды. Анасы балаларын асырау үшін түрлі жұмыстар атқара бастайды. Ал үйдегі інісі мен қарындасына қарау міндеті Гарландқа жүктеледі. Анасы үйде жоқта ас дайындауды үйренген Гарланд, сол аспаздық қасиетімен тез арада көптің мақтауына іліге бастайды. Алайда, Гарланд мектептегі сабағынан қол үзіп қалады. Ол анасына қолғабыс ету үшін көрші Гринвуд қаласына фермаға жұмысқа барады. Ауыл шаруашылығымен айналысқысы келмей, трамвай кондукторы болып орналасады. Ал бір жылдан соң Кубаға әскерге сұранады. Бірақ, әскерге қабылдануға жасы әлі жетпейтін. Сөйтіп, ол туған жылын екі жасқа ұлғайтып алады. Әскери болуды жанына жақын көрмеген Гарланд, АҚШ-тың теміржол компаниясына от жағушы болып орналасады. Осы кезде тұрақты қаражат таба бастап, ол Клавдия есімді аруға үйленеді. Осылайша, Гарланд қырық жасына дейін түрлі болмашы жұмыстардың сан түрін атқарып шығады.

Сандерстің имиджі
1950 жылдан бастап Сандерс жеке имиджін қалыптастыра бастайды. Сақал өсіреді. Көпшілік алдында тек ленталы галстугымен, ақ костюммен ғана жүреді. Өмірінің соңындағы жиырма жыл бойы ол басқа киім кимеді. Тек, қыста қалыңдау тоқыма ақ костюм кисе, жазда дәл сол стильдегі костюмнің жұқасын киініп шығатын. Бәрінің жадында ол сол қалпымен есте қалды. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінде KFC мейрамханаларының логотиптерінде сол имиджімен бейнеленген.

1. Ол атқарған жұмыс түрлері: ферма жұмысшысы, трамвай кондукторы, америкалық әскер жауынгері, ұстаның көмекшісі, паровоздың от жағушысы, соттағы заңгерлік курстардың тәлімгері, сақтандыру агенті, жүк тасушы, кеме капитаны, автокөлік дөңгелектерін сатушы және көлік жөндеуші. 2. 40 жасында өмірі өзгеріске түседі: Сандерс жеке шаруамен айналысуды ойлап, көлік жасау шеберханасын ашады. Сол жерге көлігін жасатуға келгендерге қосымша жасап сата бастайды. Ол Кентукки штатындағы Корбин бекеті еді. Бұл жол бойында ерсілі-қарсылы бағыттарда жол жүретін адам қатары таусылмайтын.
Сандерстің миллионға дейінгі бес қадамы

● Полковник Сандерстің лақап аты Мэл Брукстың «Ғарыштық жұмыртқалар» әзіл фильмінде қолданылған. Фильмнің жағымсыз кейіпкерлерінің бірі полковник Сандурз деп аталады. ● Жапон жазушысы Харуки Муракамидің «Жағажайдағы Кафка» романында полковник Сандерс кездесетін эпизодтар бар. ● Жапониядағы KFC алдында полковник Сандерстің ескерткіші бар.
Сандерс бейнесі

3. 47 жасында тұтынушылар көңілінен шыға бастағанын түсініп, жеке мейрамхана ашады. Себебі, Сандерстің шеберханасындағы қуырылған дәмді тауықтары туралы аңыз алысқа тарай бастайды. Соның арқасында ол көлік дөңгелегін жөндеуді қойып, 142 орындық мейрамханасы бар қонақүйде ас дайындай бастайды. Ол мейрамхананы көпшілік «Полковник Сандерстің кентуккилік қуырылған тауықтары» деп атап кетті. Кейін ол жер Гарланд Сандерстің мұражайы мен дәмханасына айналды. Келесі тоғыз жыл бойына ол тауықты дәмді қуырудың түрлі әдістерін ойлап табумен шұғылданады. 1935 жылы губернатор Руби Лафонның қолынан «Кентукки полковнигі» құрметті атағын алады. Ал 1950 жылы губернатор Лоренс Везербидің қолынан осы атаққа екінші мәрте ие болады. Шын мәнінде, Сандерс ешқашан әскери қызмет атқарған емес. Полковник атағы оған қоғамдық белсендігі үшін берілген. Жеке ісі дами бастағанда Гарланд қоғамдық жұмыстармен белсенді түрде айналыса бастайды. 4. 62 жасында полковник Сандерс ісі тоқырауға ұшырайды. Өйткені, оның мейрамханасы сәтті орналасқан жол торабының бағыты өзгеріп, оның тұтынушылары күрт азаяды. Сол жасқа дейін жеке мейрамханасы бола тұра, Сандерсті миллионер деу қиын еді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz