Геоақпараттық жүйелер. MapInfo



.
Геоақпараттық жүйелер.
MapInfo.

Жоспар.
ГАЖ туралы анықтама.
Mapinfo бағдарламасы.
I. Arc Gis бағдарламасы.
II. Мүмкіншілігі.

ГАЖ бағдарламалары
ГАЖ-технологиясын картографиялауда және жерге агроэкологиялық бағалау жасауға қолдану үшін сәйкесінше базалық және аппараттық қамтамасыздықты қажет етеді. Қазіргі кезде қолданылатын әртүрлі ГАЖ бағдарламалық ішінен Қазақстанда да және басқа елдерде де кеңінен қолданылатын 2 пакетті айтуға болады. Бұл ArcGIS (және оның жеңілдетілген нұсқасы ArcView) және MapInfo пакеттері. Қазіргі уақытта MapInfo бағдарламасын қолдану ұсынылады, ол түрлі ГАЖ жасауда үлкен мүмкіндіктерімен, салыстырмалы арзан бағасымен, жақсы орысшалануымен, басқа таралған ГАЖ бағдарламаларымен және Windows операциялық жүйелерімен үйлесімділігімен, жаңа нұсқаларының жиі шығуымен ерекшеленеді.
ГАЖ бағдарламасынан басқа сәйкес келетін операциялық жүйе (MS Windows 2000/XP Pro және басқалары), офистік пакет (әдетте, MS Office), графикалық редактор (әдетте, Adobe Photoshop), диск жазушы бағдарлама және антивирус қажет. Цифрлау жұмысын векторизациялау-бағдарламалары (мысалы, Еasy Trace) айтарлықтай жеңілдетеді.

Геоақпараттық технологиялар адамзат қызметінің көптеген салаларында, әсіресе табиғатты қорғаумен байланысты тапсырмаларды шешуде пайдаланылады. Қазіргі кезде қоршаған орта өзгерістері, мониторингі, анализін картографиялау тапсырмаларын шешуге көмектесетін Жерді арақашықтықтан зондылау (ЖАЗ) мәліметтерін пайдаланбайтын ГАЖ-ды елестету мүмкін емес. ЖАЗ геоақпараттық мәліметтерді алудың ең жедел (оперативті) көзі болып табылады. Яғни, ол ГАЖ ақпаратын маңызды (актуалды) жағдайда сақтайтын негізгі көз болып табылады, әсіресе егер маңыздылық факторы шешуші роль атқаратын болса (әскери бақылау, апаттық кедейленуді бақылау, экологиялық мониторинг, табиғат ресурстарын бақылау және т. б. ) . Жаһандық интеграция мәліметтері жүйесі ретінде ГАЖ-ға қызығушылықтың өсуі геоақпараттық өнім нарығын кеңейту әдістері мен ГАЖ-да ақпаратты өңдеу мен жинау әдістерін іздеуді жеңілдетеді.

Mapinfo бағдарламасы
MapInfo - қолданбалы геоақпараттық жүйе, ол келесі жұмыстарды іске асыруға арналған:
- карталарды құрастыру және оларды өңдеу;
- карталарды безендіру және оларды көзбен шолу;
- тақырыптық карталарды құру;
- графикалық және семантикалық ақпаратты кеңістіктік және статистикалық тұрғыда талдау;
- геокодтау;
- мәліметтер базасымен жұмыс жасау, соның ішінде ODBC бойынша карталарды принтер/плоттер немесе графикалық файлдардан шығару.

MapInfo-дағы мәліметтер карталар, диаграммалар мен кестелер түрінде де қарастырыла береді және қандай да бір кесетедегі мәліметтерді өзгертсе, ол басқаларын да толығымен қамтиды. Географиялық ақпараттық жүйелердің ішіндегі MapInfo ең қолайлысы. Себебі MapInfo- да адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас өте жақсы дамыған. Онда картографиялық және семантикалық берілгендермен жұмыс істеу өте ыңғайлы. MapInfo БҚБЖ құрастырылған түрде жұмыс істейді. Ол DBF, XLS, ASCEL форматындағы SQL сұраныс файлымен және Oracle, Sybase, ODBC серверіндегі берілгендермен жұмыс істейтін SQL, Data link- пен жұмыс істейді. Arc link көмегімен Arc /info мәліметтерін алмастыруға болады ал, Universal Translator көмегімен келесі қатарда берілген форматтарды сипаттауға және экспорттауға болады: MapInfo mid / miff, ESRI, Shape, Intergraph / Micro station Design, AutoCAD, dwg/ dxf.

ArcGIS - геоақпараттың жаңа буыны

ArcGis - бұл геоақпараттық жүйені (ГАЖ) құруға арналған бағдарламалық өнімдердің шоғырланған жиынтығы.
ArcGis, кеңістіктік мəліметтерді құруға, басқаруға, интеграцияға, талдауға, бейнелеу жəне көрсетуге қолданылады.
ArcGis-дің бағдарламалық өнімдері, ГАЖ-функционалдық пен бизнес-логика қажет етілетін барлық жерлерде үстел үсті, серверлік жəне тұтынушы қосымшаларында, WEB арқылы, «алаңда» немесе ұтқыр құрылғыларында қолдануға мүмкіндік береді.
ArcGis бағдарламалық өнімдерінің сызғышы «үйлесімділік» ұранымен өңделініп, СОМ, Net, Java, XHL, SOAP объекттік архитектурасын қосқанда, компьютерлік саланың стандарттары негізінде құрылған.
ArcGis архитектурасының ауқымдылығы бағдарламалық қамтамасыздандырудың көптұтынушылық саралауы мен мəліметтерді жаңартуға арналған бірыңғай ортаның қажет болуы, жеке тұтынушылар мен ірі компанияларға бағдарламалық қамтамасыздандырудың біркелкі келетіндігін білдіреді.

ArcGIS
АгсСаtalog - геомәліметтердің базасын құрастыру мен кеңістік мәліметтерді басқару үшін, сонымен қатар, метамәліметтерді құру, көру, басқару сияқты функцияларын атқаратын қосымшасы. Біздің ГАЖ-дың барлық мәліметтерін құрылымдауға және басқаруға көмектеседі. Ол географиялық мәліметтерді іздеуге, көруге арналған инструменттер, метамәліметтерді құрастыру, көру, басқару, әртүрлі мәліметтер жиынын тез ашып көруге, географиялық мәліметтерді құрылымдауға арналған құралдар ұсынады. АгсМар-қа ұқсайды, бірақ ерекшелігі - редакция жасалмайды.
АrсТооlbox - мәліметтерді геоөңдеудің конвертациясы. Геомәліметтерді өңдеуге арналған көптеген құралдарды сақтайтын қосымша.
АгсМар, АгсСаtalog және АгсТооlbox әртүрлі ГИС-функцияларды біріге отырып өңдейді. Мысалы, АгсСаtalog-та картаның документін табамыз да, оны АгсМар-та екі рет шерту арқылы ашуға болады. Кейіннен АгсМар-та АгсТооІЬох көмегімен өзгертулер келтіруге болады.

ArcGIS бағдарламалық өнімдеріне арналған қосымша модульдер
Жұмыс пен кеңейтілген кеңістіктік талдаудың өнімділігін арттыруға арналған мамандандырылған ГАЖ құралдары ESRI компаниясы ArcGIS негізді өнімдерінің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтетін қосымша модулдердің кең спектірін ұсынады. Осы модульдердің барлығы ArcGIS Desktop-пен жұмыс жасайды (ArcView, ArcEditor, ArcInfo), олардың көбі ArcGIS Server сызғышының серверлік өнімдеріне жəне қосымшаны (ArcGIS Engine) өндеу ортасына қол жетерлік. Жалпы архитектурасы, тұтынушы оқытуға кеткен шағындарды төмендететін осы модулдермен ендіру мен жұмыс жасауды мəнді жеңілдетіп, ArcGIS өнімдерінің барлық тобына біркелкі модулдерді қолдану ыңғайлығын қамтамасыз ету.

Аналитикалық модулдер
ArcGIS Spatial Analyst Мəліметтердің кеңейтілген кеңістіктік талдауы
ArcGIS 3D Analyst Үш өлшемді мəліметтерді талдау жəне реалистік
көрсету
ArcGIS Geostatistical Analyst Кеңістіктік мəліметтерді зерттеуге арналған
дамыған статистикалық əдістер
ArcGIS Network Analyst Маршруттау, жақын пункттерді табу, қызмет көрсету
зонасын талдау күделі есептерін шешу
ArcGIS Schematics Құрылымды табу жəне жедел шешімдерді қабылдауға
арналған желілерді əр түрлі жоспарда ұсыну
ArcGIS Survey Analyst Далалық өлшеу мəліметтері мен кадастрлік мəліметтерді
сақтау, өңдеу жəне басқарудың бір ортаға бағынуы
ArcGIS Tracking Analyst Уақыт бойынша мəліметтерді өзгерту заңдылығы мен
тенденциясын табу жəне талдау

ArcGIS 3D Analyst модулі
ArcGIS 3D Analyst модулі ақпараттың үш өлшемді визуализациясына арналған дамыған құралдарын, беттерді құруға арналған құралдар мен талдау функциялар жиынтығын ұсынады. Оның көмегімен интерактивтік тəртіпте үш өлшемдегі үлкен массивті растрлік жəне векторлық мəліметтерді көруге, объектілер мен құбылыстарды көрсететін үш өлшемді шартты белгілерді қолдануға болады.

Жердің үш өлшемді көрінісіне арналған ArcGlobe қосымшасы ArcGIS 3D Analyst құрамына енеді. Осы қосымшаның көмегімен географиялық мəліметтерді бүкіл планета ауқымында ғана емес, сондай-ақ жергілікті контекстте көруге болады. ArcGlobe қосымшасы үлкен көлемді растрлік жəне векторлық мəліметтермен, бедер үлгілерімен, аэро жəне космосуреттермен жұмыс жасай алады.

ArcGIS 3D Analyst:
• Үстімен ұшу жəне анимацияны құру мүмкіндіктерімен, жер бетінің сфералық үлгісін көрсетуге
• Жер асты денелерді қосып, Жер бедерін құру мен көрсету
• Объектілердің өзра көрінісін анықтау мен көріну аймағын есептеуге, бедерді есепке алып, қолайлы жол қозғалысының профилі мен коридорын (дəліз) құруға
• Лазермен сканерленген мəліметтерді көрсетуге, KML пішімдегі файлдарды көруге жəне құруға
• Қисық сызықтарды құруға
• SketchUp, 3D Studio жəне OpenFlight форматындағы үш өлшемді үлгілерді импорттауға.
• Базалық мəліметтер қорлары ретінде ақысыз үш өлшемді ArcGIS Online Services сервисін қолдануға
• Аудандар, көлемдер, еңістер, бағыт-бағдарлар есептемесін орындауға, бедер бояуларын құруға мүмкіндік береді.

Мұнай-газ аумағында қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешу үшін ГАЖ бағдарламаларын қолдану
Өңделген ГАЖ келесі компоненттерден тұрады:
Экологиялық жағдай туралы мәліметтер базасы;
Табиғатты қорғау технологиялары туралы мәліметтер базасы;
Табиғатты қорғау технологияларын таңдау және территория жағдайын талдаудың бағдарламалық құрылғылар кешені.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz