Электрондық үкімет порталы мен оның ұсынатын қызметтері


Slide 1

СӨЖ

Орындаған : Рахимбекова А. С.

Тексерген : Жаксыгулова Д. Д.

Топ : БЛ-509

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі. Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Аграрлық факультеті.

Slide 2

“Электрондық үкімет” (e-Government) барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін және оларға Интернет, электрондық терминалдар немесе тіпті мобильдік телефонның көмегімен халыққа және де тек жеке тұлғалараға ғана емес компанияларға да немесе кәсіпкерлерге де қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін жүйе, барлық қолданыстағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері азаматтарға және бизнес- құрылымдарға қызметтерді көрсетуге бағытталған және “электрондық үкімет” инфрақұрылымына ықпалдастыруды ескерумен құрылуда.

Slide 3

Электронды өкімет. e. gov. kz сайтының қызметі

«Электрондық үкімет» порталы (www. egov. kz) - мемлекеттік органдар қызметіне онлайн режимде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Slide 4

Электрондық үкімет порталы мен оның ұсынатын қызметтері

«Электрондық үкімет», яғни, egov. kz порталын ұйымдастыру төрт кезеңге есептелген болатын. Бірінші, 2005-2007 жылдар ақпараттық кезеңге арналды. Ол кезде біз сайттарға кіріп, тек қана ақпарат алатын едік.

Екінші, 2007-2009 жылдар интерактивті кезең болды. Бұл кезде порталдан тек алғашқы анықтамаларды ала бастадық. Мысалы, салық төлеушінің нөмірін алуға мүмкіндік болды.

Ал үшінші 2009-2010 жылдар - транзакциялық кезең. Бұл кезеңде порталда бір қызметті жасай отырып, екінші қызметтің шешілуіне қол жеткіздік.

Төртінші кезеңде, яғни, қазір біз «Электрондық үкімет» порталының кешенді қызмет түріне қол жеткіздік.

Slide 5 Slide 6

Қолтаңбаңыз болса…

«Электрондық үкімет», яғни, egov. kz порталындағы қандай да бір мемлекеттік электрондық қызметті пайдалану үшін міндетті түрде электрондық-сандық қолтаңба қажет. Алмас Толықбаевтың айтуынша, қазір елімізде 650 мың адамда электрондық-сандық қолтаңба бар. Қазір порталға күніне 25 мың адам кіреді. Егер электрондық-цифрлық қолтаңбаңыз болса, қажет анықтамаларды порталдан сол сәтте алып, сұраған мекемеге жібере саласыз. Әзірге порталда 74 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылған.

Slide 7 Slide 8

eGov. kz порталының ең танымал электрондық қызметтері

Slide 9

Мекенжай анықтамасы

Пайдаланушылардың ең жиі сұранысына ие құжаттардың бірі - мекенжай анықтамасы. Онда мекенжай бойынша тіркелу туралы мәліметтері, яғни есепке тұру уақыты мен мекенжайы көретілген мәлімет сақталады. Бұл анықтаманы бірнеше минуттардың ішінде тегін түрде ХҚКО-да, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Оның әрекет ету мерзімі - алған уақыттан бастап 10 күнтізбелік күн. Өз ЭЦҚ бар азамат басқа адамның атына бұл анықтаманы ала алмайтындығын ескеру қажет.

Slide 10

Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтар туралы анықтама (№2 формадағы анықтама)

Жылжымайтын мүлікпен байланысты сату, сатып алу немесе жалға беру кезінде, тұрғын үй немесе жер телімін алуға кезекке тұру секілді кез келген операцияларда ауыртпалықтар туралы анықтама қажет. Қайырымды сатушы барлық қызуғышылық танытқан сатып алушылардың сұрауы бойынша осы анықтаманы артық сұрақтарсыз ұсынуға міндетті. Сәйкесінше, сатып алушы оны өз бетімен алып, алғалы жүрген жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтардың болуын тексере алады. Естеріңізге салып өтейік, ауыртпалықтар болып қамау, кепіл, сенімхаттық басқару құқығы, мемлекеттік орган тарапынан салынатын шектеулер және өзге де ауыртпалықтар саналады («Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 5-бабына сәйкес) . Анықтама мүлік құқықтарын ресімдеуду жеңілдетіп, сатып алушыны адал емес сатушылар тарапынан орын алуы мүмкін «алаяқтықтан» қорғайды. Анықтаманың әрекет ету мерзімі - 1 күн.

Slide 11

Жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтама (№6 формадағы анықтама)

Жылжымайтын мүлік болмаған жағдайда, анықтама азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша ипотекалық несиелерді, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін алу үшін қажет болады. Жылжымайтын мүлік болған жағдайда, анықтама жылжымайтын мүлікке құқық орнатушы құжат болып табылмаса да, алушы үшін жылжымайтын мүліктің нақты оған тиесілі екендігін растайтын құжат ретінде қызмет ете алады.

Slide 12

Зейнетақы аударымдары туралы анықтама

Жеке тұлғаларды несиелендіру саласында барлық жерде талап етілетін ең танымал анықтамалардың бірі. Банктердің талаптарынан бөлек, оны жеке зейнетақы аударымдары сомасын тексеру үшін жеке мақсаттарда да алуға болады. Бұл анқытамада күні, сомасы, зейнетақы аударын жіберуші және ақшалай қаражат өтетін зейнетақы фондтарының атауы бойынша мәлімет бар. Сондай-ақ мекенжай анықтамасы секілді, өз зейнетақы аударымдары туралы мәліметті жеке ЭЦҚ болған жағдайда алуға болады.

Slide 13

Тіркелген заңды тұлға туралы анықтама

БСН номері болған жағдайда ҚР аймағында тіркелген кез келген заңды тұлға туралы анықтаманы лезде алуға болады. Анықтамада келесідей мәліметтер сақталады - заңды тұлғаны тіркеу нөмірі, тіркеу күні, атауы, заңды мекенжайы және қызмет түрі, басшылығы, құрылтайшылары туралы мәліметтер. Заңды тұлғаның өзі бұл анықтаманы банктердің, соттардың, нотариустардың, тіркеу органдарының талаптары бойынша, сондай-ақ бірқатар өзге де жағдайларда ұсынады.

Slide 14

Балаларды балабақшаға кезекке қою

ЭЦҚ-ны қажет етпейтін бұл қызмет ата-аналар арасында үлкен танымалдылыққа ие. Себебі өз балаңды білім бөлімдері мен ХҚКО-ларға бармай-ақ, балабақшаға кезекке қойған өте ыңғайлы. Өтінім беру кезінде 1-3 балабақшаларды (аймақтарға байланысты) және қалаған оқыту тілін таңдауға болады. Кезекті бақылау бойынша қолданылатын автоматтандырылған жүйе портал немесе ЦОН және білім бөлімдері арқылы өтінім берген адамдарға кез келген уақытта кезек нөмірін қарауға мүмкіндік береді

Slide 15

Некені тіркеуге өтініш беру

Некені портал арқылы тіркеу ыңғайлығын жас жұбайлардың басым бөлігі бағалай білді. Бір қарағанда өзгеше болып көрінетін бұл тәсілдің астарында барынша қарапайым және өмірлік себептер жатыр. Жас жұбайлардың барлығының бірдей АХАЖ бөліміне бірге келіп, некені тіркеуге өтініш беруге мүмкіндіктері бола бермейді. Сондай-ақ егер жастар әр түрлі қалаларда болса немесе өз уақыттарын үнемдеуді қаласа, өтініш берудің электрондық түрі - таптырмас құрал. Жоспарлы некелесу күнінен 30 күнтізбелік күн бұрын онлайн-өтінішті толтырып, мемлекеттік баж салығын төлеу ғана.

Slide 16

Сотталғандықтың болмауы туралы анықтама

Бұл анықтама өмірдегі бірқатар жағдайларда қажетті құжаттардың бірі болып саналады. Мәселен, мемлекеттік болсын, кейбір жеке мекемелерге болсын жұмысқа орналасу кезінде бұл анықтама қажет-ақ. Ол тұруға рұқсат, шетелдік азаматтылық пен виза алуда, сондай-ақ қамқорлық және бақылау органдарында бала асырап алу мәселесін шешуде қажет болуы мүмкін. Оны порталда алу үшін өтінімге өз ЭЦҚ-ңыз арқылы қол қою ғана қажет. Содан соң 3 жұмыс күнінің ішінде анықтама порталдағы тікелей сіздің жеке кабинетке келіп түседі.

Slide 17

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

2013 жылдың басынан бастап заңды тұлғаны портал арқылы, үйден шықпай-ақ бір күннің ішінде тіркеуге болады. Жаңа заңды тұлғаны тіркеу үшін ХҚКО-ға барған жағдайда, операторлар бәрібір порталдың электрондық қызметін пайдаланады. Бірақ, қайта құру нәтижесінде құрылған заңды тұлғаны тіркеу ХҚКО-да өтетіндігін атап өту керек. Бұл жағдайда үдеріс 3-тен 25 күнге дейін созылуы мүмкін (кәсіпорын көлеміне байланысты) . Сондай-ақ жаңа заңды тұлғаны онлайн-тіркеу үдерісі «Өз бизнесіңді egov. kz арқылы қалай тіркеуге болады» атты жеке мақалада толық сипатталған.

Slide 18

Жеке кәсіпкерді тіркеу

Жоғарыда сипатталған қызметпен сәйкесінше, пайдаланушылар арасында жеке кәсіпкерлерді/нотариустарды/қорғаушыларды есепке онлайн-қою танымалдылыққа ие болып келеді. Бірнеше алаңдарды толтырған соң, үш жерге белгі қойып, мемлекеттік баж салығын төлеу арқылы тіркеу есебі туралы электрондық өтінішті, салық органына бармай-ақ, жіберуге болады. Сұраным 1 жұмыс күнінің ішінде өңделіп, сәтті тіркелу туралы хабарлама келеді.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Egov.kz сайтының қызметі
Дәрігердің қабылдауына жазылу қызметінің нұсқамасы
Электронды үкімет. Egov.kz сайтының қызметі
Электронды үкімет. e. gov. kz сайтының қызметі туралы ақпарат
Электрондық үкімет қызметтері
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Қазақстанның электрондық үкіметі
Электронды өкімет және e.gov.kz сайтының қызметі
Электронды өкімет
Электронды үкімет, e. gov. kz сайты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz