Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сенсорлық дамуы



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ №14
Тақырыбы: Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сенсорлық дамуы
Орындаған: Төлеуханова Айдана П-407
Тексерген:Кулмышева Н. А.

Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сенсорлық дамуы

Баланың сенсорлық дамуы
Баланың сенсорлық дамуы - бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т. б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын.

Ғалымдардың ойлары . . .
Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф. Фребель, М. Монтессори, О. Декроли т. б. ) толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.

Сенсорлық даму
Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері - есте сақтау, ойлау, елестету - қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес

«Сенсорлық мәдениет»
«Сенсорлық мәдениет» ұғымы мектепке дейінгі педагогикаға М. Монтессоридің жұмыстарының арқасында енді. Бірақ, ол мұндай мәдениетке қол жеткізу үшін баланың сезім мүшелерін заттардың түсін, көлемін, пішінін ажыра білуге жаттықтырып отыру жеткілікті деп санаған. Мұндай көзқарас қате еді. Баланың сенсорлық мәдениеті - адамзат жасаған сенсорлық мәдениетті меңгеру нәтижесі. (заттардың түсі, пішіні туралы жалпыға ортақ қабылдаулар) .

Әр жаста сенсорлық тәрбиелеу алдында өзіндік мақсаттар тұрады, сенсорлық мәдениеттің белгілі бір бөлігі қалыптасады.
Үш жастағы балалар қарапайым өнімді әрекеттерді орындай алады (мозаика құрастыру, құрылыс материалдарынан қарапайым заттарды жинау) . Бірақ ол кезде олар көрген заттар мен қолданылатын материалдардың қасиеттеріне аса назар аудармайды, өйткені олардың маңызын түсінбейді және оған назар салмайды. Сондықтан балаларды қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету кезінде, әр бала пішін, көлем, түс - заттардың тұрақты белгілері екендігін ұққан жөн. Үш жас кезінде балаларды сенсорлық тәрбиелеудің дайындық кезеңі аяқталады және ары қарай олардың сенсорлық мәдениетті жүйелі меңгеруді ұйымдастыру басталады.
Үш жастан бастап әрекеттің өнімді түрлеріне оқыту жүйелі және жоспарлы сипатқа ие.

Сенсорлық тәрбие бойынша 2-3 жасқа дейінгі бағдарламаның талаптары:
8 түсте бағдарлау, олардың атауларын атау, үлгі бойынша тандау;
Үш және одан да көп қарама-қарсы шамаларда бағдарлау;
Әртүрлі шамадан 5-8 сақиналардан тұратын пирамиданы жинау;
Жазық суретпен көлемді, геометриялық пішіндерді, кескінді ара қатынасын
белгілеу, үлгі бойынша қою (әртүрлі шамаларды қосымша беттерге жайып
қойып немесе тақтайшада ұқсас формаларға орналастыру) .
4 бөліктерден тұратын ойып жасалған суреттерден, бүтін қойма текшелерді
Құру
Форма бойынша заттарды танып білу (текше, кірпіш, шар, призма) ;
Жазықтықтағы пішіндерге (шеңбер, сопақша, шаршы, тік төртбұрыш) байланыста бағдарлау;
Түс, пішін, шама бойынша біркелкі заттарды салыстыру, ара қатынасын белгілеу, топтау;
Заттардың пішіндерін саусақтармен сұлба бойынша
жиектеу;
Парақ шеңберінде тік, көлденең, дөңгелек, қысқа және ұзын сызықтарды өткізу

Сенсорлық тәрбие
Сенсорлық тәрбие - балалардың сенсорлық процесінің мақсатын жетілдіру, (сезінулерді, қабылдауларды, ұсыныстарды) дамыту.
Сенсорлық тәрбиенің мақсаты: балалардың сенсорлық қабілеттілігін қалыптастыру.
Міндеттері:
1) Балалардың естілім жүйелерінің әсерлерін қалыптастыру;
2) Балалардың сенсорлық эталондар жүйелерінің әсерлерін қалыптастыру;
3) Балалардың танымдық пен практикалық әрекетте естілім және сенсорлық эталондар жүйелерінің әсерлерін өз бетінше қабылдауды қалыптастыру.

Балаларда аналитикалық дамыту
Балаларда аналитикалық дамытудың ерекше мақсаты: түстер үйлесімін ажырата білу, заттар пішінін бөлшектеу, мөлшерлеудің жеке өлшемдерін анықтау. Осы мақсаттардың негізінде дидактикалық ойындар мен жаттығулар жүйесі жасалған.
Ұсынылған жүйе көмегімен жүзеге асырылатын сенсорлық тәрбиелеудің әрекеттің өнімді түрлеріне оқыту (сурет салу, т. б. ) кезінде жүргізілетін сенсорлық тәрбиелеумен байланысы туралы мәселе маңызды болып табылады. Әрекеттің өнімді түрлері баланың үш жасында қалыптаса бастайды, бірақ осы жаста оқыту маңызды орын алмайды. Сондықтан ерте жастағы балаларға өнімді әрекетті және сенсорлық тәрбиелеу бойынша дидактикалық ойындар мен жаттығуларды шектеудің мағынасы жоқ.
Үш жастан бастап әрекеттің өнімді түрлеріне оқыту жүйелі және жоспарлы сипатқа ие.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ №15
Тақырыбы: Кіші мектеп оқушылырының танымдық процестерінің дамуы.
Орындаған: Төлеуханова Айдана П-407
Тексерген:Кулмышева Н. А.

Кіші мектеп оқушылырының танымдық процестерінің дамуы.

Кіші мектептегі оқушылардың психикасының дамуының негізгі бағыттары.
3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді. Бұл кезде бала алғашқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғарғы жүйке жүйесінінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см ге артса 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10 см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі, кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қан айналымы жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жасында 1 жаспен салыстырғаннан 4-5 есе артады.

Ұлы педогогтардың пiкiрiнше, мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды көңілінің дамуы оның тәрбиесiнiң ең маңызды шарттарының бiрi болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды күйзелуі болашақта жеке тұлға болып қалыптасуы үшін қауіп-қатер тудырады. Баланың iшкi эмоция көңіл-күйінің қатынасы әлеуметтік жағдайы даму үшін ықпал етеді. Міне осыған орай мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды, әлеументті және адамгершілік жағынан дамуы тығыз байланысты деген ұғым қалыптасады.

5 жасқа келгенде қимыл- қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру, жүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы шана велосипед тебуді үйренеді. Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына байланысты баланың грамматикалық сөздік қоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің берген тапсырмасын және қарапайым еңбек әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет-дағдыларды меңгеру де бала психикасының дамуына ықпалын тигізеді. Ертегі мен әңгімедегі кейіпкерлерге өзінше баға беріп, эстетикалық талғамы артады. Бала 6 жасқа келгенде қарқынмен дамып, дене бітімі күрделінеді, барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу-әрекетін орындаған да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. 6 жасқа келгенде сөздің тура және жанама мағынасын түсінеді. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделініп, өмірдің барлық шындықты бейнелуді көздейді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні.
Сангвинник. Күшті қозғалғыш тепе-теңдік тип. Реакция туғызу қабілеті жоғары. Кейде әлсіз нәрсеге де, қатты мардымсыз бір нәрсеге де ашуланып қалады. Оның мимикасы, қимыл-қозғалысы белсенді. Өмір жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіш. Өзінің көңілі ауған іс-әрекетіне барлық ынтасымен кіріседі. Іс-әрекеттің барлық ынтасымен кіріседі. Ол тәрбиеге тез үйренеді. Өзінің сезгіш ерік күші жақсы дамыған, өзін көпшілік ортады жақсы ұстайды. Жылдам қимылдайтын, тез сөйлейтін жаңаны тез қабылдағыш, зейінді айналасындағылармен тез тіл табысып кететін, көпшілік орта да өзін еркін көңілді ұстайтын тип.

Холерик.
Бұл күшти тип. Кез-келген іске барлық күш жігерімен кіріседі. Белсенді, бірақ реакция туғызу қабілеті белсенділігіне қарағанда басымырақ. Сондықтан да бетімен кеткен, ұстамсыз, шыдамсыз, күйгелек, сангвинник сияқтытез икемділгіш емес.

Флегматик.
Күшті тепе-теңдігі бір қалыпты тыныш тип. Эмоциялық қозуы бір қалыпты жайбарақат оның жарқырап қуаны да қайғыруы да қиын. Бүкіл тптағы балалар бір затқа қатты күліп жатса, ол ол өзінің сабырлы қалпын сақтап қала береді. Тіпті үлкен қолайсыздық пен сәтсіздікке жолықса да өзін байсалды ұстайды. Эмоциялық күйі бет бейнесінен байқалайды. Қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі бірқалыпты қайрат-жігері күшті, жұмысқа қабілеттілігімен ерекшеленеді. Реакция туғызғаннан белсенділігі басымырақ, шыдамды, өзін-өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Тапқырлығы, зеректігі жоғары, зейінін жылдам шоғырландыра алмайды. Икемсіз әрекеттің жаңа түріне үйрену жаңа ортаға бейімделіп кетуі қиын жүзеге асады. Тез тілтабысып кете алмайды. Өз пікірін сыртқа шығарып айтуға да қиналады.

Мелонхолик
Әлсіз тип, өте сезімталдығы жоғары, тез жараланғыш, оларды әлсіз тітіркендіргіштер мазалайды. Сондықтан да сәл ұсақ-түйектің барлығына қатты мұңаяды немесе ашуланады. Бұлар болмашы нәрсеге көзіне жас алып, жылай салады. Мимикасы, қимыл-қозғалысы мәнерсіз болады, сөйлегенде даусы естілмейді, жай жылайды, сирек күледі, бірақ оқыс қатты күледі. Белсенділігі төмен, сабақта қолын көтереді. Оның өзінде бір көтеріп, бір түсіріп, өзіне-өзі күмәнданып отырады. Қорқақ, жалтақ, ерік күші әлсіз табансыз жұмсақ, қабілетсіз, тез шаршайды. Зейіні ырықсыз тез ауытқып кетеді, психолгиялық шапшаңдығы баяу.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің дамуы.
Ойлаудың негізгі ойлау жолы - көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық және кезең соңында сөздік ойлауға ауысуы. Ойлаудың негізгі түрі - көрнекі образдық болып табылады, бұл Жан Пиаженінің терминологиясына сәйкес келеді.
Мектепке дейінгі кезеңде бала образды ойлауда болады, себебі, ол әлі үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы Л. Ф. Обухованың экспериментінде қарастырылады. Ж. Пиаже біздің балалар үшін кейбір сұрақтарды қайталайды.

Кіші мектеп оқушыларының мынындай ойлауының ерекшеліктері болады.
Біріншіден, 5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын ойланған сөздік формада беріледі.
Екіншіден, соған байланысты баланың орындайтын әрекетінің мәні өзгереді.
Үшіншіден, әртүрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үдерісінің мәні өзгереді.
Төртіншіден, көрнекілік амалдық ойлау жоққа шығарылмайды, жоғалып та кетпейді. Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты.
Баланың ойлауының дамуына түрлі іс - әрекет әсер етеді. Іс - әрекет түрлері өз тарапынан баланың сана сезімінде өзінше із қалдырады. Өйткені бала психикасының өзі іс - әрекетінің барысында дамып, қалыптасып отырады. Іс - әрекеттен тыс тіршілік болмайды, онсыз психика да дұрыс дамымайды. Іс - әрекеттің түрлері ойын, оқу, еңбек әртүрлі формадағы белгілі бір мақсат пен міндеттерге бағытталып отырады.

Кіші Мектеп оқушыларының сөйлеу үдерісінің дамуы.
Жалпы кіші мектеп оқушыларының үлкендерге тиісті ауызша сөйлеудің барлық түрін меңгереді. Монолог сөйлеу, әңгіме айту дағдысы қалыптасады. Ол үлкендерге көргенін жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар сол нәрсеге байланысты өз алған әсерін де жеткізе біледі. Құрбыларымен қарым - қатынас кезіңде диалогты сөйлеуі дамиды. Эгоцентрикалық сөйлеу балаға әрекеттер жоспарлап, жүйелеуге көмектеседі. Бала алдағы әрекеттің жоспарын құрып, міндеттерін орындау тәсілін талқылайды, сөздердің жаңа формаларын қолдану, ашық түрде айту, осы кезеңдегі балалардың қарым - қатынасының жаңа міндеттеріне байланысты.

Ситуациялық сөз дегеніміз өзара әңгімелесіп отырған адамдардың өздеріне ғана түсіңікті сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін түсініксіз сөз. Ситуациялық сөйлеуге тән қасиет жобалап қана түсінуге болатын бастауышы түсіп қалған сөз. Бірақ ол көпшілік жағдайда есімдікпен ауысады, яғни «ол, олар» деген сөздерді пайдаланады.
Бала тілін дамыту үшін жұмбақ шешу, ертегі айту, тақпақ жаттаудың маңызы зор. Бала 5 жастан бастап, әңгіменің мазмұнын өз бетінше құрастырып, айтып бере алады, соның нәтижесінде диалогты және монологты сөздік қоры дамиды.
Тілдік материалдар негізінде байланысты сөйлеу ішкі сөйлеумен тығыз байланыста болады. 5 жастағы балалардың ойы тілдің қозғалуымен еріннің жыбырлауы және өз ойын сыбырлап сөйлеу арқылы жүзеге асады. Өйткені адам өзінің ойының мазмұнын жақсы біледі. Балалар үшін ішкі сөйлеу өте қысқа және икемді болады. Атақты психологтар А. А. Люблинская, Л. С. Выготский, Жан Пиаже зерттеулерінде 4-6 жастағы балаларда эгоцентрикалық сөз формасы басым болады. Бірақ эгоцентрикалық сөз 6 жастан кейін қалу керек.

Кіші мектеп оқушыларының ес үдерісінің ерекшелігі.
Кіші мектеп оқушыларының ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделеңгендігі байқалады. 3-4 жастан бастап бала қоршаға ортамен жан - жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс - әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай - ақ, іс - әрекеттің орындалуы барысында байқаусызда, материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.

Зинаида Михайловна Истомина 3-тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының 3 дәрежесін анықтаған.
I дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.
II дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай - ақ жүзеге асады.
III дәрежесінде бала еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс - тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады
.
Еске сақтаудың осы II және III дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді.
Бала 6 жасқа келгенде тек механиккалық есі емес, сөз логикалық есі жақсы дамығынын байқауға болады.

Баланың сөз логикалық есін дамытуда оқу әректімен шұғылдануының маңызы зор. Осы кезеңдегі сөз - логикалық естің жүзеге асуының өзі 3 кезеңнен өтеді:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz