Баланы мектепке психологиялық даярлаудың теориялық мәселелері

Баланы мектепке психологиялық даярлаудың теориялық мәселелері.

Бүгінгі  күнгі  баланың  мектепке  дайындығын  анықтауға  оның  психологиялық  және   физиологиялық  дамуы  басты  назарда  болып  отыр. Психологиялық  дайындықтың  құрылымы  мынадай бөліктерге  бөлінеді:

Жеке дайындық Зияткерлік дайындық. Әлеуметтік-психологиялық дайындық Физиологиялық дайындық.

Мектепке алғаш бару...

Мектепке алғаш бару — бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде  көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға  психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа  кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді.  Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Жеке дайындық

Баланың  жаңа  қоғамдық  ортаға  дайындығының  қалыптасуы  бірнеше  құқықтар  мен  міндеттерді  қамтитын  мектеп  ережесінен  тұрады. Мектепте  оқуға  дайын  оқушы-мектепке  қажетті  оқу  құралдарын (портфель,оқулық,дәптер,  және  т.б) түгелдеп  қана   коймай сондайак   жаңа  білім  алу  мүмкіндігі  мен  таным  қабілеті жеткілікті дәрежеде  дамыған  бала  болып  табылады. Болашақ  мектеп  оқушысы  қызығушылығының  қалыптасу жүйесіне  қарай  өзінің  мінез – құлқын, танымдық  іс-әрекетін   басқара  алуы  керек.Сонда  ғана  оның  оқуға  деген құлшынысы   пайда  болады. Сонымен  қатар, жеке  дайындық  баланың  эмоциялық  жай – күйінің  даму  деңгейінде   көрсетеді.Мектепке  барар  алдында   баланың  көңіл-күйінің  көтеріңкі  болғаны  жөн.

Зияткерлік дайындық.
Дайындықтың  Бұл  түрі  баланың  нақты  білімі  мен  ой – өрісінің  ауқымын  көрсетеді. Баланың   танысып  отырған  материалына  деген  көзқарасы  мен материалды   жекелей  әрі  жоспарлы  түрде   қабылдау  жүйесінің қалыптасуы маңызды.Сондайақ  жалпылай  ойлау  формасы  мен  негізгі  логикалық операцияларды  атқарып,есте  сақтай  алуы  да   міндетті. Зияткерлік  дайындық  негізінен  баланың   бойындағы  оқу  іс  әрекетінің бастапқы  пайымдарын   қалыптастыруды  көздейді.Осы  дайындық  түрі  жалпыға  алғанда  төмендегілерді  қамтиды: саралап  қабылдау;                                                                                       нақтылыққа  талпыныс;                                                                      логикалық  есте  сақтау;                                                                      білуге  құштарлық;                                                                              сөйлеу  тілін  игеру;                                                                             қолдың  қозғалысы  мен   көру – қозғалыс  үйлесімділігі.

Әлеуметтік-психологиялық дайындық
Дайындықтың  бұл  компаненті  балада  басқа  балалармен, мұғаліммен  қарымқатынас  жасай  алатын  сапаларды  қалыптастыруды  көздейді.Бала топ болып, бірге   жасап  жатқан  жұмыс  үстінен  түседі.Осы  кезде  балада  өзін  орта бейімдеу   қабілеті   өте  қажет  болады.Ол  үшін  балалармен  араласып кетуге, олармен  бірге  әрекет  етуге,  олардың  қызығушылығына  ортақтасуына, оқу  процесіндегі  түрлі  жағдайларға   икемделуіне  ықпал  ету  керек. Мектепке келу кезеңі: мінез – құлықтың  жаңа  сапалық  деңгейге  көтерілуі;                  әрекетке  іштей  талдау  жасау;                                                                                 нақтылыққа  жаңа  танымдық  қатынасының  дамуы;   қарым-қатынастың  жаңа  сапалы  кезеңіне  өту  болып  табылады.

Физиологиялық дайындық.
Бұл  дайындық  бала  ағзасының  қызметі  мен денсаулық жағдайының  даму  деңгейімен   анықталады. Баланың  мектепке  дайындығын  дәрігерлер  арнайы өлшемдермен  белгілейді.Баланың  мектепте  оқуға психологиялық  және  физиологиялық  дайындығын  анықтау  кезінде  денсаулық  жағдайы  басты  назарда болуы  шарт.

Баланың мектепте табысқа жетуінде бұл бағыттар аса  маңызды болғандықтан, әрбір бағыт жайлы ақпаратпен  қамтамасыз етуіміз керек

Ақыл-ойының даярлығы. Бұл мектепке дейінгі баланың білімі және біліктілігі. Кез-келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп  қана қоймай, ең маңыздысы салыстыра білуді,талдауды, ойлай білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс.  Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде,заттардың кейпімен,  мөлшерін ұйқастырғанда, қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады. Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздің мағынасын  түсініп,өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Бала өзбетімен сөйлем құрастырып, ұқсас дыбыс тіркестерін анық  айта алуы маңызды. Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала заттарды, суреттерді, әрекетттерді  бейнелеп және оның мазмұнын айтып беруі қажет.  

Биологиялық кемелденуі.

Мектептегі оқу әрекеті — бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен ісәрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің талаптарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға  дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай өзгерістерге бірден бейімделе  алмайды. Сондықтан баланың денсаулық  жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.) нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру ,есту,  моторикасының дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.

Жеке басының қалыптасуы

Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде  бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала  бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін.  Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал  тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің  өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына,  жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.

Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы.
Бұл баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен бірге баланың әрекеттерді жоспарлап,  олардың орындалуын жүзеге асыруда күш жұмсай білуі, қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық  үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез  бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама  қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен  кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне  жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан келе нашар оқитын балалар және екінші  жылға қалып қоятын балалар пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай, себепсізден  жиі ауыруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті еске алса болғаны жылап, уайымдайды.  Сөйтіп, мектеп бала үшін стрессогендік факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады.

Қорытынды
Баланың мектептегі оқуға дайындығы біртіндеп қалыптасатын  аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір  жолы — ата-ананың, мұғалімнің және психологтың бірігіп  жұмыс істеуі. Бала балалық шақтан өзіне белгісіз, таныс емес  дүниенің есігін ашқаннан кейін, баланың өмір сүру тіршілігін  түбегейлі өзгертеді. Яғни, баланың мектеп өміріне еніп және  өзінің әлеуметтік ортада «МЕН» дегенін қалыптастыра алып,  жоғарыдан көріне алуы, баланың білімді, табысты және  нәтижелі игеріп кетуіне ықпал жасайды. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология.  «Мектеп» 1981ж. 2. Дүйсенова Ж.Қ., Нығметова Қ.Н., Балалар  психологиясы, Алматы, 2012  3. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар  психологиясы. Мектеп 1986ж. 


Пән: Педагогика


Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь