ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру


Slide 1

ЕурАзЭҚ шеңберінде Кеден одағын (КО) құру

ФН-305 топ

Әнуарбекова Аяулы

Slide 2

Кеден одағы ұғымы

Жалпы, Кедендік одақ дегеннің өзі - бұл одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы баж алымынсыз жүргізілетін сауда және үшінші елдер үшін кедендік баждардың келісілген мөлшері. Еуразия кеңiстiгiнде бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының өзара ықпалдастықтары арта түсті, құрамы Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасынан тұратын Кеден Одағы құрылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ММУ-де оқыған дәрісінде Еуразия Одағын құру туралы идеясын тұңғыш рет жариялағанын атап өту керек және осы идея тәжірибеде жүзеге асты да. Алғашқы қадам ретінде қызмет саласына ортақ кеден аумағы және сыртқы шекаралар, Кеден Одақ шекараларының барлық контуры (нобайы) бойынша бiр iздендірілген бажды бекіткен бiртұтас кеден саясаттары кiретiн Кеден Одағын құрылуын атап өтуге болады.

Slide 3

Жаңа Кедендік Одақ құрылу мақсаттары:

Slide 4

2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден Одағын құру туралы құжаттар пакетіне 2009 жылдың 27 қарашасында Минскіде Белоруссия, Ресей және Қазақстан президенттері қол қойған болатын. Келiсiмге сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бiртұтас кеден тарифы күшiне ендi. Кеден Одағының өзі 2010 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Кеден Одағы Кеден кодексiнiң күшіне енуiмен өз жұмысын бастады. Осы кезден бастап Кедендік бақылау ресей-белорусь шекарасынан алынып тасталды, ал 2011 жылдың шiлдесiнен бастап ресей- қазақстан Кедендік бақылауды шекарасынан алып тастау көзделіп отыр. 2010 жылдың наурызында Қазақстан Парламентінің Сенаты Белоруссия, Ресей және Қазақстанның Кеден Одағы жұмыс регламентін белгiлейтiн келiсiмдердi бекiттi. «Кедендік одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік бағасын анықтау барысында дұрыс бақылау жүргізу реті туралы Келісімді бекіту туралы», «Кедендік одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік бағасын ресми мәлімдеу реті туралы Келісімді бекіту туралы», «Дамушы және дамыған мемлекеттердің тауарларының шығу тегін анықтау ережелері туралы Келісімді бекіту туралы» заңдар қабылданды.

Slide 5

Ортақ кеден тарифтері

Алдымен бұл құрылымның біз үшін қандай артықшылықтары бар?

Slide 6

Мамандардың айтуынша

Бірыңғай тариф жүйесі енгізілген сәттен бастап жоғарыда аталған үш мемлекет арасында кедендік шекара болмайды. Яғни, Қазақстан өзінің отандық өнімдерін еш кедергісіз Ресей мен Беларусь нарығына емін-еркін шығара алады деген сөз.

Сол сияқты ол жақтың тауарлары біздің тұтынушыларға арзан бағамен жеткізілетін болады. Себебі, одаққа мүше елдер бірыңғай экономикалық кеңістікке енетіндіктен өзара тауар тасымалдау кезінде кедендік салық төленбейді.

Slide 7

Бұл өз кезегінде

Бұл өз кезегінде қазақстандық кәсіпкерлерге өз өнімдерін шетел нарығына тиімді бағамен шығаруға мүмкіндік берумен қатар, бәсекеге қабілетті сапалы тауар өндіруге ықпал етпек. Сондай-ақ экономикалық белсенділік артып, тауар айналымы жоғарылайды.

Slide 8

Нәтижесінде

Ел экономикасы екпінді дамып, сырттан инвестиция тартуға қолайлы жағдай туындамақ. Одақ құрамына енетін мемлекеттер бірлесіп, жаңа өндіріс орындарын іске қосуға жол ашылады. Ең бастысы отандық тауар өндірушілерге үлкен қолдау, тиімді жағдай жасалмақ. Кедендік одаққа бірігудің де басты мақсаты осы. Айта кету керек, бірыңғай кедендік тариф шетелден әкелінетін импорттық тауарлар бағасының өсуіне еш жол бермейді. Өйткені, Қазақстанға жеткізіліп жатқан азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да тауарлардың басым көпшілігі Ресейдің өнімдері. Үш ел арасында ашық экономикалық аймақ құрылғаннан кейін шекара бекеттерінде де біраз өзгерістер орын алады.

Slide 9

Ортақ сыртқы сауда саясаты

Slide 10

Ортақ кеденсаясаты

Тараптар жалпы жұрт таныған халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес сауда- экономикалық бiрлестiк ретiнде Кеден одағын құрады, оның құрамында мыналар болады:

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
ЕЭҚ-ғы шеңберінде халықаралық валютақаржылық жүйесі
Қазақстан –әлем мойындаған ел
Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың экономикалық саясаты
Еаэқ еркін сауда режимі
Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліқтің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы
Латын Америкасының интеграциялық қауымдастығы
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ
Еркін сауда аймағы
КЕДЕНДІК ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ
ЕурАзЭҚ шеңберіндегі ғылыми ынтымақтастық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz