Кәдімгі жұмыршақ (Capsella bursa-pastoris): биологиясы, медицинадағы маңызы және арамшөппен күресу әдістері


Slide 1

Кәдімгі жұмыршақ

Пастушья сумка обыкновенная

Capsella bursa-pastoris

Орындаған: Қабылханова М. Т

Тобы: АГ-213

Тексерген: Сагандыков С. Н

Slide 2

Жоспар

Кіріспе 1. Жұмыршақ өсімдігінің жалпы сипаттамасы

Негізгі бөлім

1. Биологиясы

2. Морфологиясы

3. Вегетациялық кезеңдері

4. Репродуктивті белсенділігі

5. Медицинадағы маңыздылығы

6. Күресу шаралары

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Жалпы сипаттамасы

Жұмыршақ(Capsella) - крест гүлділер тұқымдас бір жылдық шөп тектес өсімдік. Сабақтары әр түрлі биіктікте өседі, кейде 50 см-ге дейін жетеді. Сабақтары жеке де, бұтақты болып та келе береді. Төменгі жапырақтары бөлініп тұрады да жоғарылары бүтін болып келеді. Ұсақ гүлдері ұзын шашақ болып жиналып тұрады. Жемісі - үш бұрышты бұршақ тектес. Сәуір айынан бастап күзге дейін гүлдейді. Барлық ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктерінде өседі, әсіресе сирек өнген жаздық және күздік дәнді дақылдар, көкөніс, бау - бақша егістерінде басым кездеседі. Өсімдіктің биіктігі 20-50см болады. Бір өсімдік жылына 70 мыңға дейін тұқым береді. Дәнді пісіп жетілгеннен кейін бұршаққаптары қақырап ашылады да ішіндегі өте ұсақ ұрықтары төгіледі.

Slide 4

Биологиясы

Тұқымы арқылы көбейеді. Өсімдіктің көктемдік және қысқы формалары бар. Көктемдік өскіндері наурыз және сәуір айының бірінші жартысында пайда болады да түбір асты жапырақтары дамымайды. Жақсы дамыған өсімдік 2 -ға дйін тұқым береді және одан жоғары болуы да мүмкін. Жаңа піскен тұқымдары тыныштық күйге ауыспайды, бірақ жазғы ауа температурасының ыстық болуына байланысты жаздың соңына дейін өспейді. Қыстық түрлерінде өскіндер күзде шығады да қысқы уақытқа тыныштық күйге ауысады. Қыстап шыққан өсімдік сәуір - мамыр айында гүлдесе, көктемдік түрлері - маусым-шілде айларында гүлдейді.

Slide 5

1-жапырағы, 2- сабағы, 3- гүлі, 4-тұқымы, 5- ұрығы

1

2

3

4

5

Морфологиясы

Slide 6 Slide 7

Вегетациялық кезеңдері

Slide 8

Репродуктивті белсенділігі

Топырақ қабаттарында өзінің өмір сүру қабілетін жоймай 8-10 жыл бойы жатады. Судың ішінде тұқымы 32 күннің ішінде өледі. Тұқымы қыстап шыққаннан кейін, ерте көктемде, 2-3 см тереңдіктен жақсы өніп шығады. Дәні тез піседі және жерге шашылған тұқымы сол мезетте-ақ өніп шығады. Көп ұзамай - ақ одан жаңа өсімдіктер өсіп шығады да, оның тұқымы да дамып жетіледі. Жұмыршақ әдетте бір жазда 3-4 рет ұрпақ береді. Бір өсімдікте 70мыңға жуық тұқым болады.

Slide 9

Медицинадағы маңыздылығы

Дәрі мақсатында өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін пайдаланады. Шөбінің құрамында жеңіл ыдырайтын бурсин алкалоиды бар, оны жұмыршақты зерттеушілер 1880 жылы тапқан. Сонымен бірге оның құрамында бурс және бурсинді глюкозды қышқылдар, эфир майы, илік заттар, алма және лимон қышықлдары кездеседі. Халық медицинасында жұмыршақ шөбін ерте заманнан бері қан тоқататын, қан ұйытатын дәрі ретінде пайдаланып келеді. Жұмыршақты басқа да дәрі өсімдіктерімен қоса өкпе туберкулезінің фиброзды-кавернозды(тесілген) формасына, геморройға, жатыр мойнының эрозиясы мен жарасына қарсы қолданады. . Халық медицинасында сонымен бірге жұмыршақты несеп жүргізетін, жараны жазатын, «қан тазартатын» дәрі ретінде, сондай-ақ ревматизмге, бүйрек құмына, басқа қан құйылғанға, жүрек қатты соққанға, қан түкіргенге, іштің жай және қан аралас өткеніне, ұрығы тоқтамағанға, шыжың ауруына, геморройға, өт тасына, бауырдың қаны тоқтап қалғанда, қуық ауруларына, климактериялвқ кезеңде жатырдан қан кеткенге қарсы қолдынылады.

Slide 10

Күресу шаралары

Бұл армшөп топырақтың жиі механикалық өндеуін көтере алмайды. Сондықтан жұмыршақ арамшөбімен күресуде топырақты агротехникалық өндеу өте тиімді болып саналады. Арамшөп сонымен қатар гербициддерге аса сезімтал келеді.

2, 4-Д және 2М-4Х препараттарын гектарына 1кг мөлшерінде қолдану арқылы жұмыршақты толық жоюға болады. Арамшөпті алғашқы өсіп даму кезеңінде өндеу тиімді және гербицидтің жұмсалатын мөлшері де төмен болады. Жұмыршақты ерте өндеу 2, 4-Д препаратының 1 гектарға жұмсалатын мөлшерін 0, 5-0, 6 килограммга дейін, ал 2, 4-Д бутил эфирін 0, 2-0, 3 килограммға кемітеді.

Жұмыршақ 2М-4ХМ препаратын 1-1, 2кг/га, ДНОК - 5-7 кг/га және кальций цинамидін 200-300 кг/га мөлшерінде қолданғанда аса сезімтал келеді.

Симазин бұл арамшөпке едәуір әсер етеді. бұл препаратты тұқымды себуден 5-6 күн бұрын гектарына 1-3 кг мөлшерінде қолданады.

Slide 11

Қорытынды

Кәдімгі жұмыршақ арамшөп ретінде Қазақстанның барлық жеріде өседі. Өнгіштігі мен өнімділігі өте жоғары. Сондықтан бұл өсімдікпен күресуде агротехникалық және химиялық шараларды қолданған жөн. Дегенмен, бұл өсімдіктің медицинада алатын орны бөлек. Көптеген ауруларға қарсы дәрілік препараттар жасалынады.

Slide 12

Ашықбаев Н., Дүйсенбеков Б., Ағыбаев А., Карбозова Р., «Өсімдік қорғау» Астана 2011

2. Эзау К. Анатомия семенных растений. М. : Высшая школа. 1990. -352 с

3. Қ. Өрісбаев, Н. Ұзақов “Арамшөптермен күрес анықтамалығы” 1981ж, Алматы

Пайдаланылған әдебиеттер


Ұқсас жұмыстар
Кәдімгі қызылша бізтұмсығының морфологиясы, даму кезеңдері және күресу шаралары
Кәдімгі қышабас (Barbarea vulgaris): морфологиялық және биологиялық сипаттамасы, таралуы мен күресу шаралары
Күздік және қыстап шығатын арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері мен күресу шаралары
Қарасора (Amaranthus) морфологиясы, биологиясы, таралуы және агротехникалық-химиялық күресу шаралары
Жүзім зиянкестерінің биологиясы, зияндылығы және кешенді күресу шаралары
Азиялық шегіртке: биологиясы, таралуы, зияншылығы және есептеу мен күресу әдістері
Өрмекшітәрізділердің классификациясы, таралуы, маңызы және зиянды түрлерімен күресу әдістері
Қазақстандағы арамшөптердің биологиясы, экономикалық зияны және күресу шаралары
Алма жасыл бітінің (Aphis pomi) морфологиясы, биологиясы және күресу шаралары
Бұршақ дақылдарының негізгі зиянкестері: биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz