Күздік бидайдың қортық қаракүйе ауруының биологиясы, таралуы және күресу шаралары


Slide 1

Күздік бидайдың қортық (ергежейлі) қаракүйесі

(Tilletia controversa)

Орындаған:Ағали Н

Тексерген:Сагандыков С. Н

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе

1. 1 Дәнді дақылдардың қаракүйе аурулары туралы түсінік

Негізгі бөлім

2. 1 Қортық қаракүйе ауруының биологиялық ерекшеліктері

2. 2 Қортық қара күйе ауруының таралу аймақтары

2. 3 Аурудың таралу жағдайы

2. 4 Күресу шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

1. 1 Дәнді дақылдардың қаракүйе аурулары туралы түсінік

Slide 4

Дәнді дақылдардың қаракүйе ауруларын кәдімгі саңырауқұлақтар (Еuтусоtа) бөліміне, Базидиомицеттер (Basidiomycetes) класына, қаракүйе (Ustilaginales) қатарына жататын қоздырғыштар тудырады. Олар бейімделген паразиттер болып табылады, әрбір түрі белгілі бір дақылды залалдайды. Ұлпалар бүзылып, түрі күйік тәрізді болады. Қара түсті телиоспоралар (бір дөнде 8-20 млн. дана) пайда болып, зақымдалған жер қарайып кетеді. Бидайдың тозанды қара күйесі. Бидай өсіретін аудандарда жаппай та-ралған. Тозанды қаракүйенің қоздырғышы екі вегетациялық кезеңде дамиды. Бидай бірінші жылы гүлдеген кезде за-лалданады, ауру екінші жылы бидайдың масақтану кезінде байқалады,

Бидай гүлдеген кезде ауадағы телиоспора аналықтың аузына түседі, телиоспора-дан диплоидті жіпше өсіп аналықтың түйініне енеді. Зақымданған дәннің сырттай сау дәннен айырмашылығы болмайды. Саңырауқұлақ жіпшумауы өскіннің ішінде масақтану кезеңіне дейін диффузиялық жолмен өсу нүктесінің артынан бойлап дамиды. Жапырақ қынабынан масақ бүлінген күйінде шығады, тек өзегі ғана (гүл шоғырының сағағы) сақталып қалады. Кейде жекелеген сағақтар немесе масақтар сақталады. Ауру масақтың жұқа түссіз қабығы оңай жыртылады да, споралар жеңіл шашылады. Саңырауқұлақ жіпшелері тұқымда 3 жылдан аса уақыт сақтала алады. Өсімдіктердің зақымдануына ауаның жоғары ылғалдылығы (60% -дан астам) немесе гүлдену кезінде тамшылы сұйық ылғалдың болуы қолайлы.

Slide 5

2. 1 Қортық қаракүйе ауруының биологиялық ерекшеліктері

Slide 6

Қортық қара күйе ауруымен көбінесе - Күздік қара бидай зақымданады.

Slide 7

Залалданған өсімдіктер баяу өседі, әрі шамадан тыс көп сабақтанады. Масақ қысқа, тығыз болады, кейде жоғарғы жапырақтардың қынабында толық немесе жартылай қалып қояды. Масақтың бұтақтануы байқалуы мүмкін. Масақта түйіндер саны көбейеді, олар қаракүйенің басқа түрлеріне қарағанда аса үлкен емес. . Топырақта өміршеңдігін ұзақ уақыт (3 жыл және одан көп) сақтайды. Аурудың қоздырғышы өсімдікті өскіннің пайда болған кезінен сабақтану басталғанға дейін залалдайды. Бидай тұқымы топыраққа саяз егілгенде ауру көп таралады. Саңырауқұлақтың өсуіне қоңыржай температура қолайлы. Бидайды бір жерде бірнеше жыл қайталап өсіру аурудың көп таралуына мүмкіндік тудырады.

Slide 8

2. 2 Қортық қара күйе ауруының таралу аймақтары

Slide 9

Қортық қаракүйе - Америка мен Еуропада

кездеседі.

Slide 10

1911 жылы А. А Ячевский

Қортық қаракүйесін

Украинадан тапқан.

Slide 11

Қортық қаракүйесі 1947 жылы Армениядан, 1957 жылы Ставропольск, кейіннен

Қазақстанда, Азербайджан, Қырғызыстан, Туркменстан, Молдавияда көптеп кездеседі.

Slide 12

Елімізде Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы, Жамбыл облысында кездеседі.

Slide 13

2. 3 Аурудың таралу жағдайы

Slide 14

Бұл ауруды жұқтырудың негізгі көзі телиоспоралар сақталған тұқым мен топырақ болып табылады. Телиоспоралары топырақта 2 жылдан 9 жылға дейін сақталады. температура мөлшері 0˚С - ден +5˚С болғанда, 3-5 апта ішінде жарық түсу мөлшері аз болғанда, топырақ беткі қабатының ылғалдылығы 46 - дан -60 % құраған кезде споралар жақсы қалыптасады. Ал температура мөлшері +15˚С жеткенде споралардың

көбеюі жиілейді.

Slide 15

5. А - споралары, б - зақымданған масақ.

6. А - споралары, б - зақымданған өсімдік.

7. Қортық қарақүйе споралары.

Slide 16

2. 4 Күресу шаралары

Slide 17 Slide 18

Препараттар қолдану:

Ең негізгі химиялық препарат түрі Дифеноконазол. Бұл препарат арқылы қортық

қара күйесін толықтай жойып жібере аламыз. Олардың споралары жойылып, ары

қарай өрлеуіне жол бермейді. Дифеноконазол құрмамына Дивидент экстрим 115 т. к. с. және Селест Топ 312, 5 қ. с жатады

Slide 19

Қорытынды

Сонымен қорыта келгенде күздік бидайдың қортық қара күйе ауруы өте кең таралған. Ол өсімдікке зақым келтіріп қана қоймай көптеген экономикалық шығынға әкеледі. Өсімдік түсімін күрт төмендетіп, сапасын нашарлатады. Өсімдікте шамадан тыс масақтар пайда болып, қоздырғыштар топырақ пен тұқымда сақталады. Олардан

құтылудың негізгі жолы арнайы күресу шараларын жүргізу. Оған химиялық препараттар қолдану арқылы жүргізіледі.

Slide 20

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Агибаев А. Ж., Тулеева А. К., Сулейменова З. Ш “Ауыл шаруашылық дақылдарын зинкестер мен аурулардан қорғау ” Алматы, 2010

2. Сулейменова З. Ш “Методические указание по мониторингу численности вредителей, сорных растений

и развития болезней селскохозяйственных культур” Астана, 2004

3. Ә. Т. Тілменбаев, Г. Ә. Жармұхамедова “Энтомология”


Ұқсас жұмыстар
Бидайдың жер көбелегі: биологиялық ерекшеліктері, таралуы және күресу шаралары
Күздік көбелек (Agrotis segetum): систематика, таралуы, биологиясы, зияны, есептеу әдістемелері мен күрес шаралары
Қарасора (Amaranthus) морфологиясы, биологиясы, таралуы және агротехникалық-химиялық күресу шаралары
Тауық тарысы (Echinochloa crusgalli): морфологиясы, биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Сарыағаш ауданының көкөніс дақылдары зиянкестері: таралуы, биологиясы және күресу шаралары
Бидай трипсі (Haplothrips tritici): биологиясы, таралуы, зияны және күресу шаралары
Ақ жолақты (мүсінді) саяқ шегірткелер: биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Жатаған у кекіре (Acroptilon repens L.): таралуы, морфологиясы, биологиясы, зияндылығы және күресу шаралары
Қара жолақты саяқ шегіртке (Oedaleus decoris): биологиясы, таралуы және күресу шаралары
Күздік және қыстап шығатын арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері мен күресу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz