Деректер қорларының құрылымы және объектілері (Microsoft SQL Server мысалында)


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Деректер қор құрлымы және объектілері

Орындаған: Асылбеков М. Ж

Топ: АУ - 301

Тексерген: Мухаметов Е. М.

Slide 2

Деректер қоры - компьютердің сыртқы жадында сақталатын, белгілі бір ереже бойынша ұйымдастырылған, сақталып, өңделген өзара байланысқан мәліметтер жиынтығы.

Slide 3 Slide 4

Кестелік деректер қоры

Slide 5

Деректер қор құрылымын екі жақтан қарастыруға болады:

1. Қисын 2. Физикалық

Slide 6

Қисын құрылымы

Кестелердің құрылымын, олардың арасындағы өзара қарым-қатынасын, қолданушылардың тізімін, сақталатын процедураларды, ережелерді, және деректер қордың басқа объектілерін сипаттайды.

Slide 7

Физикалық құрлымы

Деректер қордың файлдары мен транзакция журналының сипаттамасы кіреді және ДҚ алғашқы өлшемі, өсу қадамы, максималды өлшемі, конфигурация параметрлері кіреді.

Slide 8

SQL Server деректер қор архитектурасы

Microsoft SQL Server ДҚ екі типке бөлінеді:

1. жүйелік

2. қолданушылық

Slide 9

Жүйелік ДҚ-ында жүйені басқаратын метамәліметтер орналасып, Microsoft SQL Server орнатқан кезде келесі жүйелік ДҚ құрылады:

Master

Model

Tempd

Msdb

Slide 10

Model жүйелік ДҚ ағымдағы серверде құрылатын ДҚ үшін шаблон болып келеді. Мұнда әр қолданушылық ДҚ-на қажет жүйелік кестелер бар. Бұл ДҚ-на келесі объектілерді орналастырады:

- қолданушымен анықталатын мәліметтер типтері;

- енгізуді тексеретін ережелер;

- үнсіз келісім шарт бойынша мәндер;

- сақталатын процедуралар;

- ДҚ рұқсат беретін қолданушылар туралы ақпарат.

Slide 11

Master жүйелік ДҚ қолданушылық ДҚ мен Microsoft SQL Server жұмысын басқарады. Мұнда келесі мәліметтер бар:

- қолданушылардың есептік жазбалары;

- ағымдағы процесстер туралы мәліметтер;

- жүйелік қателер туралы хабарламалар;

- сервердегі деректер қоры туралы хабарламалар;

- деректер қордың ерекшеленген өлшемдері;

- белсенді блокировкалар туралы хабарламалар;

- ДҚ қатынауға мүмкін құрылғылар туралы хабарламалар;

- жүйелік администрлеудің процедуралары.

Slide 12

Тempdb жүйелік ДҚ дискіге кесте, топтасу немесе реттеу ұсыныстардың аралық нәтижелері және т. б уақытша объектілерді орналастыру үшін қызмет етеді.

Slide 13

Мsdb жүйелік ДҚ SQL Executive қызметін жоспарлау үшін қолданылады. Msdb ДҚ келесі жүйелік кестелер: sysalerts, sysoperators, sysnotifications, systasks, syshistory және sysservermessages. Бұл кестелерде сәйкесінше келесі ақпарат бар: оқиғамен анықталған қолданушылар; операторлар; оқиғамен операторлардың байланысы; серверге хабарлама және т. б.

Slide 14

Деректер қордың физикалық архитектурасы

ДҚ-дың файлында мәліметтерді сақтаудың негізгі бірлігі - парақ. Әр парақтың көлемі - 8192 байт, бірінші 96 байт парақтың тақырыбына беріледі. Парақтардың келесі алты типтері бар:

Data -text, ntext, image типтес мәліметтерден басқа деректер сақталады;

Index - индекстер туралы ақпаратты сақтайды;

Text/Image - text, ntext, image типтес мәліметтер сақталады;

Global Allocation Map (GAM) - экстерн (8 парақтан тұратын топ) қолданған жөнінде ақпарат сақтайды;

Page Free Space (PFS) - парақтағы бос орын туралы ақпарат сақтайды;

Index Allocation Map (IAM) - кесте не индекс қолданатын экстерн жөнінде ақпарат сақтайды;

Slide 15

Деректер қордың қисын құрылымы

Деректер қордың қисын құрылымы ДҚ физикалық құрылғаннан кейін қалыптастырылады. Құрылған кезінде әр деректер қоры құрамында бірнеше жүйелік кестелер бар болады. Әр объект бірнеше жүйелік кестелерде сипатталады.

Slide 16

Объекттің толық атауында төрт идентификатор бар:

сервер атауы

деректер қор атауы

қолданушы атауы

объект атауы

Slide 17

SQL Server-де объектілердің тоғыз түрі бар:

Table (кесте)

View (көріністер)

Index (индекс)

Stored procedure

Trigger (триггерлер)

User Defined data type (қолданушылық мәліметтер типі)

Default (үнсіз келісімдер)

Rule (ережелер)

Constraint (біртұтастықты шектеу)


Ұқсас жұмыстар
Microsoft SQL Server қолдану нұсқаулығы: утилиталар, деректер қорын құру, кестелер, индекстер және диаграммалар
SQL және SQL Server негіздері: дерекқорлар, DDL және DML командалары
NoSQL деректер қоры: балама үлгілер, ерекшеліктері және SQL-пен салыстыру
SQL Server-дегі транзакциялар мен құлыптаулар: ACID қасиеттері, басқару режимдері және құлып деңгейлері
Microsoft Access деректер базасы: деректер түрлері, негізгі объектілер, құру құралдары мен жұмыс режимдері
Microsoft Access жүйесінде деректер қорын жобалау және құру: негіздері мен қолданбалы әдістер
Transact-SQL негіздері: идентификаторлар, өрнектер, басқару конструкциялары, SQL операторлары және агрегаттық функциялар
Microsoft Office Access жүйесінің құрылымы, қауіпсіздігі және техникалық қызмет көрсету
Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі: негізгі ұғымдар және объектілер
Delphi ортасы: қолдайтын деректер қорлары, компоненттер және негізгі кластар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz