Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау

Қазақстан Республикасының білім және ғылым  министрлігі         Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік  университеті

Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі  тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең  төменгі еңбекақыны талдау.
Жетекшісі: Нуралина К.Т. Студент: Ислямов С.А.                     Қадашев Б.Н. Тобы: ТО­207

Семей – 2015

ЖОСПАР I.Кіріспе 1.1. Күнкөріс деңгейі жайлы жалпы түсінік... II.Негізгі бөлім 2.1. Тұтыну себеті... 2.2. Күнкөріс минимумы... 2.3. Енбекақы... III.Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер

ы  жын р ну қо ен  тұты се төм ың танн н жеті е с азақ Ш­та Қ АҚ

Қарапайым қазақстандықтар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі  деген нақты өмірге қатысы шамалы термин болып көрінгенімен,  іс жүзінде бұл – саяси  өлшем. Осы өлшемге сәйкес кедейлік шегі  белгіленіп, жалақы, зейнетақы және жәрдемақылардың  минималдық мөлшері анықталады. Қазақстандағы ең төменгі  күнкөріс деңгейі азық­түлік, тауар және қызмет түрлерінің  мемлекет тағайындаған минималдық жиынтығынан тұратын  тұтыну қоржынының құнымен шамалас.  Қазақстанда тұтынушы  ​ қоржынының параметрлері қайта қаралмағанына алты жылдан  асты, ал қоржынның ақшамен өлшегендегі құны ғана  инфляцияның беталысына қарай өзгертіліп келді. Тұтыну  қоржыны – азық­түлік және оған жатпайтын тауарлар, ең қажетті  ақылы қызмет түрлеріне жұмсалатын шығындардың жиынтығы.

Ең төмен тұтыну себеті адамның  өмір сүру жағдайын қамтамасыз  ету үшін қажетті тамақ  өнімдерінің, тауарлар мен  көрсетілетін қызметтердің  заттай және құн түріндегі ең  төмен жиынтығы болып  табылады

Ең төмен тұтыну себетi  тұрады

азық-түлiк себетiнен

азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығындардың тіркелген үлесінен

Азық­түлiк себетiн  мемлекеттік статистика  саласындағы уәкiлеттi орган  денсаулық сақтау  саласындағы уәкiлеттi орган  бекітетін тамақ өнiмдерiн  тұтынудың ғылыми  негiзделген физиологиялық  нормалары бойынша есептеп  шығарады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі әлеуметтік индикатор ретінде есептеудің өзгеше нүктесі болып табылады, оны халықтың тұрмыс деңгейін бағалау мен кедейліктің өлшемі және жалақының, зейнетақының және өзге базалық әлеуметтік төлемақылардың ең төменгі мөлшерін негіздеу үшін пайдаланады. Сондықтан мемлекеттік әлеуметтік стандарттар 2006 жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейін есепке ала отырып белгіленеді, ал негізгі әлеуметтік төлемақылардың мөлшерлемелері бұл деңгейден төмен емес деңгейде белгіленеді. Ең төменгі күнкөріс деңгейін анықтауға жаңа тәсілдемелерді қабылдаумен байланысты кедейлік шегі өзгереді. Бұл жерде екі факторды бөліп көрсету қажет. Оның бірі - халықтың тұрмыс деңгейін бағалау, яғни тұрмыс деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың үлес салмағын анықтау. Екінші фактор - бұл әлеуметтік көмек көрсету. Барлық елдер өзінің мүмкіндіктеріне қарай азаматқа, отбасына әлеуметтік көмек көрсетілетін шекті анықтайды. 2008 жылы әлеуметтік көмекті әр түрлі нысандарда 2506 мың адам алды. Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі болып табылады, ол ең төменгі күнкөрістің 40%-ы мөлшерінде белгіленген кедейлік шегінің жан басына шаққандағы табыстан төмен отбасыларына беріледі. Балалары бар отбасыларына Мемлекеттік жәрдемақы туралы заңға сәйкес 18 жасқа дейінгі (бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақылардан басқа) балаларға жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 %-ы болатын отбасыларына беріледі.

күнкөріс минимумын анықтау  мақсаты

тіршілік ету  жағдайының  бағасын біліп,  кедейліктің соңғы  шегін анықтау

 әлеуметтік  саясаттың  бағыттарын  айқындап алып,  тұрғындарға  әлеуметтік қолдау  көрсету жөніндегі  шараларды жүзеге  асыру

бекітілетін ең  төменгі айлық  жалақының,  зейнетақының,  жәрдемақы және  басқа да әлеуметтік  төлемдердің  мөлшерін негіздеп  аламыз

Статистика агенттігі есептеп шығарған еліміз тұрғындарының негізгі  азық­түлік тағамдарының ең төменгі тұтыным нормаларына да көз  жүгіртіп өткеннің артықтығы болмас. Бұл тізімге қарасақ, республиканың  азық­түлік қоржынының дәл қазіргі жылға есептелген құрылымы алдан  шығады. Онда бізде ең төменгі мөлшер бойынша тұрғындардың жылына  13 кило ұн, 70,07 кило бидай ұнымен байытылған нан, 4,4 кило макарон  өнімдерін, 8,5 кило күріш, 2 кило қарақұмық, 95 кило картоп, 25 кило ақ  жапырақты капуста, 20 кило сәбіз, 20 кило пияз, 10 кило бақша өнімдерін  (қарбыз), 25 кило алма, 4,5 кило жүзім, 18 кило қант, 15 кило сиыр еті, 6,3  кило қой еті, 5 кило құс еті, 3,2 жылқы еті, сары май 4,4 кило, 7 литр  күнбағыс майы, 84,5 литр сүт тұтынатыны көрсетілген.

Жұмысшының айлық жалақысының  мөлшері жұмысшының біліктілігіне, жұмыстың қиындығы, саны мен сапасына, сонымен қатар еңбек шартына байланысты дифференциялды түрде бекітіледі.   Жұмыс уақытының нормасын нақты кезеңде атқарған және еңбек нормасын (еңбек міндеттемелері) толық орындаған жұмысшының айлық жалақысының мөлшері Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген минималды айлық жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.

Кәсіптік салада ең жоғары еңбекақы мөлшерімен енгендер
Инсталяция және сервис

Автомобилді бизнес

Жоғары менеджмент

маркетинг

жарнама

сатулар

PR Медицина

фармацевтик а

hh.kz порталында орналасқан жұмыс берушілердің еңбекақылық ұсыныстарының ішіндегі ең жоғарғылары

- сервистік қызмет басшысы – 1 500 000 тг, - сату бойынша директор  - 1 098 000 тг, - сауда орталығының басшысы – 915 000 тг, - маркетинг бойынша менеджер (FMCG) – 900 000 тг, - market access manager – 900 000 тг, - подшипник сату бойынша директор – 900 000 тг.фф

Қазақстандағы 2007 жылмен – 2011 жыл аралығында күн көріс деңгейі мен ең төменгі еңбекақыны салыстырып көрейік

Жылдар 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. 2010 ж. 2011 ж.

Еңбек ақы 9752 12025 13717 14952 15999

Күн көріс деңгейі 8861 12025 13717 14952 15999

а сағ ір  Б

ыл ж 11  і 20 бег ң Швеция м е а  ад қ АҚШ ты т

30 $ 25,3 $ 28 $ 22,6 $ 15 $ 18,4 $ 15,6 $ 16,8 $ 11,5 $ 0,14 $ 0,11 $

Германия Швецария Франция Италия Канада Жапония Англия Мексика Қазақстан

Қазіргі жағдайда біздің елде еңбекақы шеңберін шамамен былай белгілепті: 70 - 30%. Демек, біздің жалақымыз (еңбекақы қоры) ұлттық, яғни жалпы табыстың 30 % екен. Ал, АҚШ, Германия, Жапония елдерінде керісінше 30-70% яғни ұлттық табыстың 70% жалақыға жұмсалады, сөйтіп ондағы жұмыскерлер бізден 100-150 есе артық жалақы алады.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап:       1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 21 364 теңге;       2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 11 182 теңге;       3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 23 692 теңге;       4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 982 теңге;       5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 21 364 теңге болып белгiленді

Қорытынды:
ХЕҰ-ның сарапшылары жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында қолданылып жатқан күнкөріс минимумының өсуі халықаралық тәртіптерге сай деп шешілген. Сонымен қатар, ҚР-ның ұлттық сарапшылары 2012 жылы Еуропа елдерінің көпшілігі қолданатын, Қазақстанда әлеуметтік көмек көрсету тұрғысында жасалған сараптаманың қорытындысын тапсырды. Қорытындылай келе ұлттық сарапшылар халықтың кедейлігі мен әлеуметтік көмек көрсету саласына орташа табыс көзі әсер етеді деген пікір жөнсіз. Бұл көрсеткіш әлемаралық кедейлікті салыстыру үшін ғана қолданылады. Оған қоса, ҚР-ның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму Концепция жобасы бойынша 2017 жылға қарсы мемлекеттің экономикалық мүмкіндігіне қарай халықтың күн көріс минимумын өсіру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Министрлікте күн көріс минимумын тұрақтандыру бойынша жұмыс тобы құрылған, оның құрамына ұлттық және халықаралық сарапшылар кіреді. Жұмыс тобының қызметі бойынша күн көріс минимумын жетілдіру үшін бірқатар ұсыныстар негізге алынатын болады деп ресми ақпарат көздерінде жазылған

Қолданылған әдебиеттер тізімі
     1. Экономика предприятия: Учебник / Под ред. Н.А. Сафронова –  М.: Юрист – 2005 г. 2. Интернет желісі: strategy2050.kz: rusnauka.com business.gov.kz adilet.zan.kz

Назарларыңызға  рахмет!...


Пән: Мемлекеттік басқару


Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить


Зарабатывайте вместе с нами

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Сіз үшін аптасына 5 күн жұмыс істейміз.
Жұмыс уақыты 09:00 - 18:00

Мы работаем для Вас 5 дней в неделю.
Время работы 09:00 - 18:00

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь