Тәрбиесі қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері




Презентация қосу
Тақырыбы:
«Тәрбиесі қиын оқушылармен
жүргізілетін жұмыс түрлері »

Орындаған: Жақанова А.Ш
Қиын бала

Қиын балалардың басым көпшілігі –мектеп
бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар,ұжымнан тысқары
шығып қалатын балалар.Ұжымдық жағымды позициядан
қалыс қалу оларды теріс мінез-құлыққа,айналасындағы
адамдармен,әсіресе бірге оқитын құрбы-құрдастарымен
қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді.Қиындықпен
тәрбиелену-баланың теріс мінез-құлық,дау-жанжалдардың туу
негізіне әкеп соғады.
Қиын оқушылармен жүргізілетін
жұмыстардың психологиялық
ерекшеліктері

«Қиын оқушы» деген термин қазіргі практикада жеке басын
тәртіпке салу қажет балалардың ортасын білдіреді.
Бұған ересектердің талабына, кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар,
ерке, қыңыр балалар да жатады. Мұндай ауытқудың іс жүзіндегі
себебін анықтау оларға қатаң талап қоя және іс - әрекеттің ұжымды қ
формасына енгізе отырып, балалардың қажеттілігі мен ынтасына назар
аудару - еркелік, қыңырлық, тілазарлықты болдырмау мен оны
жеңудің негізгі жолы.
Мінез құлқы қиын оқушылар арасында жүргізілген көптеген
зерттеулер қорытындысы бойынша үлгермеушілер қатарын бастауыш
сынып оқушылары толықтырып отыратын көрінеді. Мінез -
құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта
әлеуметтік - психологиялық дезадаптацияның тұрақты түрлерінің
қалыптасуына, мінез - құлық бұзылуының клиникалық және
криминологиялық белгілерінің пайда болуына әкеп соқтырады.
Тәрбиесі қиын балаларды
тудыратын себептер:
Бірінші себеп- балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата - аналардың жауапкершілік сезіміні ң
жоқтығы бала мінезінде мейрімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті ту ғызады.
Екінші себеп - бұл үйдегі сәтсіздік, маскүнемдік, ұрыс - төбелес, ұрлық, ата - аналарды ң ж әне
басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез - құлқы, ал бәрінен жаманы – ажырасу, неке б ұзу.
Отбасы тәрбиесінде ата – аналардың мінез - құлқы шешуші фактор. «Сіз өз бала ңызды ң
тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын А. С.
Макаренко. Оның сөзін жалғастыра келіп,... егер сіз дөрекі ж әне ма қтанша қ немесе маск үнем
болсаңыз... ал, онда сізге тәрбие туралы ойланудың қажеті жоқ.
Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар ж үйке ауруынан (невроз), жиі
қояншық ұстамадан (эпилепсия) азап шегеді, олардың ақыл - ойы баяу дамиды. М ұндай
балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді. Әрбір ата - ана аз ғынды ққа т үспеу үшін к үш
қабілетін пайдаланып, балаларға мейірімді өнеге мен әсер ету керек.
Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланы ң ішкі
дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын қорша ған орта ға қатынасын жете біле бермейді.
В. Г. Степанов, В. А. Крутецкий мінез
құлықтағы қиындық мәселесін
қарастыра келе оқушыларды екі қатарға
бөлнді:
Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез - құлқында, шамамен В. А. Крутецкий
алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушылрды жатқызады, олар
– тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілік өзіне және
басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киіміндегі тазалық және
жинақтылық сияқты және т. б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес
мінез - құлықты осыған қарама - қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан
жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік,
өзінің жеке қызығушылықтарын достарының арасында жүзеге асыруға
тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т. б. байқалады.
Екінші қатарға жеке акцентуациясында және мінез - құлқында қиындығы В. Г. Степанов
бар балаларды жатқызады.
Қазіргі таңда мектеп қабырғаларында жүргізіліп жатқан өнегелік т әлім-т әрбие
деңгейі төмен деуге болмайды. Бірақ қадағалаудың аздығы тәрбиенің тиісті
деңгейде болмауы оқушылардың тәртіпсіздікке, жат қылық жасауына, тіпті
қылмыстық жолға түсуіне себепші болады.
Сондықтан, бұл тұста, оқушылар арасындағы қылмыстылы қты ң алдын алу үшін
халыққа білім беру бөлімдері мен мектеп ұжымдары біріге отырып, мынадай
шараларды жүзеге асыру қажет:
Біріншіден, мектеп қабырғасында құқықтық және өнегелік тәрбиені ң тиісті
деңгейде жүруін және бұл мәселемен арнаулы мамандардың айналысуын
қамтамасыз ету қажет.
Екіншіден, оқушылардың бойында жоғары сезімдерді, өнегелік, эстетикалық,
құқықтық және саяси білімдерді ұялату және нығайту үшін әрбір мектепте
педагогикалық - психологиялық қызметтер құрып, олардың типтік ережелерін
жасау керек.
Үшіншіден, әрбір мектеп қабырғасында оқушылар үшін әлеуметтік қызметтер
кешенін, оның ішінде әлеуметтік-психологиялық за ңды қ к өмек беру қызметін,
балалардың сабақтан кейінгі бос уақытын ұйымдастыру мақсатында демалыс
орталықтарын ақысыз негізде құру қажет.
Тәрбиеленуі қиын» жасөспірімдердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оларды ң
қылмыстылығының алдын алуға байланысты кәмелетке толмағандардың ісі
жөніндегі инспекция қызметкерлері және оларға тағайындалған жетекшілер немесе
қоғамдық тәрбиешілер мынадай жұмыстар жүргізуі қажет:

- жасөспірімнің отбасында немесе мектеп ұжымында жатырқауын жою;
- отбасы және мектепте жасөспірім бойында қалыптасқан сенімсіздікпен қарау
сезімін жоюға жағдай жасау;
- жасөспірім үшін маңызды болып танылатын жағдайлардың бәрінде оған
моралдық, ал қажет болған жағдайда материалдық көмек көрсету;
- өзіне, өз қабілеттігіне сенуге, өзінің жақын және алыс болашағын жоспарлауға,
сондай-ақ ол жоспарларды жүзеге асыруға көмектесу;
- ұжымда мұндай жасөспірімдердің жағымды қасиеттерін көрсетуге, сонымен бірге,
басқаларға өзін танытуға мүмкіндік беретін жағдайларды қалыптастыру.
Ата-ана тәрбиесі.
Баланың өсу процесінде ата-анаға деген көз қарасы үш бөлімнен т ұрады:

^ Сәбилік кезең. Бұл кезеңде сәби ата-анасын сөзсіз жақсы көріп,
айтқанын бұлжытпай орындау ға тырысады.

Бозбалалық кезең. Бұл кезеңде бала ата-анасының бойынан, айтқан
сөздерінен кемшілік тауып, қарсы шығып, оны ң айтқанын істемеуге
тырысады.

Үлкейіп ақыл тоқтатқан кезең. Бұл кезеңде баласы ата – анасын
мойындап, сыйлап, құрметтей бастайды.

Атақты педагог А.С. Макаренко «бес жасқа дейін тәрбие көрмеген баланы
қайта тәрбиелеуге тура келеді, бірақ «қиын» болады» деп айтқандай бала
ең алдымен өз ошақ басына қарап өседі. Баланың бас ұстазы ата-ана
болып саналады. Отбасы мүшелерінің барлық қылықтары , іс- әрекеті
балаға бұлжымас заң тәрізді әсер ете
Қиын баланың диагностикалық
картасы:
1. Тегі, аты-жөні, туған жылы, сыныбы, денсаулығы, тәртібі,
отбасы мүшелерінің саны, отбасындағы эмоциялық қарым-
қатынас,отбасылық дағдарыстар;
2. «Сыныптағы қиын тәрбиеленетін балаларды анықтау»
сауалнамасын жүргізу;
3. Баланың оқуға деген қатынасы, оқудан артта қалуындағы
педагогикалық компетенттіліксіздігін анықтау;
4. Отбасына, өзіне, қоршаған адамдарға деген қатынасын
анықтау;
5. Қызығушылығын, мүмкіндіктерін және кәсіби мақсат, іс-
әрекеттерін зерттеу.
Қиын баланы қалай тәрбиелеуге
болады?

Қиын баланы үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі,о қуы, өсуі қажет.
Балада жағымды “МЕН” бейнесін қалыптастыруы қажет.
Ұстаз бен шәкірт арасында тартыс тумауы қажет.
Оқушының әрбір тәртіпсіз әрекетінің себебін анықтап,к өз жеткізіп,шара мен
жазаны соған лайықты қолдану керек.
Мұғалім сабағын қызықты өткізіп,оқушылар зейінің оқу ға аударуы қажет.
Мұғалім шыншыл,әділетті,кешірімді,мейірімді,сабырлы, ұстамды бол ғаны ж өн.
Қорыта айтқанда

Қоғамда «қиын бала» болмауы үшін әрбір бала бойына адами
құндылық қасиеттерді қалыптастыра отырып, заман
ағымынан қалыс қалмайтын, білімді, тәрбиелі ұрпақ
ұлттымыздың болашағы екендігін ұмытпағанымыз абзал.
Әдебиеттер тізімі:
1. Немов Р.С. «Психология» Алматы 2003 (198-201 бет).
2. Мектептегі психологиялық қызметтің жүйесінің мазмұны. Тараз 2002
3. Шевандрин Н. И. «Психодиагностика, коррекция и развитие
личности» М.,1998 г.
4. Жұмабаев Ә. Мектептегі психологиялық қызметтің жүйесінің мазм ұны.//
Тараз ж-лы.- 2002, 8 – 11 б.
5. Керимов Л.К. Трудный подросток и его перевоспитание. -
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Тәрбиесі
қиын балаларға жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыс
Қиын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар
Адамгершілік тәрбие туралы түсінік
Сынып жетекшінің бала тәрбиесінде ата - аналармен ынтымақтастығы
Баланың отбасына бару
Ата - аналар
БАЛА МЕКТЕП ОТБАСЫ
Оқуға мотивациясы төмен оқушылармен жұмыс
Қиын бала деген кім
Пәндер