Табиғи және жасанды бетон толтырғыштары



Табиғи және жасанды бетон толтырғыштары
Орындаған: Ақчабарова Алуа, ПСМ-311
Тексерген: Садвакасова Г. О.

Қазіргі кездегі құрылыстағы қолданылатын ең негізгі құрылыс материалы, ол бетон. Бетон - белгілі мөлшерде алынатын щебеннен, құмнан, қоспалардан тұратын бетондық араластың қалыпталыну және қатаю нәтижесінде пайда болатын жасанды тас материалы. Бетондар өнеркәсіптік, азаматтық, гидротехникалық және басқа да ғимараттарда кеңінен қолданылады.
Бетондардың түрі өте көп. Бірақ олардың физика-механикалық және механикалық қасиеттері, бетонның құрамына қосылған толтырғыштардың қасиеттеріне тәуелді болады. Жасанды кеуекті толтырғыштар пәні, толтырғыштарды алуға қажетті шикізаттар көзі оларды өндіру технологиясы, техникалық талаптар, сынау ерекшеліктері жайлы жан-жақты білім береді.

Бетон көлемінің басым көпшілігін - 85-90 % дейін құм мен щебеннен тұратын толтырушылар құрайды.
Толтырғыштар дегеніміз байланыстырғыш материалмен және сумен белгілі бір құрам бөлікте араласа отырып, бетон түзетін, белгілі бір дәндік құрамдағы табиғи немесе жасанды материалдар, жасанды кеуекті толтырғыштар технологиясы, толтырғыштарды алдын-ала белгілі қасиеттер негізінде өндіру технологиясын үйрететін пән болып табылады.

Бетонның негізгі құрамы байлаыстырғыштар сумен араласа отырып, қатаю қасиетіне ие. Ал толтырғыштарды, бетонда қолдану негізгі құнды жақтары төмендегідей:
Толтырғыштар бетон құрамының көлемі бойынша 85% ала отырып, бетон түзу үшін қажетті болған байланыстырғыштың шығынын азайтады. Бұл өз кезегінде экономикалық және шикізаттық тиімділігіне алып келеді.
Цемент тасы қатаю кезінде көлемдік деформацияға ұшырауы мүмкін. Бетонның отыруы минутына 2 мин құрайды. Ал толтырғыштар, бетондар қатты қаңқа түзе отырып қөлемдік деформацияны он есеге төмендетеді және ішкі кернеулікті өзіне қабылданады.
Бетонда толтырғыштарды қолдану арқылы оның беріктігі мен серпімділік қасиетін арттыруға болады. Яғни сыртқы салмақтың әсерінен конструкцияның деформациялануы төмендейді.
Толтырғыштар бетонның аққыштығын төмендетеді.
Жеңіл толтырғыштар бетонның тығыздығы мен жылу өткізгіштігін төмендете отырып, оларды оқшаулағыш конструкцияларда қолдану мүмкіндігін береді.
Арнайы ерекше ауыр және гидратты толтырғыштар бетонға радиация өткізбейтін қасиет береді. Яғни бетонда қолдану, бетонның қасиетіне және оларды өндірудің техника экономикалық тиімділігіне әсер етеді.

Толтырғыштар - табиғи немесе жасанды минералдық түиіршіктер араласы. Түйіршіктер мөлшері ГОСТ бекітілген аралықта болады. Бетон құрамында бұл түйіршіктер байланыстырушы затпен біріктіріліп, тас тәрізді мықты дене құрайды.
Толтырғыштар
Табиғи
Өнеркәсіп қалдықтарынан алынған
Жасанды

Табиғи толтырғыштарды тау жыныстарын (гранитті, диабазды, диоритті, ізбест тасын, жанартаулық туфты, гравийді, кварцитті, мраморды т. б. ) механикалық қайта өңлеумен алады.
Жасанды толтырғыштар ретінде - шикізаттардан және өнеркәсіп қалдықтарынан термиялық немесе басқаша өңдеу тәсілімен алынатын арнаулы дайындалған материалдарды қолданады. керамзит және оның түр-түрлері, термозит, шлактық пемза және т. б.
Өнеркәсіп қалдықтарынан толтырғыштарды шикізаттың химиялық және фазалық құрамдарын өзгертусіз алады. Бұл топқа металлургиялық және отын шлагынан алынатын тығыз және кеуекті щебень мен құм, кесек дисперстелінген ТЭС күлі кіреді.
Гранит Керамзит

Гранит - Жер қыртысында ең көп тараған кристалдық магмалық тау жынысы, толық кристаллы, жаппай түйірлі, немесе сеппелі, қышқыл құрамды (SiO2 > 65%) интрузиялық таужыныстардың жиынтық атауы. Гранит кварцтан, калийлі дала шпаттарынан (ортоклаз, микроклин), қышқыл плагиоклаздардан, слюдадан (биотит, мусковит) тұрады. Түсі ашық, көбінесе қызғылт сұр, қызыл, кейде жасыл, сұр; менш. салм. 2, 5 - 2, 7 г/см3.

Диабаз (француз. dіabase) - магмалық тау жынысы, долериттің өзгерген түрі. Негізді плагиоклаз бен моноклиндік пироксеннен тұрады, кейде аз мөлшерде оливин кездеседі. Түсі қара сұрдан қою жасылға дейін. Құрылымы афирлі, порфирлі, ұсақтан ірі түйірліге дейін. Нақышы шомбал, шар, бадамша тәрізді. Құрамы мен құрылысына қарай: авгитті Диабаз, кварцты Диабаз, габбродиабаз, бадамтасты Диабаз, т. б. бөлінеді.
Диабаз қатпарлы белдемдер мен платформалық аймақтарда жақсы дамыған. Ол интрузивтік денелермен (сығылмалар, силдар) қоса эффузивті денелер (ағымдар, жамылғылар) құрайды. Диабаз Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Жол құрылысында бетонға толықтырғыш ретінде пайдаланылады.

Керамзит (грек. keramos - саз) - ұсақ түйіршікті, кеуек құрылымды, жасанды жеңіл бетон толтырғыш. Түйіршік өлшемдері 5 - 40 мм болып келеді. Оңай балқитын көпірмелі саз балшықты айналмалы пеште (1100 - 1200С) күйдіру арқылы алынады. Керамзит жеңіл бетонды құралымдар мен бұйымдар, жылу оқшаулағыш толтырма, ыстыққа төзімді бетондар және майламалар дайындауға пайдаланылады. Қазақстанда жергілікті саз жыныстарынан керамзит алу жөніндегі жүйелі зерттеулер 1956 жылдан қолға алынды. 30-дан астам кен орындарының шикізаты зерттелді.

Қиыршық тастар - 1) табиғи түрінде кездесетін көп қырлы ұсақталған тау жыныстарының жиынтығы;
2) арнайы ұсатылған тастар, екі түрде кездеседі:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz