Адам анатомиясы.Анатомияның тарихы


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті БӨЖ Тақырыбы: Адам анатомиясы. Анатомияның тарихы. Орындаған: Тілеуқанова А. Т. Тексерген: Сатиева К. Р. Семей қаласы 2015 жыл

Slide 2

Жоспар

1. Адам анатомиясы.

2. Анатомия ғылымының мақсаты мен міндеттері.

3. Анатомияның зерттеу әдістері.

4. Анатомия бағыттары.

5. Анатомияның басқа ғылымдармен байланысы.

6. Анатомия тарихы.

Slide 3 Slide 4 Slide 5

Адам анатомиясы (латынша anatome - кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) - адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы.

Slide 6

Адам денесінің пішінін, құрылысы мен атқаратын қызметін және оны қоршаған ортаға байланысты дамуын зерттейтін ғылымды анатомия деп атайды. Қазіргі анатомия фактілерді сипаттап қана қоймай, оларды қорытындылауға, организмнің қалай құрылғанын белгілеп, организмнің оның ағзалары мен жүйелерінің құрылысы мен даму заңдылықтары қандай екенін анықтауға тырысады. Онымен қатар ол организмнің ішкі, сондай-ақ сыртқы байланыстарын зерттейді.

Slide 7

Адам анатомиясының негізгі маңызды мақсаты тірі организмді тексеру.

Адам анатомиясының міндеті - адам денсаулығының дүрыс жағдайы мен патологиялық жағдайын ажыратуға жәрдем етті. Сондықтан да, анатомия пәні медицина ғылымының негізгі бір саласы болып саналады. Анотомия қазіргі ересек адамның құрылысын зерттеп қана қоймайды, сонымен бірге тарихи даму барысында адам организмі қалай қалыптасқанын да зерттейді.

Slide 8

Адам денесін зерттеудің бірнеше зерттеу әдістері бар:

Өлік денесін кескілеу

Коррозия әдісі

Инъекция әдісі

Макро-микроскопиялық әдіс

Рентгенографиялық әдіс, т. б.

Slide 9

Кескілеу әдісі - ең негізігі және ежелден келе жатқан зерттеу әдісі.

Инъекция әдісі - қан мен лимфалық тамырларды боялған тез қататын заттармен толтырумен қамтамасыз етіледі.

Коррозиялық әдісте препараттың жұмсақ бөліктерін қышқылдармен немесе сілтілермен ерітеді.

Рентгенографиялық әдіс - адам денесінің құрылысын зерттеуге мүмкіндік береді.

Slide 10 Slide 11

Анатомия бағыттары

Жүйелік немесе қалыпты анатомия - адам денесінің құрылысын ағзалар жүйелері бойынша баяндайды;

Патологиялық анатомия - ауруға шалдыққан ағзаларды зерттейді;

Топографиялық анатомия - денедегі ағзалардың, тамырлардың, жүйке талшықтарының өзара орналасуын, арақатынасын талдайды;

Пластикалық анатомия - адам денесінің сыртқы пішіні мен құрылысы туралы ілім;

Салыстырмалы анатомия - дамудың әртүрлі сатысында орналасқан тіршілік иелерінің дене құрылысын салыстыра зерттейді.

Slide 12

Анатомия

Slide 13

Анатомияның басқа пәндермен байланысы

Физиология - (гр. Physis - табиғат, logos - ғылым) мүшелер мен мүшелер жүйесін зерттейтін ғылым.

Гигиена - ( гр. Hygieinos - дені сау ) адам денесінің дұрыс қалыптасуына және денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды зерттейді.

Цитология - жасушалар туралы ғылым.

Гистология - ұлпалардың құрылысын, тіршілік әрекетін, тірі денедегі зат алмасуын зерттейді.

Slide 14

Анатомия тарихы

Ежелгі греция дәрігері, ғалым Гиппакрат - (б. з. д 460 - 370 жж. ) адам денесіндегі бұлшық еттердің, жүрек қабырғасының құрылысын, ми сауытының қалпақ суйектерін суреттеді. Ішкі мүшелерінің орналасуы мен қанқаның құрылысын анықтады. Денені құраушы төрт сұйықтық:

Өт

Қан

Шырыш

Қара өт

Осы сұйықтықтарға сәйкес: флегматик, холерик, сангвиник, меланхолик.

Slide 15

Платон ( б. з. д. 427 - 347 жж. ) мен Аристотельдің (б. з. д. 384-324) қосқан үлестері зор. Платон хайуанаттарды зерттеу нәтижиесінде бас ми жұлынның алдыңғы бөлігінен дамиды деген тұжырымға келді.

Slide 16

Аристотель

Аристотель қанның, май ұлпасының, сүйектің, сіңірдің құрылысын анықтады. Аристотельді Эмбриология ілімінің негізін қалаушы деп атайды.

Slide 17

Рим философы биолог-анатомы Гален - (130 - 200 жж. ) бұлшық еттер мен сүйектердің құрылысын, бас мидың 12 жұп жүйкесінің жетеуін дұрыс сипаттаған. Бас мидың бауырдың бүйректің, жүйкелердің құрылысы туралы мәліметтер жазған.

Slide 18

Медицинаның дамуында Аль-Фараби Абунаср Мухаммед бин Тархан (870-950 жж. ) және Абу Али ибн Сина (980-1037 жж. ) үлкен үлес қосқан. Тәжік философы, дәрігері Абу Али ибн Синаның «дәрігерлік ғылымның заңы» кітабын XVI ғасырға дейін Батыс және Шығыстың дәрігерлері қолданып келді.

Аль-Фараби

Абу Али ибн Сина

Slide 19

Андрей Везалий (1514-1564 жж. ) «Адам денесі құрылысының жеті кітабы» деген қолжазба қалдырды.

Вильям Гарвей (1578-1657 жж. ) «Хайуанаттар жүрегі мен қанының қозғалысын анатомиялық зерттеу» деген кітабында қан айналымында, артерия мен вена қан тамырларының арасын өте ұсақ қан тамырлары қосып тұрады деп жорамалдады. Осы болжамның дұрыстығын 1661 жылы Мальпиги дәлелдеді. Мальпиги өзі ойлап тапқан микроскоппен қыл тамырлар құрылысын зерттеді.

Slide 20

Т. Шванн - 1839 жылы “Өсімдіктер мен хайуанаттардың дене құрылысы мен өсуіндегі микроскопиялық сәйкестік туралы” деген кітабында барлық тірі денелердің негізі жасуша екенін дәлелдеді.

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері ) туралы
Патологиялық ауру
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері ( типтері ) жайлы
Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері)
Анатомияның даму тарихы
Адам денесінің анатомиялық жазықтары мен біліктері. Анатомиялық терминология
Медицинада жалпы патологияның рөлі
Патологиялык анатомияның заманауи зерттеу әдістері
Жануарлар патологиясы пәні, мазмұны мен міндеті және даму тарихы
Физиологиялық зерттеу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz