Бәсеке


Slide 1

Тақырыбы:Бәсеке

Slide 2

Бәсеке дегеніміз не?

Нарық механизмінің негізгі элементтерінің бірі- бәсеке.

Бәсеке дегеніміз - тауар өндірушілер арасындағы жоғары пайда табу барысында өз өнімдерін өткізудегі жарысы.

Бәсеке дегеніміз іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.

Slide 3

Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері

Артықшылықтары:

қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;

тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез көмектесе алатындығы; өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.

Кемшіліктері:

ұжымдық тауарларға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;

фундаментальдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;

еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;

Slide 4

а) жетілген бәсеке;

ә) жетілмеген бәсеке.

Нарық құрылымының көптүрлілігіне байланысты бәсекенің 2 түрі бар:

Slide 5

Жетілген бәсеке дегеніміз- бірнеше мың сатушылардан құралатын бәсеке. Жетілген бәсекеде фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға бағаны рынок белгілейді.

Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:

жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді;

әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;

сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;

өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.

Жетілген бәсеке

Slide 6

Жетілмеген бәсеке дегеніміз- таза бәсекенің кем дегенде бір шарты орындалмайтын бәсеке түрі.

бір шарты орындалмайды

Slide 7

Жетілмеген бәсеке түрлері

Монополистік бәсеке

Монополия

Олигополия

Монопсония

Олигопсония

Дуополия

Slide 8

Монополистік бәсеке- 10-100-ге дейінгі фирмалар арасындағы бәсеке. Олар тауарлардың ішінде қз тауарының артық екеніне көндіргісі келеді. Мұндай бәсекеге киім-кешек, сабын, кір жуатын ұнтақ сататын нарықтар жатады. Бір-біріне ұқсас тауарлар өндіретін, бірақ тұтынушылардың ойы бойынша әртүрлі тауарлар шығаратын фирмалар. Олардың тауарлары бір-бірінен сыртқы көрінісі арқылы ерекшеленеді.

Олигополия - 1-10-ға дейінгі бірнеше ірі фирмалардың арсындағы бәсеке.

Олигополиялық нарыққа кірудің негізгі шарты- капитал деңгейі, жаңа техника және технология өндірісіне бақылау жүргізу. Өндіретін өнім түріне қарай олигополия 2-ге бөлінеді:

Таза олигополия- бұл кәсіпорында бірдей стандартты өнім өндіру.

Дифференциалды олигополия- бұл 1 бағытта әртүрлі өнім шығаратын фирмалар.

Монополия-жалғыз өндіруші фирма. Ол ұлттық экономикадағы жоғары орын алатын ірі корпорацияларды көрсетеді. Монополия болған кезде жалғыз 1 ғана өндіруші болады, ол ұсынылатын тауар көлемін толығымен бақылап отырады. Монополияға кіру үшін келесідей ерекшеліктері болуы керек:

а) өнім өндіру масштабы;

ә) құқықтық артықшылығы;

б) шығарылған өнімнің басқа тауарлардан ерекше болуының арқасында оған берілетін құқықтар (патент және лицензия) ;

в) негізгі шикізат түріне меншіктік қатынасы.

Slide 9

Дуополия - белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым.

Монопсония - белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады.

Олигопсония - белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.

Slide 10 Slide 11

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Нарық механизмі
Нарықтық механизмнің басты элементі ретінде
Бәсеке туралы түсінік, оның түрлері
Бәсеке және монополия
Бәсеке және монополия жайлы
Монополияның түрлері
Бәсеке ережелері
Бәсеке нысандары
ТҰТЫНУ ТАУАРЛАРЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бағалық бәсеке
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz