Карадрина немесе кіші жер үстілік қоңыр көбелегі
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті
БӨЖ
Тақырыбы : Карадрина немесе кіші жер үстілік қоңыр көбелегі
Орындаған: Нуркенова Г.Т
Тексерген: Сағындыков С.Н
Топ: АГ-213
Семей қаласы 2015 жылы
ЖОСПАР:
Карадрина зиянкесіне анықтама
Карадрина зиянкесінің жалпы
сипаттамасы
Зиянкестің таралуы және көбею
ерекшеліктері
Эмбриондық даму кезеңдері
Өсімдікті зақымдау ерекшелігі
Күресу шаралары
Карадрина немесе жер
үстілік көбелегі - Spodoptera
exigua Hbn. Қабыршақ
қанаттылар (Lepidoptera)
отрядының түн көбелектері
(Noctuidae) тұқымдасына
жатады. Қазақстанда тегіс
таралған көпқоректі зиянкес.
Оның жұлдызқұрттары
өсімдікттердің 46 тұқымдасына
жататын 128 түрімен қоректене
алады. Әсіресе мақта, қызылша,
томат, темекі, жоңышқа, зығыр,
картоп дақылдарын қатты
зақымдайды.
Көбелектің қанаттарының өрісі 23 – 24 мм, алдыңғы
қанаттары сұрғылт қоңыр, бүйрек тәрізді таңбасының
түсі қоңыр, ал дөңгелек таңба тот басқан қызыл түсті
болады, артқы қанаттары ақшылдау келеді.
Жұмыртқалары маржагдай құлпырған жасылдау сары,
диаметрі 0.5 мм. Жұлдызқұрттары ақшыл жасыл түстен
қоңырқай сұр түске дейін өзгереді, бүйір жақтарында
бойлай орналасқан қара жолақ болады. Олар дененің
бауыр жағындағы ақшыл сары, кейде қызғылт сары
жолақпен шектеседі. Жетілген жұлдызқұрттың
ұзындығы 25 – 30 см дейін жетеді. Қуыршағы сарғылт
қоңыр түсті, ұзындығы 10 – 13 мм. Дамуы
аяқталғаннан соң жұлдызқұрттар топырақ арасында 3-
5 см тереңдікте қуыршаққа айналады. Қуыршақ
фазасының дамуы жаз айларында 1-2 жетіге, күзде 3-4
жетіге созылады.
Карадрина Қазақстанның солтүстік аудандарында 2
– 3, оңтүстікт аудандарында 3 – 4 генерация беріп
көбейеді. Ол қуыршақ күйінде немесе жұлдызқұрт
фазасында топырақ арасында қыстайды. Көбелектер
наурыздың аяғы мен сәуірдің бас кезінде ұшып шығады.
Бірінші ұрпақтың жұлдызқұрттары әдетте
арамшөптерде немесе ерте көктегенде дақылдарда
дамиды. Көбелектер ымырт кезінде және түнде ғана
белсенді тіршілік етеді, жасанды жарық көзіне жақсы
ұшады. Зиянкестің өсімталдығы өте құбылмалы – әрбір
ұрғашы көбелек 200-300 тіпті 2000 дейін жұмыртқа бере
алады. Ол оның қосымша қоректенуінің
қарқындылығына байланысты. Жұмыртқаларын топтап
қоректік өсімдіктердің жапырағына орналастырады.
Бірінші генерацияның көбелектері жұмыртқаларын әр
түрлі жабайы өсімдіктерге (көбінесе алабота тұқымдас
өсімдіктерге), ал келесі генерациялардың көбелектері
жоңышқа, мақта және т.б. дақылдарға салады.
Эмбрионалдық даму
кезеңдері
Жаз айында Күз айында
2–4 10
кун кун
Бұл мерзім ішінде карадриналар 4 - 5 рет
түлеп, 5 – 6 личинкалық жастан өтеді
Карадринаның жұлдызқұрттары алғашында ( төменгі
жастағылары) бір бірінен ажыраспай топталып тіршілік
етеді де, кейіннен жан жаққа таралып, жеке жеке тіршілік
етеді. Олардың өсімдікті зақымдау сипаты да өзгеше
болады. Жас жұлдызқұрттар жапырақтың жүйкелеріне
тимей жұмсақ тканьдерін ғана жейді. Ал ересек
жұлдызқұрттар жапырақты ойып ойып теседі де немесе
түгелдей жеп қояды. Олар мақтаның сабағы мен
генеративті мүшелерін де зақымдайды. Ауа райы ыстық
болған кезде және түнде топыраққа, жердің жарығына,
өсімдік қалдықтарының астына еніп жатады.
Күресу шаралары
Ерте көктемде қыстап шыққан жүлдыз қүрттар қуыршақтанар кезінде , сондай-а қ жа ңа
салынған жүмыртқалардан қүрттар пайда болғанға дейін оларды жою үшін өсімдіктерді ң қатар
аралықтарын қопсыту қажет. Топыраақтың беткі қабатын, қылтиып шыққан көкті 12 проценттік
гексахлоран дустымен тозаңдату керек. ГХЦГ-мен, кальций арсенатымен, гептахлоранмен, немесе
полихлорпиненмен уланған еліктергіш шөптерді де пайдалануга болады. К өбелектерді ңжаппай ұшу
кездерінде оларды түнде жарыққа, тэтті улы заттарга еліктіріп жинап, жойып отырады. қо ңыр
көбелегіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары көбелектердің эрбір ұнта ғы ж ұмыртқа салатын кезі
басталар шақта жүргізілуі керек. Көбелектерді ң бірінші ұрпагы ж ұмырт қа салатын кезе ң, эдетте,
мақта егісінің жаппай шанақтану дэуіріне, ауаның орташа он күндік температурасы 23 градустан ас қан
кезге дэл келеді. Көбелектің келесі ұрпагына қарсы екінші рет өңдеу бірінші өңдеуден кейін 5-7 к үн
өткен соң жүргізіледі. Келесі өңдеу жұмысы қажет болған кезде өткізіліп тұрады. ГХЦГ дустысымен
(12-20кг) тозаңдатылады. Дән қоректілер өте көбейіп кетсе онда вофатокс 20-25 кг қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Байтулин.М, Әбтев.С Қазақстан ауылдары мен қалаларын
көгалдандыру, Алматы «Ғылым», -1994
2. Байрашев.А. Қазақстанда өсірілетін жембұршақтар Алматы -1962
3. Сүйіндіков.С, Құдышев.Т Химия және ауыл шаруашылығы, Алматы-
1970
4. Шовен .Р Мир насекомых Изд «Мир»
5. Мариковский.М, Тайны мира насекомых, Алма-ата, «Қайнар»,1966
6. Райков.Б.Е., И.М Райский – Корсаков. Зоологические экскурсии
7. Малис.С.А. Книга для чтения по зоологии, М, Просвещение,1921
8. ВоронцовА.Н Лесная энтомология, М., 1975
9. Түсіпова.К.С Омыртқасыздар зоологиясы А., 1999
10. Қазақ совет энциклопедиясы
11. Referat.kz сайты
Назарлары ң ыз ғ а рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz