ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ


Slide 1

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ

ОРЫНДАҒАН: ҚАСЕНОВА Ә. Е.

Slide 2

Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы - ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы.

Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды.

Slide 3

Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.

Slide 4 Slide 5 Slide 6 Slide 7

Аймақтық интеграция - бұл глобализацияның бірден-бір сатысы, ал әлемдік деңгейде өзара тығыз байланыста болуды интеграциялық блоктар жеңілдетеді. Оған қоса, аймақтың экономикалық дамуына, капитал, тауар мен қызмет, адам ресурстарының еркін қозғалысын белсендетеді.

Аймақтық экономикалық ынтымақтастық (интеграция) ауқымы мен даму деңгейі әртүрлі ұлттық шаруашылықтарды біріктіретін маңызды күшке айналуда. Аймақтық ынтымақтастықтың қазіргі даму деңгейі жалпы сыртқы сауда айналымында аймақішілік сауда үлесінің (50%) артуынан айқын көрінеді.

Slide 8

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ

компания бәсекелестің компаниясын өзінің бақылауына алады немесе өндірістік үдерістің бірдей сатысындағы бірдей салада істейтін компанияларды қосып алады

компанияның қызметі ақырғы өнімді өндірудің технологиялық тізбегіндегі екі не одан көп буынды қамтиды;

ол өнімді өндіру мен өткізудің барлық сатысын: шикізатты өндіруден көтерме немесе бөлшек саудаға дейін қамтуы мүмкін

Slide 9

Экономикалық бірігу - шаруашылық өмірдің интернационалдануының жоғары нысаны. Оның негізін капитал мен өндірістің интернационалдануы құрайды, ол әуелі микродеңгейде (фирмалар мен банкілер деңгейінде) болады, сонан соң макродеңгейге (мемлекеттер деңгейіне) шығады. Сонда экономикалық бірігу халықаралық келісімдермен және шарттармен ресімделеді.

Экономикалық бірігу өзінің жоғары көрінісінде институттық сипат алады, яғни тұрақты әрекет ететін халықаралық органдар нысанында болады.

Халықаралық интеграциялық бірлестіктердің басты нысандары: еркін сауда аймағы, кеден одағы, ортақ нарық, экономикалық және валюталық одақтар - экономикалық бірігудің жоғары нысаны. Қазіргі кезде әлемде экономикалық бірігудің жоғары сатысында Еуропа одағы (ЕО) тұр, ол ортақ нарық сатысынан өтті. Еркін сауда аймағына НАФТА (Солтүстік-американ еркін сауда қауымдастығы) үлгі бола алады.

Slide 10

Экономикалық интеграцияның қалыптасуы мен дамуы нақты 4 кезеңнен өтуі тиіс:

1 кезең - Еркін сауда аймағы. Бұл кезеңде қатысушы елдер өзара сауда кедергілерін жеңілдетеді;

2 кезең - Кедендік Одақ. Қатысушы елдер арасындағы шекара мен кеденге қатысты кедергілер жойылады, басқа елдерге қатысты ортақ кедендік салықтар енгізіледі;

3 кезең - Экономикалық Одақ. Бұл кезеңде мемлекеттер ұлттық шекаралар арқылы тауарлар, жұмыс күші, технологиялар жөнінде келісімге келеді;

4 кезең - Толық интеграция. Ортақ валютасы, ортақ ұлттық реттеу органдары бар біртұтас экономикалық саясат жүргізіледі.

Slide 11

Қазіргі заманғы кейбір интеграциялық бірлестіктер

Интеграцияның түрі

Атауы,

құрылған жылы

Мүше елдер

Еркін сауда аймағы

Азиялық-Тынық мұхиттық еркін сауда аймағы, АПЭК,

1989 жыл

Аустралия, АҚШ, Сянган (Гонконг), Жаңа Зеландия, Жапония, Канада, Кирибати, Корея Республикасы, Қытай, Малайзия, Маршалл аралдары, Мексика, Бруней, Папуа - Жаңа Гвинея, Сингапур, Таиланд, Тайвань, Филиппин, Чили, Вьетнам, Перу, Ресей

Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағы, НАФТА, 1994 жыл

АҚШ, Канада, Мексика

Кедендік одақ

Араб ортақ нарығы, 1964 жыл

Египет, Ирак, Иордания, Ливия, Мавритания, Сирия, Йемен

Ортақ нарық

Оңтүстік конустың ортақ нарығы, МЕРКОСУР, 1991

Аргентина, Бразилия, Парагвай, Уругвай

Slide 12

Интеграция түрі

Атауы, құрылған жылы

мүше елдер

Экономикалық одақ

Еуропалық экономикалық қауымдастық,

1957; кейіннен Еуропалық одақ, 1993

Австрия, Бельгия, Болгария, Венгрия, Дания, Германия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Ұлыбритания, Польша, Португалия, Румы- ния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Эстония

Бенилюкс, 1948

Бельгия, Нидерланд, Люксембург

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, 1992

Армения, Әзірбайжан, Беларусь. Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан

Cayдa және тауарлық ұйым

Мұнай экспорттайтын елдер ұйымы, ОПЕК, 1960

Алжир, Ангола, Біріккен Араб Әмірліктері, Венесуэла, Иран. Катар, Кувейт, Ливия, Нигерня. Сауз Арабиясы, Эквадор

Slide 13

Еуропалық Одақ (ЕО) - Ортақ нарық Батыс Еуропалық 17 мемлекеттің интеграциялық бірлестігі.

Оның құрылуы шаруашылық тіршілікті деген объективті тарихи баталыстың, бұл елдердің өзара жақындасып, ынтымақтасуға табиғи ұмтылысының нәтижесі болды. Бұл интеграциялық одақтың дамуы ұлғайған үстіне ұлғайып, тереңдей түсіп, ісқимылдың жаңа салаларына таралып отыр. Еңбек бөлінісінің дәстүрлі формаларын кеңінен пайдалана отырып (өндірісті мамандандыру мен кооперативтендіру, сыртқы сауда, шетке капитал шығару, ғылыми-техникалық білімдер алмасу және т. б. ) .

Оны құруды қолға алып, 1957 жылы алғаш кіргендер Франция, Германия, Италия, Бельгия, Нидерланды және Люксембург болды. Кейін оларға Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Венгрия т. б қосылды.

Құрамы

ЕО қатысушы елдер соңғы жылдары энергетикалық саясат, айналадағы ортаны қорғау, жұмыссыздық мәселелерін етене үйлестіре шешетін болды.

Slide 14

Ресей, Қазақстан және Беларусь арасындағы КО

Аталған үш ел арасындағы ортақ кедендік аумақ, яғни арнайы қорғау, антидемпинг және компесациялық шараларды ескермегенде, өзара сауда шеңберінде кедендік баж салығы және экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайтын сауда-экономикалық интеграция формасы. 2010 жылдың 1-қаңтарында құрылған Кедендік одақтың мүше елдері үшінші елдермен сауда қарым-қатынасында бірыңғай кедендік тариф және басқа да реттеу шараларын қолданады.

Еуразиялық экономикалық қауымдастығының ресми құжаттарында «Еуразиялық экономикалық қауымдастығы аясындағы кедендік одақ» деп аталады.

Баспасөзде, көбінесе, Беларусь, Қазақстан және Ресей кедендік одағы немесе жай ғана Кедендік Одақ, яғни КО деп аталады.

Slide 15

Нафта

Солтүстік Американдық Еркін Сауда жөніндегі Келісім (НАФТА, NAFTA, North American Free Trade Agreement) −

Канада, АҚШ және Мексика арасындағы Еуропалық Одақ модельдеріне негізделген еркін сауда жөніндегі келісім. НАФТА келісімі 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді.


Ұқсас жұмыстар
Экономикалық интеграция сипаттамаларын топтастыру және интеграция сипаттамаларын көрініс негізінде жіктеу
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ
Қатысушы елдердің экомикалық саясатын үйлестіру арқылы ерікті экономикалық одақ құру
Еркін сауда аймағы
Халықаралық еңбек бөлінісі Халықаралық интеграция
Халық аралық экономика
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКА
Халықаралық еңбек бөлінісі, интеграция
Әлемдік экономика
Бәсеке және монополия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz