Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу жайлы ақпарат



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯ» КАФЕДРАСЫ
БӨЖ
1. Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адъюванттар, иммуномодуляторлар.
2. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Орындаған : Асылмерген Г
ВM - 301
Тексерген :Омарбеков Е. О.

Вирус- тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады.

Вирустық аурулар - вирустар арқылы таралатын жұқпалы аурулар мен қатерлі ісіктер. Жануарлардың, өсімдіктер мен бактериялардың жасушаларына енген вирустар көптеген қауіпті аурулар туғызады.


Спецификалық дауалау дегеніміз малды жұқпалы аурулардан вакцина немесе гиперуммунды қан сарысуы арқылы сақтандыру. Ауырып жазылған малда және вакцина егілген соң вирусқа қарсы пайда болған иммунитет әр түрлі дамиды. Мұнда гуморальдық және клеткалық факторлар әр түрлі роль атқарады.

Вирустық ауруларды арнамалы дауалау үшін вакциналар қолданылады.

Вакцина (лат. vacca - сиыр, vaccіnus - сиырдікі) - микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т. б. ) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы ауруларданалдын ала сақтану жәнеолардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар. Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған. 1796 жылы ағылшын дәрігері Э. Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.
Вакцина


Иммунитеттің гуморальдық және клеткалық факторлары әр түрлі вакциналармен іске асады.

Адьюванттар, иммуномодуляторлар
Адьюванттардың әсер ету механизмі. «A'dyuvant (LAT Adjuvans, adjuvantis ықпал көмектеседі. ) - 1) антигенді иммуногенндігін арттыратын зат; Кейбір адъюванттарды вакциналарды өндіруде қолданады. (алюминий гидрат соавт. ) ; 2) агент немесе есірткілік заттарды күшін арттырады.
Иммуномодуляторлар - иммундық жүйеге реттеуші әсер ете алатын табиғи немесе синтетикалық заттар. Имундық жүйеге әсер етуі бойынша оларды иммуностимулдеуші және иммуносупрессивті деп бөледі.
тимус препараттары, интерлейкиндер, интерферондар, интерферондардың индуктоы, биологиялық белсенді пептидтер, кейбір саңырауқұлақтардың полисахаридтері, емдеуші вакциналар жатады. Олардың белсенділігі организмнің клеткалары мен ұлпаларының метаболизміне әсер ету қабілетімен және иммунокомпонентті клеткаларды белсендіре алатынында болса, оның нәтижесінде организмнің инфекционды және инфекционды емес ауруларға қарсы қабілеті артады.
Иммуносупрессорлар қабынуда, аллергияда, трансплантацияда, аутоиммунды ауруларды емдеуде лимфоцидті клеткалардың белсенділігін басу үшін қолданылады

Құтыру, Жылы канды жануарлардың жүқпалы ауруы. Бұнда көбінесе орталық нерв жүйесі зақымдалады да ақыр аяғында жануар өледі. Ауру жануардың сілекейі арқылы сауларына таралады. Бұл аурумен, әсіресе иттер және барлық үй жануарлары, құстар, жабайы жануарлар (қасқырлар, түлкілер т. б. ) жәңе адамдар ауырады. Міне құтырудың бүндай қаупі аурудың белгісі болатындығына байланысты оны зерттеуде ертеде басталған еді. Л. Пастер бұл ауруға қарсы қорғаныш вакциналарды да жасады. Аурудың қоздырғышы сүзгіленуші вирус, Вирус саңыраулары ірі Шамберлен сүзгісінен де өтіп кетеді екен. Құтыру вирусы организмге енгеннен кейін іле-сала аурудың белгілері байқалмайды. Ол үшін біраз уақыт қажет. Бұны инкубациялық кезең деп атайды. Мәселен, ауру иттердің сілекейіне енгеннен кейін 13 күннен соң біліне бастайды, ал вирус жүққан соң үй қояндары 15-20 күннен кейін ауыра бастайды. Құтыру вирусы да басқа вирустар сияқты жасанды қоректік ортада өспейді. Ол үшін тауық жұмыртқасы аса қолайлы орта. Вирустар +50°-та бір сағаттан кейін, ал 60°-та бірнеше минуттан кейін жойылады. Құтырумен күресу үшін биокомбинаттарда арнаулы антирабиттік вакциналар жасалып таратылады.

Иттерде құтырма ауруы бірнеше түрде өтеді. Елірме түріндегі құтырма кезінде иттің көңіл күйі жабырқау, тіл алмайды немесе өте еркелегіш болып көрінуі мүмкін. Содан соң біртіндеп мазасызданып, ашушаңдық ұлғаяды, әдетте жеуге жарамайтын заттарды жей бастайды, одан соң жұтынуы қиындап, сілекейі шұбырады, ит кез келген жануарға, адамға шабуыл жасайды, судан қорқады. Аурудың әрі қарай дамуы тамақтың, төменгі жақтың, аяқ-қолдың, бүкіл дененің салдануына (паралич) әкеледі, әдетте 8-10 шы тәулікте иттің өлімімен аяқталады (немесе 3-4 тәулікте) . Құтырманың тыныш түрінде нерв жүйесінің ширығу белгілері (ашушаңдық, мазасыздық, агрессивтігі) аз білінеді немесе тіптен білінбейді, жұтынуы қиындайды, төменгі жағы салбырайды, сілекейі шұбырады, салдану (паралич) тез пайда болып, 2-4 тәулікте өледі.
Құтырық

Құтырманың алдын алу үшін:
Құтырмның алдын алу үшін адамдарды немесе жануарларды тістеген ит, мысық және басқа жануарлар оқшауланып, ветеринариялық қадағалау үшін жақын маңдағы ветеринариялық емдеу клиникасына жеткізілуі тиіс. Жоспарлы түрде жабайы иесіз ит, мысықтарды аулау құтырманың алдын алудың бірден бір жолы болып табылады.
Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай құтырмамен ауырған жануар міндетті түрде жойылуға жатады.
Қазіргі кезде құтырықтың шығу қаупі бар елді мекендердегі барлық жануарларғавакцина егіледі. Әсіресе аймақтағы барлық ит пен мысық құтырыққа қарсы вакцинамен иммундалуға тиіс. Вакцинамен иммундалған жануардың денесінде иммунитет бір жылға дейін сақталады.

Аусыл - вирустық ауру.

Аусыл. Шапшаң таралатын, жүқпалы және ауыр ауру. Аусылмен мүйізді ірі қара, шошқа, түйе, қой мен ешкі ауырады. Адамдарда ол өте сирек кездеседі. Ауруды қоздырғыш - вирус. Жасанды қоректік ортада өспейді. Ол көбінесе тек тірі клеткада тіршілік етуге бейімделген. Вирустың А. О. С. деген үш типі анықталған. Сондықтан мал осы вирустың бірінен соң бірімен - үш типімен де ауруы мүмкін, +60, -І-70°-та вирус бірнеше минутта, ал 100°-та бірден өліп кетеді. Төменгі температураға ол төзімді. Табиғатта бүл вирус әр жерде кездеседі және 100 күнге дейін өз тірщілігін жоймай сақталады. 2-3% күйдіргіш сілті ерітіндісі оған жойқын әсер етеді. Мал аусылмен ауырғанда оларға вакцина енгізеді және карантин ережелері қатаң сақталады.

Аусылға қарсы вакцина

Аусыл ауруы

Шмалленберг ауруы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz