Ойлау туралы жалпы түсінік


Slide 1

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Ойлау туралы жалпы түсінік

Орындаған : Рахимова А. Д Пән атауы: Практикум

Уақыты:13. 11. 15.

Семей 2015

Slide 2

Жоспар:

Ойлау туралы жалпы ұғым. Ой тәсілдері мен формалары

Түсіну - ойлаудың негізгі белгісі

Ойлау саласындағы дара айырмашылықтар

Ойлауды зерттеу және оның практикалық маңызы.

Ойлаудың дамуы және қалыптастыру

Slide 3

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе түрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Slide 4

Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.

Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз-ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен біліиді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады.

Slide 5

Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.

Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде» деген мақалы адамның нақтылы іс-әрекетімен щарттас блумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.

Slide 6

Ойлау-өзіндік ішкі қарама-қарсы қайшылықтарға толы прцесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау-сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Мәселен, «Сырдария Арал теңізіне құяды» деген сөйлемде ой туғызуға негіз боларлықтай түрткі жоқ. Мұнда біреуден естіген, не көріп білген мағлұматтарды жәй қайталау бар. Ал, затты не құбылысты тұспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің небір көріністерін байқауға болады.

Slide 7

Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін. Өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе қоя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан «ауытқитын кездері де болады». Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің, адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырылады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар. Әйтсе де ойлау құбылыстардың мәнін екі жақтан (теория мен тәжірибе) бірдей қарастырып, тереңірек біліп отыратындықтан, қабылдау мен елестерге қарағанда әлдеқайда жоғары тұрады. Сөйтіп, ойлау-сыртқы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.

Ғылыми-техникалық процесс «ойлайтын» машиналарды дүниеге келтірді. Қазіргі есептегіш машиналар (оларды ойлайтын машиналар деп те атайды) өз жұмысының нәтижесін бағалай алады, программаланған нәрселерді үйрене де, оны жақсарта алуға да шамасы келеді. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес тексті бір тілден екінші тілге аударады, сөйленіп тұрған сөзді машина тіліне яғни кодқа айналдырады. Мәселен, осындай машина дойбы да «ойнайды».

Slide 8 Slide 9

Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез-бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі-бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ, синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т. б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т. б. ) әр қилы көрініп отырады. Мәселен, бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің қағазды екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көрінеді.

Slide 10 Slide 11

Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады.

Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қатар, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мәселен заттарды оның, түсіне, түріне, құрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясының күрделі түрі-абстракция мен жалпылау.

Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мәселен, квадрат, трапеция, параллелограмма деген сөздерді «төрт бұрыш» деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады. Сондай-ақ, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде «ақшыл» деген сөзді алсақ, бұл да абстракциялық ұғымға жатады.

Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылыу-абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мәселен, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай құнан, дөнен, айғыр, бие депбөлетін болмақ, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауға мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда ұғымды, көрнекі нтіп түсіндіруге мүмкіндікбереді. Жеке мысал, көрнекті құрал-нақтылаудың түрлі формалары.

Slide 12

Жалпылау дегеніміз, бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білукерек. Мәселен, алма, өрік, мейіз, алмұрт т. б. ұқсас белгілері жиналып келіп, «жеміс» деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау тәсілі бізге сыртқы дүние заттарының мәнді белгілерін ажырата алуға жәрдем береді, өйткені «…ең қарапайым, қорытынды жасалуы, ұғымдардың (пікірлердің, қорытындылардың т. б. ) бастапқы және ең қарапайым пайда болуы-дүниенің барған сайын неғұрлым терең объективтік байланысын адамның тануы деген сөз».

Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу (систематизация) дейді. Жүйелеудің жоғары түрі-классификация. Мәселен, жануарлар-типке, типтен-класқа. Кластан-отрядқа, отрядтан-отбасыға, отбасыдан-текке, тектен-түрге т. б. жүйеленеді. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады.

Slide 13

Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. (Мәселен, мектеп, оқушы, мұғалім т. б. әр текті ұғымдар) . Ұғымдар арқылы адам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады. «Адамның ұғымдары қозғалиайды емес, қайта мәңгі қозғалып тұрады. Бірі екіншісіне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады».

Ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Мәселен, «Қызылорда қаласы», «Ғ. Мұратбаев» дара ұғым болса, «кітап», «адам», «жұлдыз» т. б. жалпы ұғым болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, «жиналыс» (студенттер жиналысы), «кітапхана» (балалар кітапханасы) т. б.

Slide 14

\


Ұқсас жұмыстар
ҒЫЛЫМИТАНЫМНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ТУРАЛЫ
ОЙЛАУ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ
Адамның психикалық қызметтерінің ерекшеліктері. Зейін,ой,сана,сөз
Алғы философия
Философтардың философия туралы түсініктері
Сәулет өнері туралы түсінік
Әдістеме деңгейлері
Ғылымның тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz