Мүше жіне ішкі мүшелер туралы түсінік. Дене қуыстары



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атыдағы мемелекеттік университеті
БӨЖ №3
Тақырыбы:Мүше жіне ішкі мүшелер туралы түсінік. Дене қуыстары.
Орындаған:Сейсенбекова А. Ғ.
Жайсанбаева С. Ж.
Тексерген: Сатиева К. Р.
Топ: БЛ - 309
Семей 2015ж.

Жоспар
1. Мүше. Ішкі мүшелер туралы жалпы түсінік.
1. 1. Паренхималы мүшелер.
1. 2. Түтікше мүшелер
1. 3. Қабатты мүшелер
2. Дене қуыстары.
2. 1. Көкірек
2. 2. Құрсақ
2. 3. Жамбас

Ішкі мүшелер жүйелері қүрылысьш зерттейтін ілімді splanchnologia (лат. viscera; грек. splanchnos - ішкі мүшелер; logos - ілім) - деп атайды. Ішкі мүшелер жүйелеріне азық қорыту, тыныс алу, зер болу және көбею (аталық және аналық) мүшелері жатады. Бүлар негізінен дененің көкірек, күрсақ жөне жамбас қуыстарында орналасып, қоршаған сыртқы ортамен денедегі табиғи тесіктер аркылы қатысады. Ішкі мүшелер жануарлар организмі мен қоршаған сыртқы орта арасындағы зат алмасу және көбею процестерін іс жүзіне асырады.

Азық қорыту аппараты (apparatus digestorius) организмді қоректік заттар және сумен
тыныс алу аппараты (apparatus respiratorius) оттегімен қамтамасыз етеді. Зат алмасу нәтижесінде қалдықжәне пайда болған ыдырау өнімдері: азық қалдығы, азық қорыту, комірқышқыл газ, тыныс алу, белоктықжөне азоттық алмасу өнімдері, артықсу, керексіз түздар, дәрі-дәрмектер, улы заттар
зәр болу мүшелері (organa uropoe- tica) арқылы сыртқа шығарылады.
Аталық және аналық көбею мүшелері (organa genitalia masculina et feminina)

Жүрек
Жүрек (сердце) грек. kardia, лат. сог - жануарлар организміндегі ішкі орта сүйық үлпаларын қозғалысқа келтіретін орталық мүше. Ол көкірек куысында, екі өкпенің аралығында солға қарай ығыса орналасады. Жүректің пішіні конус тәрізді. Оның жоғарғы Жүрек табаны (негізі) - basis cordis - бірінші қабырғаның орта түсында немесе иық буынының деңгейінде, ал төменгі жүрек -ршы (apex cordis) сол жақтағы 5-6 -ншы қабырғааралық кеңістікте, төссүйекке жақын орналасады. Жүректің алдыңғы дөңестеу жиегі үшінші, артқы жиегі алтыншы қабырғалар бойымен өтеді. Жүрек торт болімнен түратын етті-қуысты мүше. Оның қабырғасы үш: ішкі эндокард, ортаңғы миокард, сыртқы эпикард қабықтардан құралған. Жүректің сыртқы бетіндегі табанынан үшына қарай үзынынан отетін оң және сол қарама-кдрсы жақгарындағы үзынша сайлар (sulcus longitudinale dexter et sinister) мен сол сайлар түсында орналасқан ішкі ет перде жүрек қуысын: оң және сол бөліктерге бөледі. Бүл боліктер жоғарғы жүрекшелерден (atrium cordis) және төменгі қарыншалардан (ven- triculus cordis) түрады. Жүрекшелер қабырғаларынан сыртқа қарай қапшық тәрізді оң және сол жүрекше құлақшалары (auricula atrii dextra et sinistra) шығып түрады. Әр боліктегі жүрекше мен қарынша қуыстары бір-бірімен өзара оң және сол жүрекше-қарыншааралық (атриоентрикулалы) тесіктер (ostium atrio-ventricularis) арқылы қатысады. Аталған тесіктер жүректегі қанды жүрекше қуысынан қарынша қуысына қарай бір бағытта ғана ағызатын қақпақшалармен (клапандар) жабдықгалған.

Жылқы жүрегі
Шошқа жүрегі
Қойдың жүрегі

Мүше құрлысына қарай
Паренхималы
мүшелер
Түтікше
мүшелер
Қабатты
мүшелер
Паренхима
Строма

Өкпе
Өкпе (легкие) - pulmones - пішіні конус тәрізді, қүрылысы қомақты көкірек куысында орналасқан (оң өкпе - pulmo dexter және сол өкпе - pulmo sinister) паренхималы газ алмасу мүшесі. Көлемді келген өкпе негізі (basis pulmones) каудальды бағытта, ал жіңішкелеу келген өкпе төбесі (apex pulmones) краниальды бағытта орналасады. Өкпенің дорсальды жиегі немесе доғал жиегі (margo dorsalis s. obtusus) омыртқа бағаны жағына, ал қырлы жиегі (margo acutus) вентральды жаққа қараған. Көкірек қуысының сол жағында жүрек орналасқандықтан, оң өкпе көлемі жағынан сол өкпеге қарағанда үлкен келеді. Төменгі бөлікаралық сайлар арқылы өкпе бөліктерге бөлінеді.

Сүтқоректілердің өкпесінде ауатамырлар таралып, оның төменгі ұштары өкпе көпіршіктерімен аяқталады. Өкпе қылтамырлары да жиі тор түзеді. Осыдан сүтқоректлердің өкпесі қанды оттегімен жақсы қамтамасыз етеді. Тыныс алуды қабырға арасындағы бұлшықеттер мен көкірек, құрсақ қуыстарын бөліп түратын көкеттің жиырылып, босаңсуы қамтамасыз етіледі.
Сүтқоректілердің көмекейінде
дыбыс сіңірлері жақсы дамыған.
Жануарлар әр түрлі дыбы шығарып,
өз туыстарына, үйіріне қауіп - қатер
туралы, өзінің қай жерде екені және
т. б. туралы хабар беріп білдіреді.

Қосмекеділердің басым көпшілігі өкпемен тыныс алады. Оларда тыныс алуға өкпе қатысады. Себебі қосмекеділердің өкпесі нашар дамыған. Өкпесі сырттан келетін ауамен жанасу бетінің аумағы нашар болғандықтан, газ алмасуды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ете алмайды. Өкпеде ұяшықтар бар олар қылталармен торланған.
Бақаның
өкпесі

Құстардың өкпесі жақсы дамыған, тығыз ұяшықты өкпенің ішіне ауатамыр (бронхылар) тарамдалған (3-сурет) . Ауатамыр тармақтарының өкпемен жанасатын жерлері, бүкіл өкпе қылтамырларымен торланған. Кейбір демтүтіктік ауатамыр тармақтары өкпеден өтіп, әр түрлі ішкі мүшелердің аралықтарына енеді. Сөйтіп кеңейеді, ауа қапшықтарын түзеді. Бұл қапшықтардың тарамдары түтікті сүйектердің ішіне, бұлшықеттер арасына, тері астына дейін тарайды. Ауа қапшықтарының көлемі өкпенің жалпы көлемінен 10 есе артық. Олар құс денесін ұшу кезінде қызып кетуден сақтайды, әрі салмағын жеңілдетеді. Әрине, ең негізгі қызметі тыныс алуға қатысады.

Ерекшелікгері.
Жылқы мен түйе өкпелерінде ортаңғы және каудальды бөліктер бірігіп кетеді. Нәтижесінде сол өкпеде краниальды және каудальды бөліктер, оң өкпеде краниальды, каудальды және қосымша бөліктер болады.
Күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада бифуркациядан бүрын кеңірдектен кеңірдектік бронх бөлініп, оң өкпенің краниальды бөлігіне енеді.
Күйіс қайтаратын жануарларда окпенің оң краниальды бөлігінің өзі алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінеді.
Ит өкпесінің сыртқы бетінде бөліктердің бір-бірінен ажырауы нашар байқалады.

Бауыр
Бауыр (hepar) - ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас секрет (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі.


Ұйқы безі
Ұйқы безі - ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден тұрады. Басы ұлтабармен жанасады. Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Оның құрамына маңызды ас қорыту ферменттері, оның ішінде трипсин, липаза, амилаза және т. б. трипсин белоктар мен пептидтерді аминқышқылдарға дейін ыдыратады, липаза майларды глицеринге және май қышқылына, ал амилаза қалған полисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады. Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу
қызметінің механизмі бар. Сіңірілу күрделі физиология-
лық процесс.


Лимфа түйіндері
Лимфа түйіндері лимфа тамырларының бойында орналасқан, пішіні (сопақ, лобия тәрізді, үзынша) мен мөлшері әр түрлі шеткі қан жасау және иммундық қорғаныс мүшелері. Қабықшамен қапталған оның дөңес жағынан көптеген әкелгіш лимфа тамырлары (шошқада керісінше әкеткіш) енеді. Әкелгіш лимфа тамырлары арқылы ұлпа сұйығы қүрамындағы әр түрлі заттарымен (бөгде заттар, микроорганизмдер, олардың улы өнімдері, зат алмасудың ыдырау өніімдері) бірге ұлпалардан ағып келіп қүйылады. Лимфа түйіндеріндегі макрофагтардың жөне ретикулалы ұлпаның қатысуымен ұлпа сұйығы биологиялық және механикалық сүзілуден өтіп, микроорганизмдер мен олардың улы заттары фагоцитоз арқылы залалсыздандырылып тазартылады. Лимфа түйіндерінің лимфоидты үлпасында әсерлі (эффекторлы) Т - және В - лимфоциттері түзіледі. Организмдегі гуморальды иммунитетті қамтамасыз ететін В - лимфоциттер туындысы - иммуноциттер әр түрлі антигендерге қарсы иммундық денелерді түзіп, оларды биологиялық тазаланудан өткен үлпа сүйы- ғына шығарады.

Лимфа капиллярлары
Лимфа капиллярлары
Лимфа капиллярлары
Лимфа тамырлары мен бездері
Лимфа тамырлары мен бездері
Лимфа тамырлары мен бездері
Оң бел
ағымы
сО бел
ағымы
Ішек ағымы
Оң жақ жүрекаралық
ағым
Оң жақ
мойын
ағымы
Оң жақ
бұғанаасты
ағым
сОл жақ жүрекаралық
ағым
сОл жақ
бұғанаасты
ағым
сОл жақ
мойын
ағымы
Кеуде ағымы
Оң жақ лимфа ағымы
Сол жақ
веноздық
бұрыш
Оң жақ
веноздық
бұрыш
Жоғарғы
Қуыс
вена
Оң жүрекше


1 - подчелюстной лимфатический узел,
2 - заглоточные медиальные узлы,
3- околоушный узел,
4 - узел воздухоносного мешка,
5 - шейные глубокие передние узлы,
6- шейные глубокие средние узлы,
7 - шейные глубокие задние узлы,
8 - поверхностный шейный лимфатический узел,
9 - глубокий выйный узел,
10 - узел входа в грудную полость,
11 - средостенные передние узлы,
12 - межреберные узлы, \
13 - средостенные аортальные узлы,
14 - средостенные задние узлы,
15 - бифуркационные средние узлы,
16 - бифуркационные левые узлы,
17 - диафраг-мальные узлы,
18 - поясничные узлы,
19 - внутренние подвздошные, или тазовые узлы,
20 - подвздошные средние узлы,
21 - подвздошные боковые узлы,
22 - глубокие паховые узлы,
23 - крестцовые узлы,
24 - заднепроходные узлы,
25 - поверхностные паховые, или надвыменные, узлы,
26 - грудной проток.

Бүйрек
Бүйрек - пішіні лобия тәріздес, қызыл-қоңыр түсті қомақты, құрсақ қуысының бел аумағында орналасқан жұп мүше. Сырт жағынан бүйрек майы, ал тікелей өзін талшықты тығыз фиброздық қабық қаптап тұрады. Сөйтіп, бүйрек екі қабықпен қапталған. Бүйректің ішкі медиальдік ойыс беті - бүйректі қақпа арқылы оған қоректендіруші артерия мен жұмысын реттеуші жүйкелер еніп, одан вена және несепағар шығады. Бүйректің ішкі кескінінде бір-бірінен айқын ажыратылып тұратын үш аумақты байқауға болады. Олар: бүйректің фиброздық қабығының астындағы шеткі қызғылт - қоңыр түсті несеп түзуші қыртысты аумақ, бүйректің ортаңғы жағында орналасқан несеп өткізуші ішкі бозғылт аумақ және осы екеуінің аралығында жатқан қоңыр түсті ірі қан тамырлары өтетін шекаралық аумақ. Бүйректің тек ветральдік беті сірлі қабықпен қапталған.
Бүйректің қыртысты аумағында қаннан несеп түзетін ұсақ бүйректік денешіктер қатарласа орналасады. Оларды бір-бірінен іштік сәулелер ажыратып жатады.
Ішкі бозғылт аумақ көптеген бүйрек пирамидаларынан құралған. Олардың жалпақ табаны шетке қарай бағытталған. Пирамидалар табандарынан бүйректің қыртысты аумағына іштік сәулелер кетеді. Ал, пирамидалардың бүйрек ішіне қарай бағытталған төбелері - бүйректік емізікшелер деп аталды.
Шекаралық аумақты доғалық артериялардан бүйректің қыртысты аумағына сәулелік артериялар тарамдалады. Радиальдік артериялардың екі жағында қатар-қатар болып бүйректер денешіктері орналасады.

Түтікше мүшелер

Түтікше мүшелер
Түтікше мүшелердің қабырғасы және ішінде қуысы болады. Олардың қабырғасы үш қабықтан: ішкі - кілегейлі қабықтан, ортаңғы - етті қабықтан немесе шеміршекті-талшықты қабықтан (тыныс жолдарының мүшелері - мұрын қуысы, көмекей, кеңірдек, бронхтар) және сыртқы - сірлі қабық немесе адвентициядан (ас қорыту, зәр бөлу, аталық және аналық көбею мүшелер жүйелерінің түтікше ағзалары) құралған. Түтікше мүшелерге қан және лимфа тамырлары да жатады. Олардың қабырғалары: ішкі - интимадан, ортаңғы - медиадан және сыртқы - адвентициядан тұрады. Түтікше мүшелер қабықтары өз кезегінде әртүрлі ұлпалардан құралған қабаттардан тұрады.

Түтікше мүшелер
Ортаңғы
(медиа)
Ішкі
(интима)
Сыртқы
(адвентиция)

Тынысалу мүшелері
Тынысалу мүшелері мен мүшелер жүйесінің негізгі ерекшелігі жануарлардың даму деңгейімен, тіршілік ететін ортасына тікелей байланысты. Мысалы, суда тіршілік ететін жануарлардың көпшілігінде тынысалу жүйесінің негізгі мүшесі - желбезек. Тынысалу мүшелері мен мүшелер жүйесінің негізгі ерекшелігі жануарлардың даму деңгейімен, тіршілік ететін ортасына тікелей байланысты. Мысалы, суда тіршілік ететін жануарлардың көпшілігінде тынысалу жүйесінің негізгі мүшесі - желбезек.
Оттегі ағзаға екі түрлі жағдайда сіңеді. Ауадағы оттегін құрлық жануарлары газ күйінде, ал суда тіршілік ететіндердің көпшілігі оттегін суда еріген күйде сіңіреді.

Мұрын қуысы.
Мұрын - тыныс жолдарының басталар алдыңғы бөлігі. Мұрын қуысында ауа жылынады, су буымен дымдалады, құрамындағы шаң тозаңнан тазаланып және иіс сезу мүшесінің қатысуымен ауа құрамындағы заттардың иістері анықталады. Кейбір жануарларда мұрын дыбыс шығаруға да қатысады.
Мұрын қуысы мұрындық перде арқылы екіге бөлінеді. Осыған байланысты мұрын қуысында жұп кіреберістік және жұп жұтқыншаққа шығаберіс тесіктер - хоандар болады. Мұрын қуысы мұрын маңындағы қойнаулармен тесіктер арқылы қатысып жатады.
Мұрынның жоғарғы жағы - мұрын қыры. Мұрынның алдыңғы ұшы жануарларда бірдей болмайды. Мұрынның екі бүйір қабырғасының негізін жоғарғы жақтық және тұмсықтық сүйектер, артқы қабырғасының торлы сүйек, алдыңғы мұрын ұшының тұмсықтық сүйек пен шеміршектер, мұрын түбінің тұмсықтық, жоғарғы жақтық және таңдайлық сүйектер, мұрын қырының мұрындық сүйек құрайды. Ал мұрындық перденің негізі перделік шеміршектен тұрады.

Мұрын тесігінің сыртқы екі бүйір қабырғасының танау деп аталады.
Мұрын ұшының екі қабырғасын перделік шеміршектің дорсальдік және вентральдік жиегінен, оның екі бүйіріне кететін дорсальдік және вентральдік бүйірлік мұрындық шеміршектер құрайды.
Танаудың негізін танау шеміршектері түзеді. Бірақ, бұл шеміршек құрылысы жағынан әр түрлі жануарларда түрліше болды.
Ерекшеліктері: жылқының қаңсары болмайды. Мұрын тесігінің пішіні жарты ай тәрізді болып келеді. Танаудың негізін танаулық шеміршек, шеміршек пластинкасы мен мүйізшесі түзеді. Шеміршек пластинкасы танаудың алдыңғы қабырғасында ғана болады. Танаудың бүйірлік бетінде тереңдігі 6-7 см мұрын буылтығы (дивертикулы) болады. Мұрын кеуілжірлері ішкі пердесі арқылы алдыңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы бөлімі ортаңғы мұрындық өтіспен жалғасып жатады. Дорсальдік кеуілжірдің артқы бөлімі маңдайлық қойнаумен қатысып, маңдай-кеуілжірлік қойнау, ал вентральдік кеуілжірдің артқы бөлімі жоғарғы жақтық қойнаумен жалғасып, кеуілжір жоғарғы жақтық тесігін түзеді.

Строение головы кошки. 9 - ноздри; 10 - носовая полость (хоаны) ; 13 - синус; 14 - носовые ходы; 15 - нёбо;

Көмекей
Көмекей - арқаны кеңірдекпен жалғастыратын кеңірдектің алдыңғы бөлігі. Көптеген қызметтер атқарады: тыныс алуды қамтамасыз ететін тыныс жолдарының құрамына кіреді, азықты жұту кезінде тыныс жолын азық жолынан бөледі, кеңірдекті тіл асты сүйегіне бекітеді, жұтқыншақ еттірінің негізін түзеді. Бұлармен ол дыбыс шығару мүшесі.
Көмекей қуысының ішкі беті кілегейлі қабықпен астарланған. Аңқадан көмекейге кіретін тесікті төменгі жағынан көмекей қақпағы бөбешік, екі бүйірінен ожауша - бөбешікті қатпарлар жатады. Бөбешіктің негізін бөбешіктік шеміршек, ал қатпарлардың негізін ожауша шеміршектің мүйіздік өсінділері түзеді.

Көмекейдің оң және сол бүйірлік ішкі бетінде қосарынан орналасқан кіреберістік және дыбыстық қатпарлар болады. Осы екеуінің аралығында көмекей қарыншасы орналасады. Дыбыстық қатпарлардың алдында жатқан көмекей қуысының бөлігін көмекейлік кіреберіс дейді. Кіреберістік қатпардың негізін қарыншалық ет, ал дыбыстық қатпарды дыбыстық сіңір және дыбыстық ет құрайды. Көмекейлік кіреберістің кілегейлі қабығы көп қабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Бөбешіктің артқы жағындағы кіреберісті, вентральдік бетіндегі кішкене шұңқыршаны көмекейдің орталық қалтасы дейді. Оң және сол ожауша шеміршектер мен дыбыстық қатпарлар аралығындағы қуысты дыбыстық саңылау дейді. Оның жоғарғы кең шеміршекаралық және төменгі тар дыбыстық қатпараралық немесе жарғақаралық бөліктері болады. Соңғы жарғақаралық бөлікті дыбыстық аппарат деп те атайды. Дыбыстық еріндерден кейінгі көмекей қуысын дыбыстық артқы қуыс дейді. Бұл қуыстың кілегейлі қабығы көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Көмекейдің ортаңғы қабығының негізін бір-бірімен қозғалмалы байланысқан 5 шеміршек түзеді.

Ерекшеліктері: жылқыда көмекейдің қалқанша шеміршегінің каудальдік бетінде терең каудальдік ойық болады, пластинкасының сыртқы бетінде еттер бекитін қиғаш сызықтар байқалады. Көмекей қарыншасы жақсы жетілген.
Ірі қара малда қалқанша шеміршектің каудальдік мүйізшесі сақинаша шеміршекпен байлам арқылы байланысады. Ожауша шеміршектің дыбыстық өсіндісі жақсы жетілген. Бөбешіктік шеміршектің пішіні сопақша, дыбыстық қатпарлары көмекей түбіне тік орналасқан. Көмекейдің орталық қалтасы, қарыншасы болмайды.
Ұсақ малдарда көмекейдің орталық қалтасы жақсы жетілген, ал шошқаның көмекейі ұзындау келеді. Қалқанша шеміршектің алдыңғы мүйізшесі болмайды. Ожауша шеміршек пен сақинаша шеміршек арасында ожауша шеміршектераралық кішкене шеміршек орналасады. Дыбыстық қатпарлары төмен артқа қарай қиғаш орналасады. Олардың алдыңғы, артқы бөліктерінің арасындағы көмекей қарыншасының тесіктері көрінеді.

Кеңірдек көмекейді өкпе бронхтарымен жалғастырып тұратын түтік тәрізді мүше. Кеңірдектің ұзындығы мен оның қабырғасындағы шеміршек сақинашаларының саны жануар мойнының ұзындығына байланысты. Кеңірдек жүректің жоғарғы жағында екі негізгі бронхтарға тарайды. Бұл жерді кеңірдектің бифуркациясы дейді.
Кеңірдек қабырғасы үш: кілегейлі, ортаңғы фиброзды, шеміршекті, сыртқы оның орналасу орнына қарай сірлі қабық немесе адвентициядан тұрады. Кеңірдектің кілегейлі қабығы көп қабатты кірпікшелі эпителийден, өзіндік пластинкадан, кілегейліастылық қабаттардан құралған. Эпителий торшалары аралығындағы бокал тәрізді бір торшалы бездерден бөлінген кілегей эпителийдің ішкі бетін дымқылдандырып, тыныс жолдарына түсетін шаң-тозаңдарды ұстап қалады. Кірпікшелердің қозғалуы арқылы жиналып, кілегейленіп, қақырыққа айналған шаң-тозаңдар сыртқа шығарылып отырылады.
Кілегей қабығының өзіндік плстинкасы борпылдақ дәнекер ұлпасынан түзілген. Бұл қабаттан қан тамырлары мен жүйкелік талшықтарды және лимфалық баданалардан кездестіруге болады. Өзіндік пластинка мен кілегей астылық қабат аралығында эластикалық талшықтар қабаты жатады.
Кілегей астылық қабат борпылдақ дәнекер ұлпадан түзілген. Мұнда кілегей бөлетін көпіршікті - түтікшелі бездері жатады.

Ас қорыту жүйесі
Адам мен жануарлар ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, тік ішекпен бітеді де, ұзына бойынша бірнеше рет кеңейіп-тарылып отырады. Ішкі жағынан ас қорыту жолы кілегей қабықпен қапталып, онда ас қорыту бездерінің өзектері ашылады. Әр без құрамы белгілі бір шекте өзтеріп отырады, өзіндік қасиеттері бар сөл бөлелд. Бұл сөлдердің құрамында ас қорыту процесін шапшаңдататын ерекше биологиялық катализаторлар - ферменттер болады.
Ас қорыту жүйесі шартты түрде алдыңғы, ортаңғы және соңғы бөлімдерге бөлінеді. Алдыңғы бөлімге ауыз қуысы мен оның косалқы мүшелері, жұтқыншақ, өңеш; ортаңғы бөлімге - карын мен ащы ішек, ал соңғы бөлікке - тоқ ішек жатады. Ас корыту жүйесіне сонымен қатар сілекей бездері, ұйқы безі, бауыр да қосылады.
Ас қорыту жүйесі мүшелері бірнеше күрделі қызмет атқарады. Олар секрециялау (сөл бөлу), қимылдау (моторлық), сіңіру, бөлу (экскрециялау) және инкрециялау (биологиялық белсенді заттар - тормондар бөлу) қызметтері.

Сүт қоректілерде ас қорыту системасы ерінінен басталады. Етті ерін тек қана кит тәрізділерде және клоакалы жануарлар-да ғана болмайды. Етті ерін сүт қоректілерге қоректерін қар-мап ұстау үшін керек. Етті еріндері кейбір сүт қоректілерде (са-ламандраларда, шұбар тышқанда, маймылдарда) жақсы дамыған. Тіпті олар қоректерінің
бірсыпырасын осы дорба сияқты ұрттарына толтырып сақтайды
Өңештің еті тегіс тканьдерден құралады. Кейбір күйіс қай-таратын жануарларда жұтқыншақтан келетін көлденең салалы еттер болады. Осы еттерінің көмегімен өңеш еріксіз жиырылып күйіс қайырғанда қарындағы қоректік затты кекіріп аузына келтіруге көмектеседі. Қарын басқа ас қорыту мүшелерінен айқын бөлінген және көптеген сөл шығаратын бездері болады. Қарынның көлемі және оның ішкі құрылысы қоректік заттарының түріне байлаиысты әрбір түрде түрліше болады. Клоакалы сүт қоректілердің қарыны қарапайым қалта пішіндес болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz