Диатомды балдырлар




Презентация қосу
ДИАТОМДЫ БАЛДЫРЛАР
Орындаған:Жакупова Назерке
Тексерген:Мирашева Г.О
Группа:БТ-407
Жоспар
1.Диатомды балдырлар
2.Диатомды балдырлар бөлімі
3.Қолданылған әдебиеттер
Диатомды балдырлар (Dіatomeae) – бір
клеткалы организмдердің айрықша тобы.
Олардың клеткалары кремнеземнен тұратын
тас қабықпен (панцирь) қапталған, сондықтан
оларды кремнийлі балдырлар (Вacіllarіophyta)
деп те атайды. Диатомды балдырлар табиғатта
өте кең таралған: ащы, тұщы суларда, су
қоймаларында, ылғал топырақта, мүкте, су
өсімдіктерінде көп кездеседі. 12 мыңдай түрі
(ішінде қазбадан табылғандары да бар) белгілі.
Олар 2 класқа (Рennatophyceae, Сentrophyceae),
9 қатарға, 300-ге тарта туысқа біріктіріледі.
Қазақстанда 700-ге жуық түрі бар. Диатомды
балдырлар өте майда (4 – 2000 мкм) келеді,
жеке немесе шоғыр (жұлдыз, тізбек,таспа,
жіпше, бұта тәрізді) құрып тіршілік етеді
Диатомды балдырлар негізінен екіге бөліну арқылы
көбейеді, яғни аналық клеткадан әр бөліктің біріне
эпитека, екіншісіне гипотека өтеді де, қалған
жетіспейтін бөліктер жаңадан пайда болады. Сондай-
ақ жыныстық (изогамия, гетерогамия, оогамия)
жолмен де көбейеді. Диатомды балдырлар су
түбіндегі шөгінді сапропелийлердің негізін құрайды.
Шөгінді тау жынысы диатомит, негізінен, осы
балдырлардың қабықшаларынан тұрады. Диатомды
балдырлар юра кезеңінен белгілі. Бұлар жалтырауық
балдырлар мен сары жасыл балдырлардан шыққан
деп есептеледі. Кейбір ғалымдар Диатомды
балдырларды қарапайымдыларға да жатқызады.
Диатомды балдырлар жеңіл, денесі кеуекті
болғандықтан адсорбтану қасиеті өте жоғары, тамақ
өнеркәсібінде, химия, медицина, құрылыста кеңінен
қолданылады. Диатомды балдырлармен су
жануарлары қоректенеді.
Диатомды балдырлар бөлімі
Түрлерінің жалпы саны 6 мың шамасында болады.
Бұлар микроскопиялық, өте ұсақ, бір клеткалы,
кейде колония түзетін организмдер. Диатомды
балдырлар барлық жерлерде кездеседі. Олар ащы
және тұщы суларда, ылғалды топырақтарда, жар
тастарда, ағаштардың діңдерінің қабықтарында
және т.б. жерлерде өседі. Судың түбіндегі ұйық
батпақтарда олар өте көп кездеседі. Диатомды
балдырлардың клеткасының пектинді
қабықшасына, сырт жағынан кремнезем сіңеді де
қорғаныш қызмет атқаратын "сауыт" түзеді. Ол
бір-біріне тығыз болып киілген екі бөліктен:
үстіңгі эпитекадан және астыңғы гипотекадан
тұрады. Олардың тікесінен қарағандағы жалпақ
жақтарының шеттері аздап қайырылған, ал
белдеу жағы жіңішке сақина тәрізді болып келеді
Эпитеканың белдеуі гипотеканың белдеуіне
қарай тығыз болып жылжиды. Жақтауларында
оларды тұтас тесіп өтетін тесіктері - поралары
және бос қуыстары болады. Клетканың ішінде
протопластпен вакуольдері орналасады.
Ядросы біреу. Хроматофорасының түсі қоңыр,
өйткені оның хлорофиллі қоңыр
пигменттермен - каротиноидтармен және
диатоминмен жабылып көрінбей тұрады.
Вегетативтік көбеюі протопластың
митотикалық жолмен бөлінуінің нәтижесінде
жүзеге асады. Осыдан кейін клеткалар бір-
бірінен ажырайды да, әрбір протопласт жаңа
гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда
аналық клеткадан қалған гипотека жас
клетканың эпитекасына айналады.
Осындағы клетканың әрқасысы редукциялық
жолмен бөлінеді, нәтижесінде олардан төрт
гаплоидті клетка - тетрада қосылады, ал
қалған клеткалар жойылады. Зиготаны "өсу
спорасы" (аукоспора) деп атайды. Одан
мөлшері қалыпты жағдағыдай жаңа особь
пайда болады. Диатомды балдырлардың
өмірлік циклы диплоидты фазада өтеді.
Диатомды балдырлардың шіріген
қалдықтарынан тау жыныстарының қалың
қабаттары - диатомит және трепел пайда
болған. Оларды жарылғыш заттар жасау
өндірісінде - динамиттер жасауға, дыбысты
және ыстықты изоляциялағанда,
металлдардың бетін тегістегенде, сүзгілер
жасағанда қажетті материал ретінде
пайдаланады.
Классификациясы. Диатомды балдырлар бөлімі
мынадай екі кластан тұрады: пеннатталылыр класы
(Реnnаtорһусеае), центрикалық диатомдылар класы
(Сеntгорһусеае). Бөлімінің негізгі туысының бірі-
пиннулярия . Ол пеннатылар класына жатады. Бұл
судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін,
клеткасының формасы сопақтау, эллипс тәрізді, ұштары
дөңгелектеніп келген, ал ортаңғы бөлігі жалпақтау
болатын бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс
(щель) өтеді, оны екі ұшында және ортасында түйін деп
аталынатын, үш қалындаған төмпешік болады.
Цитоплазмасы клетканың ішінде қозғалысқа келе
отырып, тігіс арқылы сумен түйіседі, нәтижесінде
пиннулярия су қабаттарында жылжып жүруге мүмкіндік
алады. Пиннулярияның жақтауларында көптеген
көлденең жолақтар болады, олар клетканың
сыртындағы кремнеземның бірыңғай тегіс болып
жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында
ядро, вакуоль және екі пластинка тәрізді, қоңыр түсті
хроматофорасы болады
Қолданылған әдебиеттер

Абдрахманов О. “Төменгі сатыдағы
өсімдіктер систематикасы”. Алматы:
Мектеп, 1972.-242 бет.

Овчарова Е.Н., Елина В.В. Биология
(растения, грибы, бактерии, вирусы).
ИНФРА-М, 2010 г.

www. wikipedia.ru

Ұқсас жұмыстар
Диатомды балдырла
Эвгленалар, Диатомды, Пирафитті балдырлар
Диатомды және эвгленалы балдырлар
Диатомды жә не эвгленалы балдырлар
Өсімдіктердің ұрпақ шығаруы және көбеюі, жолдары
ЖАСЫЛ БАЛДЫРЛАР
“Төменгі сатыдағы өсімдіктер, балдырлар”
Өсімдіктер дүниесі
Өсімдіктер эволюциясының кезеңдері
Топырақтағы мекендейтін микроорганизмдердің түрлері мен ролі
Пәндер