Қабылдау туралы жалпы ұғым




Презентация қосу
Қабылдау
туралы жалпы
ұғым

Орындаған: Фазымова А.Ж

Тексерген : Оспанова Қ.Ш.

Семей 2015
Жоспар:
1) Қабылдау туралы жалпы ұғым
2) Қабылдаудыың негізгі ерешіліктері
3) Қабылдаудың тұтастығы
4) Қабылдаудың мағыналылығы
5) Қабылдаудың таңдамалылығы
6) Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы)
7) Қабылдаудағы иллюзия
8) Апперцепция
9)Байқау және байқағыштық
10)Кеңістік пен уақытты бақылау
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбы-
лыстарының жеке қасиеттері мен сапаларының
миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар
мен құбылыстардың мида тұтастай
бейнеленуі болып табылады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі,
дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б. қасиеттері
түтас күйінде бейнеленеді. Мысалы, алманы
қабылдауды алайық. Мұнда біздің
анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі,
тәтті дәмі т. б. осындай қасиеттері бір мезгілде
эсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда
болады.
Қабылдау процесінде адамның өткендегі
тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы
ортадан дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі
бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай
алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір
бойы поезды көрмесе, оны бірден жақсы тани
алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары
мен құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу
емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау
дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Қабылдау — ми қабығының күрделі анализдік
және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың
физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштерді ң
жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда
болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мүны И.
П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен,
анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы
(яғни тітіркендіргіштердін бір-бірімен байланысы)
заттың түрі түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын
тануға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, қабылдау — түйсіктегідей бір
анализатордың қызметі емес, бірнеше анализаторларды ң
бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны
екі анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жүмыс
істеуінен болады.
Қабылдаудың тұтастығы
Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке
бөліктерден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай
қабылдаймыз.
Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде ұшыраған кейбір
объектілердің жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділері
қабылданса да, біз бүларды түтас зат форма-сында
қабылдаймыз. Егер "Дударай" операсындағы Мариям әнінің
басталуын қүлағымыз шалса, осы әннің мазмүнын т үтастай
қабылдайтын боламыз. Адам алдындағы үш нүктені жеке
ноқат ретінде кабылдамайды. Мүны үш бүрыштың түтас
бейнесі деп түсінеді. Өйткені, қабылдаудағы жеке бөліктер
жиналып келіп, түтас нәрсенің бейнесін қүрайды.
Қабылдаудың мағыналылыгы
Бүл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылы ғын жа қсы
көрсетеді. Ол объектілердің мазмұнын жақсылап т үсінбейінше, белгілі т үжырымдар
мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды.
Қабылдауда объектінің аты сөзбен (екінші сигнал ж үйесі) берілсе, қандай н әрсе
болса да оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзіміз т үсінбейтін тілде с өйлеген
сөздерді мүлде ұқпайтын болсақ азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала-шарпы
қабылдаймыз. Адам ана тіліндегі сөздерге жа қсы, толық т үсінетіндіктен оларды толы қ
қабылдай алады.
Заттар мен қүбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым т үрі — тану. Нәрсені
танымайынша, оны аңғарып, қабылдау қиын. Тану жалпылай және даралап тану
болып екіге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз талғаусыз қалай болса, солай тану.
Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле бермейді.
Объектілерді даралап тану арқылы оларды анық, толы қ қабылдау ға м үмкіндік туады.
Мәселен, көпшілік арасынан таныс адамды бірден тану, к өп киімні ң ішінен өз
пальтоңды бірден тану оп-оңай.
Қабылдаудың таңдамалылығы
Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз (оны ң қасиетін, сапасын) қабылдаудың
таңдамалылыгы делінеді. Мәселен, кітап оқығанда ондағы бірер сөз қате жазылған болса да бай қамай о қып
кете береміз. Егер кітапта "университет" деген соз "унверситет" деп қате жазылса да, біз оны "университет" деп
дұрыс оқимыз. Кітап оқығанда оның мазмұнына ерекше көңіл болінетіндіктен, м ұндай қателер к өзге т үспей
қалады. Ал жеке сөздерге, жеке әріптерге шұқшия көз салған жа ғдайда (мәселен, корректорлар) тексті ң
мазмұны ұғылмай, күңгірт қалып қоятын кездері болады.
Қабылдауда зейін аударып, талғаудың зор маңызы бар. Мүндай жағдайда объектіні ң назар аударыл ған
белгілерін, қасиеттерін, керек жа қтарын қабылдаймыз. Бізді ң назар аударатынымызды ң ішіндегі е ң
бастылары, қазірде істепжатқан әрекетімізге қажет қызы қтыратын, қажетімізге жарайтын н әрселер болып
табылады.
Қабылдаудың таңдамалылыгы әр түрлі объективтік (объктілердің ерекшеліктеріне — күші, қозгалысы,
қарым-қатынасы т.б.) және субъективтік (адамның қабылданатын затқа қызығуы, оны қажетсінуі, сол кездегі
психикалық коңіл-күйі т.б.) себептерге де байланысты болып келеді.
Мұғалім бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын
сұраған кезде оған бір баланың жауабы ерекше
ұнайды. Бүған ол аса зейін қояды. Сонда
мүғалімнің объектісі сол бала болады да,
қалғандарының жауабы жөнді еленбейді.
Қабылдауда ерекше айқын корініп түрған нәрсе
(жогарыдагы мысалда баланың сабақты жақсы
айтуы) фигура делінеді де, қалғандары (осы
сүрақка жондеп жауап бере алмаган оқушылар)
соның фоны болады. Сөйтіп, аса зейін қойған
зат осы кезде фигура болады да, оның
айналасындағы қоршау фон болып есептелінеді.
Осылайша түрлі жағдайда әркімнің өзінше
қабылдауы көбінесе адамның мамандығына да
байланысты. Мәселен, суретші алдымен екі
профильге назар аударса, мұражай қызметкері
бірден вазаны көреді.
Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылыгы)
Қабылдаудың константтылыгы деп сыртқы жағдайдың
өзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттеріні ң бір қалыпты
болып қабылдануын айтады. Мәселен, біздің алдымызда ғы телеграф
баларының бір-бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей
сәулеленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір-біріне те ң деп
қабылдаймыз. Өйткені олардың шындықтағы қалпы осындай. Осы
заңдылықты түсіндіретін мысалдар толып жатыр. Мәселен, ақ қа ғаз
жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканы ң жары ғы
түссе де бәрібір ақ болып қабылдана береді. Жарықты ң т үрлі інен
көмір: бірде қара, бірде сүрғылт болып қабылданады. Мұның бәрі
анализаторында түрліше бейнеленеді. Осы заңдылық түрмыста,
еңбек процесінде түрлі заттарды тез, оңай тану ға мүмкіндік береді.
Қабылдаудың константтылығы балаларда 2 мен 4 жасты ң арасында
қалыптасып болады. Қабылдаудың константтылығы адамны ң өткен
төжірибесіне де байланысты. Бейнені тұра қты т үрге келтіруге, оны
сол қалпында сақтауға мүмкіндік ту ғызатын ең жоғары психикалық
функция — сөз. Әрбір заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана
затты бір түрақты түрге енгізеді.
Қабылдаудагы иллюзия
Әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа
қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге
байланысты шындықты бүрмалап, теріс қабылдайтын
кездер де болады.

Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді
қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан
алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай
құйылған стақанға салынған қасықтың "сынған" құсап
тұруы физикалық қасиеттерімен түсіндірілсе, кейбір нәрсе
жөніндегі жаңсақ пікірлер адамның әртүрлі
ерекшеліктеріне байланысты.
Иллюзияның табиғаты ғылымда әлі де толық зерттелмеген.
Иллюзияның түрлері өте көп. Соның ішінде қабылдауында
иллюзиялар жиі кездеседі. Бүл көбінесе заттарды ң кеңістікке
орналасу жағдайын адамның жөнді білмеуінен туады. Көру
(оптика) иллюзияларына: контраст, перспектива, қашы қты қ,
заттың жоғары жағын артык бағалау, түзу кесіндінің ығысу
иллюзиясы т. б. жатады. Мәселен, перспектива иллюзиясын
алайық. Айталық үш бағананың биіктігі бірдей дейік. Ал к өріп
түрған кезінде олардың ең әрідегісі бәрінен үлкен сияқты болып
көрінеді. Мүның себебі — нәрсе алыстаған сайын онын бейнесі
кішірейе беретіндіктен, нәрсе өзінен кішкентай н әрсені ң қасында
тұрса — үлкейіп, үлкен ңәрсемен қатар түрса — кішірейіп
көрінеді. Осы мысалдағы ортадағы дөңгелектер, шынында, өзара
тең, бірақ көзге әр түрлі болып көрінеді, өйткені бірі — үлкен
дөңгелектердің, екіншісі — кішкентай дөңгелектерді ң
қоршауында тұр. Тәжірибе арқылы тексеріп — қабылдаудың
дұрыстығының бірден-бір өлшемі. Мәселен, стақандағы шайдан
қасықты алып, оның сынбағандығын байқау — осындай
тәжірибенің қарапайым түрі. Иллюзияның зандылыктарын дүрыс
түсінудің тәжірибелік мәні зор
Мәселен, иллюзиялар архитектура мен бейнелеу өнерінде, әскери
маскировкада, баспахана әріптерін жасауда, сахнаны безендіруде жиі
қолданылады. Иллюзияның заңдылықтарын білу адам ойлауында ғы
сыншылдықты дамыта түседі. Иллюзияларды адамның ж үйке
жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын заттардың
жалған, теріс бейнелері — галлюцинацияларда ажырату қажет.
Мұндай науқасқа ұшыраған адамның ұғыну қабілеті кемиді де, есі
кіресілі шығасылы болады. Мәселен, оған ешкім дауыстамаса да ол
бір дауыс естігендей, денесінде қайдағы бір жо қ жорғалап
жүргендей корінеді. Бүл көбінесе шизофрения, инфекция
ауруларының негізінде пайда болып отырады. Бұл аурулардан
психиатр-дәрігерлердің көмегімен айығу ға болады. Ми қабығында
процесі тежелумен алмаспай бір орында тұрып қалған кезде осындай
(бүл жүйкенің патологиясы) галлюцинациялық бейнелер пайда
болады.
Апперцепция
Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен
тәжірибесінің мазмұнына байланыстылы ғын апперцепция дейді.
Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді.
Түрақты апперцепция адамның қызығуы мен маманды ғы, білімі
мен дүниетанымына байланысты болып отырады. М әселен,
"түбір" деген сөзді эр адам түрліше қабылдауы мүмкін. Тіл
маманы осы сөзді ести салысымен сөздің түбірі жайлы айт қысы
келеді. Ал ботаник болса, шөптің түбірін, математик санның
түбүрін айтып беретіндігі белгілі. Апперцепция затты т үрлі
жағынан багалай алу, адамның оны өзінше талқылап, өзінше
қөзқарасын білдіре алуы. Апперцепцияның мол болуы
білімділікке байланысты. Білім адамны ң ойын тере ңдетіп, оны ң
мазмұнын кеңітіп қана қоймайды, дүниені жан-жағынан тере ң
түсіне білуге жағдай тугызады. Адам есейген сайын оны ң білімі,
тәжірибесі молая түседі, дүниетанымы қалыптасады. Б үл оны ң
апперцепциясының өзгеруіне эсер етеді. Балалардың оқу
материалын жақсы қабылдай алуы олардың апперцепциясына
(яғни түсінік қорына) байланысты болып отырады. О қушыны
жаңа сабаққа даярлау бүл, бір жағынан, оның апперцепциясын
тудырып отыру деген сөз.
Әр түрлі иллюзиялардың негізінде
адам жаңсақ пікірде болады, мүны
уақытша апперцепция дейді. Аппер-
цепцияның уақытша түріне А. С.
Пушкиннің "Вурдалак" деген өлеңі
жақсы мысал бола алады. Осы өлеңінде
Ваня деген корқақ бала түнде зират
арқылы жүріп бара жатады. Ол
қорыққанынан қара терге түседі, сүйек
кеміріп жатқан итті қабырдан шыққан
өлікке балайды. Өйткені оның өзі
осындай кереметтердің "болатындығына"
сенетін.
М. Әуезов "Қыр әңгімелерінде" Жортар қарттың басынан
кешкен бір оқиганы былайша суреттейді: "Бейіттің іші әлгіден де
жарық болып кетіп, артынан бәсеңдегендей болды... қүдай
көрсетпесін — өзіме өзінің бұрын түсін көрмеген, атын естімеген
бір пәле көрінді.
Алғашқы көрген кезде "жалмауыз" дедім. Нобайы үқсамайды.
Қап-қара, тырдай жалаңаш. Бойы еңгезердей, үлкен, биіктігі кісі
бойы — қол сүғымдай шашы бүрқырап түр. Козіме түскен, әсіресе,
қорқынышты жері — аузы. Ырсиып, от болып, тістері ақсиып
сойдиып түр екен. Аузынан кәдімгідей от бүркіп түр... озге еш жері
корінбейді. Қараңғы бүрышта қып-қызыл от болып жанып түрған
ырсиған ауыз, ақсиған тіс қана корінгендей болды... түрайын десем,
буынымды баса алатың емеспін,.. қозгаларға шамам жоқ... қүр
сүлдем отыр... Бір мезгілде... ақырып келіп, иығымнан бас салды...
Жын-шайтан, пері, албасты дейтін үгымдарға қаттьі сенетін
бейіт ішінде осындай "керемет" коріністерді туғызған жауыннан
паналап жүрген екінші бір адамның әлсін-әлі жағып жүрген
сіріңкесі екен. "Қорыққанға қос корінеді" деген мәтел осындай
адамдардың психологиясын оте жақсы керсетеді.
Байқау және байқағыштық
Байқау дегніміз – белгілі мақсат пен объектіні әдейілеп
қабылдау. Бі нәрсені мұқият байқау үшін біраз уақыт
бойында жүйелі түрде бір объектіні бөліп алып
қадағалаған дұрыс. Бұл – байқаудың негізгі шарттарының
бірі. А. Құнанбаев «Қан сонарда бүркітші шығады а ңға»
деген өлеңінде жақсы көрсеткен:
«Біреуі көк, біреуі – жер тағысы
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» -
«қар аппақ», «бүркіт қара», «түлкі қызыл» деген
тіркестерде кез келген адамға байқала бермейтін к өріністер
сөз болып отыр. Мұндай сөздерді осы нәрсені өте жетік
білетін адам ғана айта алады.
Кеңістік пен уақытты қабылдау
Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың
көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс – жақындығын,
тайыз – тереңдігін, бағыт – бағдарын қабылдау деген
сөз.
Кеңістікте орналасқан заттардың көлемін қабылдауду
екі көзбен көрудің (бинокулярлық көру) маңызы зор. Ал
бір көзбен көру (монокулярлық көру) тереңдік жөнінде
дәл мағлұмат бере алмайды.
Бинокулярлық қарауда екі көзге түсетін кескін қосылып
кетеді де, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана
кескінге айналады.
Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда
көздің конвергенциясы (латынның «конвергерс»
деген сөзі, қазақша жақныдату деген мағынаны
білдіреді), яғни екі көздің көрілетін затқа бір
көздей болып әрекет етуі қажет болады. Бұл
құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда
байқалады. Көз тіккен нәре неғұрлым жақын
тұрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз
ішке бұрыла береді.Көздің түрлі қашықтықағы
заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін
аккомадация деп айтады. Көздің аккомадациясы
хрусталь дөңестігінің өзгеруіне байланысты
жақын заттарды көргенде жиырылады да,
алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі.
Уақытты қабылдау да сыртқы дүниедегі
заттар мен құбылыстарда болатын
өзгерістердің санаға «сер етіп қалдыратын
бейнесі. Уақыт – дүниедегі заттардың
өзгеріп, бір қалыптан екінші қалыпқа көшіп,
ескі заттардың жоғалып, олардың орнына
жаңа заттардың пайда болып отыру
көрсеткіші.
Уақытты қабылдау бірнеше
компоненттерден тұрады. Соның бірі -
уақыттың ритімі. Уақыттың ритімі –
құбылыстардың белгілі ырғақпен өтіп
жататын бір ізділігі. Уақыт темп арқылы
өлшенеді.Темп – құбылыстардың бір
ізжілігінің, тездігінің не бояулығының
көрсеткіші.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1) Заттар мен құбылыстардың мағынасын түсінудің
қарапайым түрі қалай аталады ?
2) Ми қабығының күрделі анализдік және синтездік
қызметінің нәтижесі қалай аталады?
3) Белгілі мақсат пен объектіні әдейілеп қабылдау қалай
аталады?
4) Қабылдаудың константтылыгы дегегніміз не ?
5) Жалпылай тану дегеніміз не ?
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Жарықбаев Қ. Психология (оқулық). Алматы, «Білім»,
1993 115-127бб.

Ұқсас жұмыстар
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ
ОЙЛАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ТУРАЛЫ
Биология пәні бойынша қалыптасатын биологиялық ұғымдарды одан әрі биология курсында дәйекті дамытуға бағытталған қызметін жоспарлау
Таным теориясы мәселелері
Ойлау туралы жалпы түсінік
Таным термині
Қабылдаудың жалпы ұғымы
ТАНЫМНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ШЕКАРАЛАРЫ. ҒЫЛЫМИ ТАНЫМНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Таным құрылымы
Кеңістікті қабылдау
Пәндер