Халықтық педагогиканы, мақалмәтелдер, қолданып тәрбие сағатын өткізуге материалдар жинастыру. Тәрбие сағатының үлгісі


Slide 1

Слайд

Орындаған:Өзгерісхан. Н

Тексерген:Оралбекова Б. С Топ:Е-415

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

Пән:Этнопедагогика

Тақырыбы: Халықтық педагогиканы, мақал-мәтелдер, қолданып тәрбие сағатын өткізуге материалдар жинастыру. Тәрбие сағатының үлгісі

Slide 2

Кіріспе

Мақал - мәтелдер - талай замандар бойы қалыптасып ұрпақтан ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өрнегі. Мақал - мәтелдерден халықтың ақыл - ой, даналығы мен тапқырлығын көреміз. Олар - кемелі ой, кең мазмұнды бір - ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Мақал - мәтелдер әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, терең ой, кең мазмұнды қамтиды. Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде айтылады.

Slide 3

3

Сабақтың тақырыбы: Мақал- мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - оқушылардың мақал - мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету;

Дамытушылық - оқушылардың тіл байлығын арттыру, өзіндік ойын

дәлелдеуге тұжырымдама жасауға жетелеу;

Тәрбиелік - ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға

тәрбиелеу;

Slide 4

Түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Әдіс-тәсілі:

топтастыру, талдау, салыстыру, ой қорыту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы.

I Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығы.

Үй тапсырмасы бойынша бұлтшалардағы тапсырмаларға жауап беру.

Slide 5

II. Жаңа сабақ.

Мақал - мәтелдер - халық даналығының, көрегендігінің айнасы тіл

байлығының алтын қазынасы. Мақал - мәтелдер - өмір шындығының көрінісі,

халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.

«Сөздің көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал - мәтелдерді адам баласы

өзі айтайын деген оймен орайластырып орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай

өткір, көңілге қонымды көркем әрі бейнелі болады. Мақал - мәтелдер аз сөзбен

терең мазмұнды бере алады

Slide 6

Халықтың

ұрпағына өсиеті

(әкенің балаға

өсиеті)

Халық даналығының айнасы

(Бетің қисық болса, айнаға

өкпелеме)

Асыл сөз қазынасы(Алтын, кұміс,

гауһар, т. б. асылтастар, бағалы

бұйымдар- мүліктік

қазына)

Өмір сүру ережесі (жолда жүру,

суда жүзу, қауіпсіздік ережесі)

Мақал - мәтелдер

Slide 7

Мақал - халықтың өмірде алған тәжірибесінің, ой - тұжырымының

қорытынды жиынтығы, айқын ойды үлгі - өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып,

көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.

Мақал - мәтелдер қосарлана айтылғанымен, олар бір - біріне туыс болғанмен,

екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің

ойды туйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы:

«Тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ, бұл мақал

екі жай сөйлемнен тұрады.

Slide 8

III Мақал-мәтелдерді одан әрі тереңірек меңгерту үшін сабақты « Жарыс

сұхбат» түрінде өткіземін. Ол төмендегідей.

1. Кім көп мақал-мәтел біледі? (әр алуан тақырыпта қамтылған)

2. Суреттерді көрсете отырып, мақал-мәтел айтып бер. (үй, мектеп, кітап, ұстаз)

3. Әңгіме, шағын мәтіндер жаздыру арқылы мақал-мәтелдермен ыңғайлы

аяқтау.

IV . Қызықты грамматика. Кім Мақалбай атай болғысы келеді?

Мақалбай атай болған бала халықтың мақал - мәтелдері нені үйретеді, немесе

неге уағыздайды дегенді түсіндіріп, төмендегі үлгі бойынша берілген

мақалдардың тақырыбын тауып жазуы керек те, өзі ойлап әр тақырыпқа сәйкес

бір мақал айтып, жолдастарының мақал жайындағы сұрақтарына мүдірмей

жауап беруі шарт.

Осы шартты орындап шыққан бала «Мақалбай атай» атағын алады.

IV. Жаңа сабақты қорытындылау. Оқушыларды іздендіре отырып, кестені толтыру

V. Үйге тапсырма

1- топ мақал мен мәтелді ажыратып, баған түрінде жазу (кестемен жұмыс) .

2- топ құрамында сан есімі бар он мақал - мәтел жазу.

3- топ шағын әңгіме оқып, мәтіннің мазмұнына қарай мақал-мәтел жазу.

VI. Бағалау

Slide 9

Мақал

Мәтел

Айырмашылығы

Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдереді, яғни жазылатын ой толық болады мәтелге қарағанда, және бұл кейде өсиет, пікір ретінде жазылады.

Мәтел ишара түрінде, ой толымсыз түрінде жазылады, мысалы Айласыз батыр алдырар.

Slide 10

Құрылымдық ерекшелігі

Мақал екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдардың көбіне екі бөлімнен тұратынын білеміз. оның үстіне мақалдарда ой тиянақты болады. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Сонымен қатар мақалдарда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салыстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді.

Мәтел мақалға қарағанда ойды ақырына дейін жеткізбей, топшылап, болжам ретінде түсіндіретін, сөйлем түрінде де, сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік. Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. Мәтелде тиянақты тұжырым да болмайды.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Халықтық педагогика
Сынып жетекшісінің қызметі
Сынып сағаты
Сынып жетекшісі қызметін ұйымдастыру
Сынып сағаттарын өткізу формалары
Халық тық педагогиканың тә рбиелік мә ні
Тәрбие сағатының үлгісі
Тәрбиенің түп төркіні – халықтық педагогика
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың міндеттері мен бағыттары
Халық педагогикасы тәрбиені еңбек пен өнерге негіздей жүгізді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz