Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу жайлы ақпарат


Slide 1

Тақырыбы: «Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу »

Орындаған: Акатаева. М

Тексерген: Серекбаева Б. С. Тобы: ГУ-409

Семей 2015 жыл

Slide 2

Бухгалтерлік есеп шоты - шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі.

Шот - бухгалтерлік есептегі ақпаратты жинақтаушы.

Slide 3

Шоттың көрнекті түрде бейнеленуін «Т - шот моделі» сызбасымен көрсетуге болады. Бұл қарапайым модель үш элементтен тұрады.

Атауы

сол жағы - дебет;

оң жағы - кредит.

Slide 4

Сол жағында жазылған кез-келген жазба шотты дебеттеуді,

оң жағындағы жазба шотты кредиттеуді білдіреді.

«Дебет» және «Кредит» сөздері шоттың оң және сол бөліктерін бейнелеуге арналған бухгалтерлік терминдер. Бұл атаулар ежелден қалыптасқан. Шоттың әрбір жағы сомалардың азайғаны мен көбейгенін бейнелеуге арналған.

Шоттар бухгалтерлік баланс баптарымен тығыз байланысты. Сондықтан да олар активті және пассивті деп бөлінеді.

Slide 5

Осыларды айта келіп, мынадай түйін жасауға болады:

активті және пассивті шоттарда дебет және кредит қарама-қарсы мағынада болады;

активті шоттарда дебет қалдық пен көбеюді, ал кредит мүлік пен міндеттемелердің азаюын көрсетеді;

пассивті шоттарда, керісінше кредит қалдық пен көбеюді, ал дебет - қайнар көздердің азаюын көрсетеді;

жаңа немесе соңғы қалдық (есептік кезең соңындағы) алғашқы қалдықтың қай жақта болғанына сәйкес, дебет жағында болса - дебетке, кредит жағында болса - кредитке жазылады.

Slide 6

15 ғасыр соңында итальяндық ғалым-математик Лука Пачоли есептің жаңа жүйесін - екі жақты бухгалтерияны жасап шығарды.

Екі жақты жазу жүйесі

Қайта жаңару дәуірінде пайда болды.

1494 жылы пайда болды.

Екі жақты жазу жүйесі қосарлық принципке негізделген. Өйткені, барлық экономикалық құбылыстар екі аспектіден құралады: көбею мен азаю, пайда болу мен жоғалу.

Slide 7

Екі жақты жазу жүйесінде іс жүзіндегі шаруашылық операциялар екі тіркеледі: бір шоттың дебеті, екінші шоттың кредиті бойынша; дебеттің жалпы сомасы кредиттің жалпы сомасын теңестіреді. Сондықтан да баланстың активінің жиыны пассив жиынына тең.

Шаруашылық операцияға қатысатын шоттар корреспонденттелетін шоттар деп аталады.

Шаруашылық операцияны шоттарға жазу бухгалтерлік

жазба (проводка) деп аталады.

Slide 8

Екі бухгалтерлік жазбада екі шоттың балансы болса қарапайым жазба,

бірнеше шот қатысатын болса, күрделі жазба деп аталады.

Slide 9

Бухгалтерлік есеп шоттарындағы есептелетін шаруашылық операциялар көлеміне байланысты шоттар синтетикалық (жалпылаушы) және аналитикалық (талдамалы) болып бөлінеді.

Синтетикалық шоттар деп қаржылардың біртекті топтары мен олардың қайнар көздері жекелеген элементтерге бөлінбей, жинақталған көрсеткіштерде есептелетін, есеп жалпылама және құндық бейнеде ғана есептелетін шоттарды атайды.

Талдамалы шоттар деп синтетикалық шоттардың мазмұнын бөлшектеп, даралап, детальді түрде есепке алатын шоттарды атайды. Олар қаржылардың, қайнар көздердің жекелеген түрлерін бейнелейді. Талдамалық шоттарда тек құндық өлшемдер ғана емес, табиғи өлшемдер де қолданылады. Талдамалық шоттарды субъект өзінің қаржылық есеп берушілігін толығырақ ашу үшін өзі анықтайды.

Slide 10

Шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерін нақты ерекшеліктерін бейнелеуден тәуелді түрде бухгалтерлік шоттар келесі түрлерге бөлінеді:

баланстан тыс

негізгі

транзиттік

операциялық

реттеуші

Slide 11

Реттеуші шоттар - шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерінің жекелеген түрлеріне бағалауды реттеу, нақтылау үшін қолданылады. Бұл шоттардың дербес мағынасы жоқ. Оларды екі топқа бөлуге болады:

1. контрарлы (активті немесе пассивті шотқа қарсы тұрады, реттелетін объектінің бағасын нақтылау үшін қолданылады) .

2. қосымша

Контрарлы шоттың өзін екіге бөледі: контрактивті және контрпассивті. Контрактивтілерге:материалдық емес активтердің амортизациясы, негізгі құралдардың тозуы; контрпассивтілерге - бағадан шегерімдер, сатудан шегерімдер жатады.

Қосымша шоттар реттелетін объект шамаларының сомасын толықтыру үшін қолданылады. Қосымша шоттарда есептелген сомаларды реттелетін объектінің алғашқы құнына қосады немесе алады. Ондай шоттарға: негізгі құралдарды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал, инвестицияларды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал шоттары жатады.

Slide 12

Операциялық шоттар - шаруашылық операциялар қызметтің есебі үшін арналған. Оларды бес топқа бөлуге болады:


Ұқсас жұмыстар
Шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Екі жақты жазу және бухгалтерлік есеп
Активтік шот
Бухгалтерлік есеп шоттары
Екі жақты жазу және бухгалтерлік шоттар
Әрбір шоттың атауы онда шаруашылық қүралдары мен олардың құрылу көздерінің қандай топтары есепке алынатындығына байланысты, мысалы
ДЕБЕТ КРЕДИТ
Бухгалтерлік есептің принциптері
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу
І.Бухгалтерлік есептің концепциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz