КІШІ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЕНУІ


Slide 1

КІШІ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЕНУІ

Slide 2

Дәріс жоспары:

1. Ұйымдастыру.

2. Кіріспе

3. Кіші жүздің Ресейге қосылу себептері

4. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың мақсаты

5. Әбілқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы

6. Қорытынды

7. Үйге тапсырма

Slide 3 Slide 4

Мазмұны

1 Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері

2 А. Тевкелев бастаған елшіліктің Кіші жүзде болуы

3 Әбілқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы

4 Әбілқайыр ханның және оның теңірегіндегілердің Ресейдің қол астына өтуді кабылдауы

5 Патша үкіметінің Қазақстандағы жағдайының одан әрі нығаюы

7 Патша үкіметінің Орал шекаралық шебін нығайтуы және жер дауының шиеленісуі

8 Кіші жүз қазақтарының Ресейдің қол астына өтуінің салдарлары

Slide 5

Сабақ Түрі; Аралас сабақ (суреттер, тірек-сызба, интерактивтік тақта. )

Slide 6

Сабақтың мақсаты:

Оқушыны Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Тақырыпты толықтай аша білу.

Slide 7

Білімділігі

Оқушыларды тақырыпты аша отырып, түсініп оқуға үйрету. Кіші жүздің Ресей империясына амалсыз ел үшін жер үшін Әбілқайырдың қолданған саясатын оқушыларға толық түсінікті жеткізу.

Slide 8

Тәрбиелігі;

Оқушыларға Кіші жүздің ханы Әбілқайырдыңың бойындағы қасиеттерді айта отырып, адамгершілікке, жүректілікке және туған жерін, Отанын шексіз сүйетін ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Slide 9

Дамытушылығы:

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ойлау әрекетін дамыту, ой қорытындысын жасай білуге, ортақ пікірге келуге дағдыландыру. Интерактивтік тақтамен жұмыс жасауды үйрету.

Slide 10

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Үй тапсырмасын сұрау.

Slide 11

Кіріспе:

Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.

Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.

Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.

1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербургке келді.

Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.

жалған сипаттары ғана орын алды.

Slide 12

Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей

империясының қолдауы арқылы шешпекші болды

Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16

1730 жылы кіші жүз

ақсүйектерінің талабы:

Ресеймен әскери одақ құру

Әбілқайыр хан талабы:

Ресейдің құрамына кіру.

Slide 17 Slide 18

Патша үкіметінің

мақсаты:

қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу.

Slide 19

Әбілқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы

Кіші жүздегі қазақ ақсүйектерінің едәуір бөлігі Ресейдің кол астына өтуге үзілді-кесілді қарсы болды. Ресейдің қол астына өту туралы шешім Әбілқайыр ханның жеке өзінің бастамасы бойынша қабылданды.

Оппозициялық көңіл күйдегі көптеген қазақ билеушілері Ресеймен екі арадағы келіссөзга қарсы болды. Дипломатиялық тапсырмамен келген елшілерді қорғау ісі Әбілкайырдың өз ұлы Нұралы сұлтанға сеніп тапсырылды.

Қазақ билеушілері сенімді де тиімді одақтас іздеп табу мүддесін басшылыққа алды, ол одақтастар олардың бостандығына озбырлық жасап, қол сұқпайтын болуы керек деп үміттенді.

Slide 20

А. Тевкелев бастаған елшіліктің Кіші жүзде болуы

Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 жылғы 30 сәуірде Петербургтен А. И. Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. Оған Кіші жүздің билеушілерін Ресейдің кол астына қалай өткізуі керектігі жөнінде жан-жақты нұсқау берілді. Кіші жүздің ат төбеліндей билеуші тобын қалағанынша дүние-мүлік беріп, тікелей сатып алу жағын да қарастырып көруді тапсырды.

Ол үшін 1 миллион орыс рубліне дейін жұмсауға рұқсат етілді. Әбілқайырға императрица Анна Иоанновнамың атынан қымбат бағалы сыйлықтар - болат қылыш, бұлғын ішік, екі түлкі тымақ, шұға маталар мен басқа да сыйлықтар беру көзделді.

Бірақ оларды Құран ұстап ант берілгеннен және құжатқа кол қойылғаннан кейін ғана тапсыру қарастырылды. Дипломатиялық тапсырмамен келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды старшины әрі батыры Таймас Шайымов тa болды.

Бұл дипломатиялық тапсырмамен келген елшілік, сонымен қатар барлау мәліметтерін де жинауға - жер бедерін суреттеуге, қазақтардың тілі, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрлері туралы мәліметтер жинақтауға тиіс болды. Елшілік сондай-ақ қазақтардың империя кол астына өтуі қабыл алынған кездегі көңіл күйінің қандай болғанын да білуі тиіс еді. Тевклевке казақтардың ең жақын көрші халықтары туралы да деректер жинау тапсырылды.

Slide 21

1731 жылғы 19 ақпан-Кіші жүзді империя құрамына Анна Иоанновна

қабылдады.

Slide 22

Қазақтардың Ресей құрамына кіруі.

Кіші жүз

1731ж. 5 қазан

Майтөбе

Әбілқайыр хан 29 би-старшын

Нәтижесі: Жоңғар шапқншылығының азаюы

Орта жүз

1734 ж. тамыз

1740 жыл

Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан

Салдары : Отарлау саясатының басталуы

Slide 23

1734 жылы мамырда Сенаттың хатшысы И. К. Кириллов басқарған экспедиция жабдықталды:

Slide 24

1735 жыл-Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды.

1742 жыл-И. И. Неплюев Орск қалашығын көшірді.

1743 жыл- бұл қоныс Орынбор деп аталды.

Slide 25

1738 жылғы тамыз- Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В. Н. Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының сьезін өткізді.

Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60-қа жуық старшын Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді.

Slide 26

XVIII ғасырдын алғашқы жартысындағы саяси жағдай

1740 жыл - Иран әміршісі Нәдіршахтың Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы казақтардың жағдайын ауырлата түсті.

1741 - 1742 жылдар - қонтайшы Галдан Цэрен Орта жүз бен Кіші жүзге екінші "актабан шүбырьшды" жорықтарын жасады.

1742 жыл - Абылай сұлтан жоңғар тұткынына түсіп,

1743 жылы қиыншылыкпен босады.

1741-1742 жылдары Орта жүз казақтары Ор бекінісіне дейін ығыстырылып, калмақтардың билігін мойындауы және қоңтайшы белгілеп берген жерлерде ғана көшіп - конуы талап етілді.

1742 жылы 20 мамырда Ресей Сенаты казактарды және шекаралык. бекіністерді корғау жөнінде жарлык шығарды.

Slide 27

Ресей империясының Қазақстанды отарлауының негізгі кезеңдері


Ұқсас жұмыстар
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРК УНИВЕРСИТЕТІ ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Ресейдің отарлауы
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
ХVІІІ ғ. бірінші ширегіндегі Қазақстан. Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында
Есет Көтібаров бастаған көтеріліс
Бөкей Ордасы
КІШІ ЖҮЗДЕГІ ЖОЛАМАН ТІЛЕНШІҰЛЫ БАСТАҒАН ҚОЗҒАЛЫС
Ресейге қосылуы
Сырым Датұлы Басқарған кіші жүздегі көтеріліс
Абылай хан есімізде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz