Гүлдің құрылысы және түрлері




Презентация қосу
Тақырыбы:

Гүлдің құрылысы және түрлері.

Орынлаған:Абилкасова А.Д
Тексерген:Койгельдина А.Е
Топ: ЛД-211
Гүл- көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын,т үрі
өзгерген,қысқарған өркен.
Гүл- бүршіктің өсу нүктесінен дамиды.
Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл са ға ғыны ң жо ғар ғы жа ғында ғы
кеңейген жері.

Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа
бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қаш қарг үл (астра)

Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте жапыра қшалары бір-бірімен
бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын к үлтелер:
қызғалдақ, көкнәр, итмұрын.остағаншасы күлтесі ашыла сала түсіп қалады (к өкн әрда).
Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық – аталық жіпшесінен және
тозаңқаптан тұрады Аталықтың жіңішкерген жері – жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен
байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта
мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілгенде тозаңдары сыртқа шашылады.
Тозаң – сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша, пішіндері де алуан түрлі Тозаңдар
сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді. Әрбір тозаңның сыртында үшкір өсінділер, майда
тікенектер, бұртиған төмпешіктер болады. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы
қабықшасы қалыңдап өзгереді. Сыртқы қабықшасында тозаң түтігінің өнуіне қажет
көптеген тесіктері болады. Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз,
витаминдер бар.
Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады.
Аналықтың ұшын – ауыз, ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған
жерін жатын дейді (39-сурет).
Аналық аузы өсімдік түріне қарай түрліше (домалақ үлпекті, қостелімді, көптелімді,
жұлдызша және т.б.) болып келеді. Аналық аузынан жабысқақ сұйықтық бөлуі, тозаңның
аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады.
Гүлді өсімдіктер:
Гүлді өсімдіктер , жабық тұқымдылар (Magnolіophyta немесе Angіospermae) –
өсімдіктердің ең жоғарғы тобы. Бұлардың ашық тұқымдылардан айырмашылы ғы –
тұқым бүршігі жатын ішінде жетіледі. Гүлді өсімдіктер барлық құрлықта өседі, суда
кездесетін түрлері де бар. Биікте бірнеше мм-ден (балық оты) 150 м-ге (эвкалипт)
дейін, шырмауықтар 200 м-ден асады. Олардың жалпы морфологиялы қ,
анатомиялық, эмбриолиялық белгілері ұқсас болғанымен, өсімдіктерді ң тіршілік
ортасының жағдайларына бейімделуіне байланысты кейбір м үшелеріні ң өзгеріп не
тіпті жойылып кеткендері бар.
Жабық тұқымдылардың кейбіреулерінің өсімді кезеңі, яғни
тіршілік ету ұзақтығы өте қысқа - бірнеше айға ғана созылады.
Оған көкнәр тұқымдасының кейбір өкілдері мысал бола алады
(сеппе көкнәр, т.б.). Екінші бір түрлері мысалы, емен ағашы жүз
жылға дейін өмір сүреді.
Гүлді өсімдіктер мәңгі жасыл жапырақтары, қос жынысты
гүлдері бар, ағаш тәрізді өсімдіктер болған. Гүлді
өсімдіктердің ең көп тараған уақыты – бор кезеңінің аяғы.
Гүлді өсімдіктердің Жер шарына кең таралуына олардың
құрғақшылыққа төзімді вегетативті органдарының болуы,
қолайсыз климаттық жағдайда өсуге бейімділігі, негізінен,
жәндіктер арқылы тозаңдануы, тұқымдары мен жемістерінің
жануарлар арқылы таралуы себеп болған. Қазір Гүлді
өсімдіктерді даражарнақтылар және қосжарнақтылар деп 2
класқа бөледі. Олардың 450 тұқымдасқа бірігетін 12,5 мың
туысы және 250 мыңнан астам түрлері белгілі. Қазақстанда
125-тей тұқымдасы, 1000-нан астам туысы, 6000-дай түрі
кездеседі.
Тұқымдастың тармақтарға бөлінуі

а) Тобылғылар тұқымдас тармағы – Spiraeoidea. Гүл
формуласы : Са(5)Со5 А00 G5

б). Итмұрындар тұқымдас тармағы – Rosoideae. Гүл
формуласы : Са(5)Со5 А00 G5

в) Алмалар тұқымдас тармағы – Pomoideal. Гүл формуласы
: Са(5) Со5А00 G5

г). Қараөріктер тұқымдас тармағы – Prunoideae Гүл
формуласы : Са(5)Со5 А00 G5
Екпе раушан гүлдері:
Екпе раушан гүлдері шамамен 5000 жыл бұрын пайда болған, оның 300-ге тарта түрі,
30000 мыңға жуық сорты бар.Раушан гүлі АҚШ, Англия және Иранның ұлттық гүлі
болып табылады.Раушан гүлінің ең ежелгі бейнесі Крит аралында табылған, жасы шамамен
б.з.д 2000 жыл.Ең кішкентай раушан гүл- «Си»(испан тілінде «ия») сортының
түйнектерінің көлемі күріш дәнімен бірдей.Әлемде ең бір көне раушан гүлі Германияда
кездеседі.Ол Хильдесхаймдағы шіркеудің жанында өсіп тұрған раушан гүлі, оның
ұзындағы соншалық, тіпті шіркеудің шатырына да жетіп қалған.
Бәйшешек
• Әлемде бәйшешектің 17-ге тарта түрі белгілі.Олардың қатарында
гректік, византиялық, еңлік гүлі секілді заңғар тауларда өсетін
кавказдық бәйшешек түрлерін айтуға болады.
• Олар түрлі түсті, алуан пішінді болып келеді.Оның эльвис деп
аталатын шар тәріздес түрі бар.Түкті сортты бәйшешектер өте әдемі
келеді, олардың кейбіреулері жұпар иісімен таңғалдырады.
Қызғалдақ
Қызғалдақ-лалагүлдер тұқымдас өсімдіктердің атауы.Бүгінде олар
әлемнің қоңыржай климатты жерлерінде кеңінен тараған.Бірақ б ұл
өсімдік атауының шығыстық түп тамыры парсының «toliban» (с әлде)
сөзінде жатыр.Бұдан қызғалдақтың отаны азиялық далалар мен
шөлдер екендігі айқындалады.1558 жылы бұл өсімдіктер Австрия ға,
одан кейін Германия мен Англияға әкелінген.XVII ғасырдың басында
олар Голландяда да тарала бастаған
Жұпаргүл
• Жұпаргүлдің атауы гректің «Sirinx» сөзінен шыққан, бұл түтікше
деген мағынаны білдіреді.Ертеректе олардың балауса бұтақтарынан
сыбызғы мен темекіге арналған түтікшелер дайындаған.
• Қазіргі таңда бұл өсімдікті бау бақша, паркты әсемдеуге
пайдаланылады.
Нәркес
Нәркес негізінен Оңтүстік Еуропа, Жерорта те ңізі айма ғы мен Азияда тарал ған 60-
қа тарта түрі бар.Ежелгі Римде нәркес Жеңістің белгісі бол ған дейді.Римдіктер
соғыстан қайтқан жеңімпаздарын әдетте сары н әркестерден жасал ған
алқагүлдермен қарсы алатын болған.Қытайлы қтар осы к үнге дейін н әркесті Жа ңа
жыл салтанаттарында пайдаланады.Осындай тамаша к үні осы әсем г үл барлы қ
салтанатты шаралардың, құдайға табыну орындарыны ң басты әшекейіне айнал ған.
 
Лаванда
Бұл гүлдің Отаны-Жеротрта теңізі жағалауы, Канар аралдары ж әне
Үндістан.Өсімдіктің атауы латынның «lava» -жуу с өзінен шы ққан, б ұл
лаванданың гигиеналық қасиеттерін к өрсетеді.Лаванданы ң қымбат т ұратын
жұпар иісі халықаралық саудада ерекше орынға ие, ол к өптеген зиялы
адамдардың өмірінде де, қайтыс болғаннан кейін де ерекше ма ңыз ға ие
болған, себебі оны бальзамдау құрамына да қосады.
Меруертгүл
• Меруертгүл атауын Карл Линней
ежелгі латын тілінен «Lilium
convalium»-алқап лалагүлі деген
атаудан алған.Көптеген ұлттар мен
халықтарда бұл гүл түрі тазалық пен
адалдықты білдіреді.Оны XVI
ғасырдың ортасында қолдан егіп өсіре
бастаған.Бұл гүлді Францияда ерекше
бағалаған, тіпті әлі күнге дейін жыл
сайын меруертгүлдер мейрамын тойлау
әдетке айналған.1967 жылы
меруертгүл Финляндияның ұлттық
гүліне айналды.
Түймедақ
Түймедақтың жалпы 350-ге тарта түрі бар.Оларды ң
үштен бір бөлігі Ресей даласында кеңінен кездеседі.Сол
түрлерінің ішіндегі ең кең тарлғандары: римдік, неміс,
далматтық, кавказдық, парсылық түймедақтар.Ежелгі
Египетте түймедақ гүлі Күн құдайы Раға арналған.
Лалагүл
Лалагүлдің атауы галл тілінен аударғанда «ақ-ақ» деген ма ғынаны
білдіреді.Лалагүл лалагүлдер тұқымдасына жатады және 85 т үрі бар.Лалаг үл
Францияның тарихында ерекше рөл ойнайды.Франк мемлекетіні ң негізін
қалаушы І Хлодвиг лалагүлдер өсіп тұрған Ли өзенінің жағалауында
германдықтарды тас талқан етіп жеңген болатын.Жеңімпаздар майдан
алаңынан лалагүлдерімен әшекейленген алқалармен келген болатын, осыдан
бастап Францияның жалаулары мен елтаңбасында үш ізгіні-ра қымшылы қ,
әділдік және қайырымдылықты бейнелейтін үш лалагүлі бейнеленген.
Сарыгүлдер
Сарыгүлдер адамзат баласына ежелгі заманнан-а қ бері белгілі.Мысалы, Крит
аралындағы Кносс сарайының қабырғасындағы суреттерде г үлдеп т ұр ған
сарыгүлдермен қоршалған абыз бейнеленген.Б ұл сурететрді ң жасы шамамен
4000 жыл.Сарыгүлдің атауы ежелгі Грекиядағы Ирида құдайыны ң атына
сәйкестендіріліп қойылған.Аңыз бойынша, құдайларды ң елшісі Ирида жерге
кемпірқосақ арқылы түскен.Бұл гүлдің атауын грек дәрігері Гиппократ қой ған.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Гүлді өсімдіктер. Қызғалдақ
Гүл серігі
Гүлдің құрылысы
Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану
Қосарлы ұрықтану
Шырынды жеміс Құрғақ жеміс
Күрделігүлділер тұқымдастары
Гү лдің құ рылысы меи диаграммасы
Гүлдер әлемі
Гүл және жеміс
Пәндер