Бала – бақша ауласын көгалдандыруды жоспарлау




Презентация қосу
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Бала – бақша
ауласын көгалдандыруды жоспарлау

Тексерген: Мұхаметжанова О.Т
Орындаған: Серікқанова А.Д
Көгалдандыру – қала, ауыл, тағы басқа елді
мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш,
бұта, гүл, көгал өсіру . Құрылыс аяқталғаннан
кейін жүргізілетін көгалдандыру жұмыстары
мекенжайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен,
шаңнан, тағы басқа қорғайды, санитарлық-
гигиеналық рөл атқарады.
Бала – бақшада бүлдіршіндер
12 ай бойы тәрбиеленеді.
Сондықтан бала – бақша
ауласы жылдың төрт мезгілінде
де, өсімдіктермен молынан
көмкеріліп тұруды қажет етеді.
Бала – бақша ауласын
дизайнын да үлкен талғаммен
жасау керек. Жас
ерекшеліктеріне топтарға
бөлінетін бүлдіршіндер аулада
әртүрлі ойындар ойнап,
айналамен танысады. Әр топ өз
жерін мекендейді, олардың
араларын көп жағдайда
тақтайшадан жасалған
қоршаулармен бөліп тұрады.
Бала – бақшаға кіре беріс аймақ

Бала – бақшаға
кіре беріс аймақ
түрлі ағаш және
бұталармен
көгалдандырылу
ы қажет.
Ойың алаңындағы жасыл отырғылардың орналасу көрінісі

Балалар ойнайтын
аймаққа жасыл
отырғылар отырғызу
тек қана әдемілік үшін
емес, сонымен қатар
балалардың табиғатқа
деген
қызығушылығын
дамытады.
Бала – бақша ауласына қолданылатын
негізгі ағаш және бұта түрлері
Шұғынық – мамыр,
маусым айларында
гүлдейтін шөптесін
және бұтақты түрі бар
бақша гүлі.
Көгалдандыруда ерте
гүлдейтін ( cәуір –
мамыр айларында ),
бойының биіктігі – 120
см, гүлдері гүлнарлы
түрін «бақша
Шұғынық гүлі шұғынығы»
атайды.
деп
Форсайтия
Ерте көктемде гүлдейтін,
сары түсті ұсақ гүл жаратын
бұталы өсімдік. Еліміздің
көгалдандыруындафорсайтияны
ң тек бір түрі ғана қолданылады.
Оның биіктігі екі метрге жетеді.
Наурыз, мамыр айларында
жапырағы шықпай тұрып
гүлдейді. Форсайтия қырқып-
пішіндеп, жасыл қоршау ретінде
өсіруге өте қолайлы. Әсіресе ол
сәуір айында молынан гүлдейді.
Гүлдері бұтағының бойында жиі,
әрі ретімен орналаса өседі. Ол
гүлдеген кезінде бақ ішіне сары
түсті мата іліп қойғандай әсер
береді.
Үйеңкі ағашы
Үйеңкі - әдемі жапырақты бұталы
немесе ағаш тектес өсімдік. Ерте
көктемде
гүлдейді. Канада, Америк, Еуропа,Сол
түстік Африка, Азия аймақтарында
таралған. Қазақстанда негізінен
“Татар үйеңкісі” деп аталатын түрі
көбірек өседі. Үйеңкінің жалпы 150-
ге жуық түрі бар. Биіктігі 20 - 55 метр
аралығында болады.
Жапырақтарының пішіні әр түрлі:
шеті тілімденген саусақ салалы, жиегі
иректелген және шілтерлі болып
келеді. Түстері түрлеріне қарай
жасыл, сары және қызыл болады.
Үйеңкіні әдемі жапырақтары үшін
көгалдандыруда кеңінен қолданады.
Жөке ағашы
Жөке ағашы жөке
тұқымдасына
жататын жапырақ тастайтын ағ
аш. Негізінен қоңыржай және
субтропик белдеулерде өсетін 50
- дей түрі белгілі.
Алматы қаласындағы Бас
ботаникалық бақта
Жөкенің Америка Жөкесі, Амур
Жөкесі, Кавказ Жөкесі, Манчжу
р Жөкесі, т.б. түрлері қолдан
өсіріледі. Ылғалды топырақта,
ашық күн көзінде және
алакөлеңкеде де өсе береді.
Жөке ағашы арнайы қырқу
жұмыстарын қажет етпейді,
алайда көктемде артық
бұтақтарын қырқып тұрған
дұрыс.
Қайың

Қайың - Қазақстанның Тобыл – Есіл, Ертіс бойында,
Ақмола, Ақтөбе облыстарында, Жем, Зайсан алабында,
Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында өсетін 15 түрі бар.
Ең көп тараған түрі – сүйелді Қайың. Оның биіктігі 20
(кейде 30) м-дей, діңінің диаметрі 60 – 80 см-ге дейін,
қабығы ақ түсті. Жапырағы сағақты, жиегі ара тісті,
тілімденген, кезектесіп орналасады.
Шырша
Қарағай тұқымдасына жататын биіктігі
30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты
ағаш. Шыршаның түрі өте көп. Оның
ішінде қылқанының түсі көк, қызғылт,
сарғыш және ашық жасыл түрлері
көгалдандыруда үлкен қолданыста.
Шығыс шыршасының қылқаны сары
немесе алтын түстес, ине қылқанды
шыршаныкі көк, көкшіл, кәдуілгі немесе
еуропалық шыршаның қылқаны қою
жасыл, балқандық шыршаныкі күміс
түсті немесе сұр боладыҚазақстанның
таулы аймақтарында бірнеше шыршадан
құралған ормандар бар, ал
көгалдандыруда он шақты түрі
қолданылады.
Емен 
Шамшат тұқымдасына
жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі
жасыл ағаштар. Емен баяу өседі.
Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс
жылда жеміс бере бастайды. Еменнен
ғана құралған ормандар ТМД елдерінде
ғана бар. Ал, қала көгалдандыруда
оны қала көшелерінен кездестіруге
болады. Емен гүлдеп жеміс салады.
Жаңғақтан өсіп шыққан емен ашық
жерде өссе 20 жылдан кейін, ал орманды
жерде өссе 50 жылдан кейін гүлдейді.
Қызғылттау келген гүлі көктемде
жапырағымен бірге шығады.
Бұтақтары кең жайылып өседі.
Сондықтан жас көшетін бірден кең
орынға егу керек. Еменнің жапырағы
мен жаңғағы өте әдемі.
Гүлзарлар

Бау - бақша, саябақ, мекеме және тұрғын үй маңын, жол
бойын көгалдандыру үшін әсем гүлдер өсірілетін алаң.
Гүлзарда бір, екі не көп жылдық және кілем тәрізді өң
беретін өсімдіктер өсіріледі. Ол үшін өсімдік
түрлерінің биологиялық ерекшеліктері, гүлінің әсемдігі
ғана емес, гүлдің түсі, пішіні, жапырақтарының үлкен-
кішілігі, сабағының ұзындығы, гүлдеу мерзімі, ұзақтығы,
өсімдіктердің бір-бірімен үйлесімділігі ескеріледі .
ҚОРЫТЫНДЫ
Сөзімді қорыта айтсам, бала – бақша ауласын
көгалдандырудың маңызы зор. Балалар бала – бақшада
кішкентай кезінен келіп мектепке дейінгі уақытқа дейін он
екі ай бойы уақытын бала – бақшада өткізеді. Бала – бақша
ауласын көгалдандыру балалардың табиғатқа деген
сүйініспеншілікке жетелейді. Балалардың табиғат аясында
ойнау, спортпен айналасу денсаулықтарына маңызды рөл
атқарады. Табиғат аясында сабақ оқып, баланың
логикасын дамытады. Бұтақты өсімдіктер мен ағаштардың
қосына елік, тауешкі, арқар сияқты мүсіндерді, көлшік,
сарқырама, су бұрқақ маңына үйрек, қаз, аққу секілді
құстардың бейнесін орнатсаңыз, олар жасалған дизайнға
табиғи көрініс береді. Ырғайына қарай аулаға
бүлдіршіндердің аңыз, ертегілердегі сүйікті кейіпкерлерін де
орнатуыңызға болады.

Ұқсас жұмыстар
БАЛА ТҰРАРҒА МІНЕЗДЕМЕ
Ландшафттық дизайнның қалыптасуы, түрлері және оның ерекшеліктері
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ
Балалардың тамақтану жағдайы және тамақтану кезіндегі балалардың тәртібі
Отбасы мен бала бақша арасындағы байланыс
Ландшафт дизайн саласы бойынша монохронды гүлзарлар
БІЛІМ БЕРУ СТАТИСТИКАСЫ
Қар үстіндегі іздерді бақылау
Қашқаргүл
Географиялық зерттеу әдістері
Пәндер