Ертіс орманы резерваты



Тақырыбы: Ертіс орманы резерваты

Орналасқан жері

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи қорының Бесқарағай бөлімі мемлекеттік мекемесі құрымдық бөлімшесі болып табылады, жеке құқығының мәртебесі жоқ. Бөлім территориясындағы ландшафты мен әр түрлі биологиялық байлықты сақтап және қалпына келтіру үшін, сондай -ақ табиғат байлықтарын тиянақты және үнемі пайдалану үшін құрылған. Бесқарағай бөлімі Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрлігінің орман және аңшаруашылық ұйымның мекемелерге байланысты ережелеріне сәйкес 2003жылғы 28 ақпан күнгі 30 бұйрықтың негізінде құрылған. Бөлім мекемелердің жағдайы жөнінде орман және аң аулау шаруашылығымен Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігінің №30 28. 02. 2003 ж бұйрығымен құрылды. Оның ауданы 134, 7 мың га.

Климаттық жағдайлары
Орманның өсу жағдайына әсер ететін факторлардың ішінен ең маңыздысы климат болып табылады. Бұл аймақтың климаты континентті, яғни ыстық құрғақ жазбен, жоғары температуралы қары аз қатты қыспен сипатталады.
Қазақстанның таспа ормандары жусанды-бетегелі, жусанды-бетегелі-ақ селеулі және солтүстік шөлейтті далалы табиғи аймақтарда орналасқан (Л. Н. Грибановтың жіктеуі бойынша) . Орман климаттары - континентальды, қысының қары аз, суық және жазы құрғақшылық. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық орташа саны 350-400 мм көлемінде. Олардың негізгі бөлігі жаз айларына тиесілі (шамамен 40 %) . Ауа температурасы шегіне жетіп, физикалық булану салдарынан ылғалдың көп шығындалуына әкелетін, жауын - шашын шілде айында көп болады

Қыс мезгіліндегі жауын-шашындар топырақты қосымша ылғалдандыратын қосымша негіз, олардың саны қатты көп емес. Тұрақты қар жабынының қалыптасуының орташа мерзімі 16. 11., ал еруі - 11. 04. Қар жабынының ең жоғары деңгейдегі биіктігі ақпан айында 20см-ге дейін, топырақтың қату тереңдігі - 1м және одан жоғары.
Жылдық орташа температура 2, 5-30, ең суық айдың - қаңтардың орташа температурасы - 17-190, ал ең жылы шілде айының температурасы шамамен - 210. «Шалдай» метеостанциясының абсолюттік температурасы 490 тең, ал ең жоғарысы +410 С, ол өз кезгіңде ауа температурасының ең көп деңгейде 900 С-де ауытқуын анықтайды. Жылы кезеңнің орташа ұзақтылығы - 175 күн, ал аязсыз күндер - 117 күн.

Қарағайды табиғи жолмен қайта қалпына келтіру және оның тұқымын себуге ықпал етуші шараларды өткізу кезіңде, қарағайлы орман құмдақ топырақтарда ең маңыздысы топырақ бетінің температурасы, әсіресе өсу мерзімі кезіңде. Суыртпақтап егілген қарағайлы ормандардың құмдарының ашық бетіндегі температураның абсолюттік ең жоғары деңгейі сәуір айында +41, 80-қа, мамыр айында 51, 40 -қа, тамыз айында + 57, 10 -қа, қыркүйек айында +47, 50-қа жетеді.
Бақылау бойынша, құмдақ жерлердің бетінде бірнеше сағат бойы температурас +500 -тан жоғары болғанда қарағайдың өскіндерінің өлуіне әкеледі. Мұндай температура мамыр айының екінші жартысында басталады. Маусым-шілде айларында құмдақ жерлердің ашық бетінің жоғары температурасы 5-6 сағат бойы тұрады (сағат 12-ден 18-ге дейін) .
Жауын - шашынның айлық және жылдық мөлшері өте кең шекте ауытқуы мүмкін, жауын - шашынның максималды жылдық мөлшері минималдыдан 2 - 3 есеге жоғары. Олардың маусымдық бөлінуі біркелкі емес, жазда - максималды, қыста - минималды. Үш жаз айының ішінде маусым мен шілде ең жаңбырлы болып табылады. Өсімдікке тиімді жауын - шашын мөлшері - 5 мм - ден асқанда басталады.
Қарағайдың өркендеуі мен дамуы үшін аса маңызды кезеңде жауын - шашынның таралуы біркелкі емес. Қысқа мерзімді жаңбыр ұзақ мерзімді құрғақ кезеңмен ауысып отырады. Ауаның орташа жылдық салыстырмалы ылғалдығы төмен. Жыл сайында қыстан жазға қарай ылғал елеулі азаяды. Жаздың кейбір құрғақ желді күндерінде ауаның салыстырмалы ылғалдығы 20% және одан да төмендейді.

МОТР ауданында жел ормандарды қайта қалпына келтіру үшін келеңсіз жағдай тудырады және осы жерлер қатты, жыл бойы соғып тұратын желмен сипатталады. Жаз кезіңде басымды болатын оңтүстік және оңтүстік-батыс желдері ұзақ уақыт құрғақшылық болудың себептері. Көктемге солтүстік және солтүстік-шығыс желдері топырақты қатты кептіреді, көктемгі аяз күндерімен қатар оларда орман дақылдарының және тәлім бақтардың өскіндерінің жойылуынаә келеді.

Өсімдіктер дүниесі әр алуан. Онда мүіктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас қорғасыны; техникалық өсімдіктерден: арша, рауғаш, таран; жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген; жемшөптік өсімдіктерден: жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде; эндемик өсімдіктерден: талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, майысқыш қия, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл; реликті өсімдіктерден: Минквиц кендіршесі, жалған масақша, Қаратау сетені) түрі бар.

Өсімдіктер дүниесі әр алуан. Онда мүіктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас қорғасыны; техникалық өсімдіктерден: арша, рауғаш, таран; жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген; жемшөптік өсімдіктерден: жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық,
эндемик өсімдіктерден: талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, майысқыш қия, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл; реликті өсімдіктерден: Минквиц кендіршесі, жалған масақша, Қаратау сетені) түрі бар.

Құстар әлемі өте бай. Жоғары аспанда мұртты грифтер, грифондар мен алтын қырандар қалықтайды. Тасты жартастардың арасынан тау кекіліктерінің ұяларын, қар арасынан тылсым қар әтештерін кездестіресіз. Жапырақты орман көлеңкесінде от жалыны тәріздес шыбын ұстағыш қараңдайды.
Тоқылдақтың ысқырған дауысы сыбызғының әнін еске салады. Күн сәулесі ойнаған жазық далаларында көбелектер ойнайды, арасынан сирек кездесетін Аполло көбелектерін де көруге болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz