Экологиялық этика табиғаттың эстетикасы спетті




Презентация қосу
Срс 14 апта

Сұлтанова Тоғжан
ВС-403
Жоспар:
•  1 Экологиялық білім берудегі этикалық
және эстетикалық проблемалар.
• 2 Ерекше қорғалатын табиғи
территориялар – қоршаған ортаны
қорғау шараларының бір түрі.
• 3 Табиғатты ұтымды пайдалану мен
қоршаған ортаны пайдаланудың
ғылыми негіздерін жасау – биосфераны
ноосфераға айналдырудың міндетті
сатысы.
Кіріспе
• Экологиялық этиканы екі тұрғыда
түсіндіруге болады. Ол
философиялық және экологиялық.
Экологиялық этика табиғаттың
эстетикасы спетті
• Экологиялық этика – адамның
қазіргі кездегі әлеуметтік
жағдайын ғана емес, сонымен
қатар болашақ адамзат баласы
мен жануарлары және өсімдіктері
үшін жауапты философиялық
зерттеулердің бағыты. Ол
табиғатқа деген құрмет пен
сүйіспеншілік рухын адам
санасына қайта ұсынады.
Экологиялық этика
• Бұл – адамды қоршаған ортамен,
биосферамен, сондай-ақ адамның жаңадан
құрған қоршаған ортасымен байланысын
зерттейтін экология ғылымының саласы.
Оның мақсаты – табиғат пен адамға қатысты
органикалық бөлігі ретінде экологиялық,
мәдени, эстетикалық мүмкіндіктерді әзірлеу.
Міндеті - тіршілік әлемі арасындағы тепе-
теңдікті, тарихи-мәдени және ұлттық
құндылықтарды сақтау үшін - экологиялық
факторларды есепке ала отырып, іске асыру.
«Жер этикасы» О.
Леопольд
• Американдық эколог Ольд Леопольд (1887-
1948) алғаш болып этика және
экологияның өзара байланысына назар
аударды.
• О. Леопольд ойынша, экологиялық этика
қазіргі заманда табиғатты қорғаудың ең
маңызды факторы болып табылады, себебі
ол қатыгез адамды табиғаттың үйлесімді
мүшесіне айналдыра алады. тек бұл үшін
адам өзін табиғаттың бір мүшесі ретінде
сезіне алуы қажет.
Ерекше қорғалатын
табиғи аумақ
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ

• Ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк
табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен
объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың
үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.
• Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы
табиғи немесе колдан жасалған
(бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ
ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе
қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер
(орман жолағы, көгерген аймақтар),
аумақтар, акваториялар. Мұндай аумақтар тек
заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып,
адамдармен қорғалады.
Ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар 10 топқа бөлінеді:
•  1. Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғыл. резерваттар;
• 2. Ұлттық саябақтар;
• 3. Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті
нысандары;
• 4. Табиғат қорғауға арналған резерваттар;
• 5. Қорғалатын ландшафтылар;
• 6. Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар;
• 7. Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен
жасалған нысандарды қорғау);
• 8. Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және
түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар;
• 9. Биосфералық резерваттар;
• 10. Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.
Қазақстанда ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар
• Қазақстанда ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар туралы заң 1997
және 2006 жылдары қабылданды.
Мұндай Республикалық маңызы
бар ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар ұйымдастырылу
мақсаттарына және табиғат
корғау ережелеріне сәйкес
бірнеше топқа бөлінеді.
Биосфералық қорық
• Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың
соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне
— биосфералық қорықтар жатады. Мұндай
қорықтар табиғаты онша өзгеріске
ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып,
табиғатта үздіксіз болып жататын
өзгерістерге бақылау жасалынып талданады.
Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық
қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы
Қорғалжын және Наурызым қорықтарына
биосфералық қорық мәртебесі берілген.
Мемлекеттік табиғи
қорықтар
•  Қорықтар ғылыми мекемелер
қатарына жатады. Қорық
аумағында ешқандай
шаруашылық жұмыстары
жүргізілмейді, онда тек ғылыми-
зерттеу жұмыстары ғана
жүргізіледі. Сондықтан қорық
аумағында жоғары білімі бар
арнайы мамандар ғылыми зерттеу
жұмыстарымен айналысады. 
Ұлттық табиғи саябақтар
• Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау
жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды
насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие
беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса
жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи
саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи
саябақтар көбіне табиғаттың көрікті
жерлерінде ұйымдастырылып,
шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау
жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше
мән беріледі.
Биосфераны ноосфераға
айналдыру
Вернадский биосфераның
ноосфераға айналу жайында
Вернадский жердің географиялық
тарихын талдап, биосфераның жаңа
жағдайға көшу, яғни жаңа
географиялық күштің әсері мен
адамзаттың ғылыми ойы
нәтижесінде ноосфераға көшу
байқалады деген. Вернадский
еңбектерінде биосфераның
ноосфераға құрылуы толық және
дәйекті түсіндіру жоқ.
• Биосфераның ноосфераға ауысу
процесінің аяқталуының қалыптасуы
біртіндеп жүреді, олардың ауысуының
нақты уақытын айту мүмкін емес,
бәлкім ондаған жылдар кетуі мүмкін.
Бірақ, әрине, бұл туралы көзқарастар
әртүрлі болуы мүмкін. Вернадский адам
ақылы мен адамгершілігіне, ізгілігі мен
сұлулығана сенді. Бір нәрсені ол
тамаша болжаса, кей жерде қателесті.
• Ноосфераның қалыптасу кезеңін Вернадский
көптеген факторлардың әсерімен
байланыстырды: биосфера мен адамзаттың
бірлігі, адамдардың бірлігі, халықтардың бірлкке
деген ынта-жігері ғылыми-техниканың бұрын
соңды болмаған гүлденуі. Бүгінгі күннің міндеті-
бұл нооқабат құру міндеті екенін есте ұстау
керек. Оның шешімі әлемнің барлық халықтардың
өзара қарым-қатынастардың жаңа
құндылықтардың мақұлдауымен, бүкіл
адамзаттың күш-жігерінің біріктіру болып
табылады.

Ұқсас жұмыстар
Қытай эстетикасы мәселелері
Эстетикалық талғам әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Ғылымның мақсаты
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері
Экология ғылымы туралы түсінік. Дара организмдер экологиясы- аутэкология
Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу
Б.Спиноза және оның этикасы
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
Мәдениет философиясы
Пәндер