Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы




Презентация қосу
Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті

Батыс Алтай мемлекеттік
табиғи қорығы

Дайындағын:Бағдатова А.Б
Тексерген: Джаманова Г.И.
Мазмұны
•1 Орналасқан жері,әкімшілік жағдайы
•2 Табиғат жағдайы
•3 Қорықтың өсімдіктер әлемі, сирек кездесетін
және аса бағалы түрлер
•4 Қорықтың жануарлар дүниесі,
сирек кездесетін және аса бағалы түрлер
•5 Ғылыми зерттеулері
•Қорытынды
Ерекше қорғалатын аумақтарға жалпы түсінік
Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар,
мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар
қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады.
Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі
мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді
алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары
қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа
бөлінеді.
1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.
3. Мемлекеттік табиғи резерваттар.
4. Мемлекеттік корықтың аймақтар.
5. Мемлекеттік табиғи қорықшалар.
6. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.
7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар.
8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.
9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б
Орналасқан жері: Құрылған жылы:
Шығыс Қазақстан облысы 1992 жылдың шілденің 3
Көлемі:
Координаттары:
86 122 га
50°22′00″ с. е. 83°57′00″ ш. б.   
(G) (O)
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының
орналасқан жері
Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының
Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының
Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының
оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде
орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау
елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов
(2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба
(2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының
құрылымы:
•Басшылық - Директор – бас мемлекеттік инспектор;
•Ғылым жөнінде директордың орынбасары – бас мемлекеттік инспектордың орынбасары;
•Күзет қызметі бөлімі – Бөлім бастығы - мемлекеттік инспектор;
•Мемлекеттік инспекторлар;
•Ғылым, ақпарат, мониторинг бөлімі - Бөлім бастығы - мемлекеттік инспектор;
•Мемлекеттік инспекторлар;
•Экологиялық оқу-ағарту және туризм бөлімі - Бөлім бастығы - мемлекеттік инспектор;
Мемлекеттік инспекторлар;
•Қаржы және ұйымдастыру жұмысы бөлімі – Бөлім бастығы – бас бухгалтер; Мамандар.
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығында 2003 жыл ғы
наурыздағы жағдай бойынша 32 адам тіркелген. Қорықтың барлық
аумағы инспекторлық қарау аймақтарына бөлінген. Әр аймақ
мемлекеттік инспекторларға бекітіліп берілген. Қорық аумағын қор ғау
жұмыстарына күзет қызметі бөлімінің бастығы басшылық етеді.
Қорықтың өсімдіктер әлемі, сирек кездесетін және
аса бағалы түрлер

Қорықтың ландшафты - таулы-
тайгалы сипатта болады және қара
топырақты, күңгірт қылқанды
тайга, субальпілік, альпілік, егістік
белдемдер кіреді. Ормандар
түзілімдердің 3 сыныбына жатады:
жапырақты, күлгртқылқанды,
ақшыл қылқанды ормандар.
Жапырақты ормандар ағашы
кесілген жерлер мен өртеңдерде
қалыптасады. Ақшыл қылқанды
ормандар үзік-үзік болып негізінен
құрғақ беткейлерде кездеседі.
Қорық аумағына күңгіртқылқанды
тайга тән.
Қорықтың өсімдіктер әлемі, сирек
кездесетін және аса бағалы түрлер
Қорықта 800 түрден аса өсімдік өседі.
Оның ішінен 45 түр - бұл сирек кездесетін,
құрып бара жатқан және жергілікті түр,
ал мына 16 түр
Қазақстан Республикасының Қызыл кітаб
ына
енгізілгендер:
1. Сібір қандығы
2. Сафлор тәрізді рапонтикум
3. Ұсақ торлы жуа
4. Ірі гүлді шолпанкебіс
5. Нағыз шолпанкебіс
6. Телпек сүйсін
7. Алтай рауғашы
8. Алтай гимноспермиумы
9. Қызғылт семізот
10. Алтай суықшөбі
11. Алтай қасқыржидегі
12. Қылтанды дәлен
13. 13. Еуропа орманоты
14. Су қазанақ
15. Ұсақ жемісті мүкжидек
16. Таңдамалы плаун (сушырмауық)
Ғылыми зерттеулері
Қазіргі кезде табиғат процестеріне ұзақ мерзімді қадағалау жүргізілуде - «Таби ғат
жылнамасы» жазылады. Қорықта 10 жыл бойы табиғи кешендерге - компоненттерге түгендеу
жүргізілмеген, қорықтың эталонды экологиялық жүйесі және шектес аумақтардағы
ұқсастықтар анықталмаған. Қорықтың өсімдіктіктер мен жануарлар дүниесіне түгендеу
жүргізілмеген, қорық аумағы мен оған шектес жатқан аудандардың генофонды мен экологиялық
жүйесін сақтау мен қалпына келтіруге бағытталған ғылыми ұсыныстар әзірленбеген. Іс
жүзінде қорықта тіркелген барлық ғылыми жұмыстарды Алтай ботаникалық бағының (Риддер
қаласы) жетекші ғылыми қызметкері Юрий Андреевич Котухов істеген және Батыс Алтай
мемлекеттік табиғи қорығының ғылым бөліміне тегін берілген.
Қорытынды
Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетіні ң әсеріне
ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы
табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторларды ң ы қпалы онша
байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап
қалудың маңызы зор.

Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек
ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық
қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер
аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
мәртебесін алуы қажет.

Сондықтанда еліміздегі табиғи аумақтарды қорғауда
және жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап қалу
мақсатында ерекше қорғалатын аймақтарды
ұйымдастырудың маңызы зор.
Жануарлар
әлемі
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Жануарлар дүниесін қорғау
Марқакөл көлі
Қазақстан Республиккасындағы қорықшалар
Наурызым ормандары
Ақсу - Жабағалы қорығы
Табиғи ортаның сапасы және халықтың денсаулығы
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық
Табиғат ескерткіштері
Қызыл кітап беттері
Қорық Шығыс Қазақстан облысы
Пәндер